2012 жылдың бірінші жартысында алюминий өндірісі артып, болат өнімдерін шығару төмендеді – Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 31 шілде. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жылдың бірінші жартысында өңделмеген алюминий өндірісінің көлемі 1 пайызға артып, өткен жылмен салыстырғанда алюминий сымдарының өндірісі шамамен 1,5 есеге өсті (149,9 пайыз),

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Тазартылмаған болат өндірісі 25,8 пайызға төмендеді, әртүрлі диаметрлік құбырлар мен еденнің тігіссіз профильдері 38,8 пайызға кеміді. Ферроқорытпа 1,7 пайызға, алюминий оксиді 13,2 пайызға азайды.

Павлодар облысында металлургияның кәсіпорындағы өндіріс үлесі 38,5 пайызды, өңдеу кәсіпорынның үлесі 59,5 пайызды құрады.

Таза алюминий өндірісі

Жартылай өткізгіштік қасиеті бар материалдар дайындау үшін, өндірісте тазалығы 99,9999 – 99,99999 Al қолданады. Түбегейлі алюминийдің тазарту – кристалдау немесе субфторид арқылы дистилдеу арқылы жүргізіледі.
Дуралюминдер – француз тілінен аударғанда dur – қатты, қиын, және aluminium – қатты алюминий дегенді білдіреді. Дуралюминдер құрамында
– 1,4-1,3 % Сu
– 0,4-2,8 % Mg
– 0,2-1,0 %Mn
– кейде0,5-6,0 %Si
– 5,7 % Jn
– 0,8-1,8 % Fe
– 0,02-0,35 % Ti – бар алюминий ерітіндісі Дуралюминдер – өте, серпімді және басқа алюминий қоспаларына қарағанда коррозияға төзімділігі төмен қоспа. Кристаллдардың коррозияға бейім коррозиядан қорғау үшін дуралюминийдің бетін таза Al мен плакаттап тастайды. Өзіне тән қасиеттерімен, беріктік пен жеңілдік керек жерлерде кеңінен қолданылады. Әсіресе авиациялық бағытта, турбореактивті двигательдер жасауда қолданылады.
Магналий құрамында Mg мөлшері өте жоғары. Құрамында -5-13 % Mg, 0,2-1,6 % Mn, 3,5-4,5 % Jn, 1,75-2,25 % Ni, 0,1Si Be, 0,21 Ti, 0,2% Jn, 1,75-2,25 % Ni кездеседі. Магналийдің ерекше қасиеті, ол берік серпімділігі жоғары және тұщы, теңіз суында да коррозияға ұшырамайды.
Азот қышқылына HNO3, араласқан күкірт қышқылына H2 SO1 ортофосфор қышқылына H3 PO4, сонымен қатар SO2 бар ортада да төзімділік қасиет көрсетеді.
Ол қасиеттеріне байланысты, құрылыс зат ретінде:
-авиақұрылыста:
– теңіз заттарында:
– көлік заттарында:
– құрылыстық арматура өндіруде
– тоңазытқыш – заттарында
– тұрмыстық заттарда да кеңінен қолданылады, құрамында Mg мөлшері; 6- дан жоғары болса кристалдардың коррозияға бейім болып келеді.
Силулин – құрамында Si – көп алюминий қоспасы құрамында
3-3,6 % Si, 1,4 % – Сu, 0,2-1,3% Mg, 0,2-0,9 % Mn, 2-4% Zn, 0,8-2% Ni,
0,1-0,4Cr, 0,05-0,3% Ti және т.б. элементтері бар.
Берікті қасиеті басқа қоспалармен салыстырғанда төмен ұшқыш қасиеті бар. Сондықтан жұқа немесе күрделі бейнелі заттар жасауға кеңінен қолданылады. Коррозияға төменділігі жағынан дуралюминий мен магнолияның арасында тұрады. Авиақұрылыста, вогон жасауда, автомобиль жасауда және ауылшаруашылық машиналарының картер, дөңгелек, корпустар, кейбір бөлшектерін жасауда көп қолданылады.
САП – Al және 20-22 Al2O3 алюминий оксидінен тұратын қосылыс. Тотыққан алюминий порошогын пісіру арқылы алады, қайнағаннан кейін Al2O3 бөлшектері біріккен қасиетіне ие болады.
Егер бөлме t – да саптың беріктігі, дуралюминий мен магнолиге қарағанда төмен болса, 2000 С температурады олардан асып түседі. Қышқылға төзімді. Сондықтан t – да 4000С жоғары жерлерде, өндірісте кеңінен қолданылады

