Тақырыбы: «Ы. Алтынсариннің хаттары – тарихи дерек көзі»

Секция: тарих

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………

І Ы.Алтынсарин – ұлы педагог, ағартушы……………………………………………………….

1.1. Ы.Алтынсарин – Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің негізін салушы……………….

1.2 Хаттардың деректік маңызы мен жалпы сипаты……………………………………………

ІІ Ы. Алтынсарин хаттары – тарихи дерек көзі………………………………………………

2.1. Ы.Алтынсарин хаттарындағы ағартушылық мәселелері………………………….

2.2. Ы.Алтынсарин хаттарындағы діни мәселелер……………………………………………

Қорытынды………………………………………………………………………………………………..

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………………..

Аннотация

Ғылыми жұмыста жеке адамдық дерек көздері ретінде хаттардың алар орны ерекше екендігі айтылады. Оларға өзіндік ерекшеліктеріне сай деректанулық талдау жасай білу арқылы тарихымызга қатысты мол мағлұматтар алуға болатындығы дәлелденген. Дала шамшырағы атанған Ыбырай Алтынсарин қазақ жеріндегі ағартушылық ісі мәселелерін осы хаттар арқылы көтеріп, шешімін тауып отырған. Демек, ол сол дәуірдегі білім беруге қатысты мәселелерді өз хаттарында түйіндеп, бүкіл халықтың тіршілігі үшін аянбай қызмет еткендігін дәлелдеп кеткен. Осы ғылыми жұмыста Ы.Алтынсариннің хаттары-тарихи дерек көздері болып табылатындығы зерттелген.

Аннотация.

В научной работе рассказывается об особенности роли писем как исторических источников. Путем рассматривания сведений и учитывая их особенности, доказано, что из писем можно изъять исторически важную информацию. С их помощью И. Алтынсарин, светило степи (дала шампырағы), поднимал и решал проблему просвещения на казахской земле. Это значит, что он отмечал проблемы, связанные с преподаванием, в своих письмах и доказал, что служил своему народу. В этой (данной) научной работе исследовано, что письма И.Алтынсарина являются историческим источником.

Annotation

In the averred study scientific work told about a feature to the role of letters historical sources. By consideration of information taking into account their features it is well-proven, that from letters it is possible to with important information historically. With their help OA L.Altynsarin lifted the luminary of steppe decided the problem of in lightening or Kazakh earth. In means,tyat he marked problems, related to teaching, in the letters are proved, that served to the people. In this advanced study scientific work  is investigational, that letters are historical source.

«Ы.Алтынсарин хаттары – тарихи дерек көзі »

                                              Абстракт

Ғылыми жұмысымыздың негізі нысаны Ы.Алтынсариннің хаттары. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Жеке адамдык туындыларды яғни Ы.Алтынсариннің хаттарын талдай отырып, олардың ерекшелігін анықтап, тарих ғылымында қандай орын алатынын және тұлғалық құжаттарды тарихи зерттеулерде пайдалануды айқындауды мақсат етіп алдық та, мына төмендегідей міндет қойдық:

  • Ы.Алтынсариннің Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің негізін салушы, ұлы педагог, демократ, ағартушы екендігін ашып көрсету;
  • Хаттар – төл тарихтың маңызды дерек көздері ретіндегі түрлік ерекшеліктерін анықтау;
  • Ы.Алтынсариннің жазған хаттарын тарихи дерек көзі ретінде дәлелдеп, оның тарихи маңызын ашу.

Ғылыми жұмысты зерттеу барысында салыстырмалы , мазмұндық  құрылымдық жүйелі талдау жұмыстары жүргізілді. Жұмыста жалпы ғылыми танымның тарихи және қисындык, анализ бен синтез, жеке тарих ғылымының: тарихилык, объективтілік, мәтінтанулык, кезендеу, проблемалық-хронологиялык, салыстырмалы-тарихи әдістер пайдаланылды.

Жұмысымды зерттей келе нәтижесінде Бабамыздың хаттары – жай ғана хаттар емес, кейінгі ұрпақтар үшін рухани – мәдени мұра, қазақ білімінің алғашқы қалыптасу кезеңінің, жалпы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік, ағартушылық қызметінің айнасы іспеттес баға жетпес құндылық екеніне көзімізді жеткіздік.

Письма Ы.Алтынсарина- исторический источник.

Абстракт

Обьектом исследования являются письма И.Алтынсарина. Основная цель научной работы: просматривая личные человеческие творения, то есть письма И.Алтынсарина, и находя их особенности, выявить их место в истории и использование в исследовании личных документов. Для достижения цели мы поставили перед собой следующие задачи:

-показать личность И.Алтынсарине как основателя учебно-педагогического дела, просветителя, демократа, великого педагога;

-доказать то, что письма И.Алтынсарина являются источником исторических сведений.

-выявить видовые особенности писем как важных исторических источников, найти их историческую важность.

В процессе исследования научной работы проводился сравнительный, содержательный анализ. В работе использовались следующие общенаучные методы исследования: анализ и синтез, проблемно-хронологический, историко-сравнительный.

В результате исследовании мы убедились в том, И.Алтынсарина являются важным историческим источником и целым духовным наследием для молодого поколения.

Abstrakt

A research object are letters of I. Altynsarin. The aim of scientific work: looking over the personal human creations, id est letters I Altynsarin, and finding their features, to educe their place in histories and uses in of the personal. For gaining aim, we put before itself next tasks:

-to show to personality of I. Altynsarin as a founder of education- pedagogical business, enlightener, of democrat, great teacher;

-to prove then, what letters of I Altynsarin are the sourse of historical information;         -to educe the specific features of letters as important historical sources to find their historical importance;

In the process of research of the advared study a comparative rich in content was continent. Next scientific methods were in-process used: historical and analysis and synthesis; scientific methods of history: historical, objectivity, study of text, problem-chronologic, history-comparative.

As a result of reseaches, we made sure in that letters I. Altynsarin are not simply letters, and by whole spirithal heritage for the young genaration

Кіріспе.

Өзектілігі. Қазақ коғамында білім беру ісінің көшбасшысы ретінде танылған ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы қазіргі кезеңге дейін әр қырынан ғылыми зерттеулердің нысанына айналған. Ұлы ағартушы туралы зерттеулер де, ғылыми еңбектер де аз емес. Алайда, ағартушының шығармашылығы мен өмірін түгел зерттеп болдық деп айтуға ерте.

Жаңашылдықтың бір белгісі ретінде Ы.Алтынсаринның хаттарын айту да ләзім. Қазіргі кезең тұрғысынан қарасақ, Алтынсарин хаттары тұлғааралық және мадениеттер диалогының көрнекті үлгісі болып табылады. Хаттардың мазмұны тұлғалар арасындағы және менталдық сапалары әр басқа халықтар арасындагы мәдени диалогқа кұрылған. Ы.Алтынсарин рухани деңгейі, көзқарасы, құндылық бағдарлары әрқилы айналасындалылармен үлкен төзімділіктен түсінуге тырысып, олармен мәдение диалогқа түсіп отырған. Жүрген жерінде көптеген шараларды ғана емес, бір-бірімен қарама-қайшы адамдарды бір арнаға тоғыстырып, тобықтай түйінмен шеше білудің шебері болған.

Тарихи дерек көздерінің үлкен бір тобын өзінің пайда болу жағынан жеке адамдарға тән дерек көздері құрайды. Сондықтан олар ғылыми әдебиеттерде «жеке адамдық дерек көздері» деп аталады.

Дегенмен, көп жағдайда дереккөз авторын анықтау мүмкін емес, кейде оның қажеті де болмайды. Ал, кей жағдайда ол нақты дерек көзі жеткізіп отырған мәліметтердің шынайылық деңгейін анықтауда шешуші рөл аткаруы мүмкін. Сондықтан зерттеуші өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне жеке талдаудағы нақты мәліметтің ерекшелігіне қарай дерек көз аныктау не анықтамау проблемасын өзі шешеді.

Өзіндік ерекшелігін ескеруді қажет ететін жазба тарихи дерек көздерінің үлкен бөлігін авторы анық айтылған немесе кімдердікі екені белгілі жеке адамдық деректер құрайды. Көптеген жылдар бойы тарихшылар мемуарларды, естеліктерді, күнделіктерді, хаттарды ғана жеке адамдық дерек көздері ретінде қарастырып келді. Ал шын мәнінде олардың ауқымы одан әлде қайда кең болатын. Мысалы оларға өмірбаяндық, әлеуметтік, этнографиялық, әлеуметтік психологиялық және басқа да ақпараттар енген, бірақ не ресми құжаттарда дерек көздерінің басқа типтері мен түрлерінде дерек көздерін де жатқызуға болады.

