Тақырыбы: «Таза ауа – тіршілік кепілі»

Аңдатпа

Бұл жұмыста қоршаған ортаны ауа алып тұрғаны, жер бетінде ауасыз тіршілік жоқ екені сөз болады. Сондай-ақ, таза ауаның адам денсаулығы үшін аса маңыздылығы  баса  айтылған.

Жалпы өнеркәсіптер (химиялық, т.б.) орналасқан аймақтарда экологиялық мәселелер туындайды. Сонымен қазіргі таңда бірге ірі қалаларда автокөліктер санының күрт өсуі де ауаның ластануына көп себебін тигізіп отыр. Ластанған ауа барлық қоршаған айналаға және адам үшін өте қауіпті.

Ал, адам ағзасы үшін таза ауаның маңыздылығы басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл жағдайда көптеген уақыт, молынан шығын жұмсалады. Осы мәселені шешу мақсатында бірнеше зерттеулер мен тәжірибелер ойластырылды. Ауасыз өмір жоқ екеніне көзімізді жеткізе отырып, бірнеше қағидаларды анықтадық:

– жыл сайын сынып бөлмесіне, мектеп ауласына, өз аулаларымызда гүлдер егіп, түрлі талдар мен жеміс ағаштарын отырғызу;

– саябақтарға қыдыруға барғанда қоқыс тастамау, ластамау;

– күн сайын таза ауада серуендеу;

– сынып бөлмесінің және үйде жиі-жиі ауаны тазартып отыру.

Осы қағидаларды негізге ала отырып, ауаның түрлері мен қасиетіне, құрамына және қабаты мен массасына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ауаның қоршаған орта мен адам өмірі үшін, яғни тіршілік үшін, қаншалықты маңызды екеніне терең тоқталдық.

Аннотация

В этой работе говорится о том,  что землю окружает воздух,  на земле нет жизни без воздуха, чистый воздух очень важен для здоровья человека.

В регионах, где расположены производства химической и др. продукции возникают экологические проблемы. В крупных мегаполисах это проблема  возрастает за счёт количества автомашин, на местах влияния производств приводит к загрязнению воздуха.

Поэтому одной из главных задач – это очищенный воздух для организма человека. На это уходит много времени и  средств. В целях экономии, так как для жизнедеятельности человека чистый воздух  играет важную роль, были придуманы и проведены несколько опытов.  Закрепили несколько правил сбережения атмосферного воздуха:

– ежегодно разводить комнатные цветы в классных комнатах, на школьном дворе и у себя во дворе посадить саженцы;

– в парке на прогулке не сорить, не загрязнять атмосферу;

–  ежедневно совершать прогулку на свежем воздухе;

–  чаще проветривать водух и дома, и в классе.

Взяв эти правила за основу, ознакомиться с составом и видом  воздуха, исследовав важность воздуха для человека и окружающей среды,  изучить и усвоить, также была рассмотрена его защита.

Annotation

In this paper refers to the fact that the earth is surrounded by air, on the ground there is no life without air, clean air is very important for human health.
In districts where the production of chemical products emerging environmental issues. This is a problem in metropolitan areas increased by the number of vehicles in the field of influence of production leads to air pollution.

So one of the main problem- purified air is to the human body. It takes a lot of time and money. In order to save, as for human life clean air plays an important role, were designed and conducted several experiments. Consolidated several rules atmospheric air:

– savings annually raise potted plants in the classroom, in the school yard and in his yard to plant seedlings;

– in the park for a walk do not litter, do not pollute the atmosphere;

– daily walks in the fresh air;

– more air to ventilate both at home and in the classroom.

Taking these rules as a basis, familiar with the composition of the air and sea, by examining the importance of air for humans and the environment, to explore and learn, and was considered by his defense.

                                  

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:                                    

  • Ауа ________________________________________________
  • Ауаның түрлері ______________________________________
  • Ауаның қасиеттері____________________________________
  • Ауа қабаттары ______________________________________
  • Ауаның массасы _____________________________________
  • Ауаның ластануы____________________________________
  • Таза ауа – денсаулық кепілі ____________________________
  • Іс жүзінде ауаға қатысты тәжірибелер жүргізу_____________

ІІІ. Қорытынды    ___________________________________________

КІРІСПЕ

Атмосферадағы айналым – жер шарын қоршап тұрған бүкіл ауа қабатының қозғалыс жүйесі, яғни ауа массасының көлденең және тік бағытта алмасуына себепкер болатын негізгі ауа ағындарының жиынтығы. Ауа жеңіл қозғалатын сұйық зат. Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайтыны баршаға мәлім.

