«ТҮСТЕРДІҢ КӨҢІЛ-КҮЙГЕ ӘСЕР ЕТУ СЕБЕПТЕРІ»

Мазмұны:

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

  1. Түстердің сипаттамасы

1.2.Түстердің психологиялық ерекшеліктері

1.3.  Түстердің емдік қасиеттері

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1. Түстердің темпераментке әсері

2.2. М.Люшердiң түстiк қалаулар тестi

2.3 Түстердің іс-тәжірибедегі тиімділігі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Ұсыныс

Абстракт

Зерттеу жұмыстың мақсатытүстердің көңіл-күйге әсер ету себептерін анықтау.

Зерттеу болжамы: түстердің көңіл–күйге әсер етуі себептері тұлғаның өзiндiк сана-сезiмiне, жас ерекшелігіне, мінез-құлқына, ұлттық  ерекшелiктерiне, түстерді үйлестіре алуына тiкелей  байланысты.

Зерттеу кезеңдері:

-Дайындық: тақырыпты таңдау, мақсат пен міндет қою.

-Зерттеушлік: ғалымдардың ғылыми жұмыстарын зерттеу, тақырыптың зерттелу дәрежесін анықтау.

-Тәжірибелік: түстердің көңіл–күйге әсерін іс-тәжірибе арқылы анықтап, бақылау жүргізу.

Зерттеу әдістері: сауалнама, М.Люшердiң түстiк қалаулар тестi,. темперамент тесті, бақылау жүргізу, іс –тәжірибе  жүргізу, талдау, жинақтау, сұхбаттасу.

Зерттеудің жаңашылдығы: зерттеу жұмыстарының незгізінде біз келесідей қорытындыға келдік, түстердің адамның көңіл-күйіне әсер ететіндігі дәлелденді. Зерттеу әдістері арқылы оның себептері анықталды.

      Жұмыстың қолдану аясы: Жұмыс барысында жүргізілген зерттеулерден алынған нәтижелер мен мәліметтер, түстердің көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін, бөлмені безендіруде, жұмыс орынын,  киім үлгісін үйлесімді тандауда, адамның қандай түс таңдағанына байланысты ол жайлы мінез-құлық ерекшеліктерін ескеріп, оны алдағы уақытта тиімді пайдалана алады.

Абстракт

Цель исследования: Определить причину влияния снов на настроение человека.

Гипотеза: Причины влияния снов на настроение человека связано с его индивидуальностью , с  воздростными особенностями , характером человека.

Этапы  исследования:

Подготовительный: Выбор темы, постановка цели и задач.

Исследовательский: Изучение научных работ ученых, определение степени изученности темы;

Практический: На основе эксперимента выявить влияние снов на психику и эмоциональное состояние человека.

Методы экперимента: Опрос, тест М. Люшера на цветовые предпочтения , тест темпераментов, наблюдение, анализ, синтез, беседа.

Актуальность исследования: На основе исследовании мы пришли к следующему  заключению, что сны влияют на самочувствие  и эмоциональное состояние человека. И были выявлены причины этого влияния.

Область практического применения работы: Результаты этого исследования могут использоваться при дизайне  помещений по напровленности , выборе снов одежды (совместимости одежды по сну к ситуации и цели) , для создания необходимого психологического и эмоционального настроения  у человека.

Abstract

The purpose of research– determine of reasons in influence colours  on mood.

Hypothesis – the reasons of influence colours on mood connected with of person’s education, character, national peculiarities, combine of colours.

Stages, the researching procedure:

  • Preparatory: choose the theme, to put the aim and purpose.
  • Research: research the work of scientist, determine level research work of the theme.
  • Practical: control determine of reasons in influence colours  on mood.

The methods of research: survey, M Lusher’s color preference test, temperament test, monitoring testing, analysis, synthesis and communication.

The novelty of the research: research, we came to the following conclusion on the basis of the colour of the mood of the mood of the person affected is proved. Research methods through it’s reasons.

Area of practical application of work: Results obtained in the course of research and information. To make a positive impact on the mood of colours, room decoration, jobs, clothing, choosing a compatible model, depending on the choice of what colour it is, taking into account the peculiarities of behavior, it can be used effectively in the future.

Кіріспе

Айналаңыздағы дүниеге көз тастағанда, көзіңіз бен ой-санаңыз бірлесе жұмыс істеп, қандай да бір мәліметті қабылдайды. Мысалы, алдыңызда тұрған  жемістін түсіне қарай  оны жегіңіз келе ме, жоқ па — соны ойлайсыз. Аспанға қарап, жаңбырдың жауатынын не жаумайтынын анықтай аласыз. Демек, түстер шешім қабылдауыңызға әсер етеді. Неге олай деуге болады?

Жемістің түсі оның піскен-піспегенін және оны жеуге деген қалауыңыздың бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Аспан мен бұлттардың түсі болса ауа-райының қандай болатынын білуге мүмкіндік береді.

Иә, өзіміз байқамасақ та, түстер айналадағы мәліметті қабылдауға көмектеседі. Бұған қоса, түстердің эмоциямызға тигізетін әсері зор. Түс адамды өзіне тартуы немесе итеруі мүмкін немесе оған тыныштық пен жайлы немесе ыңғайсыздық сезімін оятуы мүмкін. Түстік орта біздің эмоционалды және психофизикалық жағдайымызға міндетті түрде әсер етеді. Тіпті бір түстің өзі әсер ету күші мен ұзақтығына қарай бізде оң және теріс эмоция қалыптастырады.

Зерттеу объектісі әр түрлі жас ерекшеліктегі әлеуметтік және ақпараттық мәліметтерден хабардар адам.

Зерттеу жұмыстың мақсатытүстердің көңіл-күйге әсер ету себептерін анықтау.

Зерттеу жұмысты орындау барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:

-түстер туралы оқып білу;

-түстердің адамның көңіл –күйіне әсер ету себептерін анықтау;

-түстердің емдік қасиеттерін зерртеу;

түстермен олардың реңктерін тиімді пайдалана білу.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Түстің көп мүмкіндіктері бар, оларды дұрыс басқару арқылы көрер көзге кеңістіктің өлшемін де өзгертуге, шуды басуға,  көңіл-күйді көтеруге және тіпті иісті бейтараптандыруға болады. Түстің адамға әсер ету туралы  білім барлық салаларда да қажет, себебі ол арқылы өзінді және қоршаған ортаныда жан –жақты тануға болады. Сондықтанда түстер мен олардың реңдерін тиімді пайдалану үшін, ең алдымен, оның әсер ету себептерін білу қажет.

