Сағыздың денсаулыққа пайдасы мен  зияны

Бағыты:       Медицина

Секциясы:   Биология

Жетекшісі: Жумашова Зауре Биболовна.

Саинова Аянаттың

Сағыздың денсаулыққа пайдасы мен зияны

тақырыбындағы зерттеу жұмысына

                                                        ПІКІР

Қазіргі таңда көздің жауын алатын және еліктіретін неше түрлі сағыз туралы жарнамалар толып кетті. Тіпті дүкен сөрелерінде сағыздың түрлері өте көп. Сағыздың түрлері көбейген сайын олардың пайдалы ма, әлде зиянды ма екендігі жөнінде пікірталастарда көбейіп барады. Жұмысты бастамас бұрын оқушы алдымен әдебиеттерге шолу жасап, интернет желісі арқылы мәліметтер жинады. Алдымен сағыздың шығу тарихы, химиялық құрамы, пайдалы және зиянды жақтары туралы ақпарат жинақтады. Қаншама материалдарды ақтарсада сағыздың химиялық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеген дәлелдемелерді таппады. Осыған байланысты химия кабинетінің лабораториясындағы бар заттармен сағыздың химиялық құрамына зерттеу жасады. Атап айтқанда, сағыз құрамында көпатомды спирттің  бар – жоғы, сағыз құрамындағы резеңкенің әртүрлі еріткіштерге әсері және сағыз құрамындағы ментолдың қасиеттерін қарапайым тәжірибелер арқылы анықтады. Анықтап қана қоймады, сонымен қатар оқушыларға сауалнама жүргізіп, сағыздың пайда – зияны туралы ақпарат берді. Сағыз шайнау мәдениеті туралы көптеген ережелермен таныстырды.

Бұл жұмыс жас жеткіншектер бойына мәдениеттілік қасиеттерді сіңіріп қана қоймай, жеке бастарының гигиенасына және денсаулықтарына көңіл бөлуіне септігін тигізеді деп ойлаймын.

Пікір жазған жұмыс жетекшісі:                   Жумашова Зауре Биболовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Абстракт

Зерттеудің тақырыбы:

«Сағыздың денсаулыққа тигізетін зияны?
Күнде теледидардан сағыздың мыңдаған жарнамасын бақылаймыз. Бүгінде дүкендегі ең өтімді тауарлардың бірі сағыз болып тұр. Дәмі, түрі, көлемі, тіпті түсіне қарай сағыздың көңілімізге ұнағанын сатып аламыз. Сағызды әсіресе жастар жақсы көреді. Содан болар, үнемі шайнап, шар етіп үрлеп жатқан жастарды көп кездестіреміз. Кейбіреуге ол әдет болып қалған.
Зерттеудің өзектілігі:
Сағыз – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық. Өйткені адам баласында сағызға деген табиғи қажеттілік жоқ.
Жарнаманы көрген сайын ойымызда бір неше сұрақтар туындайды: Шынымен де жарнамада айтылғандай сағыз ағзаға пайдалы ма? Құрамында зиян заттар жоқ па?
Осы туындап отырған сұрақтар қазіргі таңдағы заманауи проблема «Сағыздың денсаулыққа тигізетін пайдасын немесе зиянын» анықтауға арналған.
Зерттеудің мақсаты:
Сағыздың адамның ағзасына тигізетін пайдасын немесе зиянын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Тақырып бойынша ғылыми, оқу әдебиеттерді оқып үйрену;
2. Сағыздың пайда болу тарихымен танысу;
3. Сағыздың адамның ағзасына келтіретін пайдасын немесе зиянын зерттеу;
4. Тақырып бойынша жүргізілген жұмысымды презентациялау;
Болжам: Сағызды себепсіз және уақыт өлшемін белгілемей қолданатын болсақ, адамның ақылын төмендетеді, ауыз ауруларына шалдықтырады, ішкі ағза мүшелеріне әсер тигізеді, яғни денсаулыққа зиянын келтіреді.
Зерттеудің нысанасы: Батыр ауылы №10 о/м

