Тақырыбы: Карамельді алма тәттісі -бүгінгі  күн  сұранасы, жаңа өнім. 

Авторы:7 «Б» сынып оқушысы

Пікір

Бұл жұмыста   карамельді алма жемісінің  бүгінгі күнде сұранысы жоғары,жаңа өнім ол адам денсаулығына пайдалы және оның тағамдық ерекшеліктері мен емдік қасиеттерін толық сипаттады.

Алма жемісі және одан жасалған  карамельді алма  тәттісі,құнды тағам дастарқанның сәнін келтіріп, адамның тәбетін ашады, дәруменге бай.Алма оранатын қант (сахароза) – көмірсуға жататын дисахарид. Оның ең басты рөлі – организмнің күш қуатын сақтау, яғни негізгі энергия көзі. Ол – асқазан мен ішек жолында глюкоза мен фруктоза молекулаларына өте тез ыдырайды. Қант адамның бұлшықеттерін және бауыр, жүрек еттерін қоректендіретін глюкоген түзу үшін қажет. Сондай-ақ қант орталық жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін де керек. Сыртқы әдемілігіне қызығып балалар көп жейді,зиянды тәттілерден аздап болсын шеттейді.Алдағы уақытта сұраныс көп болса кішкене цех ашып жемістердін түрлерің карамельдеп жаңа өнім шығаруға  болады.Бұл ұсынып отырған ғылыми жобаның зерттеу нәтижелері практикалық маңызға ие.

Пікір жазған:

Биология пәнінің мұғалімі                                      Кусаинова К.А.

Мазмұны

 

  1. Кіріспе бөлім—————————————————————- 3

II.Әдебиетке шолу————————————————————3

2.2 Карамельді алма жемісінің адам денсаулығына пайдасын және оның тағамдық ерекшеліктері мен емдік қасиеттеріне сипаттамасы..——4

III. Негізгі зерттеу бөлімі.

3.1. Карамельді алма тәттісің балаларға тигізер пайдасы,басқа тәттілерден артықшылығы. .—————————————————————–6

3.2.Карамельді алманы жасау технологиялық картасы—————–7

3.3.Карамельді алма жеміс тәттісінің  биологиялық заттарға әсері—15

3.4. Алма құрамына тәжрибелер.———————————————17

  1. Қорытынды бөлім———————————————————- 21

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты:Алма  құрамындағы биологиялық әсерлі заттармен танысу алма жемісінің ғажайып қасиеттерін анықтай отырып оны карамельді алма тәттісімен алмастырып,оны тұтынушылар,қызығушылар қатарын көбейту.Карамельді алма тәттісі-бүгінгі күн сұранысы,жаңа өнім екенің насихаттау.

Зерттеу кезеңдері:

1.Проблеманы қою,зерттеу тақырыбын белгілеу,зерттеу мақсатымен міндетін тұжырымдау;

2.Зерттеу гипотезасын қою;

3.Зерттеудің практикалық бөлімін өткізу;

4.Зерттеу нәтижелерін өндеу;

5.Зерттеу нәтижелеріне талдау жасау;

6.Қорытынды жасау;

7.Зерттеу нәтижелерін безеңдіру;

Зерттеу әдістері:әдебиет көздеріне талдау жасау,бақылау,талдау,салыстыру.

Гипотеза: Егер алма жемісінің тағамдық құндылығы мен шипалық қасиеттері оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттарға бай екенің біліп  оны карамельді алмамен алмастырып түтынушылар қатарын көбейту.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы: карамельді алма тәттілерің пайдалану адам ағзасына пайдалы. Балалар зиянды тәттілерді аз жейтің болады және қол жетімді. Бүгінгі күн сұранысы,жаңа өнім.

Жұмыстың практикалық маңызы:Алма жемісі және одан жасалған  карамельді алма  тәттісі,құнды тағам дастарқанның сәнін келтіріп, адамның тәбетін ашады дәруменге бай.Алма оранатын қант (сахароза) – көмірсуға жататын дисахарид. Оның ең басты рөлі – организмнің күш қуатын сақтау, яғни негізгі энергия көзі. Ол – асқазан мен ішек жолында глюкоза мен фруктоза молекулаларына өте тез ыдырайды. Қант адамның бұлшықеттерін және бауыр, жүрек еттерін қоректендіретін глюкоген түзу үшін қажет. Сондай-ақ қант орталық жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін де керек. Қант глюкозаға ыдырауы арқылы зат алмасу үдерісіне қатысады. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Сонымен қатар  отбасының шаруашылық экономикасының артуына көмегі тиеді,тиімді,арзан.  

  1. Кіріспе бөлім

Зерттеу жұмысының өзектілігі.Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету өте күрделі және өзекті мәселенің бірі. Бұл да еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі. Азық-түлік қауіпсіздігі – қай елдің болса да тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл-ауқатының артуының кепілі. Яғни, халықтың лайықты өмір сүруі оған қажет сапалы, қауіпсіз тамақ өнімдерін пайдаланумен өлшенсе керек. Сондықтан біздің күнделікті тұтынып жүрген тағамымыздың сапасы сіз бен біздің денсаулығымыз. Өйткені сапалы ас адамның дұрыс өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.Кәзіргі дүкендерде сатылып жатқан әр түрлі тәттілер құрамында ағзаға зияны бар немесе пайдасызыз (чупа –чупс,әр түрлі таяқшамен карамельдер).сондықтан мен осы жобамда карамельді алма тәттісің ұсынып отырмын.Бұл тәттілерде алма толығымен дәрумендерің сақтап тұрады тек сыртын глюкоза қант ертіңдісіңе шалып оған табиғи бояу (шие конц)қосып балалардың осы тәттіге қызығушылығын артырамыз.Балаларқызығып жеп ағзасына дәрумендермен толықтырады.Балалар алманы көп жегілері келмейді сондықтан оны әр түрлі тәтті ертіңділерге сылап,жаңғақ, коккос үнтақтарымен әшекейлеп ұсынатын болсақ әр баланы қызықтырады.Шет елдерде балалар тамақтанатын жерлерде осындай карамельдер ұсынылған.Біз де карамельді алмамызды ұсынсақ балалар қызыға жейтініне еш күмәніміз жоқ.