Зерттеу болжамы: түстердің көңіл –күйге әсер етуі себептері тұлғаның өзiндiк сана-сезiмiне, жас ерекшелігіне, мінез-құлқына, ұлттық  ерекшелiктерiне, түстерді үйлестіре алуына тiкелей  байланысты.  

Зерттеу әдістері: сауалнама, М.Люшердiң түстiк қалаулар тестi,. темперамент тесті, бақылау жүргізу, іс –тәжірибе жүргізу, талдау, жинақтау, сұхбаттасу.

Жұмыстың қолдану аясы: Жұмыс барысында жүргізілген зерттеулерден алынған нәтижелер мен мәліметтер, түстердің көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін, бөлмені безендіруде, жұмыс орынын,  киім үлгісін үйлесімді тандауда, адамның қандай түс таңдағанына байланысты ол жайлы мінез-құлық ерекшеліктерін ескеріп, оны алдағы уақытта тиімді пайдалана алады.

Зерттеу жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, ұсыныстар мен пайдаланылған әдебиет көздерінен тұрады.

1.1.Түстердің сипаттамасы

Хроматикалық немесе хромос — грек тілінен енген сөз, түсті, боялған деген мағынаны білдіреді. Бұл топқа барлық спектрлі түстер қызыл көк жасыл және солардың аралас түстері кіреді.

Ахроматикалық түске ақ, қара, және сұр түстің барлық реңктері жатады.

Әрбір хроматикалық түстің өзіне тән үш қасиеті немесе ерекшелігі бар:

  1. Түс реңкі бұл хроматикалық түстің өзіне жарықтығы жағынан тең келетін ахроматикалық түстен негізгі айырмашылығы, негізгі қасиеті.
  2. Жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигменттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсіндіріледі.
  3. Түс қанықтығы түстегі таза бояутегінің болу дәрежесі . Ең қанық бояу спектр түстері болып саналады.(мысалы: қанық қызыл, қанық көк түс, т.б)

Қанық бояу дептүстегі ашықтық дәрежесін түс қуатын, үдемелі қарқындылықты түсінуге болады.

Түс реңкі бір түсте екінші түс қоспаларының араласуымен сипатталады. Мысалы : қызыл күрең түсте көк түс, қызғылт сары түсте сары түс қатысады. Ахроматикалық түстер бір бірінен тек қана жарықтығымен ғана ерекшеленеді. Ақ пигмент көп қосылған түстер пастельді деп аталады. Осы ақсұр түстердің үйлесімділігі барлық түсті тегістейтін ақ түстің болуына байланысты

Пастельді түстің түстік үйлесімділігі – түстік тепе — теңдік , мұнда бірде- бір түс ерекшеленбейді.

Ақ түстердің үндестігі — бұл жарықтық гаммасы, ал әр түрлі қара — қара-күңгірт гамма болып табылады.

Хроматикалық түстер қабылдануына қарай жылы түстер суық түстер

Адамды жылы денелерге жақындатқандай әсер береді, мысалы ,жылы немесе ыстық денелерге судың, мұздың,аспанның түсін, ымырт уақытын бейнелейтін күн, от, жарық , сәуле сияқты ұғымдарды санауға болады.

Көп түстердің арасынан басты төрт түсті бөліп алуға болады: сары, қызыл, көк, жасыл.   Тек осы түстер ғана ешбір қоспасыз таза түс – бояулар болып есепеледі.

Гамма жалпы сыртқы түс ерекшелігін білдіретін түстердің қатары. Мысалы: жасыл гамма өзіне барлық жасыл түстің реңкін қабылдайды: көк жасыл,алма түстес,шабынды шөп түстес, теңіз толқыны түстес(көгілдір жасыл),көгілдір,т.б.

Адамның көзі түсті қабылдау кезінде оның түрлі қасиеті мен ассоциациясын сезінеді. Мысалы, «ауыр» және «жеңіл» түс деген де ұғымбар. Түс «ауырлығы» оның жарықтық реңкіне байланысты болады. Түс қою, қара болған сайын оның ауырлығы арта түседі және керісінше, жарық түстер «жеңіл» болып қабылданады. Бұл ереже барлық хроматикалық және ахроматикалық түстерге қатысты. Ашық түстің қасиеті адам көңілін өзіне аудартады.

Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.

  • Түстердің психологиялық ерекшеліктері

Ақ түс – қарапайырымдылық пен пәктіктің түсі. Әлемнің көптеген елдердінде қалыңдық ақ киім киеді, сондай-ақ кейбір салт-дәстүрлерде ақ түсті жерлеу рәсімдерінде пайдаланады. Ақ түс қуаты – жалпы ақ түс емес, ол көптеген түстердің жиынтығы. Сондықтан, ақ – бұл қуат синтезі. Міне, неліктен көптеген елдерде ақ түс пәктіктің, ашықтықтың және шындықтың белгісі болып есептелінеді.

Ақ түс – таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түсінің ассоциациялануына байланысты психолог мамандар көпшілікке былай деп кеңес береді: «Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым  ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз». Ақ түс адам санасында «аңқаулық, пәктік, албырттық» шағынан хабар беріп, ассоциациялық көріністер тудырады екен. Мәселен,  көршілес орыс халықтарында ақ түсінің ассоциациялануы,  Мысалы, «белый – скорби и печали» (мұң-қайғы) немесе «собственной неполноценности или о болезни» (денсаулығының нашарлауы немесе аурудың белгісі). Сонымен қатар, ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар, «қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды», – деп ұғынылады.