Жеке адамдық дерек көздері мен құжаттар тарихшыға нақты тарихи тұлғаны оның дерек ерекшеліктерімен, қоршаған ортасының және дүниеге әкелген дәуірінің белгілерімен нақты зерттеуге мүмкіндік береді. Олар тарихшы тұлғаның дүниетанымын, мәдени деңгейін көруге болатын, тарихтың кейбір сәттерін тұлғаның субъективті қабылдауы арқылы баяндау ерекшеліктерін байқауға болатын дәйектер арқылы көмектеседі. Олар зерттеушілерге сол уақыт адамдарының санасында бейнеленген күйінен көрінеді, мұндай дерек көздері болмаған жағдайда тарихшылар, өткеннің «тірі суретін» көре алмас еді. [1.55.)

Жеке адамдық дерек көздерін оның ішінде жазылған хаттарды зерттеу тарихшыға тарихи оқиғаларды кейде күтпеген түсіндірмелер беру арқылы, тіптен басқаша көрсетуге, өмір туралы көптүсті түсінік беру оны әдеттегі идеология, менталитет, рухани байлық деңгейінде калпына келтіруге мүмкіндік береді. Ондай дерек көздері әлеуметтік қатынастар шамасын, уақыт талғамын, замандастар ойы мен әлеуметтік мәдениеттің адами мазмұнының стиль, сөз терминдер арқылы қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Егер, оларды басқа да дерек көздерімен белгілі бір байланыста қарастыра білсе, ол зерттеушіге әр бір кезеңнің өзіндік ерекшеліктері туралы құнды хабар бере алады. Ол үшін тарихшылар сол дерек көздерінің ерекшеліктеріне сай келетін тәсілдер қолдана білу керек.

Ғылыми жұмысымыздың негізі нысаны-Ы.Алтынсариннің хаттары. Ыбырай өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шам-шырағын жақты, педагогтік-демократиялық көзқарастың негізін салды. Өз заманының озық ойлы азаматы болды. Бір жағынан, феодалдық-патриархалды тұрмыс билеген, екінші жағынан, патша өкіметінің отарлау саясаты езген қараңғы ортада Ыбырай ашқан мектептердің қоңырауы сыңғырлап, ұлы ағартушы педагогтің ой-пікірлері, өлең – жырлары мен әңгімелері әсіресе хаттары халық санасына жаңалық болып сіңді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жеке адамдық туындыларды яғни Ы.Алтынсариннің хаттарын талдай отырып, олардың ерекшелігін анықтап, тарих ғылымында қандай орын алатынын және тұлғалық құжаттарды тарихи зерттеулерде пайдалануды айқындауды мақсат етіп алдық та, мына төмендегідей міндет қойдық:

  • Ы.Алтынсариннің Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің негізін салушы, ұлы педагог, демократ, ағартушы екендігін ашып көрсету;
  • Хаттар – төл тарихтың маңызды дерек көздері ретіндегі түрлік ерекшеліктерін анықтау;
  • Ы.Алтынсариннің жазған хаттарын тарихи дерек көзі ретінде дәлелдеп, оның тарихи маңызын ашу.

Ғылыми жұмысының нысаны: Ы.Алтынсариннің хаттары.

Жұмыстың құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды , пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Ы.Алтынсарин-ұлы педагог ағартушы.

1.1. Ы.Алтынсарин – Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің негізін салушы.

Қазақ даласындағы XIX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтың мәдени өміріндегі Ы.Алтынсариннің бастамасымен болған ұлы өзгерістің шын мәніндегі ағартушылық маңызы бар еді. Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға.

Оқу-ағарту және білім беру тарихының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихының өзіндік ерекшеліктеріне толы кезеңдерінің бірі- XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы болып табылады. Барлық кезеңде зерттеушілер ерекше көңіл бөліп отырған бұл кезең, бір жағынан, Ресей отаршыларының қазақ жеріне түгелдей өзінің саяси үстемдігін орнатып болып, енді оны әлеуметтік-экономикалық және рухани өмір саласында тереңдету мақсатында түрлі ісшаралар жүргізе бастауымен ерекшеленсе, екінші жағынан ол кезең ұлт бостандығы, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресте тарих сахнасына қазақ зиялыларының жаңа буын өкілдерінің шығуымен ерекшеленеді. Бұл кезең отаршылдықтың да, ұлт-азаттық қозғалысының да жаңа тәсілдерге ие болып, жаңа деңгейге көтерілген кезі болды. Күрес өмірінің барлық саласын, оның ішінде оқу-ағарту ісі бір-біріне қарама-қарсы күштердің өзара күрес обьектісіне айналды. Өйткені, ол да белгілі бір топтардың мақсат-мүддесіне қызмет етуге тиіс болды. Сондықтан, отарлаушылар да азаттық үшін күресушілер де оқудың, оқытудың маңызын жете түсініп, әрқайсысы оны өз мүддесіне сай пайдалануға әрекеттеді.

1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар біртіндеп қарқын ала бастаған қоғамдық қозғалыс Ресей империясының алшақ жатқан аудандарында да ағарту ісінің дамуына әсерін тигізді.

Патшаның отаршыл саясатының қырлы тасы бөтен халықтардың орыстармен «жақындасуы» болды, бірақ ол бұл мақсатқа көбіне зорлық тәсілдермен, оларды орыстандыру жолымен жетпек болды. Бұл мақсаттық нұсқаудағы ең ауыр әсер ететін, сондықтан да ең көрікті құрал білім беру саласы болды.

Патша үкіметі қазақтарға орыс мәдениетін, тілін және өмір салтын үйретудің тиімді жолы білімде деп танып, орыс, қазақ балаларын бірге оқытуды қолдады. Осылайша 1864 жылдың өзінде-ақ Торғай қаласында Ы.Алтынсариннің халықтан жинаған ақшасына салынған орыс-қырғыз мектебі ашылды. Десе де қаражаттың және мұғалімдердің жетіспеуінен облыста мектептік білім беру дамып кете алмады.

XIX ғасырдың аяғында Қазақстанда ағарту ісінің бастауыш оқу орындары, приход мектептері, толықтырылмаған гимназиялар, орыс-қазақ аралас мектептері ауылдық сауаттылықтың негіздерін үйрететін мектеп сияқты түрлері қалыптасты. Реалдық, қыздар мен ер балалар гимназиялары, онымен бірге мұғалімдердің

семинариялары орта буын оқу орындарына теңестірілді. Арнайы маман даярлайтын оқу орындары ретінде қазақтың мұғалім даярлайтын мектептері, ауыл шаруашылық және мал дәрігерлік мектептері, Торғай қоленер мектептері ашылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан мектептердегі білім беру жүйесі жалпы Ресейлік ағарту ісіне мейлінше жақын еді. Және үкімет империяның орталық аудандарындағы білім беру үрдісін ұлттық аймақтарға таратуға мүдделі болды. Торғай облысындағы қазақ және басқа тілдерде білім беретін оқу орындары Орынбор оқу округіне бағынды.

1879 жылы Ы.Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалады. Далалық облыстарды басқару жөніндегі «Уақытша ереже» бойынша Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай уездерін сонымен қатар, Орынбор өңірінің бірқатар жерін алып жатқан әр түрлі буындағы оқу орындарының жұмысын ұйымдастыру оңайға түспеді. Оның үстіне инспектордың облыстық губернаторға тікелей тәуелділігі, инспекторлық қызметіне шектеулілігі біраз қиындықтар келтірді. Оның халық сауатын ашудағы ағартушылық қызметін губернатор үнемі назарында ұстады, әр қадамын елеп-екшеп отырды. Өзіне тиесілі қызметті қалыптасқан саяси, қоғамдык жағдайға сәйкес пайдалана білген Ы.Алтынсариннің басты арманы қазақ жастарын білімге тарту еді. Н.И.Ильминскийдің айтқанындай Алтынсарин білімнің мақсаты қазақ коғамына орыс тілі мен орыс сауатын енгізу деп білді. «Қазақтарға дұрыс жол сілтеуге тек олардың өз ортасында ұйымдастырылған, халықтық орыс-қырғыз училищелері қызмет ете алады» деп армандады. Солай қызмет істеді», деп жазды Н.И.Ильминский өз еңбегінде [2.272.]