Карамельді алма –тиімді, сапалы,экологиялық таза,дәруменге толы  тамақ (оның биохимиялық құрамы) – көптеген аурудан сақтандыратын, олардың алдын алатын қуатты фактор болғандықтан да, адам денсаулығы мен өнімді еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді. 

Зерттеу жұмысының мақсаты:

  1. Медициналық тұрғыдан адам денсаулығына маңыздылығын анықтау (тағамдық құндылығы, емдік қасиеттері).

2.Алма  құрамындағы биологиялық әсерлі заттармен танысу алма жемісінің ғажайып қасиеттерін анықтай отырып оны карамельді алма тәттісімен алмастырып,оны түтынушылар, қызығушылар қатарын көбейту, пайдасын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Алма жемісін карамальды алма тәттісімен алмастырып адам денсаулығына пайдасын және оның тағамдық ерекшеліктері мен емдік қасиеттерін көрсету.
  2. Тамақтану мәдениеті, тағамның сапасы, сақталу мерзімдері, кулинарлық өңдеу ережелерін сақтау туралы көзқарас пен дағды қалыптастыру.
  3. Санитарлық-гигиеналық дағды мен салауатты өмір салтын ұстану.
  4. Алма туралы кітаптар, ақпарат желі көздері,оқулықтар және зерттеулермен танысу.

Зерттеу әдістері:әдебиет көздеріңе талдау жасау,ақпарат көздері интернет желісі,бақылау, талдау,салыстыру.

Зерттеудің болжамы:

Егер алма жемісінің тағамдық құндылығы мен шипалық қасиеттері оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттарға бай екенің біліп  оны карамельді алмамен алмастырып түтынушылар қатарын көбейту

Зерттеудің ғылыми  жаңашылдығы:

карамельді алма тәттілерің пайдалану адам ағзасына пайдалы.балалар зиянды тәттілерді аз жейтің болады.

Жұмыстың практикалық маңызы: Алма жемісі және одан жасалған  карамельді алма  тәттісі,құнды тағам дастарқанның сәнін келтіріп, адамның тәбетін ашады дәруменге бай. Сонымен қатар  отбасының шаруашылық экономикасының артуына көмегі тиеді;

Ең негізгісі мұндай істі бастаған адам кейін осы өнімдерді көптеп жасап пайда табуға болады, қазіргі маңызды мәселелердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, денсаулықты сақтауға және табиғатты қорғауға үлесін қосар еді.

III.Негізгі зерттеу бөлімі

Карамельді алма тәттісің балаларға тигізер пайдасы,басқа тәттілерден артықшылығы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, қан айналымы жүйесінің аурулары және қант диабетінің зардабы мемлекеттің әл-ауқатының басты көрсеткіштерінің бірі – ішкі жалпы өнімді 7 пайызға дейін азайтады екен.

Сонымен қатар, басты назарға алатын жайт: аталған қауіп-қатері мол, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан болатын өлімді итервенциялық кардио-хирургиялық әдістер тек 7 пайыз кемітсе, ал дұрыс тамақтану тәсілдерін қолдану 24 пайыз азайтады. Оған жалпы холестеринді, май қышқылдарын тұтынуды азайту арқылы қол жеткізіледі. Ол үшін жеміс-жидектер мен көкөністерді тұтыну қажет. Ал темекі шегуден бас тарту өлім-жітімді тек – 12, дене белсенділігін арттыру 5 пайыз ғана төмендетеді.

Жалпы, ДДҰ мәліметтері бойынша, әлем халықтарының өлім-жітімінің 60 пайыздан астамы дұрыс тамақтанбауға тікелей байланысты. Сондықтан бірде-бір мемлекет халықтың сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттан-дырмай, қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігі туралы айтуы оңайға соқпайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін шешуде, адам организмін жақсартып, денсаулығын нығайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға, сүт және ет өнімдерімен қатар, тағамдық құндылығы мен емдік қасиеті мол жеміс-жидектер және көкөністік дақылдарды да көптеп өсіріп, тиімді пайдаланудың болашағы зор. Солардың қатарына тағамдық өсімдік ретінде алма да жатады.

Сонымен қатар, адам организмі қоршаған ортаның жағымсыз факторлары-ның әсеріне үнемі кездесіп отырады. Көптеген зиянды заттардың бірлескен әсерінен организмнің ішкі ортасы өзгеріп, ондағы қалыпты биохимиялық үрдістер бұзылады. Зақымдаушы факторлардың әрекетінен организмнен токсиндерді шығарушы және оларды залалдандырушы мүшелердің қызметі төмендеп, организмде улы заттар жинақталады. Токсиндер сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен, соған қоса организмнің ішінде биохимиялық үрдістердің жүруінің бұзылуынан түзілуі мүмкін. Осы жағдайлар организмнің бейімделу мүмкіншілігінің және тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп, биологиялық белсенді қосылыстарды және витаминдер мен микроэлементтері мол тағамдарды тұтынуға әкеледі.