Зерттеу әдістемелері:
Зерттеуде жинақтау, талдау, бақылау, зерттеу, саралау, баяндау, әдеби -ғылыми талдау әдістер алынды.
Зерттеудің нәтижелері:
• Арнайы ғылыми әдебиеттерден материалдар жинақталды;
• Сағыздың құрамындағы элементтер толықтай зерттелді;
• Оқушылар арасында сауалнама алынды;
• Тағам өнімінде деңсаулыққа зиян дәмдендіргіш қоспалардың тізімі жинақталды;
• Презентация слайд түрінде жасалды;
Ақпаратты жинастыру және тәжірибені өткізу ғылыми жетекшінің бақылауымен және 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен 2017 жылы жұмыстар жүргізілді.

Абстракт

Тема иследования: «Вред  жевательной резинки на здоровье».                                                 Каждый день смотрим по телевизору тысячи рекламных роликов о жевательной резинке.В магазинах большой спрос имеют именно жевательная резинка.Можем купить любую жвачку по вкусу,по объёму,по марке,даже по цвету.Особенно любят жвачку дети.Актуальность исследования:                                                                                                             Жвачки-это несчастье для человека.Потому что можно жить и без жевательной резинки.Каждый раз,когда смотрим рекламу про жвачку,возникает вопрос:и вправду полезна жвачка для здоровья?И нет ли в составе вредных веществ?Все эти вопросы –проблеми наших дней.                                                                                                                                         «Вредна или полезна жевательная резинка? »                                                                                          Цель исследования:выявить вредность и полезность жевательной резинки.                           Задачи исследования:                                                                                                                      1.Изучать научные и художественные литературы по теме.                                                    2.Знакомство с историей создания жевательный резинки.                                                 3.Исследовать вредные и полезные стороны жевательный резинки.                                4.Презентация исследовательской работы.                                                                                   Гипотеза: чрезмерное употребление жевательной резинки создают проблемы со здоровьем,снижает работоспособность мозга,появляются болезни вполости рта,нарушает работу внутренних органов.                                                                                                               Место исследования: с.Батыр,школа №10.                                                                              Методы:сбор идей,разбор,контроль,отбор и доклад.                                                                                                                                        Результаты исследования:-Собраны специальные научные материалы                                                                                       – Исследованы элементы в составе жвачки.                                                                                              -Проведено анкетирование среди учащихся.                                                                                               -Собраны список вредных веществ из состава жвачки.Исследовательская работа проводилась в 2017 году среди учащихся 3-4  классов под руководством научного руководитель. 

 Abstract 

Theme of the scientific work:

The damage of the gum to the human`s health.We always weatching advertising of cheuing gum on the TV.Today it is very popular goods in the shops.Depending on acquisition as arranged in mood chuxing gum smell,a look,volumes,we can even understand.Actually,youth like chewing gum.So that there is a lot of youth constant ly chew wich are on a sphere for some it has turnet info a hobit.

The actuality researching:

Chewing gum – misfortune for the person which has appenred from not need.Becouse the person has needn’t.We have several questions when we every time watch advertising,really chewing gum is useful for an organism as they in advertising?Whether there are no harmful sudstances in structure.These questions are modern prodlem,this problem about harm and adventede of chewing gum fore on organism.

The aim of research:

Definite harm and advantage of chewing gum fore organism.

The tasks of research:

Read and learn to investigate scientific and literary materials on a subject.

To get acquainted with chewing gum history.

To investigate harm and advantage of chewing gum for human organism.

To present work made on theme.

Forecast:If we will chewing gum without a certain reason of a stop it will different disease will worsen thinking,will worsen oral cavity.

Ofject of research:Batyrvillage.School№ 10.

Techniques of research:There are collecting,analyzing,observation,researching qalifications,statements,and literal-scientific analysis in research.