Патша үкіметінің халыққа білім беру саласындағы отаршылдық саясаты жағдайында ағартушылық қызметін жандандырған Ыбырай қазақ ауылдарын аралап, халықтың тұрмысын түзетуге күш салды. Әйтсе де, сауаттылықты алға бастыруда қаражат жетіспеді. Бұл кемшілік Алтынсариннің күш салуымен 80 жылдардың басында аздап болса да шешімін таба бастады. Оның сұранысымен 1883 жылдың күзінде болыстық мектептерді ұйымдастыруға халықтан жиналатын қаржы әр киіз үйге 1 рубльге өсірілді. Бұл сома тұрмысы төмен Ырғыз уезінде 50 тиынның көлемінде болды. Біртіндеп педагогикалық кадрлардың жетіспеушіліг де жойыла бастады. 1886 жылы мамырда 9 бозбала Орск мұғалімдер мектебін бітірді. Оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін 1885 жылдың өзінде-ақ болыстық мектепттер салуға тырысты. Орынбор оқу округінің басшысы В.Михайлов пен миссионер В.Катаринскийдің бұл жөнінде: «мәселенің жылдам шешілуіне қырғыздар арасында орыс білімін көбірек тарату қажеттілігі түрткі болды»,- деп, қалыптасқан жағдайды мойындаған пікір білдіреді [3,85].

Қазақ ауылдарының шаруашылық әлеуметтік өмірінде капиталистік құбылыстардың араласуы, өндіргіш күштерді, табиғат байлықтарын игеретін мамандар әзірлеуді талап етті. Сондықтан ағартушы жергілікті жастар арасынан

қолөнер, ауыл шаруашылық және басқа да мамандықтар бойынша білгір адамдар даярлауды қолға алды. Ы.Алтынсарин өзіне қарасты жердің балаларын Торғайдағы ауыл шаруашылығы саласындағы қолөнер училищесіне беруді өсиет еткендеосы мақсатты көздеді.

Алтынсарин болыстық мектептер мен училищелерді салу жобасын жасағанда қазақтардын шаруашылық тұрмыстық жағдайларын есептеп отырды. [4.75) Сондай-ақ, мектептер жанынан интернат ашуга да көп күш салды. Оның бұл қызметі В.Михайловтың облыс әскери-губернаторына жолдаған 1886 жылғы 13 мамырдағы хатында анық көрсетілген. Бұл хатта: «Алтынсарин мектеп жанындағы интернатты жыл сайын қамтамасыз ету сметасын жасады. Оның ойынша қазақ халкының тұрмыстық жағдайына орай көрсетілген есептеулер өте кажет, әйтпесе, мектептер оқушысыз калмак» деп баяндалған.[439]

Орыс алфавитін мектептік білімге енгізудегі шешуші кезең Ы. Алтынсариннің Ильминскийдің жәрдемімен 1879 «Қырғыз хрестоматиясын» басып шығаруымен байланысты. Оқу құралы Алтынсарин басқаратын мектептерге арналса да, тар шеңбердегі талаптап әлдеқайда жоғары еді. Сондықтан оқулық туралы автордың өзі «бұл оқулық мазмұны бойынша да, өз алфавиті бойынша да жаңа талапқа қайшы келмей, ғылыми және жалпы пайдалырақ орыс кітаптарына жол бастаушы болады»,- деп хрестоматияға үлкен үміт артты.

«Қырғыз хрестоматиясы» орыс-қырғыз мектептері оқушыларына ең алдымен орыс тілін оқытуға көмектесуі керек, онсыз кыргыздардың орыс халқымен рухани және экономикалық жақындасуы мүмкін емес»,- деп есептеді.[5.319]

Хрестоматияға казақтың халық әдебиетінің үлгілерін іріктеп кіргізді. «Қазақ хрестоматиясы» арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер етені, оны жақсы, үлгiлi iстерге үйрететін күшті құрал деп ұқты. Хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра білді. Алтынсарин жазған екінші оқулығы «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» деп аталады.

Өзінің оқу-ағарту ісін жүзеге асыруда Ыбырайға екі бірдей кедергілермен күресуге тура келді. Оның бірі-Ыбырайдың ағартушылық ісін көре алмай «шоқынған», «кәпір» деп ел арасында өсек таратушы қожа-молдалар болса, екіншіден, дөрекі, топас орыс чиновниктерімен де күресті. Ол өзінің досы В.В. Катаринскийге жазған бір хатында: «… Ең жаманы халықтың караңғылығымен емес, қоғамның әл-ауқаты мен мәдениетін көтеруге көмектесу үшін үкіметтің өзі қойған білімді адамдарымен күресуге тура келеді»-дейді. [5.322]

Патша үкіметі қазақ даласын караңғылықта ұстауға тырысып бақты. Олар оқымаған қараңғы елді басқару оңайырақ болады деп санады. Патша үкіметінің осы отарлау саясатының ішкі мәнін терең түсінген Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты

қазақтың демократ-ағартушылары халықты қапастан құткарудың жолы тек өнер-білім деп карады. Сол жолда аянбай еңбек етіп, бар өмірін сарп етті.

Ы.Алтынсарин тұсындағы білім мәселелері оқушының сауатын ашып, оның білім, білік дағдыларын дамыту деңгейінде ғана емес, мектеп аркылы білімді құрал ете отырып, мәдени орта жасаудың, оқушыларды ғана емес, олардың ата-аналарын да мәдениеттендірудің алғашқы үлгісі еді. Мектепте діни білімді ғылыми-жаратылыстану саласымен ұштастыра білуі де Алтынсариннің жаңашылдығын танытса керек. Ыбырай өзге халықпен үйлесу үшін қажет сапалардың бірі толеранттық пен коммуникативтіліктің жеке бас үлгісін берді. Оның ерекше төзімділік арқылы ашу ызасын ақылға жеңдіріп, шынайы сұхбатты дамытуға тырысуы нағыз толеранттылығының дәлелі болатын.

Асқар тау алыстаған сайын биіктей түседі демекші, жыл өткен сайын кадір-қасиеті арта түсетін тұлғалар болады. Солардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды. Ыбырай данамыз тек қазақтар үшін ғана емес, бүкіл адамзат баласына ортақ маңызы бар өшпес мұра қалдырды. Осы асыл мұраны сақтап, насихаттап, өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің бәріміздің абыройлы борышымыз.     

                 1.2. Хаттардың деректік маңызы мен жалпы сипаты.

Тарихи дерек көздерінің үлкен бір тобын өзінің пайда болу жағынан жеке адамдарға тән дерек көздері кұрайды. Сондықтан олар ғылыми әдебиеттерде «жеке адамдық дерек көздері» деп аталады. Дерек көздерінің өзіндік ерекшеліктері мол осы тобы туралы деректанушы Қ.Атабаев: «Қазіргі деректану ғылымында жазба деректерді сыныптауда «жеке адамдық дерек көздері» сияқты дерек көздерінің ерекше түрін бөліп көрсету және зерттеу кеңінен қалыптасқан. Оған: заманахаттар (мемуарлар), естеліктер, күнделіктер, жеке жазбалар, хаттар, т.б. жатады. Олардың ең басты түрлік ерекшелігі пайда болу негізі жағынан жеке адамдық деректер тобына жатқандықтан, олардың аса субъективтілігі. Сонымен қатар, ол дерек көздерінің түрлік айырмашылықтарын айқынсыздығы. Ол бір жағынан ондағы мәліметтердің құжаттылығында (немесе ғылымилығында), екінші жағынан олардың мазмұны мен формасының көркемділігі мен публицистикалығында» деп жазды. [1].

Өзіндік ерекшелігін ескеруді қажет ететін жазба тарихи дерек көздерінің үлкен бөлігін авторы анық айтылған немесе кімдердікі екені белгілі жеке адамдық деректер құрайды. Көптеген жылдар бойы тарихшылар мемуарларды, естеліктерді, күнделіктерді, хаттарды ғана жеке адамдық дерек көздері ретінде қарастырып келді. Ал шын мәнінде олардың ауқымы одан әлде қайда кең болатын.

Мысалы оларға өмірбаяндық, әлеуметтік, этнографиялық, әлеуметтік-психологиялық және басқа да ақпараттар енген, бірақ не ресми құжаттарда дерек көздерінің басқа типтері мен түрлерінде дерек көздерін де жатқызуға болады.

Жеке адамдық дерек көздері мен құжаттар тарихшыға нақты тарихи тұлғаны оның дерек ерекшеліктерімен, қоршаған ортасының және дүниеге әкелген дүниетанымын, мідени деңгейін көруге болатын, тарихтың кейбір сәттерін тұлғаның субъективті қабылдауы арқылы баяндау ерекшеліктерін байқауға болатын дәйектер арқылы көмектеседі. Олар зерттеушілерге сол уақыт адамдарының санасында бейнеленген күйінен көрінеді, мұндай дерек көздері болмаған жағдайда тарихшылар, өткеннің «тірі суретін» көре алмас еді.