Қара түс – ең сиқырлы түс. Батыс елдерінің дәстүрлеріне сай қара өлім символы болып есептелінеді. Алайда, көптеген халықтарда (мысалы, Солтүстік Америка үндістерінде) қара – бұл жақсы түс, себебі ол құнарлы топырақты және жерді еске түсіреді. Қара – бұл түс емес, қара – бұл түстің жоқтығы. Әдетте, адамдар қарама-қарсылықты айтқанда олар ақ пен қара туралы айтады. Егер ақ түс бәрін анық қылса, қара түс керісінше жасырады деп ұғынылады. Көпшілік санасында, қара адамдардың мүмкіншілігі мен деңгейі жайлы сыр беретіндігі анықталған. Қара даулы рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, қарама-қайшылықпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қыраңғылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен ассоциацияланады. Көпшілік елдерде қара түс жағымсыз конотацияда ассоциацияланады. Мысалы, қазақ тілінде «қара ниет», ағылш: «black heart» (сөзбе-сөз: қара жүрек), «қара жүрек, қара ниет», қытай: «hei xin chang» (сөзбе-сөз: қара жүрек), «қараниет». Жас ерекшелікке қарай қара түсінің адам санасы ұғымындағы көрінісінің дәлелі ретінде, егде кісілер қара түсін жиі таңдап жатады екен. Демек, қара түсі байсалдылықтан хабар береді. Кейде қара түсі адам сұлбасын арық көрсететіндіктен жастардың көпшілігі қоғамдық орындарға осы түсті жөн көреді. Қара түс – соңы, енді ештеңе болмайтындықтың нышаны. Десе де, қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады. Қара – түрлі жағымсыз көңіл-күй, мазасыздық, ашушаңдық тудырады. Қара түс – жұмбақ, құпия түс. Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады. Қара түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды, жасыруға тырысып бағады.

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Адам болмысы жаратушы күшімен тығыз байланыста болғандықтан көк түсі алғашқы болмыс ретінде көп тілде көрініс тапқан. Осыған байланысты көк түсінің ассоциациялануы барлық елде көп, аспан, жаратушы (тәңірі), ана бейнесінде болып келеді. Соған сай туған тіркестер де көк аспан, көк заңғар, көк бөрі ежелгі таным бойынша түркілердің анасы. Көк күмбез, көк әлем т.б. Дегенмен, көк түсі кейбір этностар танымында жастық пен албырттықты ассоциациялайды. Мысалы, орыс ұлтының ұғымындағы көк түсі: «синий цвет – духовность, жертвенность» (көк түс – жанға жайлы, қаза болу); «голубой цвет – юношеская привязанность» (көгілдір түс – жастықпен байланысты). Яғни, бірде жанмен (дух, душа) ассоциацияланса, бірде жастықпен (юнность) пайымдалады. Қазақы танымында да көк түсін жастықпен ассоциациялау бар. Мысалы, көктеді (өсіп шықты, жайқалды), көктей солу (жастай қайтыс болды), көсегесі көгеру (балалы-шағалы болу) т.б. Көк түсінің ассоциациялануынан туындаған психологиялық пайымдауларға көз жіберсек, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келетін көрінеді. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады. Көк түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар», – деп ұғынылады.

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Сары түсті  Гете «ашық түстердің ішіндегі ең мықтысы» деген екен. Сары түс адам бойын сергітеді, көңілдендіреді деп көрсетеді. Әрине бұл, қазақы таным-түсінікке жат нәрсе. Ғаламның тілдік бейнесіне байланысты орыс халқында сары түсі «ашықтық пен жақсы көңіл-күйді» ассоциацияласа, қазақы ұғымда сары түс жағымды мағынада да, жағымсыз мағынада да қолданылады. Көбіне қазақы ұғымда сары түсі «уайым мен қайғыны», «мұң-шер мен ауруды» ассоциациялаған. Психологияда: «Бұл түсті таңдаған кез-келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән. Сары түс – адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі. Әдетте, бұл түс қуаты мол, сөзге шебер, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән.
Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді.Тың идеяларды талқылап, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірнеше тілдік материалдарын салыстыратын болсақ, А.Залевскаяның талдауы бойынша төмендегілерді атап көрсетеміз: сары түс – неміс халқында жек көрушілік, қызғаныш, жалғандық, салқындық; америкалықтарда – қорқақтық, қауіп төнетіндей жағдай, француздарда – сатқындық; орыс ұлты үшін – күзгі жапырақ деген ассоциацияларды тудырады.

Қызыл түс – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі ретінде ассоциацияланады. Бұдан бөлек қызыл түс азия елдерінде қызбен байланыстырылады. Күн шығыс елінің дәстүрлі үйлену салтында жас келін қызылдан желек жамылып, қызыл көйлек киіп, қызыл күймеге отырған. Олар тіпті той-думандарында да қызыл шырақ жағып, қызыл түсті қима қағаз суреттер ілуді қуаныштың символына балағандықтан, таным-түсініктеріне сәйкес қызыл түсін «бақыт пен жеңіске», «адалдық пен мейірімділік» секілді ұғымдармен ассоциациялайды.  Дүние жүзінде қызыл раушан гүлі махаббаттың белгісі ретінде саналғандықтан, қызыл түс көбінесе раушан гүлімен немесе махаббат, ғашықтық сезімімен де ассоциацияланады. Ал қызыл планета Марс – соғыс құдайы ретінде танымал екендігі белгілі, сондықтан болар қанды қырғын соғыстар, қан майдандар қызыл түсімен байланыстырылып, санада ұрыс, төгілген қанмен елестетіледі. Ассоциациялық өрісте берілуі – қызыл әскер, қызыл қан, қызыл от, қызыл жалын, қызу қанды, қызыл гүл т.б. Психологтардың кеңесі бойынша, қызыл түсті мына кезде таңдаңыз: қызығушылық тудырғыңыз келсе арманыңызды іске асырғыңыз келсе, қорқыныш пен үрейден қорғанғыңыз келсе, бойыңыздағы қуатты арттырғыңыз келсеқызыл түсті таңдаңыз. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді», – деген пайымдаулар бар.