Қазіргі заманғы түсті металлургия өндірісі кен құрамынан 70-тен астам түсті металдарды бөліп алады; өнім көлемі жылына 20 млн т-ны құрайды. Олардың арасында өндірілуі жағынан жетекші орын алатыны — алюминий, ол түсті металлургия өнімдерінің жартысына жуығын құрайды. Өнеркәсіптің көптеген салаларында, құрылыста кеңінен қолданылатын ақ металды алудың технологиясы күрделі, сондықтан өндірістің жеке сатылары әртүрлі елдерде, тіпті аймақтарда орналасады. Алюминий өндірісінің алғашқы сатысы — боксит өндіру, негізінен, Аустралия, Гвинея және Ямайка, Бразилияның бай кен орындарына шоғырланған; екінші сатысы (алюминий оксидін алу) отын мен әктас мол аудандарда орналасса, соңғы сатысы (электролиз арқылы металды бөліп алу) арзан электр энергиясына бағдарланады. Осы себепті ірі алюминий балқыту зауыттары Канада, Бразилия, Норвегиядағы қуатты су электрстансылары мен Аустралиядағы жергілікті көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС маңында орналасқан. Сонымен алюминий өндірісін орналастырудағы басты фактор — арзан электр энергиясының болуы. Алдыңғы қатарлы технологиямен жұмыс істейтін ең жаңа алюминий кәсіпорындарының өзінде 1 т алюминий алу үшін 14 мың кВт/сағ электр энергиясы жұмсалады. Бастапқы энергия көздеріне бай АҚШ пен Ресейде алюминий өндірісінің өркендеуі байқалса, энергия қымбатқа түсетін Жапония мен Батыс Еуропа елдерінде, керісінше құлдырауда. Франциядағы зауыттар АЭС-тер маңына шоғырланған.