Организмде көптеген биохимиялық реакциялар жоғары химиялық белсенділігімен ерекшеленетін бос радикалдардың көмегімен жүреді. Бір қатар аурулар, қарқынды дене жүктемелері, күйзелу кезінде бос радикалды тотығу жүйесінің бұзылуынан липидтердің асқын тотығуы организм үшін зақымдаушы факторлардың бірі болып табылады. Организмде бос радикалды тотығу процесінің күшеюінен жүретін патологиялық өзгерістер – теориялық және практикалық медицинада өзекті мәселелердің бірі. Оттектің бос радикалдары липидтер, нәруыздар, нуклеин қышқылдарын тотықтыра отырып зақымдайды.

Қазіргі таңда бос радикалдардың тотығуын реттеуші антиоксиданттарды (биологиялық белсенді заттар) іздестіруге көп көңіл бөлінуде. Антиоксио-данттар клетка құрылымын бос радикалдардан қорғап, клетка тұтастығын, жалпы алғанда адам денсаулығын сақтауда маңызды қызмет атқарады. Жасанды антиоксидант-тарға қарағанда оңай табылатын және арзан өсімдік шикізаттарынан алынатын, құрамында витаминдер мен флавонондтар және т.б. биологиялық белсенді заттарға үлкен мән беріліп отыр. Антиоксиданттар бос радикалдардан жақсы қорғайды. Көптеген ортаның күйзеліс әрекетіне қарсы құрамында түрлі витаминдер, макро және микроэлементтер мен ферменттердің жиынтығы бар тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың әсерін зерттеудің маңызы зор. Құрамында витаминдер және де басқа антиоксиданттар жоғары деңгейде кездесетін азық-түліктерді тұтыну немесе азықтық қоспа ретінде пайдалану ауру-сырқаттардың санын азайтатындығы жайлы эпидемиологиялық мәліметтерде кездеседі. Биологиялық белсенді қосылыстар құрамындағы антиоксиданттық А, С, D, E витаминдерінің толық жиынтығы қоршаған ортаның зақымдаушы әсерін төмендетеді, организмнің төзімділігін арттырып, белсенді тіршілігін қамтамасыз етеді – дейді, мамандар.

Жануарлардың азығына қосымша енгізілген биологиялық белсенді заттар мембрана тұрақтандырушы және тек антиоксиданттық қасиет көрсетіп қоймай, жасуша мембраналарының төзімділігін арттырып, оны зақымданудан қорғайды. Антиоксиданттарды тағамға қосу липидтердің асқын тотығуына кедергі келтіреді. Кейінгі уақытта жазылған әдеби мәліметтер бойынша антиоксиданттық жүйенің жоғары белсенділігін сақтауда витаминдер тәрізді табиғи реттеушілердің олардың жеке әсеріне қарағанда, бірлескен әсерінің тиімді болатындығы анықталған. Қажетті антиоксиданттық жүйелерді қолдау үшін d – токоферол, аскорбин қышқылы, полифенолдар (биофлавоноидтар), глутатиондарды организмге тағаммен енгізудің маңызы зор. Алма да витаминдерге толы жеміс болып саналады.

III. Зерттеу бөлімі

3.1. Карамельді алма тәттісінің құрамында алма жемісі,қант,табиғи бояу,су бар.

Алма жемісінің химиялық құрамыАлма құрамында 83-88% су, 7,5-16% қант, 0,2-0,8% органикалық қышқылдар, 9,5-18,5% құрғақ қалдық, 30% пектинді заттар, жасунық (клетчатка), 0,28-1% илік заттар, эфир майы, A, B1,B2, B6, C, PP, E витаминдері, көптеген минералды заттар (калий, натрий, кальций, фосфор, марганец, мыс, кобальт, молибден, мырыш бар.

Қант (сахароза) – көмірсуға жататын дисахарид. Оның ең басты рөлі – организмнің күш қуатын сақтау, яғни негізгі энергия көзі. Ол – асқазан менішек жолында глюкоза мен фруктоза молекулаларына өте тез ыдырайды. Қант адамның бұлшықеттерін және бауыр, жүрек еттерін қоректендіретін глюкоген түзу үшін қажет. Сондай-ақ қант орталық жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін де керек. Қант глюкозаға ыдырауы арқылы зат алмасу үдерісіне қатысады. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады.

3.2.Технологиялық карта

Тағамның атауы: карамельді алма

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы   Дайын тағамның қысқаша мінездемесі
  Шаймен ұсынамыз
Азық-түлік атауы  Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы Сыбаға көлемінің есебі
6 7 15
Брутто Нетто Азық-түлік көлемі г (нетто)
Алма 500гр 500гр 700 г
Қант 300гр 300гр 280-300г
Табиғи бояу 20гр 20гр 10-20г
Лимон қышқылы 01 01 0,1-0,2
Су 50гр 50гр 45-50г
Шығымы: 870гр 870 гр 870 г

Құрамындағы дәрумендердің биологиялық манызы.

Алманың карамельді тәттілерің жасауға қолайлы тәтті сұрыптары: Коричное, Боровинка, Антоновка мен Анис.

Карамель жасауға 0,5 кг алмаға 300г/ кг шекер, 50г стақан су қажет. Табиғи шие бояуы.0,5 шай қасық литон қышқылы.Алманы жуып кептіреміз,ішіне қарай таяқша кіргіземіз,дайындалған қоспа тосабымызға қант,су,лимон қышқылы,бояуды қосып кішкене қайнатып оттан түсіріп аламыз.осы қоспаға алманы ақырын айналдырып шылаймыз да оған жанғақ коккос үнтақтарынабылғап ыдысқа байқап кептіреміз.

А дәруменi – ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.

В1 дәруменi – организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 – ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін.

В2 дәруменi – басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады.

С дәруменi – ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.

Р дәруменi – жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді.