Осындай жеке адамдық дерек көздерінің ерекше түріy – заманахаттар кұрайды. Хат – әдебиет, хат – тарих, хат – көркем шығарма материалы. Хат жазушы ғалым лабораториясын ашатын кілт. Эпистолярлық жанр үлгісі ретінде хаттың өзіндік ортақ санаты бар. Хат белгілі бір мәселені екінші бір кісіге ия мекемеге хабарлау барысында жазылады. Оларда белгілі дәрежеде формалық бірлік болады. Жазушы, ғалым қайраткер хаттары мен қарапайым бұхара хаттары бір-бірінен алшақ түсіп жатады.

Қазақ әдебиетіндегі эпистолярлык жанрдың өзгеге ұқсамайтын бір ерекшелігі – хат-өлеңдерінің ертеден қалыптасқан дәстүрінің барлығы.

Хат – бұқарашыл, эпистолярлық жанр. Хат – мәдениеттің бір бұтағы ретінде өркендейді. Бірақ қатынас құралы ретінде хатты сақтау қазақ жағдайында дағды, берік дәстүрге айналмаған. Қазақ әдебиеттану ғылымында эпистолярлық жанрдың бағы жанбауының бір себебі де осында.

Еуропа халықтары хатқа ерекше назар аударған. Олар әсіресе әдебиет пен өнер қайраткері жазысқан хаттарды ерекше қастерлеп сактайтын әдет тапқан. Әдебиетшілер түп-түгелімен автор өмірбаяны төңірегінен іздейтін мінез татты. Бұл орайда хат – қатынас құралы емес, әдебиет. (1.45]

Көне түркі кезеңінде хат тасқа қашалып жазылған. Қаған билеген заманда оның билік жарлығы шабарман атынан өзгеріп айтылмау үшін, хат өлең формасында жеткізілген деген.

Түркі халықтарының тұрмысына кітап, кітапхана еркін енген кезде көшіріп көбейткен. Оларды көшіруші адамды қатыптар деп атаған. Қатыптар кітап соңына оқушыларына хат жазған.

Қазақ халқы ресми билік иегері хаттарына бай емес. Аз да болса сақталып жеткен ақын жазушылар еншісінде. Қазақ ақын-жазушылары эпистолярлық мұрасы дегенде, Абай, Ыбырай, Шоқан хаттарын алдымен ауызға аламыз. Олардың хаттарының негізгі ерекшеліктеріне қарай мәдени-ағарту мәселелері жайында деп жинақтап бағалауға болады.

Хат жазысу – ХХ ғасыр басында тіршілік кешкен казак жазушыларының тұрмысына еркін енген. Олар қатынас құралы ретінде пайдаланган. Сақталуы өте нашар.

Хат тарихы – жазу тарихымен сабақтас. Жазу тарихы тіл тарихымен тектес. Демек, қатынас құралы ретінде тіл пайда болған кезде жазу, жазумен бірге «хат» та халық тіршілігінен орын тепкен сияқты. Хат өзінің пайда болу сәтінде бейнелі жазу формасында бедерленгендей.

Жеке адамның хаты – ол автордың эпистолярлық элементтерді (хаттын тексі,датасы, қол қоюы т.б.) пайдаланудың негізінде нақты адамға немесе бірнеше адамға жазбаша білдіретін ой-пікірі, хабарламасы. Мұндай хаттардың авторына, адресаттан жауап қайтарылады. Басқаша айтқанда, жеке адамдардың хаттары –  ауызша сөйлесу рөлін атқаратын, адамдардың арасындағы жазбаша қатынас құралы. Хатты қандай мазмұнда жазуға да автор толык ерікті болады. Ол кез-келген мәселені, оның ішінде адамның жеке басы не қоғам туралы мәселелерді де сөз ете алады. Әдетте хаттар автордың немесе оның адресатының күнделікті, іскерлік не өзге де нақты мақсаттарына қызмет етеді. Ол не баспа, не көпшілікке мәлімет үшін емес, тіпті үшінші адамға да оқыту үшін жазылмайды. Жеке адамдардың хаттарының айрықша белгілері осындай. [1.48]

Хаттардын сюжеті оларды жазушылардың мақсатымен, жақындық дәрежесімен, хаттардың жазылу себептерімен анықталады. Мағынасы жағынан хаттардың қоғамдық, мемлекеттік, ғылыми мәселелерге немесе автордың өмірі мен қызметінің басқа салаларына қатысы болуы мүмкін. Әсіресе нақтылы мәселелер туралы пікір алмасу тұрғысында жазылған хаттар көңіл аударарлық болады. Ондай сипаттағы хаттар автор бейнесін, оның жалпы және жеке меселелерге көзқарасын, күнделікті оқиғалар туралы ойларын көрсетеді.

Жеке адамдардың жазысқан хаттарын тарихи дерек ретінде шартты түрде екі үлкен топқа: сырластық мәселелеріне, тұрмыс, адамның жеке басы мен отбасы мәселелеріне арналған хаттарға және өмірдің қоғамдық саяси және мәдени мәселелері әңгіме етілген хаттарға бөлуге болады.

Хаттардың көпшілігі оқиғалардың өту барысында жазылады. Күнделіктер мен жеке адамдардың хаттарынан көбінесе сырластық, сенімділік сипаттағы мәселелер орын алады. Олардың мағынасы жазушының өзі мен оның адресатына түсінікті болады.

Жазысқан хаттар автордың қоғамдық пікірін, оның көзқарасын көрсетеді. Олар автордың өмірбаянын анықтауда да дерек болады.

Хаттар кейде өсиет түрінде де жазылады. Мысалы, гитлершілер тұтқынында азапталған жауынгерлердің көпшілігінің хаттары осындай. Кейбір хаттар бізге тұтқын камерасы қабырғасына тырнап жазған сөздер түрінде де жетті. Жеке адамдардың хаттары көп жағдайда ақпарат міндетін атқарады. Хаттардың әрқилылығы мен жанрларына қарағанда және күнделіктерімен салыстырғанда,

олар күрделірек және әр алуан деректі болып келеді. Хаттардың мазмұнына кез келген мәселе, әсіресе адамның жеке басына не коғам өміріне қатысы бар мәселелер арқау болады. Хаттар тарихи дерек ретінде, күнделіктер сияқты, субъективтілігімен, анықталмаған фактілерімен сол сиякты автор мен адресатка ғана түсінікті тұспалдауларымен сипатталады. Хаттарда көптеген ретте күлдіргі немесе әдейі бүркемеленген қала, мекеме, журнал және адам аттарының берілуі мүмкін. Осының барлығы жазысқан хаттарды дерек ретінде пайдалануды қиындатады. Мұндай ерекшеліктер түрлі себептермен сипатталады. Хаттарда кейбір сөздердің мағынасының толық ашылмауы, сөйлемдердің аяқталмауы, бір жағдайда хат жазушылардың бірін-бірі емеуріннен түсінетіндіктен болса, үшінші жағдайда хаттарды тексеретін органдардан сақтану себебінен болады. Хаттарды дерек ретінде пайдалануда тарихшыларға хат авторы туралы мәліметтермен  қатар, оған қайтарылған жауаптың да мәні үлкен.

Жеке адам хаттарының тұрақты элементтері – адресаттың, хаттың жазылу орнының, датасының, хат тексінің жене хат авторының қойған қолының көрсетілуі болып саналады. Осы элементтердің біреуінің, кейде бірнешеуінің хаттардан орын алмауы да кездесіп қалады. Ал мұндай хаттардың мағынасы тарихшы үшін қажетті болуы мүмкін. Ондай жағдайда хат авторлары туралы дұрыс мәліметтер іздеп табу қажеттілігі туады.

Сондықтан хаттарды зерттеушілер өз алдына ең алдымен үш мақсат қойғаны жөн: хаттың авторын анықтау, адресатын анықтау, хаттың жазылған уакытын (датасын) тағайындау. Көп жағдайда адресаттың хатты алған уақытын да анықтау қажет болады.

Әр түрлі нақты жағдайларда осы сұрақтарға жауап іздеу тәсілдері де әр алуан болып келеді. Солардың жиі қолданылатын кейбіреулеріне тоқтайық.