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Жасыл – Америка мәдениетінде ақшаны ассоциациялайды. Жасыл түсі көп елдерде жастық пен жаңа шыққан көк, өсімдік бейнесімен ассоциацияланады. Мәселен, қазақы танымға сай жасыл мен көк түсі бір-бірінің орынына қолданыла берген. Соған сай жасыл шықты – көктеді, жасыл түсті – көк түсті (Көк түскен жер тақыр-ды. Қыз Жібек); ал, әзірбайжан тілінде йаш деген сөз «дымқыл», «сулы», «көк» деп беріледі түсіндірме сөздікте. Славян халқының танымында жасыл түсі  «зелёный» – өмір мен жастықшақ, белсенділікпен ассоциацияланады екен. Психологияда, бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар деп ұғынылады. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. Жасыл – адамға сенімділік береді. Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін,  достары көп адамдарға тән. Жасыл түсін ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді.   Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады. Жасыл көпшілік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты және жастықты бейнелейді. Жасылдың түрлі реңдері түрліше әсер береді екен: Қою жасыл – суықтық, байлық, кертартпалықты сипаттаса, көк зәйтүн жасылы – татулықты, бейбітшілікті, сарғыш жасыл – тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңкі.

1.3.Түстердің емдік қасиеттері.

Адам түстерді дененің барлық жасушаларына әсер ететін белгілі бір сипаты бар толқындар ретінде қабылдайды. Түстер шоғыры әсерінің күштілігі сондай, ол тіпті адамды өміріне өз септігін тигізе  алады. Көптеген өкпе аурулары көк түспен емделеді. Өкпе санаторийлерінде қабырғалардың көкшіл түске боялуы бекер емес, бұл имунитетті күшейтеді. Қан тамыры аурулары кезінде көгілдір және жасыл түстер қолданылады. Бүгінгі күнгі косметологиялық орталықтар дәрі-дәрмекпен қоса түстермен емдеуді де жүзеге асырады. Безеу шыққанда және бет терісін тарту қажет болғанда қызыл-қызғылт сары түсті жарық түсіру процедуралары жүргізіледі. Егер түсқағаз түсінің Сіздің денсаулығыңызға кері әсер ететінін анықтасаңыз, үйіңізді жөндеуге асықпаңыз. Бір түстің кері әсерін басқа түстің әсерімен басуға болады. Мысалы, қызғылт сары түстің әсерін көгілдір және ақшыл түспен, сарыны күлгінмен, қызыл түстің әсерін жасыл түспен басады. Бөлмеңізге тиісті түстегі сурет іліңіз немесе қандай да бір әшекей қосыңызБарлық жарық дүниеге дайын сезім органдармен жаралады: оның көзі, құлағы, заттарды сипап сезу қасиетін  ие, терісі және т.б.бар. Бұл қоршаған ортаны сезіп қабылдаудың алғы шарттары ғана. Сенсорлық даму толыққанды өту үшін бағытталған сенсорлық тәрбие қажет.

Сенсорлық даму дегеніміз – баланың қоршаған ортадағы заттармен құбылыстарды қабылдау және  түсіну  үрдістерін  дамыту.

Баланың  бойында іс әрекеттерді  қалыптастыру керек, яғни қалыптастыру, сипап сезу, тыңдау және сондай сияқты операцияларға бейімдеу.  Бірақ затты тек қана қарау, сипап сезу, зерттеу аздық етеді. Қажетті – бір затта табылған қасиеттердің басқа заттың қасиеттеріне қатынасын ашу. Ол үшін балаға қасиеттерді салыстыратын өлшегіштер қажет.

Эталон деп аталатын жалпы  өлшеуіштермен қабылдау нәжелерін салыстырады. Бұл геометриялық формалар, салмақ   өлшемі, дыбыс өлшемі, түстер спектрі, ана тілінің дыбыстық жүйесі және т.б жүйелер. Барлық эталондарды бала игеруге тиіс. Сол себепті, алдағы уақытта түстердің реңдерін тиімді пайдалану үшін, төмендегі берілген мәліметті білу қажет:

Қызғылт түсеңбек ету қабілетін жақсартып, көңіл – күйді көтереді. Және де адамның жүйке жұмысын да желдете түседі.

Сары түс ұйқысы қашып, жүйкесі тозған адамдарға жақсы әсер етеді. Адамның тәбетін ашып, ақыл – ойын дамытуға көмектеседі.

Жасыл түс жүрегі ауратын, қан қысымы жоғары және де көзі нашар көретін адамдарға емдік қасиеті бар.

Көк түсасқазаны ауратын адамдарға жақсы әсер етеді.

Көгілдір түстітері аурумен ауратындар кигені абзал.

Ақ түс қорғаушы түс болып табылады. Зиянды энергиялардан сақтайды. Мидың қызметін жақсартады.

Қызғылт түс өкпесі ауратын адамдарға оң әсер етеді.

Қара түс көздің шаршағаның басады.

Қабылдау  үрдісінде ол көру, есту, қозғалу, сипап сезу үлгілерін жинақтайды.  Бірақ, бала қабылдайтын заттардың қасиеттерін сөзбен белгілеу қажет, бұл баланың санасында әр бір затты толық бекітіп, дамытады. Кейін заттардың қасиеттері және  бейнесі балада сол затты атағанда толық еске алынады.

Сонымен, түстің негізгі 8 түрі болады. Қалған түстер бір түсті екінші түс қоспасымен араластырғанда пайда болған түс реңктерінен сипатталады. Сол түстердің көңіл –күйге  әсер етуі де негізгі түстердің сипаттамасына жақын келеді. Заман өзгергенімен түстердің сипаттамасы қазіргі таңға дейін өзгермеген.

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1. Түстердің темпераментке әсері

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден – әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.

Зерттеу әдістері: К.С.Жұмасова «психология» кітабындағы темперамент анықтауға арналған тесті, Г. Айзенк “ Сiздiң темпераментiңiз қандай” тесті, В.М.Русалова «Темперамент типін анықтау »  сауалнамасы және т.б.

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.

Сангвиник тип өкілі қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді.Ұжым арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді  оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады.

Флегматик типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл-күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс-керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

Холерик  типтің өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Меланхолик  темперамент тип өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады.