Е дәруменi – бұлшық еттердің қызметін жақсартады.

Сондай – ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ең бастысы – алма темірге бай.

Жеміс-жидектермен бірге алманың да тағамдық құндылығы. Үнемі бірыңғай тағамдармен тамақтану немесе астағы организмге қажет қоректік кенеулі заттардың (нәруыз, көмірсу, май, минералды тұздар, витаминдер, т.б.) кейбіреулерінің үнемі жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы әр түрлі тамақтан пайда болатын алиментарлық (гендік) ауруларға шалдықтырады. Сол үшін асқа пайдаланатын тағамдардың құрамын үнемі өзгертіп отырған жөн.

Алма, алмұрт, алша, бүлдірген, картоп, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, қарақат, цитрус дақылдары, шие, пияз, шабдалы, баклажан және т.б. тағамдық өсімдіктерге жатады.

Өсімдік тағамдарының құндылығы тіршілікке керекті заттардың біразы адам организміне көп мөлшерде енетіні белгілі. Олар әр түрлі қант, нәруыз, витамин, фитонцид, фермент, эфир майы, минералды тұздар, органикалық қышқылдар және т.б. химиялық заттар ретінде организмге еніп, тіршіліктің негізін салатын физиологиялық және биохимиялық үдерістердің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Адам организміне өте қажет минералды тұздар (натрий, калий, кальций, магний, фосфор) мен микроэлементтер де (темір, мыс, кобальт, марганец, молибден, мырыш, йод, фтор, т.б.) негізінен осы өсімдіктер дүниесінен енеді.

Жеміс-жидекті, көкөністі тағамдар адам организміне енген соң, оның құрамындағы заттар өзара зат алмасу үдерісіне қатысып, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартып, басқа мүшелердің физиологиялық қызметтерін реттейді.

Бір айта кететін жағдай, дәрігердің адамды емдеуге берген химиялық препараттары мен тағамға пайдаланған өсімдік құрамындағы заттарының өзара байланысы физиологиялық жағынан әр түрлі болуы да мүмкін. Сол кезде ішкен дәрі сіңгенше тамақ құрамындағы заттар оған ешбір кеселін тигізбейтін жағдай туады.

Сондықтан емделіп жүрген уақытта өсімдік тағамдарының қандай түрін, қанша мөлшерде, қай уақытта қабылдау керек екендігін дәрігермен кеңескен орынды. Сонда ғана өсімдіктердің тек тағамдық құндылығымен қатар ауруға ем болатыны сөзсіз. Мысалы, алма мен бүлдірген, сондай-ақ көкөністер ішектің тазаруын қамтамасыз етіп, холестериннің организмнен жылдам шығарылуына мүмкіндік береді.

Құрамында калий көп өсімдіктерді (алма, өрік, мейіз, шабдалы, апельсин, қара қарақат, т.б.) гипертониямен (қан қысымының жоғарылауы) ауыратындарға ұсынады. Соған қоса жеміс-жидек, көкөніс сөліндегі С витамині (аскорбин қышқылы), В тобына жататын витаминдер, микроэлементтер (кобальт, мыс, мырыш, магний) және кальций, калий, фосфор тұздары мен аминқышқылдары асқазан жарасының жазылуына мүмкіндік жасайды.

Тағамға пайдаланылатын өсімдіктердің бәрі бірдей ауруларға шипалы бола бермейді. Мысалы, бауыр ауырған уақытта құрамында эфир майы бар (пияз, шомыр, ақжелкек, шалғам) өсімдіктерді жеуге рұқсат етілмейді. Бауыр, өт қабы ауырғанда жемістерді пайдаланған жөн. Олардың өт айдайтын қасиеті бар және қанттылары бауырда гликогенді көбейтеді. Дегенмен, бауырға кейбір жемістер жағымсыз, олардағы қымыздық қышқылы, эфир майы бауырдың паренхима ұлпасын тітіркендіреді. Қышқылды жеміс-жидек асқазанды тітіркендіріп, өт қабының бұлшық еттерін түйілдіріп, ауруды қоздырады. Осы сияқты қант диабетімен ауырғанда қантқа өте бай өсімдіктерді тағам құрамынан шығарып тастайды. Сол себептен өсімдіктерді тағамға пайдаланғанда олардың түрлерін, химиялық құрамын және биологиялық сапасын дұрыс білген абзал.

Алма жемісте басқа жеміс-жидек пен көкөніс дақылдары секілді тағамдық өсімдікке жатады. Алма жемісі – алма ағашының жемісі. Ол – жеміс-жидекті дақылдардың ішінде шекілдеуік жеміс тобына жататын жидек тәрізді шырынды жеміс.

Алма жеміс те кенеулі тамақ. Оның құрамында қант (глюкоза, фруктоза), алма, лимон қышқылдары, жасунық (клетчатка), илік және пектин заттары, каротин, А, В, С, Р, Е витаминдері, минералды тұздар (калий, натрий, магний, кальций, марганец, темір, мыс, кобальт, фосфор, мырыш), эфир майлары, фитонцидтер бар.