Біз жаратылыстану және география пәндерінің сабақтарында қоршаған орта туралы көптеген жаңа мағлұматтар оқып білеміз. Соның ішінде ауаның адам және бүкіл тіршілік үшін өте қажеттілігі туралы білдік. Бізге жаратылыстану және география сабақтарында қаланың ластануы туралы фильм көрсетіп әңгімелегенде, көшедегі ағаштардың саны жылдан жылға азайып бара жатқандығы лас ауаның әсерінен деп түсіндірген. Мәселен мен Алматы қаласының қандай жағдайда екендігін білгілеріңіз келсе, Көктөбе тауының үстінен Алматы қаласына қарап байқасаңыздар болады деген апайымыздың сөзін дәлелдеп көруге асықтым. Себебі, мен Алматы, Талдықорған және Үштөбе қалаларында көптеген көліктердің қара түтінін байқаймын. Осы тұста апайымыздың Алматыдағы Көктөбе тауына шығып қалаға қарағанда оны сұршыл қара бұлттың басып тұрғанын көргенін айтқанда, мен ойланып қалдым. Ауаны ластамау керек дегенді терең түсіндім. Не істесем? Табиғатқа қандай үлес қоссам? – деген сұрақтар мазалады. Осы тақырыпта көп ізденетін апайымменен және үйдегі ата-анамменен пікірлесіп, ауа туралы және оны қорғау жолдары туралы ізденіп, таза ауаға өз үлесімді қосу мақсатында зерттеу жұмыстарын жазсам деген ұсыныс білдірдім.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – дегендей, жаңағы сұршыл қара бұлттың адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде атмосфераның құрамы өзгеріп, төменгі қабаты неге шаң-тозаңданатындығы, оның адам өміріне қаншалықты зиян екендігінің жауабын ғылыми жобаны зерттей келе қол жеткізуге бел будым.  Ғылыми жобаны жазудағы мақсатымыз – ауаның  түрлерімен таныса отырып, оның адам және қоршаған ортағы қажеттілігін зерттеп, оқып меңгеру және ауаны қорғау.

Жобаның тақырыбы: «Таза ауа – тіршілік кепілі» 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ауа

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Негізінен, атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары. Атмосфера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Жер шарын жан – жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол – жердің ең сыртқы қабығы. Ауаның жұқа қабаты түссіз болады. Ауа жер ғаламшарының  белсенді тіршілігі бар аймағы – биосфераның маңызды бөлігі.

Адам бір тәулікте шамамен 1 кг. тамақ ішеді, 2 литрдей су ішеді, ал одан әлдеқайда көп мөлшерде, шамамен бірнеше мың литр, немесе  25 кг-дай ауа жұтады. Адам тамақ ішпей бірнеше апта, су ішпей бірнеше күн шыдай алады. Ал ауасыз тек бірнеше минут қана өмір сүруі мүмкін. Сол себепті де халықта: «Ауадай қажет» деген нақыл сөз бар.

Түсі бар көрінбейтін,

Біртұтас бөлінбейтін.

Тынысы ол тірліктің,

Ешқашан жерінбейтін.

Қайда барсақ та, теңізде, құрлықта, тауда, жер астындағы үңгірлерде барлық жерде ауа болады. Егер ауа болмаса, әуе қатынасы, үйді жылыту, басқа да көптеген адам өмірі үшін қажетті жағдайлар болмас еді. Мысалы, жанып тұрған шырақтың үстін стақанмен жаба қойсаң, шырақ стақанның ішіндегі ауа біткенше жанады да, содан кейін ол сөніп қалады.

Яғни, ауа тек қана дем алу үшін емес, ағаш, көмір, мұнай өнімдері, газ т.б. денелердің жануы үшін де қажет.