Сонымен, темпераменттерін анықтау үшін зерттеу жұмысна 100 адам қатысты. Темпераменттерін анықтау үшін Г. Айзенк “ Сiздiң темпераментiңiз қандай” тесті алынды. Нәтижесінде:  сыналушылардың темперамент типі бойынша холериктер -11%, сангвиниктер -44%, флегматиктер -37% және меланхоликтер -8%  құрайды. [Қосымша № 1; А]

Тестілеудің нәтижесіне сүйеніп, әрбір темпераменттің типіне жататын сыналушылардың  ішкі түстері анықталды. Холериктер үшін –қызыл түс, сангвиниктер үшін- сары түс, флегматиктер үшін –жасыл түс, меланхоликтер үшін –көк түс  болып табылады. Сонымен қатар, жылы түстер мен суық түстердің мінез-құлықтарына әсер ететіндігі зерттеу барысында байқалды. Бақылау жұмыс барысында: холериктерге жылы түстердің әсерінен  алаңғасарлық пайда болады, ал суық түстердің әсерінен ұстамдылықтары арттады екен. Сангвиниктер үшін жылы түстер бейтараптандырса, суық түстер салмақытыққа тартады. Флегматиктер болса, жылы түстердің әсерінен зияткерліктері артып, суық түстердің әсерінен керісінше өздерін шектетілген тәрізді сезінеді. Меланхоликтер үшін жылы түстер қарым –қатынастарын құруға септігін тигізсе, суық түстердің әсерінен тұйықталып, өз –өздерін оқшау сезінеді екен. [Қосымша № 1; Б]

2.2. М. Люшердiң түстiк таңдау тестi.

М. Люшердiң  түстiк таңдау тестi. Түстiк таңдау әдiстемесiнiң теориялық негiзi С.Л.Рубинштейннiң тұлғаны организмдiк, индивидуалдық және әлеуметтiк бiрлiк ретiнде қарастыратын концепциясына сүйенедi. Тұлға базисi ретiнде неғұрлым тұрақты эмоционалдық, тұлғалық тенденцияларды бейнелейтiн индивидтiң қасиеттерi алынады.

Бұл  әдiстемесiнiң адаптацияланған қысқаша варианты зерттелушiнiң қандай да бiр әрекетке деген бағыттылығын, функциональды жағдайын, тiптi неғұрлым тұрақты тұлғалық қасиеттерiн бейнелейдi.

М.Люшер тестi психологиялық зерттеулердiң қандай саласында болмасын кеңiнен қолданылады. М.Люшер түстердi таңдау тестiнiң  бiз қолданып отырған вариантындағы түстер /8/ негiзгi және қосымша түстер болып бөлiнедi.

Негiзгi түстерге- көк, жасыл, қызыл, сары түстер: ал, қосымша түстерге-кұлгiн, қоңыр, қара, сұр түстер жатады.

Әдiстеме субьектiнiң түстiк эталондарға деген саналы қатынасын ғана емес, сондай-ақ сол түстерге деген санадан тыс реакцияларын да диагностикалайды. Мұндағы қосымша түстер жағымсыз тенденциялар; қобалжу, стресс, қорқынышты бастан кешiру, депрессия көрсеткiштерi ретiнде сипатталады.

Түстердiң психологиялық сипаттамасына тоқталайық.

  • Көк түс қанағаттануға, терең, жақын қатынас орнатуға деген қажеттiлiктi, аффелятивтi қажеттiлiктi көрсетедi.
  • Жасыл түс-өзiнiң позициясын қорғауға деген, қорғаныс типiндегi агрессивтiлiкке деген, өзiндiк бекуге қажеттiлiктi көрсетедi.
  • Кызыл түс-жетiстiкке жетуге, белсендi әрекетке, қозғалысқа, әр нәрсеге эмоционалды қатысушылыққа деген қажеттiлiк, болашаққа, перспективалық табыстарға деген үмiттi көрсетедi. эмоционалды бастан кешiру мен қарым-қатынас ең қажеттi болып табылады.
  • Кұлгiн түс-реалды шындықтан қашуға деген қажеттiлiк, өмiрге ақиқаттан тыс талаптар қою, субьективтiлiк, индивидуалдық, иррационалдық талаптарға ұмтылу, эмоционалды кемелденбеушiлiктi көрсетедi.
  • Қоңыр түс-қобалжу деңгейiнiң төмендеуiне, психологиялық және денелiк комфортқа деген қажеттiлiктi көрсетедi.
  • Қара түс-қарсылық арқылы тәуелсiздiкке ұмтылу көрсеткiшi және кез келген беделге, сыртқы орта қысымына деген жағымсыз қатынасты көрсетедi.
  • Сұр түс-енжарлыққа деген тенденцияны, тыныштық, демалысқа деген қажеттiлiктi көрсетедi. Субъектiнiң таңдап алған түске деген қатынасын бейнелейтiн функциялар анықталды және оларға мынадай кодировка берiледi [44].

Ең бiрiншi және екiншi қаланған түстер анық қалауды көрсетедi. Бiрiншi позицияда тұрған түс әрекет етудiң негiзгi тәсiлiн, екiншi түс зерттелушiнiң ұмтылатын мақсатын көрсетедi. үшiншi, төртiншi позициядағы түстердi қалап алынған түстер деп атайды. Бұл арқылы заттар мен ситуациялардың әрекет ету тәсiлдерiнiң шын мәнiндегi нақты ситуациялық жағдайы, жәйтi бейнеленедi. Бесiншi, алтыншы позициядағы түстер селқос таңдалған түстер ретiнде белгiленедi.

Бұл түстердiң тұлғаға сол кездегi нейтралды әсерiн көрсетедi. Зерттелушi мотивтерiн, көңiл-күйiн, функционалдық қалпын Бұл түстермен байланыстырмайды. Жетiншi, сегiзiншi позициядағы түстер түске деген жағымсыз қатынасты көрсетедi. Зерттелушiнiң осы түстермен қатысты мотивтердi, көңiл-күйдi басуға ұмтылғаны көрiнедi.

Қобалжу көрсеткiштерi. Егер негiзгi түстердiң бiрi, одан кейiнгi позицияда орналасса, бұл негативтi эмоционалды қалыпты, дискомфортты, өзiнiң қоршаған ортадағы статусына қанағаттанбау сезiмiн, конфликтi көрсетедi. Негiзгi түс 8-позицияларда орналасса, 1-позициядағы түс компенсация көрсеткiшi ретiнде қарастырылады. Калыпты жағдайда компенсация негiзгi түс болуы керек. Егер Бұл жерде қосымша түс тұрса, дискомфорттың тереңдiгiн көрсетедi.