Алма жемісі организмге жағымды да сіңімді. Сол себептен алма жемісте адам организмінің бірқалыпты қызмет атқаруына және майлы, ет, жұмыртқа, ұннан жасалған тағамдардың бойға сіңуіне септігін тигізіп, ас қорыту үдерісін жеңілдетеді. Алма жемісі асқазан мен ішектің тазаруын қамтамасыз етіп, улы заттар мен газдардың органимнен жылдам шығарылуына мүмкіндік туғызады. Оның себебі жеміс құрамындағы балласты заттар – жасунық (клетчатка) мен пектинге байланысты. Бұл заттар организмге түскенде асқазан мен ішекте қорытылмаса да адам майлы етті тағамдар мен көмірсулары (крахмал, қант) көп, сәйкес келмейтін тағамдарды араластырып жегенде, ферменттер мен газдарды өз бойына сіңіріп, ішекпен тез жылжытып, сыртқа шығуын жылдамдатады. Сөйтіп организмді уландырудан және ішектің шырышты қабатын да уланып-бүлінуден сақтайды. Әйтпесе, осы улы заттар адамдардың асқазандары мен ішектердің жұмыстарын нашарлатып, гастрит (асқазан жарасы) және колит (тоқ ішектің қабынуы) сияқты ауруларға душар қылады. Колиттен тоқ ішектің қызметі бұзылып, үлкен дәреті жүрмей қиналады. Онымен қоймай, қанға сіңген ішектегі улы заттар адам организмін уландырып, бауырдың, мидың, жүректің және бүйректің жұмысын нашарлатып, әр түрлі кеселдерге душар етеді.

Ал енді керісінше, жеміс-жидектер мен көкөністерді тамаққа жиі пайдалан-ғанда, жоғарыда айтылған «балласты» заттар ішек-қарында мол жинақталып, ондағы улы заттар мен газдарды өз бойларына сіңіреді де ішек-қарынның рецепторларын қоздырып, олардың жиырылып-созылу қабілеттерін жақсартады және қорытылмай қалған зиянды заттарды ішекпен тез жылжытып, сыртқа шығуын жеңілдетеді.

Алма жемісінің органимнен холестеринді шығаруына пектиндік заттардың әсері бар. Алмада пектин заттары 30 пайыз мөлшерінде кездеседі.

Алма жемісі ой және дене еңбегімен шұғылданатын адамдар үшін өте пайдалы.

Алма жемісі және одан жасалған тосап, повидло сияқты әрі дәмді, әрі құнды тағамдар дастарқанның сәнін келтіріп, адамның тәбетін ашады. Сондай-ақ ауырған адамға шипа болғандықтан алма жемісті тамақтың бір түрі ретінде тамақ рационына қосады. Әр адамға күніне 200-300 грамм алма қажет.

Алма жеміс майлы тамақ пен тәттіге әуес адамдар үшін шипалы тағам – диета болып есептеледі, семіртпейді. Алманы көп жеген адам организміне май сіңбейді, сөйтіп салмағы азаяды.

Алма жемісінің жыл маусымының барлық кезінде де пайдалануға болады.

«Ас – адамның арқауы» дейді халық. Сол айтқандай-ақ денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі шарт. Әсіресе, тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Тамақты қарныңыз ашқан кезде ішкеніңіз дұрыс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-деу мақсат емес. Тойып ішкен тамақ асқазанға күш түсіреді. Диетологтардың айтуынша: «кез келген ауру-сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол орынсыз, артық ішкен ас!». Сондықтан қанағат – организмнің одақтасы және денсаулықтың сақшысы. «Қанағат қарын тойдырады» — деп, қазақ халқы бекер айтпаған. «Батпайтын ас – жеген адамның өзін жейді. Сол себепті, жегенің бойға сіңсін десең, шамадан аспа», деп жазды щығыс ғалымы Абдуль Фарадж. Артық тамақ денсаулыққа зиян. Бұдан адам семіздікке ұшырайды. Керісінше, кез келген тағамды аз тұтыну денсаулығыңызды жақсартып, ғұмыр жасыңызды ұзартуға жол ашады.

Тибет медицинасының ежелгі ережелерінде мынадай бір нақыл айтылған: «Барлық ауруға ортақ бір себеп бар, ол – надандық». Дұрыс тамақтану туралы білмейтін адам ауруға жетелейтін жолға түседі. Әлбетте, балалар нәруыздың құнды көздеріне ет пен сүт, балық пен жұмыртқаның жататындығын білуі тиіс. Ең әуелі жеміс-жидек пен көкөністі пайдалану керек деп айтар едік. Организмде еркін радикалдардың жиналуы адамды ерте қартайтады. Еркін радикалдардың шабуылына антиоксиданттар, яғни жеміс пен көкөністе көп кездесетін витамин-дер тойтарыс бере алады. Олардың ішінде біз үшін ең қолжетімді жеміс – алма. Алма адам организміндегі бірден-бір қуат көзі – микроэлемент темірмен қамтамасыз етеді. Организмде жеңіл қорытылатын темір көп мөлшерде алмамен қатар, алмұрт, қаражидек, шабдалы, өрік, құрма, қара өрік, ет пен балықта, аз дегенде сүт пен жұмыртқа да бар. Тегі «жігері темірдей берік» деген сипаттама бекер айтылмаса керек. Дені сау, ширақ адамның организмінде темір жеткілікті болғандықтан белсенді, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады.

Органимде темір қосындысының жетіспеуінен қаназдық (темір тапшылығы анемиясы) ауруына ұшыраған адамдардың өңеш пәлесіне (қылтамақ) шалдығатыны дәлелденген. Темір қосындысы жетіспеушілігінен болатын қаназдық ауруы асқазан сөлі аз шығатын гастрит, яғни қарынның қабынуы салдарынан болады. Өңеш пен қарын (асқазан) ауруына жиі ұрындыратын себеп-терге мына жайлар жатады. Бірінші жағынан, адамдардың көбінесе нан мен ұннан жасалған тағамдарға әуестігінен, тағамда малдан алынатын нәруыздардың, жас көкөніс пен жеміс-жидектің жетіспеушілігінен, яғни адамның көкөніс пен жеміс-жидекті аз жеуінен; екінші жағынан , асты майға қуырып, майға пісіріп жеуге және ысталған, тұздалған тамаққа әуестік. Сонымен қатар пайдаланатын тағамда С витаминінің жетіспеушілігі. Темірдің тапшылығынан қаназдыққа шалдыққан бала тез шаршайды, сабаққа зейіні болмайды. Алғашқы екі сабақтан кейін маужырап, ұйқысы келеді. Алғыр, зерек болу үшін бала алма жемісін жеуі керек.