Сондықтан бізді қоршаған табиғи ортаны сақтау, оны ластанудан қорғау әрбір адамның міндеті. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз етуге зор мән береді және осы орайда «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық, физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдылықты нығайту жатады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында және басқа да өз жолдауларында «Қоршаған ортаны ластанудан қорғау» жайына ерекше мән берген. Қазіргі ҚР Президенті – Қ.К.Тоқаев та еліміздің экология проблемасын аса өзекті мәселе тұрғысынан көтеріп жүр.

Ауаның түрлері

       Ауа құрамы XVIII ғасырдың соңында анықталды. М.В Ломоносов металдарды қыздырғанда ол ауамен емес, тек оның бiр бөлiгiмен ғана қосылатынын анықтады. Бұл оттегi газы едi. Кейiнiрек француз ғалымы Антуан Лавуазье оттегiсi бөлiп алынған ауада шырақ жанбайтынын және тышқандар өлетiнiн анықтады. Бұл газды «өмiр болмайтын» деген мағынаны бiлдiретiн азот деген атпен атады. Сонымен бiрге, ауада азотқа қарағанда оттегiнiң аз екенi анықталды. Оттегi ауаның шамамен 21% көлемiн, ал азот шамамен 78%-iн алады, 1%-ы басқа айнымалы ластаушы газдар. Кейiнiрек, ауаның құрамында оттегi мен азоттан басқа, аз мөлшерде көмiрқышқыл газы, су буы және инерттi газдар бар екенi анықталды.  Сонымен азот, оттегi, инерттi газдар, көмiрқышқыл газы және су буы — атмосфералық ауаның тұрақты құрамдас бөлiгi, сонымен бiрге кездейсоқ қоспалар: күкiрттi газ, угарлы газ, шаң-тозаң және т.б. тұрады.

  Ауаның тұрақты құрамы жер бетiндегi тiршiлiкке өте қажеттi жағдай. Оттегi барлық организмдерге: бактериялар мен микроскопиялық балдырлардан бастап, адамдарға дейiн тыныс алуға өте қажет. Оттегiнiң көмегiмен шiру процесi жүредi, яғни органикалық заттардың биорганикалық заттарға айналу процесi. Ауадағы оттегінің мөлшері техногендік факторлардың әсерінен азайып отырады, ол механикалық және химиялық жолмен жүреді. Механикалық әсерлер: газ, шаң күйіндегі химиялық заттар.

Біз­дер ауада­ғы от­те­гі­ні жұ­тып, кө­мір­қыш­қыл га­зын бө­ліп шы­ға­ра­мыз. Ал өсім­дік әле­мі бол­са, ке­рі­сін­ше, көмір­қыш­қыл га­зын жұ­тып, от­те­гі бө­ліп шы­ға­ра­ды. Осы­лай­ша ауа үз­дік­сіз ал­ма-ке­зек та­би­ғи жол­мен та­за­ла­нып, адам­ның игі­лі­гі­не ай­на­ла­ды. Өсім­дік­тер де біз сияқ­ты от­те­гі­ні жұ­тып, кө­мір­қыш­қыл га­зын бө­лер бол­са, ауа­мыз­ды қа­лай та­за­лар едік? Ауа құрамындағы оттегінсіз тіршіліктің болмайтыны белгілі.  Адам денесінің үштен екі бөлігі — оттегі.  Оттегi тыныс алуға, жануға, шiрiту процесiне қолданылады және ауаға өсiмдiктер фотосинтездерi көмегiмен тұрақты бөлiнiп тұрады. Оны өсімдіктер түзейді. Атмосферада оттегінің азаюы тіршілік үрдісін баяулатады. 

Ауаның қасиеттері

Ауа – өмір тіршілігі дедік, сол ауаның қандай қасиеттері бар?  Мына бір өлең шумағына назар аударайық:

Ол мөп-мөлдір,

Көзге көрінбейтін газ.

Бізді әуеде қалқып

Қоршап тұратыны рас.

Орманда да бар

Емен мен самырсын аңқыған.

Тыныстаған сайын

Иісіне жаның балқыған.

Жазда жылы леп болып,

Қыста дірдек қақтырған.

Көзімізге көрінбейді,

Ұстағанға білінбейді.

Онсыз бізге өмір жоқ,

Таза ауаға жаның тоқ.