Жұмыс қабiлеттiлiк көрсеткiштерi. Жасыл түс түрлі әрекет барысындағы қиындықтарға  деген ерiк-жiгердiң күштiлiгiн, икемдiлiгiн көрсетедi. Қызыл түс те ерiк-жiгер күштiлiгiн көрсетедi. Сары түс адамның жетiстiкке жетуге деген үмiтiн, әрекет барысындағы кей детальдарды саналы түсiнбесе де әрекетке қатысудан оқыстан қанағат алушылықты көрсетедi.

Бұл үш түс алғашқы позицияда орналасса, жақсы жұмыс қабiлеттiлiк туралы болжамды көрсетедi. Егер бұл үш түс соңғы позицияда болып, бiр-бiрiнен алшақ орналасса жұмыс қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейiн көрсетедi.

Негiзгi түстер арқылы анықталатын индивидуалды-тұлғалық ерекшелiктер:

  1. Көк түс 1-позицияда орналасса, негiзгi қажеттiлiк-аффелятивтi болады, тежелу процестерiнiң динамикалылығы, профотрофты тенденцияның басымдылығы, тәуелдiлiк, сыртқы орта әсерiне сезiмталдық, реакциялар инерттiлiгi, қобалжу, мазасыздық көрiнедi. Конформдылық, шиеленiстен қашу, пассивтiлiк, тез шешiмге келе алмау, рефлексияға деген қабiлет байқалады. Көк түстiң жасыл түспен бiрiге келуi үйлесiмдiлiктi көрсетедi.
  2. Жасыл түс 1-позицияда болса, онда сол тұлғаға тән қасиеттер. енжар қорғаныс реакциялары, сыртқы ортаға жауап берудегi аралас тип, мақсатқа ұмтылудағы табандылық, неғҮрлым нақтылыққа, нақты ғылымдарға деген тропизм, өзiнiң тұлғалық бағалауына деген әлеуметтiк критерийлерге өте сезiмталдық, инерттiлiк, қызығушылықтың, нұсқаулардың тұрақтылығы, бәсекелесуге деген ұмтылыс.
  3. Кызыл түс 1-позицияда орналасса, сол тұлғаға тән қасиеттер: сыртқы ортаға жауап берудiң стеникалық типi, белсендiлiкке деген қажеттiлiк, дербестiк, доминанттылық,  авторитарлық, қызығу, iзденiс белсендiлiгi. Импульсивтiлiк, агрессивтi қылықтар, агрессивтi реакциялар.
  4. Сары түс 1-позицияда болса, онда мынадай қасиеттер тән: сыртқы ортаға жауап берудегi аралас тип, эмоционалдық тұрақсыздық, экстраверттiлiк, оптимизм, инфантилизм, қызығушылықтың тұрақсыздығы, демонстратив тiлiк, шыдамсыздық қасиетi басым болады.

Болжамды дәлелдеу мақсатында біз алдымен сауалнама әдісімен зеттеру жұмысын жүргіздік. Зеттеу барысында түстердің көңіл –күйге әсер етуін, оның  себептерін білеме, жоқпа екендігін анықтау үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, сауалнама құрастырылды. 13-19 жасаралығында -4 сұрақ, 20-35 және 40-60 жас аралығында алты сұрақтан тұратын сауалнама  жүргізілді.  Сауалнаманың нәтежесі түстердің көңіл –күйге әсер етеді ия -74 адам -74%, жоқ – 26 адам – 26%  құрайды. Сонымен түстердің аданың көніл –күйіне әсер етіндігі дәлелденіп отыр. Түстердің әсер ету себептеріне келетін болсақ, сыналушылардың 35% әсер ету себептерінің кейбір түрлерін білсе, 65% керісінше себептерін мүлдем білмейтіндігі анықталды. Осы анықталған мәліметтер негізінде зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Сонымен қатар түстердің жас ұлғайған сайын түстердің талғамы өзгеретіндігіде сауалнаманың нәтижесінен көрініп отыр. Оның себебі, адамдардың қоршаған ортаның пікіріне тәуелді болғандықтан, түстердің талғамын ұнатқанымен оны өздері киім үлгісінде қолдана бермейді.[Қосымша № 2]

Түстердің көңіл –күйге әсерін, емдік қасиетерін анқытау мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің «Психолоиялық ауруханасы» ММ –нің психотерапевті Андрева Тамара Абдеевадан сұхбат алынды. Сұхбат барысында түстердің көңіл-күйге  әсер ететіндігі анықталды. Бірақ психологиялық ауруларға дұшар адамдар ешқандай түстік терапиямен немесе музыкалық терапиямен емделмейтіндігін атап кетті. Олар тек дәрі дәрмектермен емделетінің атты. Түстер психологиялық аруларға дұшар адамдарға көмек бермегенімен, қарапайым адамдардың түстердің үйлестірілуі денсаулықтарын жақсаруға болады.

Тәжірибеде  М. Люшер тесті сыналушылардың темпераменттік типіне сай жүргізілді. Аптасына бір рет сыналушылардан М.Люшер тесті алынып отырды.  Тестке 6 сыналушы қатыстырылды, алынған тестілеуден кейін сыналушымен әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Осы тестілеудің  нәтижесі бойынша, түстердің әсер ету себептері тұлғаның өзiндiк сана-сезiмiне, жас ерекшелігіне, мінез-құлқына, қоршаған ортада болып жатқан жағдаятқа, ұлттық  ерекшелiктерiне, түстерді үйлестіре алуына тiкелей  байланыстылығы анықталып отыр.  

2.3. Түстердің іс-тәжірибедегі тиімділігі.