Тағамның құрамында болатын витаминдердің көбі жеміс-жидектерде де кездеседі.

Витаминдер адам организмінде зат алмасу үрдісін жақсартып, организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Организмге витаминдер жетіспегенде адамның өзінен-өзі күш қуаты кеміп, біртүрлі әлсіреп, шаршап-шалдыққыш келеді. Ештеңеге зауқы соқпай, болмайтын нәрсеге ашуланып, жұқпалы ауруларға тез беріледі.

Тамақта витаминдердің жетіспеуі ерте көктемде жиі болып тұратын жағдай. Әрбір витаминнің адам организмінде атқаратын өзіндік ерекше қасиеті немесе орны бар. Адам организміндегі барлық зат алмасу үрдісін жүргізетін ферменттер-дің жеке адамның ішкі бездерінен тікелей қанға бөлінетін гормондардың био-химиялық құрамдары витаминдердің құрамына жақын. Адам дұрыс тамақтанып, қажет витаминдер уақытында жеткізіліп отырса, организмдегі ферменттер мен гормондар да қасиеттерін сақтайды, зат алмасу үрдісі де ойдағыдай жүреді. Соның әсерінен адамның күш-қуаты күшейіп, организмнің әр түрлі аурулармен күресу қабілеті артып, ауырған күннің өзінде, дер кезінде емделсе, тез арада сауығуына мүмкіндігі молаяды.

Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу заманында адамдардың қара жұмыстан гөрі мимен атқаратын еңбекке көбірек ауысуына байланысты, әрбір адамның миы күнделікті қабылдап қорытатын ақпараттар көбейіп, жоғары жүйке жүйелерінің шаршап, күйзелуіне әкеліп соқтыратын жайлар жиі байқалуда. Мұның өзі адам-дардың витаминдерді қажетсінуін бұрынғыдан да күшейтеді. Миға күш түскен жағдайда адам организмі әсіресе В тобы витаминдері мен С витаминіне көбірек зәру болады екен. Витаминдер организмнің биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштерін жақсартады. Әсіресе, орталық жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін арттырады. Сол себепті ой еңбегімен айналысатын жастардың тамақ рационында жеміс-жидектің молырақ болғаны жөн.

Адам организміндегі тіршілікке қажетті зат алмасу үрдістерінде тамақ құрамындағы минералды заттар мен микроэлементтердің атқаратын рөлі ерекше. Олардың организмде жетіспеуі зат алмасуын тежеп, әр түрлі сырқатқа душар етеді.

Өрік пен мейізде, алмада калий тұзы көп. Сол себепті жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдарға бұл жемістер өте пайдалы.

Калий жүректің жұмысын, қан айналымын жақсартады, асқазан мен ішектің де қызметіне өте қажет. Және организмдегі барлық зат алмасу үрдісіне де тікелей қатысы бар. Натрий мен калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен тітіркенулердің жақсы жүруін ретке келтіреді. Ал ол элементтердің жетіспеуі жүйке талшықтарының жұмысын нашарлатады.

Кальций элементі организмде сүйектің өсіп жетілуіне, жарақаттанғанда аққан қанның тоқтауына, жүрек пен бұлшықеттердің қызметінде, қышқыл мен сілтінің арақатынасын сақтауда қажет.

Магний элементі адам организміндегі зат алмасу үрдісін жақсартатын ферменттердің құрамына кіреді. Организмде магнийдің жетіспеуі жастардың бойының өсуін нашарлатып, жүйке жүйесінің қызметін бұзады, әр түрлі тері ауруларына шалдықтырады. Ондай адамдардың шаштары да түскіш келеді. Егер ауру адамдарға аспен бірге магний тұзын берсе, жүйке және қан тамырлары жүйелерінің қызметі дұрысталатыны, сонымен қатар ішек пен өт қызметі жақсаратыны анықталып отыр.

Темір, мыс, кобальт, мырыш, марганец, йод секілді микроэлементтер де организмге өте қажет элементтер. Мұның бәрі көптеген гормондардың, фермент-тердің және витаминдердің құрамына ауадай қажет. Олар организмдегі және оның жасушаларының ішіндегі зат алмасу үрдістеріне тікелей қатысып, олардың жұмысын реттейді және қанның құрамындағы оттегін тарататын қызыл қан түйіршіктерін (эритроциттерді) көбейтеді. Ал йодтың қалқанша безінің қызметін-де рөлі орасан зор және соған байланысты бұғақ (зоб) ауруын болдырмайды.

Арнайы жүргізілген ғылыми зерттеулер, адам организміне арнайы дәрі-дәрмектерді еккеннен гөрі микроэлементтер мен витаминдердің тамақ арқылы берілгені анағұрлым тиімді екенін дәлелдеп отыр.

Піскен және шикі ас туралы мәселеге келсек, піскен ас, әрине дәмділеу, бірақ ас қорыту үшін ең қажеттісі – шайнау, жақсы шайнау.

Тамақты пісіріп қуырғанда анықталғаны мыналар: температура витаминдер мен барлық биологиялық активті заттарды жояды. Ол неғұрлым жоғары болған сайын, неғұрлым ұзақ әсер еткен сайын әлгі заттар да азая түседі, тіптен мүлде жойылуға дейін жетеді. Ал нәруыздар, майлар және көмірсулар, олардың калориялары толық мөлшерінде сақталады. Ал кобальт немесе темір атомдары-ның органикалық заттармен байланысы бұзылып, пайдалы әсері нашарлауы мүмкін. Сондықтан жеміс-жидектерді шикілей жеу тиімді. Тек гигиеналық талапты сақтап, жемісті сүртіп немесе жуып жеу керек.

