19ғ казак халқының мәдениеті

20 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Оқу-ағарту ісі. Әдебиет.
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері – А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан – Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С.Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екісыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала – журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі – қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.
А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар,кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар – А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.
Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, біріжші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тірлғалардың бірі – Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы – «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынанжоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.
XX ғасырдың бас кезінде талантты казак жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.
Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев – еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.
Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақмерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ»газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.
1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда – «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым – бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады.

XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қазақ халқының XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын қүраған үлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы жэне жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы — қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша эрбір қазақ азама- ты өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мүны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мүндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатынадамдар халық ішінде қүрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заман- да шежіре ауызша түрде үрпақтан-үрпаққа жеткізілсе, XVIII—XIX ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (XVIII ғ.), “Жэңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “¥лы жүздің шежіресі” және т.б.
Сол сняқты XVIII ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте қүнды мүралары —ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен түрмысы, мінез-қүлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жүрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. XVIII ғасырда та- нымал болған Ақтамберді, Тэттіқара, Үмбетей, Бүқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде үшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын XVIII ғасырдағы атақты жырау Бүқар Қалқаманүлының (1668—1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау жэне нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, эртүрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тэттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры — жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай — халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тэттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.
XIX ғасырда қазақ әдебиеті үлттық дарынды түлғалардыңкөптігімен де, бір-біріне үқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бүл дэуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шерни- яз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты эйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Үлбнке, Тэрбне, Ақбала жэне басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмүны жағынан айтыстар бір-біріне үқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмүнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-түрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мүндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа қүрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.
Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісүлы (1804—1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836—1838 жыл- дардағы Исатай Тайманүлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел- сенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапүлы (1817—1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы үлт-азаттық күресінің жыр- шысы жэне ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі түлға саналған зар- заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері — Дулат Бабатайүлы (1802—1874), Шортанбай Қанайүлы (1818—1881), Мүрат Мөңкеүлы (1843—1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтүрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында” деп түжырымдағаны сияқты, бүл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқыныңүні мен елдің мүңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мүрат Мөңкеүлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы түрса, Дулат Бабатайүлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр түрмысын бейнелейді.
XVIII—XIX ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастанда- ры араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. (“Ескендір”, “Масғүт”, “Әзімнің әңгімесі”). Абай (Ибраһим) Қүнанбайүлы (1845—1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік түрды. Оның пікірінше, эрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздік пен жалған үятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері — ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық көлемде дами алады жэне бүкілхалықтық игілік әкеледі деп санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бүл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды. ¥лы ақын:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде” деген болатын. Сол сняқты ақын орыс әдебиеті жэне мэденнетімен таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шыгарма- ларын аударумен шүгылданды. Орыс әдебиеті үлгілерін қазақ халқы арасына  таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын насихаттады.
Осы кезеңнің дара түлгаларының бірі ретінде Ш.Уэлнхановты (1835—1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі,екіншісі — днпломатнялық тапсырма бойынша Қүлжага сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Ма- насты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уэлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі — ерте заман бүйымдарының қүнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы жэне Қүлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық ту- ындылары жоғарыда аталган сапарларының нәтижесі болатын. Ш.Уэлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мүрасы Қазақстанның жэне көп үлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының өзекті түстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.
А.Қүнанбаев пен Ш.Уэлиханов XIX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мүсылмандық) жэне зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мүғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызыгушылық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, эскерилер, дэрігерлер даярлады.
Орынбордагы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-педагог, агартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды. Ы.Алтынсарин (1841—1889) бастамасымен жэне тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің қүрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе, қолөнер жэне ауылшаруашылыгы училищелерін ашуға көп күш-жігер жүмсап, байыргы халық ара- сынан Қазақстанныңэкономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мэн берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ) хрестоматия- сы” жэне “Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық” атты оқу қүралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп, ол үлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.
XIX   екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуы- на Қүрманғазы Сағырбайүлы, Дэулеткерей Шығайүлы, Тэттімбет Қазанғапүлы, Ықылас Дүкенүлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз- эңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи түрғыда шектеулі бола түрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақүлы, Мүхит Мералиев, Ақансері Қорамсаүлы, Жаяу Мүса Байжанүлы, Қүлтума Сармүратүлы сияқты жэне тағы басқа көптеген ақын, энші, композиторлардың шығармашылық жэне орын- даушылық шеберлігі арқасында қазақ эн мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.
Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVIII—XIX ғасырлар- дағы материалдық мэдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы эсер етті. Бүл жағынан алғанда егіншілік, сауда- саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.
Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, түрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдала- нып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қонукөбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір аумақта болды. Әрбір рудың өзінің кош жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау жэне күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар қүйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде түрды.
Киіз үй — көктем, жаз жэне күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы қүрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден түрғызылды. Кереге жиналма- лы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары си- дам жіңішке ағаштан жүмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайыл- ған керегенің аша басына айқастыра байланып, үшы (қаламшасы) шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ — үй күмбезінің төбесі эрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында төсек, оның түсында түскиіз үсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.
Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек қүралдары керек болган жоқ. Жылқы үстау үшін қүрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-қүйрығынан түсау мен шідер жасалды, қүлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайдаланылса, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арнал- ған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал, XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген. Осыган байланысты қазақтарда егіншілік қүралдары- ның қарапайым түрлері болды. Мәселен, тісагаш, егін оратын орақ, агаш күрек, сыпыртқы — егіншілік қүралдарына жатқызылды. Егісті сугару үшін суды көтеріп шыгаратын эртүрлі қүралдар — атпа, шыгыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды. Оларды жергілікті үсталар өздері дайындап отырды.
Салт атқа арналган әбзелдерді қоспаганда қазақтың мал шаруашылыгына жэне егіншілікке байланысты негізгі еңбек қүралдары Қазақстанның бүкіл аумагында бір-бірімен үқсас болды. Қазақтың ат-түрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дай- ындау тэсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп таралган түрі — қайыңнан шауып жасалган, алдыңгы қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “қүранды ер” дейтін түрі таралган. Ер-түрман әбзелдерін жасау, негізінен, ершілердің ісі болган. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бэрін — тоқым, қүйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, үзеңгі, таралгы, қамшы жэне т.б жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман эбзелдерін өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған.
Қазақтардағы көшпелі түрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолөнерінің — тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек жэне мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен жэне киіз басумен көбіне эйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқүрлар, бау-шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар және т.б дайындады.
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген түрғын үйлердің дамуы, үй-жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы түрғын үйлердегі керек-жарақтардың едэуірөзгерісіне экеп соқты. Дәстүрлі үй бүйымдарының орнына эйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші қүлыпталатын эртүрлі сандықтар пайда болды.
Қазақтардың үлттық киімінде этнографиялық белгілері сақта- лып қалғанымен, олардың да пішіні мен түрлеріне өзгерістер енді. Ер адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік өңір қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама үзын көйлек киетін болды. Ер адамдардың көп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол көбінесе фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты қазақтар түрлі- түсті бүқара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киді. Қазақтар әдемі “мэуіті шапан” мен “мэуіті шекпен” де дайындады. Олардың қос шабуынан өрнек салынды. Шабудың төменгі жағынан тілік қалдырылып, жүқа түйе жүннің тоқымасынан тігілді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі — күпі көктемде қырқылған түйе немесе қой жүнінен дайындалды. Сырт киетін қысқы киімнің қадірлісі аң жэне үй жануарларының терісінен тігілген ішіктер болды. Қазақтардың көбінің қолы жететін жэне кең таралған қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ітттіне қаратып тігілген тон болды. Енді аяқ киім түрлеріне келетін болсақ, қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер болды.
XVIII  ғасырда қазақтардың жазда киетін өкшесі биік, түмсығы қайқы етіктері XIX ғасырдың екінші жартысында жоғала бастады. Барлық жастағы ер адамдар қыс кезінде негізінен ішінде киіз байпағы бар үзын қонышты саптама етік киді. Неғүрлым ауқаттылары жаз кезінде былғары кебісі бар мәсі киіп жүрді. Бүл аяқ киімдердің барлығы оң жэне сол аяқ деп бөлінбей бірдей тігілетін. Бас киім түрлеріне келетін болсақ, ересек ер адамдардың барлығы шаштарын алдырып, басына тақия, тебетей киді. Бүның сыртынан тігілген терісіне сэйкес сусар,пұпіпак жэне елтірі деп аталатын бөріктер киді. Әйелдердің киімдері жас ерекшеліктеріне сэйкес бір-бірінен біршама ерекше болды. Қазақ әйелдері ерекше сәнді кнініп, кнімдерінің сыртынан тағатын кемер белдіктерін күміспен күптеп, алтынмен аптап, қымбат бағалы тастармен эшекейлеп отырды. Әйелдердің жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бас киімдері де ерекше болды. Мәселен, жас қыздар шет-шетіне моншақтан немесе бағалы ме- талдан шекелік тағылған, бай нақышты үкілі тебетей — “қасаба” кнді. ¥затылған қыздың бас киімі сәукеле бір жылдан соң ақ мақта- матадан дайындалған кимешекпен ауыстырылатын еді.
Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың түрмысы олар- дың ішетін тамақтары мен ыдыс-аяқтарынан айқын көрінеді. Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері болды. Қазақтар ыдыс пен керек- жарақтарды көбінесе сынбайтын матерналдардан: ағаштан, теріден, кнізден жэне шүғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба, ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал саууға арналған конек жэне т.б. Көшкен кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті қүрақтар- мен өрнектелген арнаулы кніз қаптарда (аяққаптарда) сақтаған. Су- сымалы мал өнімдері үшін тоқыма қаптар дайындаған. Сүр ет пен сары майды ағаштан жасалған кебежелерде сақтаған.
Сөйтіп, XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырда қазақтардың рухани жэне материалдық мәдениетінде көшпелі жэне жарты- лай көшпелі түрмыс-с алтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктер сақталып қалды.
Сонымен, қорыта айтқанда, XIX ғасырдың екінші жартысындағы экімшілік реформалар Ресейдің қазақ жеріндегі саяси-әкімшілік, элеуметтік-экономикалық үстемдігін нығайтуға, қоныс аударушы орыс шаруаларын өзінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыра оты- рып, қазақтарды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның түтастығын күшейтуді көздеді.

You May Also Like

Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклі, фазалары, реферат

Жоспар 1. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің анатомиялық сипаттамасы. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері…

Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы, реферат

Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы…

Асқазан мен он екі елі ішектің перфорациялық жарасы, реферат

Асқазан мен он екі елі ішектің перфорациялық жарасы   Жара ауруы – өршу…

Нуклейн қышқылы, реферат

Реферат Тақырып: Нуклейн қышқылы Жоспары: Нуклейн қышқылдары Қасиеттері Жіктелуі Аталуы Нуклеин қышқылдары…