Іс –тәжірибе жұмысы  10 «а» сынып оқушыларымен жүргізілді. Тәжірибеге барлығы 27 оқушы қатыстырылыды. Іс –тәжірибеде түстердің тиімділігін анықтау үшін біз күнделікті сабақ уақытында гүлерді әр парталарға қойып, сабақ бойы оқушылардың іс –әрекетін бақылап отырдық. Сабақтың соңына қарай, оқушылардан сауалнама алынып отырды. Алынған сауалнаманың нәтижесіне келетін болсақ, суық түстер адамның эмоцияларын қорқыныш, шалдығу, үрей сезімдерін тудырса жылы түстер адамдардың көңіл күйлерін қуанышқа,  қығушылықтарын арттыратыны анықталып отыр. Сондай-ақ бөлмені немесе стендтерді безендіргенде көп түстерді қолданылуы  және дұрыс үйлестірілмеу кешілігі зейіннің шоғырлануына және берілген мәліметті толық есте сақтауға кедергі келтіретіні іс –тәжірибе барысында анықталды. Өткізілген іс –тәжірибе жүргізу барысында қысқа алынған мәліметтер келесідей:

Қызыл түс – белсенділік пен өмірге құштарлықты арттырады. Көшбасшылыққа ұмыталдырады. Өз құқығыңыздың тапталмауына септігін тигізеді. Аса көп мөлшерде немесе жалғыз өзін қолданғанда кері әсеріде байқалады.

Кері әсері: Басқыншылық сезімі мен қозу, есеңгіреу мен ашушаңдыққа әкеп соғады. Тым көп қызыл түс адамды құмарлыққа итермелейді, қатігездік пен қырсықтық сезімін өршітеді.

Ашық көк – физикалық және әділдік тұрғыда босаңсуға әсер етеді. Қауіпсіздік әсерін арттырады. Жаңашылдық түсі болып табылады.

Кері әсері: ашық көк түстің молдығы меланхолияға, енжарлыққа, безушілік пен тұйықтыққа әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, шаршау мен ашушаңдық шақырады.

Жасыл түс-өз-өзін сыйлау, табандылық, тұрақтылық белгісі ретінде көрінді. Өз-өзімен шынайы адамның болмысына негізделеді.

Кері әсері: эгоизм мен қызғаныш тудырады. Сонымен қатар, кей кейде адамның өзіне сенімділігін бәсеңдетеді.

Сары түс – ой әрекетіне жақсы әсер етеді. Шамалы әлдендіріп, интеллектуалды жұмыста көмектеседі. Жаңа идеялар мен адамдардың көзқарасын оң қабылдауға жәрдемдеседі. Шабыт пен рақымшылық сезімін арттырады.

Кері әсері: Әлсіздік пайда болуы мүмкін. Сары түс мол кеңседе ұзақ отыру бас ауруын туғызуы мүмкін. Аса қанығу жүйке жүйесін жұқартып, агрессия мен мазасыздық тудырады.

Жұмыс орнындағы керекті құралдар мен жабдықтардың  сәйкес түспен рәсімделуі немесе безендендірілуі адамның көңіл –күйіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. [Қосымша № 3]

Қорытындылай кетсек, адамның өміріне оның психикалық және физикалық күйіне түстің әсері үлкен.

Қорытынды.

Тәжірибеде адамның түске деген психологиялық әсерін ескеру қажет. Адам қабылдайтын түс сырттай оның басқа да сезімдеріне әсер етеді. Мысалы, қатты акустикалық қоздырғыштарды тиісті түс қоздырғыштарымен басуға болады. Қатты, шаңқиған шу сарғыш-жасыл, сұр-жасыл, сазды-жасыл немесе қара қоңыр түске боялған бөлмеде сабырмен қабылдануы мүмкін. Қатаң күрілдегіш шуды бөлмені сарғыш бояумен бояп бәсеңдетуге болады. Бірдей жағдайда жұмыс істейтін әртүрлі адамдар өздерін  ашық күні  бұлтты күнге қарағанда көңілді сезінеді. Осыған қарамастан көптеген өнеркәсіпте бөлменің төбесі ойланбастан сұр-ақ түске, ал қабырғалар былайша айтқанда піл сүйегі түсіне боялған. Мұндай бөлме сұр болып көрінеді. Онда өзіңді  бұлыңғыр тұманды күндегідей сезінесің. Балалар  бөлмелерінде күн мен орманды елестететін, мысалы сары охра мен ашық жасыл шөп, қызыл сары мен сары-жасыл түстердің үйлесімін қолданған жөн.

Жүргізілген тәжірибелерге келетін болсақ, түстік қатынас қалыпты, гармониядағы орта өзіне тартады, шығармашылық атмосфера тудырады, сабырлылық береді және адамның арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. Түс адамның психоинтеллектуалдық жай-күйіне әсер етеді. Түстер адамның логикасына емес, сезімдеріне әсер етеді, толығырақ:

– психологиялық реакция тудырады: сапаны, көңіл-күйді, айқын көрсетеді; жылы немесе суық орта тудырады.

Түстердің адам қабылдауына немесе оның психикалық жай-күйіне әсерін швейцариялық психолог Макс Люшер тестінің негізінде жүргізілген жұмыстарға сәйкес, белгілі бір анықталған түс адамда анықталған эмоциялар тудырады. Мысалы, сары-қызыл тондар белсенділік, қозғыштық, алаңдаушылық сезімдерін тудырады. Көк, сұр түстік тондар, керісінше, демалдырады, сабырлық сезіміне алып келеді.

Қорыта айтқанда, түстердің көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін, бөлмені безендіруде, жұмыс орынын,  киім үлгісін үйлесімді тандауда, адамның  мінез-құлық ерекшеліктерін ескеріп, оны алдағы уақытта тиімді пайдалана қажет.

 

Ұсыныс

Түстер үйлесімділігінде басты мынадай қағидалар бар:

  • Образыңызда кем дегенде, 4 түс болсын. Тек бір түспен киінсеңіз, бейнеңіз ашылмайды. Ал 4 түстен артық түспен киінер болсаңыз, тотықұсқа не сайқымазаққа ұқсап қаласыз.
  • Киіміңізде міндетті түрде негізгі бір түс болу керек, қалған түстер қосымша рөл атқарғаны дұрыс.
  • Қара, ақ түстер – әмбебап түстер болып саналады. Яғни, барлық түспен жараса береді деуге болады. Сондықтан, бұл түстерді көбінесе негізгі түс ретінде таңдайды. Образды ашу үшін түрлі аксессуарлар көмекке келеді. Ақ түс бәрімен жарасады. Әсіресе, көк, қызыл, қара түспен үйлеседі. Ал қара бәрінен де сарғылт, алқызыл, ақ, қызыл, сары түстермен жақсы жарасады.

