Ғылыми жоба тақырыбы:

«Шаңның адам ағзасына зияны»

Мазмұны:

І. Кіріспе 

ІІ.Негізгі бөлім

  • Шаң деген не? 
  • Шаңның адам ағзасына зияны 
  • Шаңмен қалай күресуге болады?

 

  • Сауалнама нәтижесі

І. Кіріспе

Қазақ халқы: «Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық»-деген. Денсаулық-табиғаттың берген теңдессіз сыйы, тек ол мәңгілік емес, сондықтан оны сақтау қажет.

Біреулер денсаулықты әсемдікпен, әдемілікпен байланыстырады. Енді біреулер үшін денсаулық — күш-қуат, ерік-жігер, салауатты ой сана. Тағы бір топ ағзадағы сырқат белгілерін айта бастайды. Шындығында, біздің денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс-тіршілігімізге тікелей байланысты.

Таза ауа денсаулық кепілі. Біз жүрген жерлердің ауасы таза болуы шарт, үйде біз  уақытымыздың 10-15 сағатын өткіземіз, ал балалар мен қарттар көбінесе үйде болады. Осы жоба аясында мен үйдегі, мектептегі сынып ауасы туралы және сұрақтарға жауап бергім келді: «Үйдегі, сыныптың ауасы қаншалықты таза?», «Тазалық шаралары қаншалықты сапалы?», «Шаңға деген ғалымдардың пікірі» және «Достарым мен сыныптастарымның шаңның зиянды жақтарын біле ме?».

Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады. Ауаның құрамындағы оттегі алдымен өкпеге барады. Одан қанға сіңіп, бүкіл ағзаға тарайды. Өкпе бейне сүзгі сияқты ауа құрамында түтін, шаң-тозаң болса, тұтып қалады. Зиянды заттары бар ауамен тыныс алған адамның жұмысқа қабілеті кемиді. Тез шаршап қалады. Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады.

Осы тақырыпты зерттеуде басты мақсатым, шаңның адам ағзасына зияндылығын қарастыру.

Жұмыстың өзектілігі, шаң адам ағзасына өте зиянды. Шаңның құрамында көптеген улы заттар мен ауыр металдар бар, тұрмыстық шаңды жұту арқылы біз денсаулығымызды бұзамыз. Дені сау адамға әсері қатты болмаса, қарт адамдар үшін өте қауіпті. Жоба аясында жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Шаң деген не?

Шаң –ауадағы қатты бөлшектердің жиынтығы. Шаңның қаншалықты зиянды болатыны құрамына байланысты. Шаң бөлшектері неғұрлым ұсақ болса, олар солғұрлым ауада және адамның өкпесіне енгенде өкпенің ең терең бөліктерінде ұзақ сақталады.

Шаңның түрлері келесідей болады:

Шаң ауада ұзақ сақталады. Оны күн түскенде көруге болады немесе қара түсті заттардың үстінен жақсы көрінеді (1 сурет). Шаң адамдар мен үй жануарлары  қимылы арқылы ауаға көтеріледі, қимыл басылғанда басылады.

Сонымен қатар шаңды микроскоп арқылы көруге болады. Ол үшін бір қағаз бен лента болса жеткілікті.

Шаң – ның құрамында жоқ не! Тұрмыстық шаң әр түрлі шыққан бөлшектердің ондаған, тіпті жүздеген түрінен тұрады. Шаңның үштен бір бөлігі минералды бөлшектерден, 20% – өлі тері үлпектерінен тұрады. Біз өлі жасушаларды үнемі тастаймыз, және адам өмір бойы орта есеппен 18 келіге жуық өлі жасушадан айырылады. Тағы 12-15%-ең ұсақ тоқыма талшықтары. Олардың көзі – кілемдер, перделер, біздің киімдер, тұсқағаздар, жұмсақ ойыншықтар, диван мен креслолардың қапталуы. Үйде мұндай заттар неғұрлым көп болса, соғұрлым көп шаң пайда болады. Тұрмыстық шаңның 7-10% тозаң, көгеру споралары және басқа өсімдік бөлшектері. Қалғандары – басқа шаң бөлшектерін бір -біріне жабыстыратын және тазартуға жол бермейтін микроскопиялық май шарлары, егер сізде бар болса, үй жануарларының шашы, сонымен қатар көптеген микроорганизмдер мен ұсақ жәндіктер.

  • Шаңның адам ағзасына зияны

Шаң адам денсаулығына зиян ба? Зиян десеңіздер, мен толық келісемін. Бірақ сөйте тұра адам таза ауамен тыныс ала алмайды. Адамзат баласы  осындай ортаға бейімделген. Сондықтан тыныс алуы үшін кішігірім шаң бөлшектері қажет.

