ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазіргі лингвистикада әр түрлі ғылымдар саласында объект назары адам болып табылатын жаңа ғылыми гипотезалар мен теориялар қалыптасып, тілдік зерттеулер антропоцентристік парадигма бағытында жұмыс істеуде. Яғни, өткен ғасырдың соңындағы жүйелік-құрылымдық зерттеулер үстемдік еткен парадигманың орнына антропоцентристік, функционалдық, танымдық және динамикалық, адамның мәртебесі қайтарылатын «барлық заттардың өлшемі» парадигмасы келді. Антропоцентристік парадигма – зерттеуші қызығушылығының таным объектісінен субъектіге ауысуын, яғни тілдегі адам мен адамды тілде талдап, жіктейді. Антропоцентристік парадигмадағы негізгі концептуалды зерттеулер әсіресе лингвомәдениеттанудың шеңберінде белсенді түрде жүргізілуде.

Жалпы соңғы он жылдықта ғылым саласында негізгі жаңалықтар шекаралық облыстарда шектес ғылымдарда белгіленген. Соған байланысты лингвомәдениеттану ғылымының лингвистикалық семантика, когнитивті лингвистика, лингвоелтану, этнолингвистика салаларымен байланысын, арақатынасын, өзара әссерлерін талдауға арналған осы жұмысымыз өзекті болып табылады.

Лингвомәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттанудың түйісуінен пайда болған, мәдениеттің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасын және олардың лингвистикалық және лингвистикалық емес мазмұнының бірлігін ажырамас құрылым зерттейтін кешенді ғылыми пән.

Лингвомәдениеттанудың қалыптасуында лингвистикалық семантика маңызды рөл атқарды, ол ХХ ғасырдың екінші жартысында мәдени компонент құндылықтарын талдау, сөздің лексикалық фоны, мәдени коннотативті компонент, бағалауы бар тілдік құрылымдардың семантикасы тәрізді тұжырымдамалық тілдік белгілердің мазмұнын білуге ұмтылды.

Ұлттық-мәдени семантиканы анықтауда әлемнің тілдік бейнесі ұғымын қалыптастырудың болашағы зор болды. Ю.Д.Апресян атап өткендей, ХХ ғасырдың соңында теориялық семантика «әлемнің тілдік бейнесінің түрлі дәрежеде анықталған аңғал геометриясының, кеңістік пен уақыттың аңғал физикасының, аңғал этиканың, аңғал психологиясының, аңғал анатомияның саласының» үзінділерімен анықталды [1; 42 б.]. Бүгінгі таңда тіл мамандарының көпшілігі әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық-мәдени ерекшелігін мойындайды. Себебі тілдің өзі адамдардың өмір сүру үрдісінде алған білімдеріне негізделген, олардың жеке және әлеуметтік тәжірибелеріне байланысты дамиды.

«Лингвомәдениет» терминімен көрсетілген ұғым, біздің ойымызша, лингвомәдениеттанудың ерекше пәндік аймағын дәлірек көрсетеді, сонымен қатар, бір тілді меңгеру және қоғамның бір мәдениет жиегінде әлеуметтенуінің шарттарын көрсетеді. Айталық, Т.Н.Снитко лингвомәдениетті «тіл мен мәдениеттің өзара байланысының тіл саласында да, мәдениет саласында да көрініс табатын және тіл мен мәдениеттің басқа байланыс типімен салыстырғанда, яғни, өзге лингвомәдениетпен салыстырғанда танылуы тиіс  ерекше типі», – деп атап көрсетеді [2; 3 б.]. Лингвомәдениет әр түрлі параметрлері бойынша (аумағы, мәртебесі, гендерлігі, жасы) сараланған мәдени-тілдік қоғамдастық шеңберінде инвариант ретінде әрекет етеді. Ол мәдениеттің тілдік тұрақтылары немесе концептілер қалыптасатын және қызмет атқаратын жалпы орта ретінде де қарастырылуы мүмкін.

Кейбір ғалымдардың айтуынша, лингвомәдениеттанудың қалыптасуына негіз болған когнитивті лингвистика, оның шеңберінде әлемнің табиғи жіктеу туралы деректер негізінде және қарапайым сана сипаттамаларын зерттейтін ең тиімді және келешегі бар лингво-психологиялық бағыт. Негізгі ұстанымы «тілдік деректерді басқа ғылымдардан сенсомоторлық, сезімталдық қабылдаумен  біріктіру және келістіру қажеттілігі туралы» болып саналады Е.С.Кубрякова когнитивизмнің лингво-психологиялық нұсқасын когнитивті-дискурсивті ретінде көрсетеді, ал оның өзгешелігін «коммуникативтік (дискурстық, прагматикалық) парадигма идеяларымен ғылыми білімнің танымдық парадигмасы идеялар нақты синтезі» деп атайды [3; 13 б.].

Когнитивті лингвистика – тілді жалпы танымдық механизм ретінде қарастыратын бағыт. Когнитивті лингвистиканың мақсаты – процестерді қабылдау, әлемнің класификациясы және оны түсіну, білімді жинақтау қалай жүзеге асырылатынын, барлық қызметтің ақпаратпен әр түрлі түрлерін қандай жүйе қамтамасыз ететінін түсіне білу.