3.3.Карамельді алма тәттісі жемісіндегі биологиялық заттардың әсері

Алма жемісінің тағамдық құндылығы мен шипалық қасиеттері оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттарға байланысты. Адам организміндегі тіршілікке қажетті зат алмасу үрдістерінде тамақ құрамындағы витаминдердің, минералды заттар мен микроэлементтердің де атқаратын рөлі ерекше. Олардың организмде жетіспеуі зат алмасуын тежеп, әр түрлі сырқатқа душар етеді. Керісінше, микроэлементтер адам организміне өсімдіктен жасалған тағамдар арқылы енген уақытта әр түрлі ауру үдерістерін тоқтатуға көмектеседі.

Минералды тұз – калий алма жемісінде көп мөлшерде болады. Ол жүректің жұмысын, қан айналымын жақсартады. Асқазан мен ішектердің қызметіне де өте қажет және оргазмдегі барлық зат алмасу үрдісіне де тікелей қатысы бар.

Калий тұзы жүрек аурумен ауырған адамдардың организмінде жүретін тұз бен су алмасуы үдерісі бұзылғанда, оны реттеуге үлкен әсер етеді.

Натрий және калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен тітіркену-лердің жақсы жүруін ретке келтіреді. Бұл элементтердің жетіспеуі жүйке талшық-тарының жұмысын нашарлатады. Жүрегі, асқазаны және ішегі ауыратын адамдар алманы асқа жиі пайдаланғаны дұрыс.

Минералды зат – калий ас қорытуға, қанды ұютуға, жүрек пен бұлшықеттер-дің қызметіне, сүйектің өсіп жетілуіне қажет.

Микроэлемент – темір қаназдыққа (анемияға) ем. 100 г алмада 2,2 мг темір бар. Ол организмдегі және оның жасушаларының ішіндегі зат алмасу үрдіс-теріне қатысып, олардың жұмысын реттейді. Және ол қанның құрамындағы геноглобин-мен қосылып, оттегін тарататын қызылқан түйіршіктерін (эритроциттер) көбейтеді. Темір қан айналымы жүйесіне қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады.

XIX ғасырдың аяғында неміс физиологі және биохимигі Густав Бунге Мюнхенде болған конгресте былай деп айтқан: темірді дәріханадан емес, базар-дан бірінші кезекте жұмыртқа мен шпинатты сатып алу керек деген. Ол дені сау организм қажетті темір мөлшерін бірінші кезекте азық-түлікпен алу керек деп айтқан. Нәресте организмі дүниеге келгеннен кейінгі бірінші аптасында темірді қажетсінеді. Темір ДНҚ-ның редупликациясына да (екі еселенуіне) қажет. Ересек адамға тәулігіне 10 мг темір қосындысы қажет болса, ал әйелдерге бұдан да көп (18 мг) керек.

Микроэлемент – марганецтің сульфат күйінде атеросклерозға қарсы әсері бар. Жұмыстан кейін спортшылардың еңбек қабілетін арттыру үшін тамақ рационына марганец препаратын қосады. Көп мөлшерде марганец улы. Марганец көптеген ферменттердің белсенділігін арттырып, биохимиялық үдеріске қатысады.

Ион магниймен бірге ДНҚ синтезін жүргізеді. Магнийдің қатысында бұл синтез баяу жүрсе, марганец бұл үдерісті жылдамдатады. Марганецтің тұқым қуалаушылыққа қатысы бар. Ол Пируват карбоксилаза және аргиназа ферментінің құрамына кіреді. Май қышқылы мен холестериннің синтезін реттейді, қанның түзілуіне қатысады, қанда темірдің оңай сіңірілуін қамтамасыз етеді. Инсулин гормонының түзілуіне әсер етіп, С витамні синтезінің жүруіне атсалысады. Марганец хлориді антибактерияльдық инъекцияның әрекетін арттырады.

Микроэлемент – молибден ксантиноксидаза ферментімен бірге организмді уланудан қорғайды. Молибден баласты организмде өте маңызды. Органимде молибденнің көп жинақталуы ксантиноксидаза ферментінің белсенділігін туғызады. Бұл фермент пуриннің алмасуын реттейді.

3.4. Алма құрамына тәжрибелер.Тәжірибе №1

Алма құрамында Fe (темір) элементінің көптігімен ерекшеленеді. Мен осыны тәжірибе жүзінде былай анықтадық.

  1. Биік штативті мықты шынжыр жіп байлаймыз, оған әйнек таяқшаны ортасынан бекітіп, екі жағынан тең салмақты алманы қадап қоямыз.
  2. Содан кейін магниттің бірнешеуін біріне-бірін жапсырып, алмаға қарай жақындатамыз.
  3. Сол кезде алманың магнитке тартылғанын байқаймыз.

Тәжірибе нәтижесі: Апорт алмасының құрамы Fe (темір) элементіне бай екендігіне көз жеткіземіз.

Тәжірибе №2

Бұл тәжірибедегі негізгі мақсатым алғашқы тәжірибеге ұқсастығы бар. Бұнда алма құрамындағы темір элементінің ауамен тотығу жағдайын анықтадым және оның тотығу жағдайын анықтадым, соған қоса, оны тотығу процессінен қалай сақтауға болатынын көрсеттім.