Result of research:

-Material was collect from scientific books.

-The elements were research in chewing gum.

-It was quizzes between pupils.

-There were accumulate list of harmhel fragrances in goods.

-Presentation was make in slide.

The collecting of materials and carrying out experiments have teen heid under observation of the research supervisor and at participate pupils 3-4 classes in 2017 year.

 1.Кіріспе

Мен Саинова Аянат Мұнайлы ауданы №10 орта мектептің 5 «Ә» сынып оқушысымын.Менің жұмысымның тақырыбы: «Сағыздың денсаулыққа зияны». Қазіргі таңда көп қолданыста жүрген және кез келген сауда орталықтарында қолданысқа ие  тауардың бірі сағыз.Мен өз ортамда құрбыларымның, сыныптастарымның да, апа, іні, сіңлілерімнің де сағызды көп пайдаланатынын байқадым.Осы орайда маған бір ой келді.Осы біз пайдаланып жүрген  сағыздың адам денсаулығына қаншалықты зияны бар екенін  зерттегім келді.Себебі сағызды ұзақ уақыт шайнап жүруге, аш қарынға шайнауға болмайды екен. Мен бұл ойымды сынып жетекшім Жумашова Зауре апайға айтқанымда ол кісі «тақырыбың өте керемет, сен осыны жасөспірімдер арасында сағыздың зияны жайлы айтып  түсінік жұмыстарын жүргізейік» деді.Біз апаймен бірігіп сағыз туралы сауалнама жасадық. Оны 5 сынып оқушылары арасында өткіздік.Оқушылардың көбі «дирол» және «орбит » сағыздарын көп пайдаланатынын байқадым. Зерттей келе осы сағыздардың зияны жайлы айтқым келді.Мысалы:сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді және ауызда стомотологиялық аурулар пайда болу мүмкін және адам ағзасында асқазан ауруларын туғызады екен.Сонымен сағыз – дегеніміз не?- дегенге тоқталатын болсақ …
Сағыз – жеуге жарамсыз, созылғыш массаға айналдырылған хош иістендірілген кулинариялық бұйым. Бұйымды қолданған сайын ол құрамындағы барлық дәм күшейткіштерін жоғалтып, дәмсіз болып қалады. Сағыз bubble gum(ағылшын тілінен – шайнау)  сөзін дөрекілеу естілетін «шайыр» сөзімен алмастыруға болады. Яғни өзіндік аспаздық қоспалар негізінде дәмімен ерекшеленетін зат.Табиғи шайырлар кейбір өсімдіктердің қалыпты физиологиялық алмасу кезінде бөліп шыгаратын, мөлдірлігі мен бояуы әртүрлі аморфты өнімдерінен (янтарьканифоль және т.б.) түзіледі. Табиғи шайырлар қыздырғанда, органикалық еріткіштерге салғанда ериді немесе көбейеді, жұқа қабыршаққа айналуға икемді. Олар пластмасса, желім, жылтырсыр өндірісінде шикізат, қымбат материалдар ретінде қағаз өңдеуде қолданылады.Сағыз апельсин, алхоры, қарбыз, тіпті банан, құлпынай, жалбыз дәмді болады. Қазірдің өзінде таңғалдыра отырып, қолданушылардың санын арттыру мақсатында көптеген дәмдеуіштер негізінде түрлері артып отыр.Бұрын жасөспірімдер арасында bubble gum» сағызын үрлеп шайнау ерекше басым болған. Кейінгі жылдары бұл сағыз үрлеу жасандылығы біраз төмендеді. Ғалымдар осыдан бес мың жыл бұрын археологтар Финляндия жерінде жұмыс барысында сағызға ұқсас зат табылғанын айтады. Ежелгі гректер де ауыз қуысындағы ас қалдықтарын тазалап, таза дем сезіну мақсатында мастика ағашының немесе араның балауызының шайырларын шайнаған екен.