Шаңның адам денсаулығы мықты адамға айтарлықтай зияны жоқ. Тек шаңның құрамында одан қорек алатын ұсақ жәндіктер болмаса. Алайда, өндіріс орындарының (2 сурет) шығаратын шаң-тозаңы барлық адам баласына қауіпті.

Шаң жәндіктері- кілемдерде, дивандарда және жұмсақ төсектерде тіршілік етеді. Олар өте ұсақ болғандықтан адамға зиян келтіре алмайды, бірақ әртүрлі аллергиялық реакция бере алады.

Күнделікті шаңмен тыныс алған жағдайда тыныс органдарына (мұрын, бронх, аллергиялық реакция, кеңірдек), бастың ауруы, көздің ашуы зиян келуі әбден мүмкін. Ауада шаң туберкулез, бронхы тағы басқа ауруларға да себеп болады.

Бірақ ғалымдардың таңғаларлық зерттеулерінің нәтижесінде шаңның адам денсаулығына  пайдасы да бар екенін дәлелдепті. Ол біздің иммундық жүйемізді күшейтеді екен. Олар ата- аналары мен балалары тұратын пәтерде зерттеу жүргізген.Үйде аз шаң  болған сайын балаларда аллергия жиі пайда бола бастаған. Сондықтан дәрігерлер балаларды тым стириленген аймақта ұстамауға кеңес береді.

Бұдан менің түйгенім, шаңның өзі зиян емес. Сондықтан мектеп сыныптарындағы  шаңның шығуын зерттеу қажет.

2.3 Шаңмен қалай күресуге болады?

Тұрақты түрде үйді шаңсорғышпен тазалап отыру қажет. Тіпті микроскопиялық шаң бөлшектерін ұстауға қабілетті HEPA сүзгісі бар шаңсорғышты қолданған дұрыс (3 сурет). Шаңсорғыштағы фильтрлердің жұмысын жақсы орындауын қамтамасыз ету үшін оларды үнемі ауыстырып тазалап отыру қажет. Және жұмсақ жиһазды тазартып алуды ұмытпаңыз.

Тұрақты дымқыл тазалау. Ылғал шүберекпен қаруланыңыз (щетка тек бұрыштардағы шаңды тазартады) және еденді жуыңыз.

Заттарды шаңнан тазалаңыз. Ылғал микрофибра шүбірекпен (4 сурет) (жуғыш зат қосылмайды) сөрелерден, шкафтардан және басқа жиһаздардан шаңды жинауға көмектеседі. Егер микрофибра болмаса, мақта мата жасалған шүберекті қолданыңыз. Тек олдымқыл болуы керек.

4 сурет, фибра шүбіректер

Электр құрылғыларын тазалаңыз. Бұл құрылғылар отқа төзімді және басқа зиянды заттарды бөліп шығаруы мүмкін, сондықтан оларға шаңның жиналуына жол бермеңіз.

Бала қозғалатын және ойнайтын жерлерді өте мұқият тазалаңыз. Әрине, Сіз баланың шаңнан дәм татқанын қаламайсыз.

Мүмкін болса, үйге жихаз ретінде табиғи материалдарды таңдаңыз – ағаш, жүн, мақта және т.б.

Аяқ киімді есік алдында қалдырыңыз.

  • Сауалнама нәтижесі

Осы жобада мен, достарым мен мектептегі оқушылардан сауалнама алуды жөн көрдім. Сауалнамаға 40 адам қатысты.

Біріші сұрақ, «Шаң адам ағзасына зиянды жақтарын білесіңдер ме?» сұрағы қойылды. Нәтижесі:

Келесі сауалнама сұрағы:

  • Мектепте екінші аяқ киім қажет пе?
  • Үйді, сыныпты шаңнан тазарту қаншалықты маңызды?
  • Сен үйде, сыныпта шаң тазату ісіне қатысасың ба?

Сауалнама  қорытындысы:

  • 38% екінші аяқ киім қажет деп санайды.
  • 29% ғана жинау жұмыстарын жүргізу керек деп санайды.
  • 79 % ия деп жауап берді.

ІV Қорытынды

Кіші жобаның қорытындысы: шаңның жиналуы табиғы құбылыс, алайда оның жиналуы үйдегі адамдар мен үй жануарларының санына байланысты екен. Шаңды тазарту өз қолымызда. Үйімізде, мектеп сыныптарында  жиі- жиі ауасын тазарту, шаңды сүртіп отыру керек.