  1. Алманы қақ ортасынан екіге бөлеміз.
  2. Осы тәсілмен лимонды да кесіп аламыз.
  3. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығамыз да, екіншісін сол күйі қалдырамыз.4. Нәтижесінде лимон шырынын құйған алма сол балғын қалпында, ал лимон шырынына батырмаған алма қарая түскенін байқаймыз.

Тәжірибе нәтижесі: Лимон шырынының алма құрамындағы темірді ауамен тотығуынан қорғап қалғанын байқаймыз.

Тәжірибе №3

Ғалымдардың пайымдауынша піспеген алманың құрамында піскенге қарағанда крахмал көп болады екен. Осыған орай, тәжірибеде біз алманың піскен немесе піспеген қалпын айыруды үйрендік.

  1. Піскен алманың кішкентай бөлігін кесіп алып, оның үстіне йод ерітіндісін тамызамыз.
  2. Нәтижесінде йодтың түсі өзгермегендігін байқаймыз.
  3. Ал піспеген алмадағы йодтың түсі қара көк түске боялғанын байқауға болады.

Тәжірибе нәтижесі: Піскен алмада піспегенге қарағанда крахмал аз екендігін анықтадық.

Ақпараттық құралдар бойынша жинақтаған пайдалы кеңестерім

Әлемде алманың 7 мыңнан астам түрі бар екен. Дәрігерлер оның 7 түрлі пайдасын анықтап отыр.

  1. Алманың химиялық құрамының қандай болатыны оның түріне байланысты. Әрі құнарлығы да сортына қарай бөлінеді. Жасыл түсті алмаларда қызыл түріне қарағанда калория төмендеу. Сондықтан артық салмақтан арыламын деген адамдарға жасыл алманы таңдаған дұрыс дейді мамандар.
  2. Дегенмен, ақ халаттылар күніне ер адамдарға 700, нәзік жандыларға 500 граммнан жеуге болмайтынын ескертеді. Алманың құрамында болатын қышқыл қарын сөлін бөлетіндіктен, оны түскі ас алдында пайдалану қажет. Сонда әдеттегіден гөрі миға тойғаныңыз туралы хабар тезірек жетеді.
  3. Алманың дәндерінде йодтың көп мөлшері болғандықтан күніне 2-3 алманы сүйегімен жеген өте пайдалы. Себебі, ол қатерлі ісіктің алдын-алуға көмектесетін көрінеді.
  4. Пісірілген алмада шикі алмаға қарағанда каллория жоғары болады деген қате пікір қалыптасқан. Егер алманы қайнатып жегіңіз келсе, бал қант қоспаңыз, калориясы көбеймейді.
  5. Темірге бай жеміс адам ағзасын тыныштандыратын қасиетке ие. Егер гемоглобиніңіз төмен болса. Алма дертіңізге таптырмас ем. Сондай-ақ, С дәрумені мен пектинге бай жеміс ішек қызметтерін де реттейді.
  6. Кез келген алманың 80% -ы судан тұрады. Жасыл сортты алманы кептіріңіз. Өйткені, ондағы микроэлементтер ағзаны дәрумендермен қоректендіреді.
  7. Ас қорыту жүйесінің ауруларында алмамен емделуге болады. Әсіресе, гастрит, колит, эрозия, жара секілді сырқаттарға жақсы дауа.
  8. Қорытынды бөлім

Алма  құрамындағы биологиялық әсерлі заттармен танысу алма жемісінің ғажайып қасиеттерін анықтай отырып оны карамельді алма тәттісімен алмастырып,оны тұтынушылар,қызығушылар қатарын көбейту.Карамельді алма тәттісі-бүгінгі күн сұранысы,жаңа өнім екенің насихаттау.

Зерттеу нәтижелері бойынша келесі қорытынды жасауға болады.

Карамельді алма жемісінің  бүгінгі күнде сұранысы жоғары,жаңа өнім ол адам денсаулығына пайдалы және оның тағамдық ерекшеліктері мен емдік қасиеттерін толық сипаттады.

Алма жемісі және одан жасалған  карамельді алма  тәттісі,құнды тағам дастарқанның сәнін келтіріп, адамның тәбетін ашады дәруменге бай екеніне көз жеткіздік.

Алма жемісін карамальды алма тәттісімен алмастырып  адам денсаулығына пайдасын және оның тағамдық ерекшеліктері мен емдік қасиеттері ашып көрсетілді.

Тамақтану мәдениеті, тағамның сапасы, сақталу мерзімдері, кулинарлық өңдеу ережелерін сақтау туралы көзқарас пен дағды қалыптастыруы аңықталды.

Санитарлық-гигиеналық дағды мен салауатты өмір салтын ұстану дағдылары орындалды.

Алма туралы кітаптар, ақпарат желі көздері,оқулықтар және зерттеулермен таныстырылды.

Осы зерттеулерге сүйене келе карамельді алма тәттісі-жаңа өнім,бүгінгі күн сұранысына ие, сондықтан алдағы уақытта табыс көзіне айналдыруға болады.

You May Also Like

Судың агрегаттық күйлері мен диффузия құбылысын зерттеу, ғылыми жоба

Бағыты: Физика Тақырыбы: <<Судың агрегаттық күйлері мен диффузия құбылысын зерттеу>>  Мазмұны Кіріспе…

Шерхан Мұртазаның еңбектері, ғылыми жоба

 Мазмұны : Кіріспе Мылтықсыз майданның батыры II.Теориялық бөлім 2.1. Жазушының бір кем…

Отанын сүйген ұлтжанды ақын, ғылыми жоба

Microsoft PowerPoint бағдарламасында мультфильмдер жасау, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:      «Microsoft PowerPoint  бағдарламасында мультфильмдер  жасау» Жұмыстың  ғылыми  бағыты:   Информатика  …