2.1 Сағыздың пайда болу тарихымен танысу

Сағызды адамдар ертеден білген. Сағызды каучуктен өндірген Еуропаға сағызды алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі.
Қазақстанда сағызды каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі.

 Ежелгі гректер Түркия мен Грекияда өсетін мастик ағашының смоласын шайнаған және өздері ойлап тапқан сағызға «мастика» деген атау берген.Олар ойлап тапқан сағыз, өздері ойлағандай, тісті тазартуға және демді сергітуге пайдасын тигізді.Мастик ағашының резеңкесі Қиыр Шығыс пен Грекияда әлі күнге дейін қолданылады.

Үндістер ағаштардың қатқан шырындарын шайнаған.Шамамен 1000 жыл бұрын Орталық Америкада Майя тайпасының үндістері саподилла ағашының шырыны-«chicle»-ді шайнаған.Көп жылдар өткен соң,дәл сол шырын сағыз өндірісінің негізін құраушы зат болды.

(Chickle – 1)чикл, каучук, 2)сағыз).

Оңтүстік континенттегі үндістер қылқан жапырақты ағаштардың шырындарын шайнаған.Ақ нәсілді қоныстанушылар бұл құпияны біліп алды да,ағаштардың қатқан шырындарын жинай бастады.Олар қылқан жапырақты ағаштардың смоласынан және араның балауызынан өздерінің отандық сағыздарын жасады..

Ол заманда бір пенниге екі сағыз сатып алуға болатын еді.Өз жұмысында жоғарғы жетістіктерге жетіп,олар Бангор штатынан Портлендтегі Мэн штатына көшіп кетті.1850 жылдан бастап Мэн штаты өздерінің өнімдеріне парафин қоса бастады. «Белая Гора», «Самая большая и Лучшая», «Четыре в одном», «Сахарные Сливки» және «Ликорис Лулу»- осы парафин хошиістендіргіштердіңбіріболды. Өндіріс бара-бара дамибастадыжәнежақындаштаттасағызөндіретінөнеркәсіптерде 200-дей жұмысшыболды,бірақбұлсағыздарқұрамындағысмоладаноңайшылықпенкетпейтінқоспалардыңкесіріненөзтанымалдығынжоғалтты.

Адамдар сағыздың қаражат жағынан пайда әкелетіндігін түсінгеннен кейін АҚШ- та сағызды өндіруші компаниялар тарап кеткен.
• 1848 ж. Мэн штатында (Жаңа Англия) Джон Кертис сағыздың өнімдеу кәсібін жүргізе бастайды.
• 1850ж. ағайынды Куртистар сағызды қорапшаларға салып сатуды ойлап табады.Қағаз орағыштарды пайдалану, сол кездегі АҚШ -ты бір сілкіндірген жаңадан ойлап табылған жарнама болды. Кейін бұл іс жақсы нәтиже берген соң, 1850 жылы кәсіпорын көлемі ұлғайды.
Сағызды бірінші Нью-Йорк штатының тұрғыны Томас Адамс ойлап тапты. Ол алғаш 1 тонна каучук сатып алып, қайнатып, ерітіндіден төртбұрышты сағыз ойлап шығарған екен.
Алғашқы дәм күшейткіш сағыздарды Уильям Ригли, «Wrigley» компаниясын құрған иегері өндірді.
• «Wrigley» компаниясы өнімге 1893 жылы шыққан, «Orbit», «Hubba Bubba», «Eclipse» жіне т.б сағыздардың түрлерін өндіреді және әлемде ең танымалы сағыз түріне жатады.