Шаңның адам денсаулығына теріс әсері  жайлы, оның түрлі ауруларды асқындыруға әкеп соғатынын білдім.

Зерттеу және сауалнама  жұмыстарды жүргізу барысында мен бірнеше кеңестерін ұсынамын:

  • Үй бөлмелері мен сыныптарды жиі- жиі тазалау;
  • Үй бөлмелері мен сыныптың ішін жиі ылғалдандыру;
  • Мектепке екінші аяқ киім алып бару;
  • Үйде және мектепте жүгірмеу.
  • Достарым мен сыныптастарымның арасында осы бағыта жұмыс істеу керегін.

Жобаның болжамы борйынша, шаңның адам ағзасына  зиян екені дәлелденді.

Ұсыныс: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді биология, дүниетану, өлкетану сабақтары мен тәрбие  сағаттарда қолдануға болады.

«Шаңның адам ағзасына зияны»

тақырыбындағы ғылыми жұмысының зерттеу күнделігі 

Мерзімі Жұмыс мазмұны Зерттеу әдістері Ескерту
1 Маған ұстаз тарапынан бірнеше ғылыми жұмыстың тақырыбы ұсынылды Тақырыптаңдау Өзекті тақырыпты таңдау
2 «Шаңның адам ағзасына зияны» тақырыбы бойынша материалдар іздеу үшін  тапсырмалар берілді. Материалдар іздеу
3 «Шаңның адам ағзасына зияны» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстың жоспарын құрдым Жоспарқұру
4 Ұстазым ғылыми жұмыстың ережелерімен таныстырды Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу
5 Жинаған мағұлматымды  қайтадан қарап, оқып шығып, ұстазыма көрсеттім. Әңгімелесу, ұстазбен сұхбаттасу
6 Бүгін кіріспе  бөлімді бастап жаздым.

Жоспар құрдым, зерттеу бөліміне «Ұлы дала заңдарындағы әділдік мағынасы» туралы қызықты мәліметтерді іздей бастадым.

Жинақтау, саралау
7 Интернет желісінен  өзіме керекті  мағлұматтарды  іздедім. Ұлы дала заңдарындағы әділдік мағынасы туралы ақпараттарды кітапханадан барып оқыдым. Тақырыпқабайланыстымәліметтеріздеу
8 Кітапханаға барып мәлімет таптым.

Газет беттерінен көптеген құнды ақпараттарды алдық

 

Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу
9  Жаңа мәліметтерді жоспар бойынша негізгі бөлімге  кірістірдім.

 

Тақырыпқабайланыстымәліметтеріздеу
10 Қорытынды бөлімді  компьютерге жаздым. Зерттеу бөліміне көптеген жаңа тың идеялар тауып көрсеттім, дәлелдедім. Қорытындыбөлімді  компьютергежаздым.
11  

 

Қағаздарымды шығарып мектепшілік ғылыми жобаларға дайындала бастадым. Ғылыми жобама пайдаланылған әдебиеттерден сілтеме жасадым. Баяндау, оқу, мазмұндау
 

12

 

 

Ұстазым екеуміз бірге отырып  компьютер арқылы презентация құрдық. Слайд жасау
13 Ұстазым маған жобаның күнделігін толтыруды үйреттті Күнделік толтыру

 

Атқаратын жұмыс тізімі Мерзімі Жетек-ші қолы Нәтижесі
1 Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу «Шаңның адам ағзасына зияны» тақырыбындағы зерттеу жұмысы бектілді
2 Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.
3  Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, тың деректермен, іс-құжаттармен жұмыс жасау,

олардың ішінен қажеттілерін іріктеу

 

Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.
4 Ғылыми жетекшіден кеңес алу  Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.

 

You May Also Like

Карамельді алма тәттісі -бүгінгі күн сұранасы, жаңа өнім, ғылыми жоба

Тақырыбы: Карамельді алма тәттісі -бүгінгі  күн  сұранасы, жаңа өнім.  Авторы:7 «Б» сынып…

Сағыздың денсаулыққа пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Сағыздың денсаулыққа пайдасы мен  зияны Бағыты:       Медицина Секциясы:   Биология Жетекшісі: Жумашова Зауре…

Қымыздан жасалған балмұздақтың адам ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қымыздан жасалған балмұздақтың адам ағзасына пайдасы» Секциясы: медицина, биология АННОТАЦИЯ Секция:…

Күн энергиясы дәстүрлі емес энергия бағыттарының бірі, ғылыми жоба

Тақырыбы:  «Күн энергиясы дәстүрлі емес энергия бағыттарының бірі» Бағыты: Жас ғалым Секциясы:…