Хаттың авторын айқындаудың үш басты тәсілі бар: 1) автордың хатты жазғандығының құжаттық дәлелдерін табу (автордың куәлігі, осы авторға басқа хаттарда берілген тікелей нұсқаулар); 2) такырыптық жарыстыру, текстік салыстырулар арқылы идеологиялық талдау; 3) хаттың идеясын айқындауға тілін (лексикасын, сөздердің айтылу ерекшелігін, сөйлесу тәсілінің ерекшелігін т.б.), стилін талдау. Бұл тәсілдерді пайдалануда өте мұқият болған жөн. Олар өзінен өзі авторды анықтауда тікелей қате жібермеудің кепілдігін бермейді.

Хаттың адресатын анықтауда оның аты-жөнiн, хаттың мазмұнын, сипатын және адресін талдаудың да аса маңызды мәні бар.

Хаттың жазылған уақытын анықтаудың екі жолы бар. Біріншісі – хаттың жазылу уақытының дәл көрсетілуі. Мұндай хаттың конвертінде оның поштаға салынған күнінің штамп басылған белгісі болуы керек. Екіншісі – хаттың датасыз немесе датасы шала көрсетілген, конвертсіз болуы. Мұндай жағдайда оның датасын жобалап қою керек, дәлірек айтқанда, мүмкін болған екі шеткі даталарды көрсет керек.

Кейде хаттың жылу мерзімін анықтауға сол хаттың өзінің мазмұны да көмектеседі. Палеографиялық талдаудың мәліметтері: қол жазу (почерк), қағаз, сия; жазу құралдары: қауырсын, қаламұш, қарындаш – датаны анықтауға кейде жақсы көмек беруі мүмкін.

Жеке хаттармен жұмыс үстінде пошта тарихынан, оның мекемелері мен пошталық қызмет практикасынан хабардар болудың да пайдасы бар.

Сонымен, бұл айтығандардан жеке адамдардың хаттары өзінің жанрлық және әр түрлілік ерекшеліктеріне байланысты күнделіктерден гөрі тым күрделірек және өзіндік сипаты бар деректер болып табылатыны. Және бұлардың көптеген өзге де дерек түрлерімен шектесіп, олардың да деректану саласында атқаратын кей қызметтерін пайдалана алатыны аңғарылады.

Әр адам өмірі – бір тарих, әр хат – жеке бір адамға арналған жолдама жолы, әркімнің өмірі сол адамның өткен, жасаған, жасамақ жолы, әр адамның күнделікті көрген-білгені.

Хат басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Қазіргі таңда хабар – ошар алысу мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80 пайызын құрайды. Маңызы мен мазмұнына қарай хаттар: инициативалы (хат-талап, хат-өтініш, хат-шағым, хат-ескерту, хат-хабарлама, хат-циркуляр, ілеспе хат) және жауап (ақпарат-түсінік, тыйым салу хаттары) болып екіге бөлінеді.

Жоғары мекемелер мен ұйымдардан шығатын хаттар, негізінен, тапсырма беру, хабардар ету, ескерту, түсіндіру, сұрау салу түрінде жиі кездеседі. Ведомстволық бағынышты мекемелер жоғары органдарға жауап қайтарып, хабар береді, өтініш жазады. Дәрежелес мекемелер бір – бірімен хат арқылы ұсыныс жасап, анықтамалар алады, шақырысып, өтініш айтып жатады.

Құжаттар, хаттар, күнделіктердің әдеттен тыс жігері мен ерекше ақылды өткір тілі бар. Байқағыш адамның кұмарлық сезімі өсетін ресми тілмен жазылған рапорттары немесе түбінде поэзиялық түпсіз тұңғиығы тұнған іс – ғылыми құжаттар

ІІ Ы.Алтынсарин хаттары – тарихи дерек көзі.

2.1. Ы.Алтынсарин хаттарындағы ағартушылық мәселелері.

Ыбырай Алтынсарин аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, ең озық дамыған  50 елдің қатарынан орын аламыз деп отырған қазірі кезеңде ұстаздың шығармаларына деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Әсіресе оның ашқан алты жылдық бастауыш мектеп үлгілерінің тиімді болу себебін түсінуге, шебер ұйымдастырушылық талантының құпиясына үңілуге, қажымас қайраткелік тұлғасының қыр-сырын ұғынуға деген қызығушылық ұлғая түсуде. Міне,  осындай қоғамдық сұраныстар мен тапсырыстарды қанағаттандыру мақсатында Ыбырай еңбектерін талдау міндетіміз.

Ұлының аты ұлы. Ұлыға деген халық сүйіспеншілігі, кұрметі қашанда ерекше. Ыбырай бабамыз да ұлы Абай, Шоқан секілді қазақтың қазақ болып көгеруіне, өрлеуіне қолынан келгенше үлкен үлес қосты. Туған халқын «өнер-білім бар жұрттар» қатарына қосуды аңсап, басын тауға да, тасқа да соқты. «Желкілдеп шыққан көк шөптей» ел ертеңі жастарды оқуға үндеп, бар үмітін соларға артты. Ыбырай данамыз тек қазақтар үшін ғана емес, бүкіл адамзат баласына ортақ маңызы бар өшпес мұра қалдырды. Оны әр қырынан таныта беру-ұрпақтарының еншісінде.

Соңғы жылдары ұялы телефон, интернет, электрондық пошта секілді шапшаң хабар алмасу түрлері пайда болды. Алайда хаттың аты хат. Көкейіңдегіні елеп-екшеп, ойланып-толғанып қаламмен жазғанға не жетсін.ХІХ ғасырда өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин шығармашылығының, хаттарының өзіндік ерекшеліктерінің болуы заңды.

Сонау қиын-қыстау кезеңде қазақ жерінде білім беру саласына, оқыту әдістемесіне, балалар әдебиетіне, қазақ аудармасына тыңдап түрен сала білген Ыбырай бабамыздың өмірі мен қызметі – өшпес өнеге, шығармашылығы – тамаша тағылым. Сол тағылымы мол дүниелерінің қатарында хаттарын баса айтқанымыз жөн секілді. Бұл хаттарды оның авторын азамат, педагог, қайраткер ретінде жан-жақты тануға мүмкіндік беретін құжаттар кешені деп қарастыруға болады.Ұлы ағартушымыз бүкіл өмір жолын мектеп ашуға жұмсап, ұйымдастыру жұмыстарына байланысты орыс достарына хат жазып, акыл-кеңес сұраған.

Ерте заманда қазақ халкының дана адамдары, ойшылдары, ғалымдары, қаламгерлері бір-бірімен хат алысып, ой-пікір бөлісіп отырған. Осы дәстүрдің қазіргі заманда жоғалып бара жатқаны жанды қинайды. Ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің орыс ойшылдарымен араласуы, хат жазысуы тек тағлымға, ұлағатқа жетелейді

Ыбырайтанушылардың зерттеуіне сүйенсек, Ыбырай Алтынсарин жазган хаттарының саны 92. Көпілігін жақын досы әрі ұстазы, белгілі шығыстанушы ғалым, профессор Н. И. Ильминскийге арнаған. Ильминскийге арнаған хаттарының бірінде былай деп жазады:

«…Менің оқу жұмыстарым, құдайға шүкір, жаман жүріп жаткан жоқ. Барлық уездерде, қырдағы уездік қалаларда үш класты мектептер ашылды; бұларды мен енді қалалық үш класты мектептерге айналдыруды сұрап отырмын. Оның үстіне Торғайда кымбатты және адал ниетті Яков Петровичтің құрметіне «Яковлев мектебі» деп аталсын деп берген өтінішім бойынша соның атымен аталған қолөнер мектебі ашылды. Екі жылдан кейін Жаманқала оқытушылар мектебінен өзіміздің жас педагогтарымыз шыға бастайды. Сондықтан ел ішінен болыстық мектептер ашу үшін қазақ арасынан кедейлерден басқасынан, үй басынан бір сом ақша жинау жөнінде осы жылдың басында бастықтардан және қауымдарынан сұранған едім: бұл іс казір ойдағыдай шешіліп отыр».

Мектеп ашу ісіне құрметті адамдарды ұйымдастырып, олардың қаржылай көмегін алуы да Алтынсарин тудырған мәдени ортанын, қазақтардың мәдениетке ұмтылғандығының бір белгісі. Сырттан келген, көзі ашық орыс мұғалімдері Алтынсариннің ақыл – кеңестеріне сүттей ұйып, онымен мүдделес, ниеттес болды.