2.1  Сағыз қасиеттерін зерттеу

Сағыздың құрамы
• эластик, синтетик, полимерлер, ауыз қуысының жылуымен тез арада еруіне комектеседі;
• дәмдендіргіш;
• соя лецитинінің эмульгаторы;
• жасанды ароматизаторлар;
• қоюландырғыш;
• эмульгаторлар;
• бояулар;

Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Балалардың сағызға деген қызығушылығын анықтау үшін, сыныптар арасында сауалнама алынды.
Сауалнамамыз келесі сұрақтардан кұралған:
1. Сағыздың қандай түрін білесің?
2. Сағызды жақсы көресің бе?
3. Сағызды жиі сатып аласың ба?
4. Сағызды уақыт өлшемінде қаншалықты қолданасың?
5. Сағыздың құрамындағы ағзаға зиян тигізетін заттар туралы білсең, қолданар ма едің?
3-4 сынып оқушыларына арналған сауалнаманың қорытындысы бойынша сыныптың 78 пайызы балаларға арналған «ОРБИТ» сағызын ұнатады екен. Сұралған оқушылардың 60%-ы сағызды өте жиі қолданады, ал 3%-ы ғана тамақтан кейін пайдаланады. Қай мақсатпен сағызды қолданасыз деген сұраққа 56%-ы демді тазартады, 35%-ы ұнағандықтан, ал оқушылардың 9%-ы дәмді деп жауап берген. Түрлі сағыздар ішінен «Orbit» 50% және  «Dirol» 26%.

Сағыздың зияны мен пайдасы туралы сұрақтарға жауаптар өте нашар болды. Оқушылардың 30%-ы бірде бір пайдасын айтқан жоқ, ал 19%-ы демді тазартады деп жауап берген. Сағыз кемшіліктері жайынан да балалардың білімдері бай емес. Негізінен асқорыту жүйесінің ауруын 57% ғана атады, оқушылардың 24%-ы «білмеймін» деп жауап берді, және 5-ақ қана %-ы сағызды шайнамайды

«Орбит» екіншісі – «Дирол», осы екеуінің құрамына үңілсек, ҚАБЫНДА КЕЛЕСІ ЭЛЕМЕНТЕР КӨРСЕТІЛГЕН:
• марканың атауы;
• дәмдендіргіш;
• индекс;
• эмульгатор ;
• ароматизаторлар;
• бояулар;
ҚҰРАМЫНДА: Жоғарыда аталып өткен компоненттерден басқа E420; E965; E414; E422; E421; E171; E951; E950; E500 көрсетілген.
Енді осылардың «Е» деген әріппен және сан¬мен көрсетілген қоспаларының әрқайсысына тоқталсақ:
• E420 – сорбит қант орнына қолданылады, ағзадағы өттің жақсы қызмет етуіне әсер етеді, зиянды әсері жоқ деуге болады;
• E965 – мальтит те ағзаға зарарсыз деп табылып, тағам өндірісінде қолдануға рұқсат етілген.
• Ал енді сағыз қорабынан Е171 деген жазуды оқысаңыз, ол –Ресей тағам өндірісінде тыйым салынған титанмен тісті ағартушы қоспа. Аталған қоспа бауыр мен бүйрек ауруын туғызып, ағзаға кері әсер етеді. Ал ең қорқынышты қоспа – E-131 бояуы – қатерлі рак тудыратын бірден-бір зат. Ал ол «Стиморол» сағызы құрамынан табылған.
Сонымен қатар, зерттеліп отырған өнімде ағзаға зиян тигізетін компонеттер табылса, басқа да тағам өнімдерінде болуы мумкін деп, күнделікті тамақтанып жүрген аста «Е» қоспаларының құрамын анықтауға тырыстық. Сонда адамды таңқалдырарлық деректер табылды.
Беріліп отырған тізімде қатерлі ісік ауруларына шалдықтыратын кодтар жиі кездеседі. Олар: Е -230, 232,(Фенол вакцинасы – жеміс –жидектерге егіліп, олардың ұзақ мерзім бұзылмауына себеп) 250, 251,(супер – маркеттерде еттің түсін қызыл түсте, жаңа тауар ретінде көрсететін алдамшы улы қоспа) 508, 512, 951.Осыдан шығар, жылда қатерлі ісік ауруларынан Қазақстанда мыңдаған адамдар саны көз жұмады.
Сонымен қатар өткізген зертеуімізге қанағаттанбай, сағыздың адамның ағзасына тағыда қандай тигізетін пайдасын немесе зиянын анықтауға тырыстық.
60%Резеңке5% Қоспа заттар   20% Қант