Енді басқа түстердің қандай түстермен сәйкес келетінің айтып өтейік:

  • Сарғыш (ақшыл сары) түс көгілдір, қызыл қоңыр, изумруд, қара, қызыл, ақ түстермен келеді.
  • Сұр түс фуксия, қызыл, күлгін, алқызыл, көк түстермен жақсы жарасады.
  • Алқызыл түс қызыл қоңыр, ақ, сұр, көгілдір ақық түстермен жарасым таппақ.
  • Фуксия (күңгірт алқызыл) түс сұр, қызыл қоңыр түстермен үйлеседі.
  • Қызыл түс сары, ақ, жасыл, көк, қара түстермен жарасады.
  • Томат қызыл түсті киімді көгілдір, құм түс, сұр түстермен киіңіз.
  • Сарғылт түс көк, көгілдір, қызғылт (лиловый), күлгін, ақ, қара түстермен үйлеседі.
  • Сары түс көк, қызғылт, ақшыл көгілдір, күлгін, сұр, қоңыр түстермен жақсы кетеді.
  • Жасыл түс сарғылт, сары, сұр, қара түстермен жарасады.
  • Көгілдір түс қара, сұр, қызыл қоңыр, сарғылт, алқызыл, ақ, сары түстермен үйлесім таппақ.

Қосымшалар.

Қосымша №1

Қосымша А

Тест

“ Сiздiң темпераментiңқандай”

(Г. Айзенк)

Нұсқаулық: 57 сұрақа жауап берiңдер, сендердiң тәртiптерiң және сезiм ерекшелiктерi туралы. “+” белгiнi ия, “_” белгiсi жоқ  деген жауаптарға қойыңыз. Ойлауға көп уақыт жiбермендер, бiрден жауаб берiңдер. Барлық  сұрақтарқа жауап беру керек, бұнда жақсы немесе жаман жауап болмайды. Бұл сендердiң қабiлеттерiне сын емес, тек тәртiп тәсiлдерiнiң ерекшелiктерiн анықтау.

Қосымша Б

 

Темеперамент (ішкі түсі) Мінез –құлқының басты сипаты Сыртқы түстердің әсері
Жылы түстер Суық түстер
Холерик (қызыл) Ұстамсыз, шапшаң, қызба Алаңғасар Ұстамды
Сангвиник (сары) Ақ көңіл, қайырымды, позитивті Бейтарапты Салмақты
Флегматик (жасыл) Баяу, байсалды, төзімді Зияткерлік Шеттету
Меланхолик(көк) Тұйық, өте баяу, ұялшақ Қарым –қатынас құру Тұйықталу, өз –өзіне оқшаулану

Қосымша №2 «Саулнама нәтижесі»

Сауланма сұрақтары:

1) Сіздің көңіл күйіңізге түстердің түрлері әсер етеме?

а) ия

б) жоқ

2) Сіздің ұнататын түсіңіз ?

а)Қара

ә)Ақ

б)Қызыл

в)) Қоңыр

г)Сары

д)Жасыл

е)Сұр

ж) көк

з) басқасы:

3) Түстердің әсер ету себептерін білесізбе?

а) ия

б) жоқ

4) Жас өзгерген сайын түстердің талғамы өзгеруі мүмкінбе?

а) ия

б) жоқ

5)  Балалық шақтағы сүйікті түсіңіз?

а)Қара

ә)Ақ

б)Қызыл

в)) Қоңыр

г)Сары

д)Жасыл

е)Сұр

ж) көк

з) басқасы:

6) Қазіргі танда  ұнататын түсіңіз?

а)Қара

ә)Ақ

б)Қызыл

в)) Қоңыр

г)Сары

д)Жасыл

е)Сұр

ж) көк

з) басқасы: 

Сіздің көңіл –күйіңізге түстердің түрлері әсер  етеме?

Түстердің әсер ету себептерін білесізбе ?

Жас өзрерген сайын түстердің талғамы өзеруі мүмкінбе? 

Сіздің сүйікті түсіңіз? 

Қосымша №3                                                Сауалнама

  • Қандай көңіл күйде болдыңыз?

_________________________________________________

  • Осы түс сабақ барысында қандай сезімде болдыңыз?
  1. Қызықты
  2. Қуанышты
  3. Танқалу
  4. Реніш
  5. Ызалану
  6. Ұялу
  7. Қорқыныш
  8. Шалдығу
  • Түстің сізге әсер ету себеі неде? Толықтырыңыз:

­___________________________________________ 

Түстер Эмоциялар
Қызықты Қуанышты Танқалу Реніш Ызалану Ұялу Қорқыныш Шалдығу
Сұр 6 4 2 27 1 18 12 53
Көк 27 4 2 27 5 13 15 25
Жасыл 26 10 26 13 8 19 8 7
Қызыл 16 52 23 4 55 4 17 2
Сары 20 24 56 1 9 12 15 1
Күлгің 5 12 14 12 6 16 7 12
Қоңыр 10 8 3 14 4 17 3 23
Қара 10 2 2 22 38 13 43 24

 Түстердің  түсі адамдарға әсер етуі 

Түстің әсері Пульсі, дем алу ұзақтығы Реакция жылдамдығы
Қызыл +45 +3
Сары +26 +2
Жасыл +7 0
Көк -5 -2
Қара -12 – 15

 

You May Also Like

Бөдене жұмыртқасының пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы:                               Бөдене жұмыртқасының пайдасы Бағыты:                                   «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050…

Құрт–қазақтың ұлттық тағамы және оның пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Құрт – қазақтың ұлттық тағамы  және оның пайдасы Орындаушы: Дәулет  Зарина  3…

«Армандап өткен ғұмыр» (Зордан Салықбаевтың өмірі мен шығармашылығы негізінде), ғылыми жоба

3.Тақырыбы: «Армандап өткен  ғұмыр» (Зордан Салықбаевтың өмірі мен шығармашылығы негізінде) Жалағаш ауданы…

Асылды тот баспайды, ғылыми жоба

Тақырыбы: Асылды тот баспайды Мазмұны Аңдатпа……………………………………………………………………………………………………..3 Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4 Түркі әлеміне ортақ ұлы тұлға……………………………………………………………….5…