Н.И.Ильминский Ыбыраймен хат арқылы пікір бөліскен. Қазір оның бізге белгілі, мазмұны ерекше 29 хаттары бар. Кезекті бір хатында Н. И. Ильминский Ыбырайдың инабаттылығын, оқығанын, халық ағарту саласындағы қызметтерін, ой- өрісінің аса жоғары екенін дәлелдеу үшін Владимир Карлович Саблерге былай деп жазған:

«Признаюсь Вам по секрету, мое сердце отдано казахам, и моя кыбла, обращено в сауральную степъ». Оның жүрегінен шыққан осы сөздердің шындығы мен адалдығын Н.И.Ильминскийдің болашақ іс-әрекеті мен қазақ халқының оқу-ағарту саласындағы достығына тигізген қолқабыс жәрдемінен көруге әбден болады. Ыбырай Алтынсаринді «Душа моя Ибраш» – деп Николай Иванович әрдайым айтып жүреді екен. [6.288] Ыбырай Алтынсарин өмірінде Н.И.Ильминский үлкен рөл атқарған. Ол Алтынсариннің жақын достарының бірі.

Н.И.Ильминский қазақ тілін меңгеруге күш салады, тынбай ізденеді. «Қазанда жүріп қазақ тілін білуге мүмкіндік болмады, енді осы халықтың өзін де, тілін де білгім келеді», – деді ол В.В.Григорьевке.

Н.И.Ильминскийдің «Алтынсарин туралы естеліктер» аталатын кітабының алғы сөзінде: «Мен Ыбырай Алтынсаринмен отыз жылға жуық, яғни 1859 жылдың қараша айының басынан таныс едім. [6.288]

Мен оған ықыласыммен берілдім, әсіресе оның орыс біліміне ерекше кұмарлықпен ұмтылып, ол білімнің қазақтар үшін де керек екенін ешқашан есінен шығармайтындығын айырықша бағалайтын едім…

…Алтынсариннің мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттері өзінің ішкі сезімі мен көңіл-күйін тура және әсерлі етіп баяндаған хаттарында жақсы суреттелген. Бұл жөнінде оның маған 1860-1870 жылдары жазған алғашкы хаттары ерекше көңіл аударарлык. Бұл хаттарында оның білім жарығына деген ынтызарлыгы, кұштарлығы байқалады…» деген жолдар бар.

Ыбырай да Ильминский де бір – бірін аса құрмет тұтқан тарихи тұлғалар. Балғожа бидін көзін керген, Ыбырайды бала кезінен біліммен сусындатып келген ұстазы Ильминский жүре келе акылгөй досына айналды. Әсіресе мектеп ашуда, құрастырған оқулықтарын жарыққа шығаруда, мектептерді мұғалімдермен, оқу құралдарымен жабдықтау ісінде Алтынсарин Ильминскийдің көп көмегін көрді.

Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдениеті керкейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот. Ұлы ағартушымыз қай хатында болмасын, жеке мүддесін қозғап, жеке басының пайдасына шешілетін мәселелер бойын аулақ ұстаған. Баршамызға мәлім, Ыбырай хаттарын орыс тілінде жазған.

1864 жылы Ыбырай Алтынсарин жазған хаттың түпнұсқасы Орынбор қаласының мұражай қорында сақталған. Хаттан үзінді: «Осы жылы қаңтардың сегізі күні менің көптен күткен ісім орнына келіп мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді; бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте кызу кірістім.» деп жазған еді.[6. 256]

Ыбырай жазған әрбір хат жеке шығарма десек те артық емес, өйткені оның мазмұны мен көркемдігінің жоғары екеніне Н.И.Ильминский әдейі көңіл аударған. Ол Ыбырайдан алған хаттарды өз әріптестеріне көрсетіп, оқытып, оның мазмұндылығы мен қойып жүрген мәселелерінің ауқымды екенін қошеметтеген.

Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі- оқулық деп карап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді. Барлық жазған еңбектерінде ерекше орын алатын – бұл қазақ, орыс тілдерін үйретуге арналған құралдар. Хрестоматия 1879 жылы Орынборда басылды. Осы кітап жайында Ыбырай Алтынсарин В.В. Катаринскийге хат жазған.

Аса қадірлі Василий Владимирович! Менің хрестоматиямды басып болды. Енді тек оны мұқабалау ғана қалып отыр. Бес күннен кейін, бастықтарға және менің достарыма жіберуге арналған алғашқы 20 кітабымды мұқабалап болғаннан кейін, өз жөніме кетемін.

Енді, Василий Владимирович, Орынбор округы үшін Орынборда хрестоматияның неше данасын қалдыру керек екені туралы мәселені шешуге көмек етіңіз. Қазақ хрестоматиясының шыққандығын Түркістан округіндегі халық мектептерінің директорына және Сібір округының оқу жұмысын басқарушыға қалай хабарлауға болар екен.

Мүмкін бұл жайында попечительмен сөйлесу керек болатын шығар, мұны өзім сөйлесіп көрейін. Бірақ Орынбор оқу округіне керекті Хрестоматияның саны туралы попечитель Сіздің пікірінізді күтіп отырған сияқты.

Попечительдің айтып жүрген әйгілі мәжілісі жақында болып өтті. Бірақ оның немен тынғанын мен азір білмеймін, себебі, бұл маслихат екі әскери адамның,  

генерал-губернатор мен попечительдің арасында ғана болды. Мен оны алдындағы, попечительде болған мәжіліске ғана қатынастым.

Жұбайыңызға менен көп-көп салем айтыңыз.

Сізге шын көңілімен берілген

Қызметшіңіз – Ы. Алтынсарин [6. 122]

Алтынсарин хаттары туралы сөз қозғай отырып олардың жазылу мәнеріне, стиліне тоқталмай өтуге болмас. Бір таңғаларлығы – ұлы тұлға қолданған сыпайыгершілік сөздердің сан алуандылығы. Қазіргі хаттарға олардың бәрі бірдей жарамас та, дегенмен де хат иесінің сөз қолданыстары адам сезіміне қозғау салып, жүрегін елжіретеді. Айталық, Алтынсарин өз хаттарын «Аса кайырымды», «Аса ақкөңіл», «Аса мархабатты», «Ұлы мәртебелі, мархабатты досым», «Шапағатты төрем» деген сөздермен бастап, «Сізді аса қадірлейтін» және «Сізге шын көңілмен берілген Ыбырай Алтынсарин», «Шын жүрегімен сыйлайтын», «Сіздің адал қызметшіңіз» секілді жылы сөздермен аяқтап отырған.

Қазақ ағартушысының ғылым-шығыстанушы, лингвист, орыс императорлық Академиясының корреспондент – мүшесі Н.И.Ильминскиге жазған хаттары педагогтың асқан дарынын, шексіз мейірімін, арналы ақыл-ойын жеткізеді. Сонымен қатар әдеби шығармалардың мазмұнын, өзгелерге шынайы қамқорлығын және туған халқының мұқтажына, мектептерге, балалар тағдырына байланысты арман мүдделерін сездіреді. Ыбырай Алтынсарин Николай Ивановичке жазған хат-хабарларында өзінің көкейдегі ойларын ашық айтты. Халықтық көзқарас тұрғысынан әзірленген хаттары қуаныш немесе жан жарасын айғақтайды. Ильминскийден алған жауап жолдарынан мынадай мейірімді сөздерді түсінуге болады: «Құпия түрде Сізді мойындаймын, менің жүрегім қазақтарға берілген…» Немесе: «Жаным менің, Ибраш».

Ақырында Н.И.Ильминский Ыбырай Алтынсаринмен жазысқан хаттарын түгелдей жинап, «Алтынсарин туралы естеліктер» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол қазақтың тамаша ағартушысының ерекше мазмұнға ие кезекті бір еңбегі болып есептелінеді. Іс-шарада қонақтар хаттармен таныса отырып, көз алдарына тек дарынды педагог ғана емес, сонымен қатар адал, жанқияр дос, қазақ халқының біртуар перзентінің көпқырлы тұлғасын елестетті.

2.2. Ы.Алтынсарин хаттарындағы діни мәселелер.

«Құран » мәтіндерін түсініктер мен нақтылықпен қазақтарға жеткізу ісін дамытушы Ы.Алтынсарин болды. Ол бірсыпыра елдерде қалыптасқан экзетикалык дәстүр бойынша, яғни өз сөзін, ойын, тұжырымын қосып, түсіндіру әдісін қолданды да «Мұсылманшылықтың тұтқасы» деген кітабын қазанда Қазан университетінің баспаханасында шығарды. Бұл кітап Ислам дінінің қағида шарттарын қазақ балаларына арнаған, тұңғыш оқу құралы. Аталған оқулық кезінде қазақ балаларының мұсылман дінінің ереже шарттарын үйреніп, біліп, оны өмірде қолдануына дәнекер болса, кейін ұзақ жылдар бойы жарияланбай, зерттелмей келді.