2.2  Дәрігер-мамандардың  кеңестерін білу Сағызды шектен тыс көп шайнау денсаулыққа зиян екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Шайнауға арналған резеңкені әлемде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек санатына жатқызып келді. Сағыздың тек тіске ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы екенін дәрігерлер да растады. Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылады.

Бірақ, шайнауға арналған резеңке құрамына қатысты ғалымдар арасында дау туындады. Біреуі сағызды, бұрынғысынша, пайдалы десе, басқа біреуі сағыз адамның семіруіне себепкер болады деп есептейді.

Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде сағыз адамды семіртетіні расталды. Адам организміндегі артық салмақтың жиналуына сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепкер екен.
Бір жылда аспартамнан 215 әйел, 56 еркек зардап шеккен. Олар сағызды күніне бірнеше рет шайнағанда, айына 200 данадан аса сағызды «аттандырып» отырған. Жарты жыл өтпей-ақ адамдар тола бастаған. Ал 48 адам асқазанында гастрит және т.б. түрлі аурулар анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, күнделікті тұрмыстағы қантқа қарағанда, аспартам май қабаттарын 40 пайызға көбейтеді. Сондықтан күніне сағыздың бір данасын ғана шайнауға немес сағыздан мүлде бас тартуға кеңес береді.

Баяндамамызды қорыта отырып, жүргізілген зерттеуіміздің нәтижесінде адамның ағзасына зиян тигізетіндігін анықтадық.
1. Сағыздың компонеттері кариес, пародонтоз сияқты ауыз ауруларына шалдықтырады;
2. Балаларға арналған «Орбит» сағызының құрамында қант өлшемі қарапайым сағыз өнімдеріне қарағанда 60%-ға жоғары, жас бүлдіршіндерде тіс ауруларының ерте басталуының себебі де осы.
3. Құрамында тыйым салынған титанмен тісті ағартушы қоспалар қолданылады.
4. Адамның ішкі мүшелеріне зиянын келтіреді, яғни бауыр мен бүйрек ауруларына шалдықтырады.
5. «Стиморол» сағызы қатерлі ісік ауруын тудырады.
6. Үнемі сағыз шайнаушылардың ақылдары төмендейді.

7.Сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

  1. Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады.

9.Сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады.

10.Сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.

11.Сағызда қанттың көп мөлшерде болуына  байланысты  кішкентай балалардың бетінде диатез пайда болуы мүмкін.

  1. Тіс иектерін бүлдіріп,тіс қатарын бұзады.

13.Сағыз құрамындағы заттар түрлі  аллергиялық реакцияларды тудыра алады.

14.Сағыздан тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады.

Зиян келтіретін қасиеттері пайдалы қасиеттерден жоғары көрсеткіштерді көрсетті.
Сағызды қолданар алдында келесі ұсыныстарды ұсынамын:
• Сағызды таңдаған кезде оның қабындағы түсіне назар аудару керек;
• Құрамында қанты жоқ сағызды пайдаланған дұрыс;
• Сағызды тіс пастасының орнына пайдалануға болмайды.
• Сағызды тамақтанбасақ ас ретінде пайдаланбауға тырысу керек;
• Тамақ ішіп болғаннан кейін, тек 5-10 минут сағыз пайдалы екендігін есте сақтау жөн

  • Сағызды бей-берекет шайнауға болмайды.
  • Жағымсыз иістен арылам десеңіз, ащы сағызды 5 минут шайнап, кейін ауызыңызды шайып жіберіңіз.
  • Тәтті сағыздарға құмар болмаңыз!
  • Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды.
  • Сағызды жұтып қойған жағдайда, көп мөлшерде су ішу керек.