Алюминий

Академик А.Е.Ферсман алюминийді ХХ ғасыр элементі, сондықтан бұл ғасырды алюминий дәуірі деуге де болады деген. Күнделікті пайдаланылып жүрген ыдыс-аяқтан бастап, космосты шарлап жүрген ракеталар осы алюминийден жасалады. Қоғамдық шаруашылықтың барлық салаларында алюминий қолданылмайтын сала жоқ. Алюминийдің осылай қысқа мерзім ішінде жоғары бағаға ие болуы оның химиялық және физикалық қасиеттерінде болып отыр.
Алғаш рет дат ғалымы Х.К.Эрстед 1825 жылы таза алюминий алды, ал 1854 жылы француз химигі А.С.Сентклер Дэвиль оны өндірісте өндіру тәсілін ашты. Сол кезде алюминий өте жоғары бағаланып, оның бір фунты алтын есебімен 40 сом болатын, алюминий алу өте қымбатқа түскен, онан жүзік, сақина және басқадай заттар жасалып сыйлықтар орнына жүрген.
Алюминий созылмалы, жұмсақ, жеңіл металл, оттегімен жақсы қосылыстар түзе алады, сондықтан ол басқа металдарды оттегімен босатып таза металға айналдырады. Темір тотығын алюминий үгіндісімен араластырып магниймен жандырған кезде көп қызу (3000°С) бөлінеді. Осы қасиеті баяу балқитын металдарды (титан, ванадий, хром) алуға пайдаланылады. Алюминий, магний және литий қосындылары самолет құрылысында, ракета жасауда жиі қолданылады. Самолеттің 65–66% (моторсыз салмағы) және мотордың төрттен бір бөлігі алюминий қоспаларынан істеледі. Вагон жасау, машина құрылыстары, электр өндірістері және басқа толып жатқан шаруашылық салаларында алюминий және оның қоспалары маңызды орын алады.
Бояу өндірісінде, үй жабдықтарын даярлауға, прожектордың айнасы ретінде қолданылатын алюминийді басқа металмен алмастыру қиынға соққан болар еді. Бұл күндері ғалымдар алюминийдің тағы басқа да қосындыларын алу мәселесімен шұғылдануда. Бұған мысал ретінде «Салют-6» космос станциясында В.Коваленок пен А.Иванченковтың жасаған тәжірибелерін айтуға болады.
Алюминий тотығы асыл тас түрінде (жақұт, гауһар) адам баласына ертеден белгілі болатын. Корундты қайрақтар ретінде техникада ХІХ ғасырдың орта кезінен, ал «тасмұрт» түрінде 1950 жылдардан бері пайдалана бастаған. Бұл «жақұтмұрттың» текше милиметрі 1500 килограмм салмақ көтереді, ондай алып күшке ешбір төзімді металл шыдамайды. Осыған орай «жақұтмұрт» техниканың көптеген салаларынан орын алады. Гауһар болмаса қолдағы сағаттың дұрыс жүруі де екі талай. Сағаттағы тас көп болған сайын ол уақытты дәл көрсетіп отырады, өйткені сағат механизмдерінің жүрісі біркелкі болып реттеледі.
Жер қыртысына таралуы жағынан алюминий үшінші орында, орта есеппен оның мөлшері 8,8%, табиғатта жүздеген минералы бар, олардың көпшілігі алюмосиликаттар. Олардың ішіндегі өндірістік маңызы бар минералдары каолинит, алунит және нефелин. Геохимиялық жағынан алюминий оттегіне жақын, тұрақты валенттілігі үш. Алюминийдің минералдары баяу ериді, ал эндогенді процесстерде ол дала шпаттарының, слюдалардың және басқадай алюмосиликаттардың кристалдық торына орналасады. Алюминий су құрамында және организмде өте аз, ол биологиялық жер қабаттарында шамалы ғана.
Табиғи жағдайда алюминий жер бетінде болған мүжілу процестерінің қалдығы болып саналады, сондықтан да эплювиальды бокситттер жиналады, бұлар негізгі алюминий рудалары болып есептеледі. Пайда болу жағынан алып қарағанда алюминий үш түрлі боксит кендерін түседі.
Қазақстанда революцияға дейін алюминий рудалары өндірілмеген. Тек Совет өкіметі тұсында ғана Павлодарда алюминий өндірісінің үлкен ошағы салынды, оның шикізат қоры Аманкелді (Арқалық) және Краснооктябрь кен орнынан әкелінді.
Руда іздеу және оны барлау жұмыстарының дұрыс жолға қойылуы және геологтардың (Е.Д.Шлыгин, Г.Е.Быков, И.С.Быкова, П.Л.Безруков) жемісті еңбектерінің нәтижесінде Аманкелді, Шығыс және Батыс Торғай, Мұғалжар секілді бокситті аудандар ашылды. Олар сырт көрінісі жағынан біркелкі болғанымен, зерттей келгенде бірнеше морфогенетикалық түрлерге бөлінеді. Торғай облысындағы Арқалық, Жоғарғы және Төменгі Ашутас және Үштөбе кен орындары астауға ұқсас ойпаңдағы алюмосиликатты және карбонатты жыныстар аралығында ұзыннан-ұзақ созылған руда қабаттары болып кездеседі.
Бұлардан басқа республика территориясында Батыс Торғайда, Софьевка және Майбалық, Талды-Ащысайда көп тараған карсты кен орындары кездеседі. Бұл кен орындары әр дәуірлерде пайда болған карбонатты жыныстардың қалың қабаты арасына орналасқан.
Республикамызда алюминий өндірісіне бокситтен басқа да жарамды шикізат қорлары бар. Олар: алунит, андалузит, диаспор, нефелинді сиениттер, корунд, кианит және басқалар. Олардың көпшілігі Орталық Қазақстандағы қайталамалы кварцит алқаптарында қалыптасқан, алуниттің қоры және құнарлылығы Одақтағы басқа аудандарда кездесетін алуниттен анағұрлым мол.
Корунд кені Семізбұғыда кездеседі.

You May Also Like

Қан жасау жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру қарау. Зерттеу әдістері. Анемиялық, лейкемиялық, геморрагиялық синдромдар

lҚан жасау жүйесі ауруларымен  науқастарды сұрастыру,  қарау. Зерттеу әдістері. Анемиялық,  лейкемиялық,  геморрагиялық…

Бойжеткендердің репродуктивті денсаулығын қорғау

Репродуктивті  денсаулық  –бұл  тек  аурулардың  жоқтығы  ғана  емес,  сондай-ақ, ұрпақ  жаңғырту  мен  отбасы  үндестігін қоса  алғанда,  репродуктивті  жүйеге қатысты  физикалық,  психикалық  және  әлеуметтік  толық саулықтың  да  болуы   жайындағы барлық мәселелер жиынтығы.…

Тігін шеберханасы жоба

Тігін шеберханасы Жоспары Жобаны ұсынушы: Рашит Айнаш Әлібекқызы Тігін шеберханасының (жобаның)  мақсаты:…

BRAIN элементтері

BRAIN ЭЛЕМЕНТТЕРІ Au-2,54 мкмоль\кг Th 2,44 мкмоль\кг Pb  16 мкмоль\кг Алтын- золото-…