Сонымен ауаның- мөлдір, түссіз, иіссіз, жылы, салқын, серпімді және т.б.

қасиеттері бар екен және ауа жылуды нашар өткізеді.

АУАНЫҢ ҚАСИЕТІ
Мөлдір –  ауа арқылы барлық қоршаған заттарды көретініміз анық. Мысалы бір затты қолыммен жапсам, алақанымның астындағы затты көре алмаймын. Себебі қолым мөлдір емес.
Иіссіз – түрлі орындарда неше түрлі иіс болады. Асханада, дәріханада иісі бар заттардың бөлшектері ауа бөлшектерімен араласады және біз әр түрлі иістерді сеземіз. Бірақ таза ауада иіс болмайды.

 

Серпімдіауаны қысуға болады, сонда ол серпімді күйге енеді. Адамдар қысылған ауаның күшін қолдануды үйренді. Мысалы, допты, шарды және машинаның дөңгелегін үрлейді.

 

Жылынуы – ауа түссіз, мөлдір болғандықтан күн сәулелерін тез өткізіп жібереді. Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға таралады. Сондықтан ауаның жер бетіне таяу қабаты жақсы жылынады да биіктеген сайын жылу бірте-бірте азаяды.

 

Ауа қабаттары

Жер қабатының ең негізгісі ауа қабаты – атмосфера. Атмосфера қабаты рет-ретімен орналасқан тропосферадан, стратосферадан т.с.с. бірнеше қабаттардан тұрады.

Тропосфера – ауаның жер бетіне жақын ең тығыз шоғырланған қабаты. Жер бетіндегі барлық тіршілік тек қана тропосфера қабатында өтеді. Онда бұлттар, жауын-шашындар, желдер болып тұрады. Жоғары көтерілген сайын су булары және оттегі азая бастайды. Ол 10-12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатында орналасқан. Тропосфера – бүкіл ауаның 4/5 бөлігін құрайды.

 Стратосфера – тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфераның келесі бір қабаты болып табылады. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Стратосферада су буы және бұлттар мүлдем болмайды.

 

Ауаның массасы
Республика аумағына негізінен ауа массаларының үш типі әсерін тигізеді:

АУА МАССАСЫ

Арктикалық                              Қоңыржай                            Тропиктік

Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады. Арктикалық континентті ауаның температурасы қыста да, жазда да төмен, сондықтан ылғалды көп ұстап тұра алмайды.
Қазақстан түгелімен қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл ауа массасы қыста температураны жоғарылатады, жазда төмендетеді. Бұдан кейін осы ауа массасы Қазақстан аумағында ұзақ уақыт тұрақты қоңыр салқын континенттік ауа қасиетіне ие болады.
Бұл ауаның келуі жазда байқалады. Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды. Ол ауа ыстық, құрғақ және қапырық болады, сонымен бірге шаңды дауылдар жиі қайталанады.

     Жел – ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалады.

Ауаның ластануы

Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білеміз. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны өлшейтін құралды анемометр деп атайды.

Жел – ауаның ағысы. Жел ауаны қысымы жоғары жағынан қысымы төмен жағына қарай ауыстырып отырады. Жел ірі қалалардағы зиянды ауаны айдап әкетеді. Егер жел болмаса , бұлттар әрқашан теңіз не өзендер үстінде тұрар еді де, жауын-шашын тек қана сулардың үстіне жауар еді. Бұл адамдардың өміріне қауіп тудырып, ормандар мен жасыл желектердің құруына, жануарлардың ауруға шалдығуына алып келеді. Қоршаған табиғи ортаның ауа кеңістігін әр түрлі газдар қоспасынан құралған қара-көкшіл түсті шаң  (түтін) басып тұрады. Мұндай жағдайды Алматы қаласының үстінен көруге болады.

Алматы сияқты ірі қалаларда ауаның ластануына, кейінгі кезде өте көбейіп кеткен, автокөліктер де үлкен әсерін тигізеді. Қалалардың ауа бассейнін ластауда автокөліктің үлес аймағы   70%-ға  дейін жетеді және олардың улы газдарының көлемі де арта түсуде. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі. Транспорт моторы жай айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді. Осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас ауа он есе көп бөлінеді. Адам ағзасына жағымсыз әсерлердің бірі – көліктерден бөлінетін газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары. Ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі. Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап, белсенділігі төмендейді.

Атмосфераны  ластаушы  көздер:

– атмосфераға  жанартау  атқылау, шаңды  борандар, жергілікті  өрттер  нәтижесінде  келіп  түсетін  бөлшектермен  табиғи  ластану;

– тұрмыстық, өндірістік, транспорттық  мақсаттар  үшін, соның  ішінде  автокөлік  двигательдеріндегі  отынның  жану  өнімдерімен  ластану;

– техногенез  процесінің  нәтижесінде  өндірістік  кәсіпорындардың  қалдықтарымен  ластану;

– техногендік  авариялардың  және  т.б. нәтижесінде  атмосфераның  радиактивті  ластануы;

Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына,тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты.

Сондай-ақ табиғаттың ластануына антропогендік факторлар әсерін тигізеді. Мысалы, аулада, қала көшелерінде адам әсерінен ластанған орындарды байқаймыз. «Таза ауа жанға дауа» дегендей, әр адам  қоршаған ортаны  қорғауға өз үлесін тигізуі керек. 

Таза ауа – денсаулық кепілі

Таза ауамен демалудың алғы шарты – алдағы уақыттағы адамның денсаулығының кепілі болып табылады. Таза ауамен демалу үшін ауа тазартқыштарын қолданамыз.  Ауа тазартқыш (тұрмыстық)— ас үй ауасын плита оттығында толық жанбаған газдың зиянды қалдықтарына тамақ дайындау кезінде шашыраған май мен күйіктің иісінен тазартуға арналған аппарат. Ол ас үй жиһазымен бірге тұтас болады немесе газ не электр плитасының үстіне (700— 900 мм биіктікте) қабырғаға орнатылады. Бұл деңгей аппараттық температуралық қалыпты режимін және ауаны тиімді тазартуын қамтамасыз етеді.  Ауа тазартқыш қорабында желдеткіш жүйе болады, ол ас үйге етпе жел келмеген жағдайда, оның ауасын тазартуға жәрдемдеседі. Аппарат қорабының төменгі жағы ауаны ыстан, майдың қоңырсыған иісінен    т. б. тазартатын сүзгісі (аэрозольді сүзгі) бар қақпақпен жабылған. Ауа тазартқыш қорабының ішінде бактерицидтік сынап-кварцты лампа, жарық түсіретін шам мен басқару блогы орнатылады. Қораптың жоғарғы бөлігінде, бактерицидті лампаның үстінде ау айы газдан тазартуға арналған сорбент-катализаторы бар екі кассета болады. Ауа тазартқыштың алдыңғы бөлігі басқару блогының клавиштері орнатылған әсем панельмен қаралады. Оның плитаға қараған төменгі бөлігінде жылжымалы қақпақша болады.
Желдеткіш іске қосылғанда ауамен бірге сорылатын аэрозольдер мен механикалық қоспалар сүзгі материалда (аэрозольді сүзгіде) тұнады да, содан кейін сорбент, катализатор арқылы өткенде ауа газдан тазарады. Ал, бақтерицидті шам ды (ультракүлгін сәуле көзі) қосқанда ауа тазартылады. Бөлме ішіне осылайша тазартылған ауа жіберіледі.

Ауаны тазартудың екінші әдісі – ормандар ішінде, өзен, көлдер жағасында ауа таза болады. Сондықтан өз үйіміздің ауласында, сынып бөлмесінде, мектеп ауласына көптеп ағаштар отырғызып, гүл егуді қолға алдық. Өйткені ағаштар  қаладағы желдің жылдамдығын, айқай-шуды, ең негізгісі жоғарыда айтылған газ, түтіндерді бойына сіңіріп алады. Бірақ бұдан ағаштардың өзі де қатты зардап шегеді. Мысалы, жөке ағашы орманды жерде 400 жыл өмір сүрсе, қала ішінде 50-80 жыл ғана өмір сүруге шамасы жетеді екен.

Көшелерді көгалдандырудың, Ұлттық парктер салудың да маңызы зор. Себебі, бұл жерлерде ауа әлдеқайда таза, адамдарға дем алуға, денсаулықты қалыпқа келтіруге, балалардың ойнауына, туризм және спортпен шұғылдануға жағдай жасалынады. Өйткені өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады. Яғни, оттегін шығарушы өсімдік болса-оны пайдаланушы адамдар мен жануарлар. Ал көміртегін шығарушы адам мен жануарлар болса, оны пайдаланушы өсімдік. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіру үшін зауыттар мен фабрикаларда түтіндер ұстап қалатын сүзгі тазалығыш қондырғаларды орнату қажет, экологиялық таза отын түрлерін пайдалану керек және әрбір адам қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қараса өте дұрыс болар еді, яғни:

«Ластама, былғама

Айналаңды қоршаған.

Таза тыныс, таза ауа

Сыйлайтұғын сол саған»-деп тақпақтағымыз келеді. 

Іс жүзінде ауаға қатысты тәжірибелер жүргізу

Ауаның бұл қаситтерін біз сыныпта апайымызбен бірге тәжірибе жолымен тексеріп көрдік. Тәжірибелер маған өте ұнады себебі олардан мен көптеген ауа туралы қызықты заттар білдім. Сынып бөлмесінде ауаның бар екендігін дәлелдеу.

  1. Қолымызға іші бос полиэтилен пакетін аламыз да оның аузын ашып, қайта бұрап жабамыз. Пакетіміз шар секілді бола қалды. Себебі іші ауаға толды. Бұдан шығатын қорытынды: айналамыздың барлығы ауа.
  2. Суы бар ыдыстың ішіне шақпақ қант саламыз, қанттан көпіршіктер шыға бастады? Ол не? Ол ауа. Осыдан жасалатын қорытынды: қантта да ауа бар.
  3. Ауызды жауып, танауымызды қысып, ішімізден санадық. Тұншықтық. Бұл тәжірибені жасау арқылы мынандай қорытындыға кедік: адамға дем алу үшін ауа қажет.
  4. Шар үрлейміз. Шарымыз томпиды. Шардың ішіне толған не? Ауа. Ол қалай толды, қайдан келді? Бұдан шығатын қорытынды: адамның ішінде ауа болады.
  5. Допты сығайық. Доптың екі бүйірі сығылғанын көрдік. Енді босатайық. Не байқадық? Енді допты жерге лақтырайық. Не байқаймыз? Бұдан шығатын қорытынды: ауа сығылады, қайта серпіледі.
  6. Үш шырақты жағайық. Біреуін ашық қояйық, тағы біреуін стаканмен жабайық, келесісін банкамен жабайық. Қайсысы алдымен сөнеді? Байқайық.

–    стаканмен жабылған алдымен сөніп қалды;

  • Кейін банкамен жабылған сөніп қалды;
  • Ал төбесі ашық тұрған шам әлі жанып тұр. Неге? Осыдан жасалатын қорытынды: ауа жанғыш.
  1. Екі бірдей шарды аламыз және оны үрлейміз, содан кейін ауызын жіппен байлаймыз. Содан кейін екі шарды бір таяқшаның екі шетіне байлап қоямыз. Таяқша қисаймай түзу тұр, енді шардың біреуін инемен тесейік, таяқшамыз үрленген шар жаққа ауып кетті. Бұдан шығатын қорытынды: ауаның салмағы бар.
  2. Бос бөтелкенің ауызына шарды кигіземіз. Бөтелкені бос ыдыстың ішіне қоямыз. Содан кейін ыдыстың ішіне ыстық су құямыз, сол кезде ыстық судын ықпалмен, бос бөтелкедегі суық ауа қызады және кигізіліп тұрған шардың ішіне кіреді де, шар сол кезде үрленеді. Бұдан шығатын қорытынды:жылытқан кезде ауан кеңейіп, жеңілдейді.
  3. Ауаның иісі бар ма? Егер де ауа таза болса, иісі болмайды. Ауа басқа иістерді өзіне жақсы иемденеді. Ауаның қандай иісі болуы мүмкін? Сынып бөлмесінің ауасын тазартып, есік, терезені жауып, бір апельсинді аршып қойды. Сынып бөлмесіне апельсиннің иісі тарай бастады. Бұдан шығатын қорытынды: ауаның жеке өзінің иісі жоқ. Иісті ауаға заттар береді.
  4. Сынып бөлмесінің терезесін ашып қойып еді, тезеден салқын желдің, яғни таза ауаның кіргенін байқадық. Бұдан шығатын қорытынды: бөлме терезелерін жиі-жиі ашып, ауаны тазартып отыру.

 Осы жобаны зерттеу жұмыстарымыздың бірі ретінде  1 аптаға үйде зерттеп келуге бірдей тәжірибе берілді.

Сиыр етінен бірдей көлемде екі бөлік кесіп алып, екеуін екі ыдысқа салып, бірін -10градус, екіншісін +10 градус жерге қойдым. Бр апта уақыт өткеннен кейін бақылаған кезде байқағаным, екі етте екі түрлі өзгеріс байқалды.

Бұдан мынандай қорытындыға келдім, суық жерде тұрған ет сақталған, тек сырты кепкен. Ал жылы жерде тұрған ет иістеніп, түрін, түсін өзгерткен. Яғни бұзылған. Бұдан шығатын шешім: жылы ауада зат алмасу процессі тез жүреді, ал суық ауада зат алмасу процессі баяу жүреді екендігі.

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа). 

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбейді көзі тігіл қараса да.

Білінбей  жер үстінде жүрсе-дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына. (Ауа).

ҚОРЫТЫНДЫ

Ауа  қасиеттерін зерттей отырып, ауаның адам тіршілігі үшін қандай маңызды екенін жақсы түсініп, көзімізбен көріп отырмыз. Таза ауа – денсаулық кепілі деп бекер айтылмаған. Ластанған ауаның барлық қоршаған ортаға және адам үшін өте қауіпті екенін меңгердік.

Біз осы тақырып бойынша өз білімдерімізді тәжірибелер арқылы кеңіттік. Ауаның қандай қасиеттері, құрамы, қабаты, массасы бар екендігін анықтадық. Ауасыз өмір жоқ екеніне көзіміз жетті. Ауаның тіршілік үшін қаншалықты маңызды екенін анықтадық.

Сондай-ақ,  біз ауаның адам ағзасына қажеттілігін түсіне отыра, оның құрамын, қасиетін, қабатынғ массасын зерттей келе келесідей тұжырымдарға келдік:
– таза ауамен демалу денсаулықтың кепілі екеніне көзімізді жеткіздік;
– ауаның түрлерін  оқып меңгердік;
– ауаны тазартудың шарттарымен таныстық;
– ауаға қатысты іс жүзінде жасалған тәжірибелер негізінде қорытындылар жасап, түсініктерге қол жеткіздік.

Ауаның ластану мәселесіне ерекше көңіл аудардық. Оның негізгі ластау көздерін атап өттік және ауаны тазарту жолдарын анықтадық. Ауаның негізгі ластану себептері:  қоқыстың қалай болса, солай тасталуы, және оның қайта өндірілмеуі, өндірістің ауаға шығаратын газдарымен улы заттары, көліктер қозғалысы, адамның жеке іс-әрекеттері болып табылады.

Ғылыми жобаның нәтижесінде ауаны таза сақтау үшін бірнеше шешім жолдарын ұсындық, яғни өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға көшіру, көліктердің санын азайту, көліктерді бензиннен электр және күн қуатымен жүргізу, көмірді қолданудан басқа қуат көздеріне көшу, қоқысты қайта өндіру, ағаштар отырғызу, гүлдерді көптеп өсіру және өндіріс орындарына (зауыттарға, т.б.) зиянды заттардан тазартатын қондырғылар орнату.

You May Also Like

Есім құраудағы дыбыс пен әріптің маңызы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ Есім құраудағы дыбыс пен әріптің маңызы — «Есім құраудағы…

Махмет Теміровтың шығармашылығы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Махмет Теміровтың шығармашылығы» Орындаған: Сарсен Диас                                                     Мазмұны:…

Влияние промышленного предприятия “Жезкентский горно-обоготительный комбинат” на подземные воды научный проект слайд

Құрманың адам денсаулығына пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Құрманың адам денсаулығына пайдасы»  «Құрма» атты зерттеу жұмысына сын- пікір.  Теориялық…