2.3  Қорытынды
Зерттеу жұмысымен айналысқан кезде біз төмендегідей қорытындыға келдік;сағызды қолдану стоматологиялық аурулардың алдын алғанмен,көптеген басқа ауруларға әкеліп соқтырады. Сағыздан пайда болатын аурулардың алдын алу мақсатында оқушыларға мынадай кеңестер берілді:

– Сағыздың құрамында қант болмауы керек

– Сағызды тек тамақтан соң 20 секунттайшайнау қажет

– Сағызды ешқашан жұтуға болмайды

-Қолданатын сағызыңыз сарапшылармен тексерілген,белгілі фирмадан болғаны абзал

– Сағызды қоғамдық орындарда шайнағанда мәдениеттілік сақтап,үрлемей шайнаған дұрыс.Бұл бір жағынан мәдениетсіздік болып табылады, ал екінші жағынан гигиенаға жатпайды

– Шайналған сағызды ешқашан аяқ астына тастамау керек, оны арнайы қоқыс жәшіктерге салған жөн

Сағыз адама денсаулығына зиян екендігін әрқашан біліп жүргеніміз өзімізге пайдалы деп ойлаймын.Сондықтан да сағызды көп қолданбағанымыз жөн болар.

Біздің сыныптағы оқушылар сағыздан не үшін бас тартқан жөн екендігін түсінді. Сағызды орындық, үстелге жапсырмай, қоқыс шелегіне тастау керектігімен келісті.
«Ең басты байлық – денсаулық»- дей отырып, сағызды себепсіз қолданатын болсақ, денсаулығымызға зиянын тигізетіндігін дәлелдеп, ұсынылған болжамымызды дәлелдедік. Зерттеу жұмысын жүргізе отырып, қазақша әдебиеттерден мәлімет табу қиындық тудырды. Қаламыздың кітапханаларында және ғаламторда қазақ тілінде ақпарат таба алмадым.

Сағыздың зияны туралы немесе құрамы туралы оқушыларға мәлімет көп берілсе. Мен өзімнің мектебімдегі оқушыларға осыны түсіндіруге тырыстым. Бұл жобамның мақсатыда осы еді. Көптеген оқушылар менімен келісіп, сағыздың зиянды жақтарының көп екендігін білді және оны көп мөлшерде пайдаланбауға бел буды. Мен азғана болсада достарымның денсаулығының жақсаруына үлес қостым деп ойлаймын.

Ұсынысым:

Қазақстанда өсетін көксағыз гүлінен түрлі өнімдер шығаратын өндіріс орындары барлық жерлерде ашылатын болса, сол өндіріс орындарында сапалы және адам денсаулығына пайдалы өнімдер шығарылса, мемлекетіміздің экономикасына және медицинасына  қосқан үлесіміз көп болар еді.

Қазақстанымыздың болашағы жастар, яғни, біздер демек біз жастар денсаулығымызға бей – жай  қарамауымыз керек. Отандық өнімдеріміздің сапалы шығуына үлесімізді қосуымыз керек.Сағызды тек қана тамақтан кейін,ас қорыту үшін қолдану керетігін,сабақта отырып немесе көпшілік арасында сағыз шайнамау керектігін айтамын.

You May Also Like

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері, ғылыми жоба слайд

Ашытқы саңырауқұлақтарының адам өміріндегі маңызы, ғылыми жоба

Вич инфекциясы туралы түсінік, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс DARYN.ASIA : «Вич инфекциясы туралы түсінік» Бағыты: Биология Секциясы: Медицина…

Абай Құнанбаев, Ғылыми жоба

Ғылыми жобаның мақсаты: Абайдың тау тұлғасына үңіле отырып, оны тереңірек танып білу.…