Жоғарыда аталған еңбегін жазудағы мақсаты туралы Ы.Алтынсарин былай дейді: «Қазіргі кезде қазақ арасында Мұхамбеттің діни оқуы жайылып, етек алып барады… мүмкін болғанша, біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін (бұл-қазақтарды татарландырудың ең сенімді тәсілдерінің бірі ғой) мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын үйрене бастап… Осы оқу кұралын құрастыруға кірістім» десе, Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «діннің тек ең керекті жерлерін ғана үйрену керек екен» деген.[6. 103] Осы ой-пікірді түйіндеуінде педагог көрегендік танытады. Өйткені 1996 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасында этнoмәдени білім беру тұлғаны қалыптастыруда кемел лингвистикалык, тарихи, эстетикалык, кұқықтық сананы қалыптастыру қажеттігін айқындап, дінді мәдениеттің құрамды бөлігі ретінде тәрбиелік бағытта оқып, үйрену керектігін баса айтады. Мұны Алтынсаринше талдасақ, дін мазмұнынан табылатын тазалык, адамгершілік, имандылық тәрізді жоғары руханилықты тәрбиелік мақсатта пайдалану керек деген пікірмен («діннің тек ең керекті жерлерін ғана үйрену керек екен») тура келеді. Ыбырайдың 1860 жылдың 18 қарашасынан 1889 жылдың 15 маусымына дейінгі Н.И.Ильминскийге, А.А. Бобровниковке, Е.С. Ильминскаяга, В.В. Катаринскийге, А.А. Мазохинге, Ф.Д. Соколовқа жазған хаттардың бәрінде дерлік қазақ балаларының, қазақ мектептерінін, елдің қамы, оқу-ағарту ісі, мектеп ашу, оқулық жазу, тәлім-тәрбие мәселері сөз болады.

Тағы да Ы.Алтынсариннің 1888 жылғы 31 желтоқсандағы В.В Катаринскийге жазған хатында «Ырғыздағы қыздар интернатында қазақ қыздарының санын 20 – ға дейін көбейту туралы губернаторға ұсыныс енгізген едім. Ал мен, әсіресе, Сейдалиннің және құрметті қамқоршы болып тағайындалып отырған, уезд начальнигінің әйелінің көмегімен бұл жұмыстың Ырғызда жақсы жүретініне көзім жетіп отыр [6.260] – деген жолдар кездеседі.

Ресей патшалығының ең сенімді идеология майданының ең белсенді тобы миссонерлердің бар амал айласы, күш қуаты татар халқын шоқындыруға жұмсалғаны тарихтан мәлім. Бұл мәселені түпкілікті жүзеге асыруды миссионер ғалым Ильмнский қолға алды.

Ресей империясындағы түркі тілді халықтар тіліне аударылған православиялык рухтағы діни кітаптардың аударылып таралуында, олардың мол тиражбен жарық көруіне де Ильминский тікелей ат салысып басшылық етіп отырған. Ильминскийдің бұл саладағы істерін оның өзі тәрбиелеп үміт еткен шәкірттері қызу жалғастырып жатты. Мысалы, Федор Демьянович Соколов-Ильминскийдің сенімді шәкірті және де Ыбырай Алтынсарин мектебінің ұстазы болған. Оның 1893 жылы 24 карашада Орынбор мен Орал облысының эпископы Макариге жазған мәлімдемесіне назар аударсақ, ойламаған жағдайға тап боламыз. Ф.Д.Соколов 1887-1892 жылдары Торғай облысындағы екі кластық қазақ училищесінің меңгерушісі қызметін атқарған. Ы.Алтынсарин кайтыс болысымен Торғай облысындағы мектеп инспекторы қызметін уақытша аткара бастады.

Ф.Соколов Ы.Алтынсаринмен 1886-1889 жылдар аралығында жиі хат жазысып тұрған. Ыбырай мектебінің өнегелі оқытушысы ретінде танылып, Ыбырайдың оған жазган бес хаты сақталып келген.

«Тұлғалар» топтамасы бойынша баспадан шығарылып отырған « Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы» кітабы қазақтың ұлы ұстазы мен ойшыл-ақынының өмірі мен шығармашылылык жолдарына жаңаша көзқарасын талдау жасайтын зерттеу мақалалардан құрастырылған.

Ыбырайдың 1860 жылдың 18 қарашасынан 1889 жылдың 15 маусымына дейінгі Н.И.Ильминскийге, А.А. Бобровниковке, Е.С. Ильминскаяға, В.В. Катаринскийге, А.А. Мазохинге, Ф.Д. Соколовқа жазған хаттардың бәрінде дерлік қазақ балаларының, қазақ мектептерінің, елдің қамы, оқу-ағарту ісі, мектеп ашу, оқулық жазу, тәлім-тәрбие мәселелері сөз болады.

Ы.Алтынсариннің жазған хаттары бірнеше мазмұнда болды:

1.Ағартушылық

2.Оқу-әдістемелік қамсыздандыру

3.Кадр мәселесі

  1. Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Ы.Алтынсарин де өзінің ағартушылық мақсаты жолында қолында үлкен билігі бар, саяси жағынан ресми үкіметке сенімді Ильминскийдің миссионерлік танымын бойына дарытпай әрі сенімсіздік тудырмай дипломатиялық жолмен пайдалануды көздеген мақсаты екеуінің арасында жазылған хаттардың мазмұнынан байқалып-ақ тұрады. Ыбырай өз хаттарында миссионерлік идеяға ішкі танымнан туған қарсы пікірін ашық білдіре бермейді, белгілі бір дәрежеде жанама түрде болса да сездіреді. Мысалы, «Шариат ул ислам» деп аталатын кітабын арабша жазумен жариялауға Ильминский үзілді-кесілді қарсы болып қасарыскан тұста, діни мазмұндағы кітапты орыс алфавитімен жариялап, қазақтарды теріс қаратып алмау үшін ілтипат сақтау керектінін көлденең тартып өз ойын жүзеге асыруын көреміз.

Ы.Алтынсарин отаршыл үкіметтің бұратан халықтарды шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын танып білген. Бұл салада жүргізіліп отырған кертартпа шаралардан мол хабардар болғанға ұқсайды. Рас, миссионер Ильминский мен Ыбырай қызмет бабында байланысты болған, бір-бірімен хат жазысып тұрған. Бірақ бұл тіпті де олардың идеялық жақындығын көрсетпейді.

Ы.Алтынсарин миссионерлердің идеологтарымен тікелей араласып, оларды өзінің ағартушылық жолына дипломатиялық әдіс-айла тұрғысынан қарым-қатынас жасап, ретiне карай пайдаланған. Ы.Алтынсарин төтенше бұйрық жазып, мұғалімдер мектебінде христиандык діни сабақ жүргізу мүлдем тоқтатылсын, ал орыс-қазақ мектептерінде дін сабағы окытылатын уақытта, қазақ балалары жекеленсін деп мұғалімдерге қатты ескертеді. Ал Красноуфимск қаласында ашқан  ауылшаруашылык мектебінде оқып жатқан қазақ оқушыларының наразылығын естіп ызаланган Ыбырай өзінің досы В.В.Катаринскийге 1889 жылы 10 мамырда… «тағы бір наразылык, яғни қазақ оқушыларының наразылығы, Красноуфимскіден ауылшаруашылық мектебінде туып отыр. Мұның себебі: мұсылман дәстүрін мүлде елемеу, яғни шошқа етін асып беру, оқушыларға шошқа бақтыру, орыс балаларымен бірге ғибрат еткізу деседі. Мұның бәрі ұнамсыз нәрсе ғой… Сондықтан, әзірше іс насырға шаппай тұрғанда сонда барып, оқушыларға түсіндіріп, наразылықты жойғым келеді. Ал, егер қажет болған жағдайда директордың озімен де сөйлескім келеді», — деп хат жазды. [7. 395]