Линвомәдениеттану үшін, когнитивті лингвистика секілді концептуалды зерттеулер тән. Когнитивті лингвистиканың зерттеу пәні когнитивті концепт болса, лингвомәдениеттанудың зерттеу пәні – лингвомәдени және мәдени концепт болып табылады. Лингвомәдениеттануда концепт «мәдени-менталды-тілдік» құрылым ретінде ойластырылып, өзінше адам санасындағы «мәдениет ошағын» қалыптастырып, ол сөзбен қатар жүретін көріністер, түсініктер, білімдер, салыстырулар тобы арқылы адамның менталды әлемінде болатын мәдениет болып табылады [4; 14 б.].

Лингвоелтанудың біршама мәселелері бүгінгі күнде лингвомәдениеттанумен бірлікте қарастырылады. Өзге мәдениетке тіл арқылы араласу әдістемесі сөздің семантикалық құрылымының мұқият жасалған теориясына негізделген, мұнда екпін «көрініс, бекіту және адамның жеткен шындығы туралы ақпаратты тілдік бірліктерде сақтау» ретінде түсіндірілетін тілдің жиынтық функциясына жасалады [5; 7 б.]. Жоғары дәрежеде мәдени ерекшелік жүктейтін және ұлттық мәдениет жайындағы ақпараттың көзі болатын бірліктерді лингвоелтанудың сөздер теориясының жетістігі ретінде танимыз. Оларға сөздер, фразеологизм және тілдік афоризмдер жатқызылды.

Үйретілетін тілді адекватты қолдану үшін қажет болатын мәдени білімнің мұндай шындық бірліктерді ең әкелде тіл мен оған сәйкес мәдениетті меңгеру үрдісін талдауға тырысқан лингвоелтанушылық жұмыстарды әзірлеушілер байқаған болатын. Әдіскер ғалымдар тарапынан бұл бірліктер түрлі атауларға ие болды: «Лингвоелтанушылық құнды бірліктер» [5], «мәдени-этнологиялық бірліктер» [6], «лингвокультуремалар» [7], «ұлттық әлеуметтік мәдениет стереотиптер» [8] т.б. Бұл бірліктер дәл осы тіл мен дәл осы мәдениетті тасушыға тән болатын әлемдік көріністің ерекшелігін көрсетеді, олар білімнің, ойдың, әдет-ғұрыптың материалдық көрінісі болып табылады, ұлттық мінездің ерекшеліктерін береді.

Лингвомәдениеттану ғылымымен этнолингвистика да тікелей байланысты, оның объектісі ретінде тіл мен ұлттық менталитеттің, тіл мен мәдениеттің, тіл мен этностың өзара әрекеттесу мәселесін қарастырылады. ХХ ғасырдың соңында Н.И.Толстойдың зерттеулерінде этнолингвистиканың дәстүрлі түсінігі нақтылана түсті, ол атап өткендей, бұл «кешенді пән ретінде түсіндірілуі мүмкін, оның оқылатын пәні мәдениеттің, халық психологиясы мен мифологиясының оның формальды жүзеге асуының құралдары мен әдістерінен тәуелсіз «мазмұнының жоспары» болып табылады (сөз, зат, салт, бейне және т.б.)» [9; 315 б.]. Этнолингвистиканы осылай түсіндіруде лингвомәдениеттің қалыптасуының негізі ретінде Д.Хаймс еңбектерінде көрсетілген әлеуметтік лингвистика мен сөйлеудің этнографиясының қағидалары танылады [10].

Лингвомәдениеттанудағы жетекші рөлді В.Н.Телия фразеологиялық бірліктерге береді: «Лингвомәдениеттанушылық талдау өзінің алдына фразеологиялық белгілердің қазіргі халықтың менталитетінің «қаңқасы» ретінде қарастыратын мәдени санасын көрсету қабілетін және оны түрлі дискурс типтерінде фразеологизмдерді қолдану үрдісінде көрсету мақсатын қояды» 11; 15 б.].

Фразеологизмдерді мәдени интерпретациялаудың көздері:

  • халық мәдениетінің салттық түрлері;
  • паремиологиялық қор;
  • жиі тұрақты салыстыруларда әсерленетін бейне-эталондардың жүйесі;
  • символдық оқуды қабылдайтын сөз-символдар немесе сөздер мен сөз тіркестері;
  • тұтастай алғанда адамзат пен ұлттың зияткерлік меншігі: философия, оның тарихты, әдебиетті түсінуі және т.б.;
  • елтануға бағытталған сөздіктердегі сипаттау нысаны болып табылатын шындықтар;
  • мәдени интерпретацияның тілішілік қорлары болып танылады.

Қорыта келгенде, тілдің мәдениетпен сабақтастығын зерттеу дәстүрлі тіл білімінің мүмкіндіктерін кеңейтті. Сонымен бірге, сабақтас аймақтарда (когнитология, лингвоелтану, этнолингвистика) алынған нәтижелер бір-бірін толықтыра түсуге ықпал жасауда. Лингвомәдениеттанудың қалыптасуы тілді зерттеушілер үшін қызметтің кең ауқымын ашуда және бірнеше бағыттардың «тоғысында» гуманитарлық білімнің мәселелерін шешуде жаңа жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері, мақала

Әлем өзгерcе, мен де өзгеремін! мақала

Әлем өзгерcе, мен де өзгеремін! Уақыт тез өтіп,заманымыз өзгеріске ұшырап отырады. Жыл…

Мен қазіргі заман педагогімін, мақала

Инклюзивті білім беру ерекшеліктері, мақала

Инклюзивті білім беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім…