ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Есім құраудағы дыбыс пен әріптің маңызы

«Есім құраудағы дыбыс пен әріптің маңызы» атты ғылыми жұмысына

РЕЦЕНЗИЯ

Қазақ тілінің фонетика тарауынан бастауыш класс оқушыларына негізгі білімдік мағлұмат пен практикалық дағды біршама жеткілікті беріледі. Дыбыс пен әріптер үш класта да өтіледі. Қазақ тілі бастауыш курсында дыбыс, әріп, олардың мәні, жазылу емлесі, алфавит, буын және тасымал жайлы бастапқы ұғымдармен танысады.

Балалар қазақ тілі дыбыстары ерекшелігін мектепке келгенше практикалық тұрғыда әжептеуір игереді. Бірақ олар жеке сөздегі әрбір дыбысты саналы түрде ажырата алмайды. Әліппені өту кезеңдерінде сөзді, буынды талдау жолымен дыбыстарды айырып үйренеді. Мұнда да тіл дыбыстарының бір-бірінен өзгешелік белгілерін толық тани қоймайды. Ал, тіл дыбыстарын және олардың өзіндік айырмашылықтарын білудің балаларды сауаттандыру үшін де, грамматика мен емлені жетік меңгеруі үшін де және ауызша, жазбаша тіл дамыту үшін де маңызы күшті.

«Дыбыс пен әріп» тақырыбы ең негізгі мәселе ретінде бірінші класта оқытылады да, екінші-үшінші кластарда ол меңгерілген білік пен дағдыны тереңдетіліп, бекітіле түседі. Сондықтан бұл тақырып материалдарын бірінші класта мұқият танытуға мұғалімдер білімі мен әдіс-тәсілдерін сарқа пайдаланады. Бұл тарау грамматика сабағында да практикалық жолмен өтіледі. Демек, балалар сөзді дәл әрі дұрыс сөйлеп, сөзді буынға бөліп, одан дыбыстарды айырып жазуда дыбыстарды әріппен таңбалай білуге үйретіледі.

Оқушының ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті мол екенін байқалады. Ізденушінің ой – оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды.

Оқушының зерттеу тақырыбы ғылыми сұранысқа толық ие деп айта аламыз. Зерттеу жұмысымен танысу барысында оқушының өз ойын шеберлікпен сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындығын анық байқалады.

Зерттеу жұмысының материалы жүйелі түрде құрылған. Зерттеу жұмысында оқушы жылқы малына қатысты атауларды өз әлінше топтастырып, жүйелеп,  тартымды ұсына білген

Жұмыс ғылыми талаптарға толығымен жауап береді, қорғауға қарсылығым жоқ.

«Есім құраудағы дыбыс пен әріптің маңызы» атты ғылыми жұмысына

РЕЦЕНЗИЯ 

Жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі. Осы есімдерді құраудағы дыбыс пен әріптің маңыздылығын зерттеген оқушылардың жұмысы көңіл қуантады.

Оқушылар зерттеу жұмысын екі бөлімге бөліп қарастырады. Бірінші бөлімде дыбыс пен әріптерге жалпылама тоқталып, дыбыс пен әріптің өзара ерекшеліктерін ашуға тырысады.

Екінші бөлімде тақырыпқа қатысты зерттеулер жүргізеді. Жоба авторы Айғаным өз есіміне фонетикалық сипаттама береді. Зерттеу жұмысының құрылымы қалыптастырылған. Ол кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Оқушы зерттеу жұмысын жазу процесі кезінде материалды зерттеу талдау және жүйелеу әдістерін, безендіру тәсілдерін дұрыс пайдаланған, ғылыми жоба жазуға қойылған барлық талаптарды толық орындаған.

Жұмыс материалдары ғылыми негізде жүйелі түрде баяндалған, мазмұны түсінікті әрі тілге жатық. Зерттеу жұмысының құрылымы мен бөлім аттарын дұрыс жүйелей білген.

Зерттеу жұмыстың танымдық маңызы бар, тақырып бойынша зерттеулер жүргізіліп талданған. Қорытынды нәтижесі жасалынып, негізгі тұжырымдар келтірілген. Жалпы алғанда ғылыми жұмыс өзінің мақсатына жетіп, міндеттерін дұрыс шешкен деп ойлаймын. «Есім құраудағы дыбыс пен әріптің маңызы» атты ғылыми жұмыс қорқауға лайықты деп санаймын.

АННОТАЦИЯ 

Тақырыбы: «Есім құраудағы дыбыс пен әріптің маңызы»

Зерттеу мақсаты.Есім құраудағы дыбыс пен әріптердің атқаратын қызметін зерттеу.

Тақырыптың өзектілігі.Егер дыбыс пен әріп болмаса есімдеріміз де мәнсіз, мағынасыз болар еді, тіпті бір-бірімізді дауыстап шақыра да алмас едік. Осыдан тақырыптың өзектілігі айқындалады.

Гипотеза. Егер тақырыпты зерттеу процесінде және оқу-материалдарын игеру барысында зерттеу әдістерін жетілдіріп, деректерді тиімді әрі жүйелі пайдалансақ, онда оқушылардың зерттеу құзіреттілігі және коммуникативтік, ақпараттық құзіреттілігі өз мәнінде дамып, сонымен қоса оқушылардың информатикаға деген қызығушылығы артады деген ойдамын.

   Зерттеу кезеңдері. Мен өзімнің ғылыми жұмысымды 3 кезеңге

бөлдім.

І кезең: тақырыпты таңдау;

ІІ кезең: тақырыпқа байланысты тарихи, замануи мәліметтерді жинап

оны  топтау;

ІІІ кезең: табылған ақпаратты талдау және өңдеу;

ІV кезең: жұмысты жазып, қорғау.

Зерттеу құралдары. Зерттеу құралдары: тілдік кітаптар, бұқаралық

ақпарат, интернет желісі.

Зерттеу әдісі: Анализ, синтез, жобалау әдісі

Қорытынды: Бұл зерттеу жұмысында дыбыс пен әріптің өзара ерекшеліктеріне жалпы щолу жасалып, жоба авторларының есімдеріне фонетикалық сипаттама жасалды.

АННОТАЦИЯ 

Тема: «Суть звука и букв в именах»

Цель исследование:Исследование звуков и букв в именах.

Актуальность исследования: Если бы не было ни звука, ни букв, наши имена были бы бессмысленными, даже не могли бы называть друг друга вслух. Вот актуальность темы.

Гипотеза: Если в ходе исследовательной работы использовать разные методы, научные материалы, то они помогут развитию коммуникативности, компитентности интересу к теме.

Этапы исследования:

I этап: Выбор темы

II этап: Сбор материалов по теме

III этап: Сделать разработку материалов

IVэтап: Защита

Материалы исследования: языковые книги, литературные книги, справочники

Метод исследования: анализ, синтез, проектирование

Заключение: В этом исследовании был сделан обзор звуковых и буквенных особенностей, и было сделано фонетическое описание на имена авторов проекта.

THE SUMMARY

Theme: «The essence of sound and letters in names »

The purpose of research:The study of sounds and letters in names.

Urgency of research:If there were no sound, no letters, our names would be meaningless, could not even call each other out loud. Here is the relevance of the topic.

Hypothesis: If in the course of research work different methods and scientific materials are used, they will help develop the communicative nature, the interest in the topic.

Investigation phases:

І a stage: the Choice of a theme

ІІ a stage: Gathering of materials on a theme

ІІІ a stage: To make development of materials

ІV a stage: Protection

Materials of research: language books, literary books, directories

Method of research: the analysis, synthesis, designing

The conclusion:In this study, an overview of the sound and letter features was made, and a phonetic description was made in the names of the authors of the project.

Мазмұны

І  Кіріспе                   

ІІ  Негізгі бөлім

2.1 Дыбыс пен әріп туралы жалпы түсінік

2.2. Дыбыс пен әріптің ерекшеліктері 

ІІІ  Зерттеу  бөлімі

3.1 Есім құраудағы дыбыс пен әріптің мәні

  • «Айғаным» есіміндегі дыбыс пен әріптерге

фонетикалық сипаттама

ІІІ. Қорытынды бөлім

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, дыбыс, әріп жайлы нақты анықтамаларды оқып, жаттығулар орындап, біліп келеміз. Ал, сол әріп пен дыбыстың біздің күнделікті өмірімізде қаншалықты маңызды екенін анықтау, зерделеу жұмыстары көп емес. Мысалы, күнделікті неше рет аталатын өз есімдерімізді алайық. Егер дыбыс пен әріп болмаса есімдеріміз де мәнсіз, мағынасыз болар еді, тіпті бір-бірімізді дауыстап шақыра да алмас едік. Осыдан тақырыптың өзектілігі айқындалады.

Ғылыми   жобаның  мақсаты:Бала – адамның бауыр еті. Қай ата – ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата – ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.

Баласының атын ырымдап қою – ата – анасының ниетін білдіреді.
Ал, осы есім құраудағы дыбыс пен әріптердің атқаратын қызметін зерттеу– жұмыстың басты мақсаты.

                Ғылыми  жобаның  міндеттері:

  1. Есімдерге қатысты тарихи деректер жинау;
  2. Есім құраудағы дыбыс пен әріптің мәнін ашу;
  3. Дыбыс пен әріпке жалпылама сипаттама беру.

                Ғылыми  болжам:

  1. Есімдердің мән-мағынасын түсінеді.
  2. Есім құраудаға дыбыс пен әріптің мәнін анықтайды.

                Ғылыми   жаңалық:

Зерттеу  барысында  дыбыс пен әріптерге қатысты теориялық зерттеулер негізінде есім құраудаға дыбыс пен әріптіңмаңыздылығын, ғылыми деректерге  қосымша   есімдер сырын  аштым.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Дыбыс пен әріп туралы жалпы түсінік

Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп – жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.
Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек.

  1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды.
  2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады.
  3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр.
    Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі) дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта айтылады. Осындай и дыбысы – ый және ій болып (мысалы, сиыр, оқиды дегенде) құранды сипатта айтылады. Сондықтан и дыбысы жеке дыбыс десек, дауысты у да жеке дыбыс бола алады.
    Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады.

Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазақ тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц; ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42.

Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.

2.2. Дыбыс пен әріптің ерекшеліктері

Әріп – дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп-шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді. Е, ю, я әріптері екі дыбысты, ал ъ -қатаңдықты, ь –жіңішкелікті белгілейді. Қазіргі қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл 1940 жылы кирилл графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілді. Әріптің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазуға бейімделген жазба түрі болады. Әріп қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңба болғандықтан, оны көзбен көруге болады. Әріпте құбылмалық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ ғалымдардың өзара келісімімен оны өзгертугеболады. Қазақ жазуының тарихында мұндай өзгертулер болған.

Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Егер дыбыс таралатын орта болмаса дыбыс та болмайды.

ІІІ  Зерттеу  бөлімі

3.1 Есім құраудағы дыбыс пен әріптің мәні

Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Тіпті осы ат қою дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Және уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп отыратындығы тағы бар. Мәселен, осыдан бірнеше ғасыр бұрын Абылай, Есім, Керей, Ахмет, Ыбырай, Жылқыбай, Қойшыбай сынды есімдер жиі қойылатын болса, бүгінде бұл үрдіс біршама өзгерген.

Ат қою дәстүріне қатысты осындай мәліметтер көптеп табылады, ал, осы есімдерді құрап тұрған дыбыс пен әріптің мәні туралы мәлімет жоқтың қасы.

Бірінші класта қазақ тілін оқығанда, «Дыбыс пен әріп» тақырыбын үйрету жұмысын жасадық. Дыбыстың сөз бөлшегі екендігі дыбыстарды тыңдату, айтып жаттығу тәсілдерімен меңгердік.

Дыбыстың сөз мағынасы түрленуіне әсер етеді. Ол үшін қосу және алу әдістері қолданылады. Тиімді сөзге тағы бір дыбыс қосқанда немесе сөзден бір дыбысты алып тастағанда, сөз мағынасы өзгеріп, түрленетіні байқалады. Сөздегі дыбыстардың саны көбейсе не азайса, сөздің мағынасы өзгереді.

Сөзде басы артық, қажеті жоқ дыбыс болмайды. Мысалы, «а» дыбыс деп танылады, егер біреу есіміңді атағанда «а» деп жауап қайтарсақ, сөз мәнінде жүретіні ескеріледі. Енді осы «а»-ның үстінде бір-бірлеп дыбыс қосып атау жолымен қандай-қандай алуан мағыналы сөздер жасауға болады.

А а.       Ат. Ата. Атақ. Атағы (сөздер)

Ал. Ала. Алаң. Алаңы (сөздер)

Дыбыстарды, оның жазудағы таңбасы әріп деп аталады. Сөз дыбыстардан құралады. Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады. Ал, сөз ішінде дыбыс пен әріптер айтылады, олардың қанша екені сұралады. Белгілі тапсырма бойынша не дауысты не дауыссыз дыбыстардың асты сызылады.

  • «Айғаным» есіміндегі дыбыс пен әріптерге фонетикалық сипаттама

Зерттеу нысанына алған тақырып шеңберінде жұмысымызда

практикалық негізде пысықтау үшін біз өзіміздің  достарымыздыі есіміндегі дыбыс пен әріптерге тоқталуды жөн көрдік. Жоғарыда айтып өткеніміздей, егер дыбыс пен әріп болмаған жағдайда біз өз есімімізді айта алмас едік.

Мысалы, менің досымның  есімім – Айғаным.

  1. Айғаным есімі 7 дыбыс, 7 әріптен құралған. Әр дыбыстың өз орналасау реті, мәні бар. Егер бір дыбысты немесе әріпті алып тастасақ, есімімде ешқандай мағына да мән де болмас еді. «Айғаным» есімінде үш дауысты дыбыс (а, а, ы), төрт дауыссыз дыбыс бар (й, ғ, н, м).

А – дауысты, жуан

Й – дауыссыз, үнді

Ғ – дауыссыз,ұяң

А – дауысты, жуан

Н – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан

М – дауыссыз, үнді

ҚОРЫТЫНДЫ

Кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-бабаларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болады. Қазақ халқының балаға ат қоюының өз заңдылығы, өз үлгi-нұсқалары бар. Бұрын ұл болса болды, оның есiмiне «бай», «бек», «хан» сөздерiн қосақтайтын болған.

Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар құсап дiн иелерiнiң атын iздеп,әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбi күнi туса – Дүйсенбай, жұма күнi туса – Жұмабек, ауылына, үйiне хан келсе – Хангелдi, би келсе – Бигелдi, сұлтан келсе – Сұлтангелдi, қожа келсе – Қожагелдi деп, болмаса әкесiнiң қанша жасқа келгендiгiне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретiн болған.

Бірақ біздің айтпағымыз бұл емес еді, біз осы адам есімдеріндегі дыбыс пен әріптің мәні мен маңыздылығын ашып көрсету мақсат болған.

Бұл зерттеу жұмысында дыбыс пен әріптің өзара ерекшеліктеріне жалпы щолу жасалып, жоба авторларының есімдеріне фонетикалық сипаттамажасалды:

  1. Дыбыс пен әріп қатар айтылғанымен, олардың бір-бірімен ешқандай байланыс жоқ;
  2. Дыбыс – жалпы физикалық құбылыс болса, әріп – тілдік белгі;
  3. Дыбыс болмаса, адамдар бір-бірін дауыстап шақыра алмайды;
  4. Әріп болмаса сөз құрау мүмкін емес;
  5. Дыбыс пен әріптің адам өмірінде маңызы зор.

Ұсыныстар:

  • Дыбыс пен әріп тек теориялық негізде емес, күнделіктк өмірмен байланыстырылып оқытылса;
  • Кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған анықтамалық шығару.
You May Also Like

Тоқылдақ тұмсығының құпиясы, ғылыми жоба

«Тоқылдақ тұмсығының құпиясы» Мазмұны: Кіріспе 1.1.Құстардың пайда болуы…………………………………………………………………..5 Құс топтары………………………………………………………………………………………….7 Негізгі бөлім…

Лабиринт арқылы баланың ой-өрісін дамыту, ғылыми жоба

Секция:  информатика Тақырыбы: «Лабиринт арқылы баланың ой-өрісін дамыту» Лауазым парағы    …

Қойдың құйрық майының пайдасы, ғылыми жоба

Зерттеу тақырыбы: «Қойдың құйрық майының пайдасы» Аннотация Бұл ғылыми жобада, қойдың құйрық…

Алтын адам, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Алтын адам» Авторы: Еркінжанқызы Фатима Кіріспе Алтын адам…