Осы фактылардың бәрі Ыбырайдың патша әкімдерінің отарлау, орыстандыру саясатына іштей наразы болғанымен, ашық күресуге шамасы келмейтінін сезіп, халықты ол апаттан сақтау үшін дипломатиялық саясат ұстауға мәжбүр болғанын дәлелдей түседі. 1861 жылгы Столыпин реформасынан кейін, Ресейдегі жерсіз басыбайлы шаруаларды Еділ бойына, қазақ даласына көшіріп, оларға егін салуға қолайлы шұрайлы жерлерді алып беру туралы заң шыққан болатын. Бұл заң орыс шаруаларына қолайлы болғанымен, кең даланы ен жайлап көшіп-қонып жүрген дала тұрғындарына қысым жасау, малдың өрісін, жайлы қонысын тартып алу еді. Міне, осы қысымды көзімен көрген Ыбырай «Орынбор листогі» газетінде (1880жылғы 4 сәуір) Орынбор губерниялык халық ағарту ісінің басқарушысы В. В.Қатаринскийге өз пікірін былайша білдіреді: «Жуырда мен «Орынбор листогіне» Торғай қазақтарының басына түскен апаттар туралы мақала жазып жібердім. Осы мақалада қазақ еліне орыс селендерін әкеліп орнатпақ болған пікірлерге қарсы екенімді білдірдім. Бұл пікір, меніңше, ешбір ақылға сыймайтын нәрсе сияқты. Егер істі дұрыс жүргізе білмесе, онда айттым да қойдым, қазақтар – тез кұрып кетеді, содан кейін бұл істі ешқалай түзете алмайсың. Осындай ерсі жобаларды оқығанда және естігенде салың суға кетеді» [7. 307)

Бұдан оның патшаның отарлау саясатының жергілікті халықтың жерін, суын, өрісін тарылтып, тілін, дінін өшіретініне ашық наразылық білдіргенін жақсы байқаймыз. Сондықтан да қазақ балалары үшін әр болыс сайын мектеп ашуды үкімет орындары алдына талай рет қойған және бұл мектептердің миссионерлік бағыттан тысқары болуын талап еткен Ыбырай генерал-губернаторы Проценко

тарапынан қуғынға ұшырайды. Тіпті Ыбырай ашқан мектеттерді жауып, оны инспекторлық қызметтен босатып, сотқа беруді ұйғаруы да тектен тегін емес. Оқу-ағарту ісін ұйымдастыруда үнемі патша әкімдерінің кедергілеріне ұшыраған Ыбырай өзінің Н. И. Ильминскийге 1881 жылғы қазанның төртінде жазған хатында тағы да былай дейді: «… Қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған халық; әттен, бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіне түскенде күйінесің. Бұл жағынан алып қарағанда, кейде жылы сөзге ынтызар жетім бала сияқтымыз… Қандай қиыншылықтарға кездессек те, біз әйтеуір, е ойымызды орындап келеміз. (7.311)

Алтынсариннің ағартушылық ой-пікірінің біртіндеп іске асуына оның Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы (1879) және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі көп пайдасын тигізді.

Алтынсарин де, Шоқан мен Абай секілді, халықтар достығының шын мәнісіндегі жаршысы болды. Ол қазақ халқының келешегі үшін ұлы орыс халқының прогрессивтік рөлін жақсы түсіне білді. «Менің сенімім бойынша қазақ халқы өзінің мүмкін болған бақытын алдағы уақытта тек орыс халқымен адамгершілік жағынан жақындаса түскенде ғана табады, орыс-қазақ білімі негізінде рухани және экономикалық даму арқылы табады»,-деп жазды Ыбырай Д.Михайловка жазған хатында. [7. 105]

Сонымен қорытындылай келе, Бабамыздың хаттары – жай ғана хаттар емес, кейінгі ұрпақтар үшін рухани мәдени мұра, қазақ білімінің алғашқы қалыптасу кезеңінің, жалпы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік, ағартушылық қызметінің айнасы іспеттес баға жетпес күтдылық.

Қорытынды.

Сонымен, қорыта айтканда, адамдық дерек көздері өзіндік ерекшеліктері бар, тарихымыздың маңызды дерек қорларын құрайды. Жеке адамдық дерек көздері зерттеуде басқа дерек көздерінде кездеспейтін, қанша алсаң да таусылмайтын мол деректер мен сол уакыт белгісі туралы мол ақпараттар бере алады.

Әсіресе жеке адамдық дерек көздері ретінде хаттардың алар орны ерекше. Оларға өзіндік ерекшеліктеріне сай деректанулық талдау жасай білу арқылы тарихымызга қатысты мол мағлұматтар алуға болады.

Жеке адамдардың жазысқан хаттарын тарихи дерек ретінде шартты түрде екі үлкен топқа: сырластық мәселелеріне, тұрмыс, адамның жеке басы мен отбасы мәселелеріне арналған хаттарға және өмірдің қоғамдық саяси және мәдени мәселелері әңгіме етілген хаттарга бөлуге болады.

Жазысқан хаттар автордың қоғамдық пікірін, оның көзқарасын көрсетеді.

Олар автордың өмірбаянын анықтауда да дерек болады.

Хаттардың әрқилылығы мен жанрларына қарағанда және күнделіктермен салыстырғанда, олар күрделірек және әр алуан деректі болып келеді. Хатардың мазмұнына кез келген мәселе, әсіресе адамның жеке басына не коғам өміріне қатысы бар мәселер арқау болады.

Тәуелсіздігіміздің баянды болуы, Ел басы Н. Назарбаев айтқандай, «Қазақстанымыз күшті, өркенді және әлемде құрметтелетін мемлекетке айналуы үшін» Ыбырай сынды ұлыларымыздың мұрасына жақындай түсуіміз шарт.

Дала шамшырағы атанған Ыбырай Алтынсарин қазақ жеріндегі ағартушылық ісі мәселелерін осы хаттар арқылы көтеріп, шешімін тауып отырған. Демек, ол сол дәуірдегі білім беруге қатысты мәселелерді өз хаттарында түйіндеп, бүкіл халықтың тіршілігі үшін аянбай қызмет еткендігін дәлелдеп кеткен. Олай болса, хат жазу – әлеуметтік мән-маңызы бар іс. Оған жүрдім – бардым карауға болмайды. Қазіргі заман – хат-хабар алмасу, іскерлік қарым-қатынас жасау заманы.

Ойымызды түйіндей келе, Ы.Алтынсариннің көпжақты, жемісті, табысты іс-қызметі XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ мәдениетінің тарихында, әсіресе,  халық ағарту саласында көрнекті орын алады. Ұлы ағартушы-педагогтың ұлы идеялары қазіргі заманда да өзінің өзектілігін жоғалтқан жок, керісінше өзінің жасампаздығының арқасында жалғасын табуда, даму үстінде.

Сондықтан , Бабамыздың хаттары жай ғана хаттар емес, кейінгі ұрпақтар үшін рухани – мәдени мұра, қазақ білімінің алғашқы қалыптасу кезеңінің, жалпы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік, ағартушылық қызметінің айнасы іспеттес баға жетпес құндылық.

                                     Пайдаланылған әдебиеттер

1.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы: Қазақ университеті. – 2002.

2.Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. Алматы, 2007

3.Ы.Алтынсарин тағылымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. Құрастырған М.Жармұхамедов. Алматы: Жазушы, 1991.

4.Рысбекова Г.Е. XIX ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанда Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметінің дамуы. Алматы, 2001

5.Алтынсарин И. Записки о киргизских волостных школах //  Алтынсарин И. Собр. сочинений в трех томах. Т.II. А.А..-1975.

  1. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы: Рауан, 1991
  2. Ы.Алтынсарин. Тандамалы шығармалар. Алматы: «Ғылым», 1955.

8.Ы.Алтынсарин – ұстаз, ағартушы, жазушы. Методикалық-библиографиялық материалдар. Құрастырған Ж.Қариев .- Алматы: Кітап, 1981.

  1. Ы.Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұрасы және қазіргі мектеп мәселелері атты республикалық ғылыми-практикалық конференциянын баяндамалары мен хабарламаларының тезистері. – Алматы: Рауан, 1991
  2. Ы.Алтынсарин. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 2007.

11.Ы.Алтынсарин тамғалы.-Алматы: Жазушы, 1991.

12.Ы.Алтынсарин және қазақ халқы мәдениетінің дамуы. Алматы, 1984.

You May Also Like

Математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі, ғылыми жоба слайд

Қызанақтың адам организіміне пайдасы, ғылыми жоба

Сараптама       Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте…

Тегісшілдік ауылы маңындағы «Қособа қорымы», ғылыми жоба

Тақырыбы: Тегісшілдік ауылы маңындағы «Қособа қорымы» ПІКІР «Қособа қорымы» тақырыбында жазылған ғылыми…

Телефонның адам ағзасына тигізетін зияны мен қоғамдағы пайдасы, ғылыми жоба

Т А Қ Ы Р Ы Б Ы: «Телефонның адам ағзасына тигізетін…