Ғылыми – зерттеу жұмысы

Тақырыбы: «Отанын сүйген ұлтжанды ақын»

Ғылыми жұмысты жазған:

Секция:Әдебиет

                                   Мазмұны: 

Аннотация—————————————————-

Пікір————————————————————-

Жұмыстың мақсаты және міндеттері—————-

Кіріспе———————————————————-

Зерттеудің негізгі бөлімі 

1 тарау. Өмірге іңкәр ақын——————————-

1.1 Бауыржан өскен орта———————————-

1.2 Табиғат туралы жазған өлеңдерін талдау—-  

2тарау .Ақын аңсаған Тәуелсіздіктің көк байрағы-

2.1 Отанын сүйген ұлтжанды ақын———————-

2.2 Сегіз қырлы,бір сырлы дарын иесі—————–

3тарау.Қортыныды——————————————–

Аннотация

Автор өз жұмысын әденбиет саласына арнаған.Өзі зерттеген ақынның табиғат,туған жер тақырыптарына арналған өлеңдеріне шолу жасай отырып,Отан туралы,ұлт туралы өлеңдерін қарастырып,бір-бірімен салыстыра отырып,жүйелі талдау жасап,ақынныңөскен ортасы мен өмірі туралы зерттеді. Поэзия саласына қосқан   үлесін,поэмасыныңмәні мен мағынасын анықтауға тырысты.

Жұмыс кіріспе, негізгі,қорытынды бөлімдерден тұрады.

Аннотация

Автор свою работу посвятила литературному творчесту,проанализировав затронутые поэтам темы родной земли,Родины.Сравнив их, провела исследование жизненного пути поэта.А также попыталась выявить содержательный смысл поэмы и ее вклад в поэзию.

Работа состоит из введения,основного содержания и заключаиельных глав.

Abstract

The author has dedicated his work to literary creativity.She analyzed raized  poet themes of his native land,nature, country,

compare them, and a survey of the life of the poet.She also tried to identify the substantial sense of the poem and its contribution to poety.

The work contsists of an introduction, the main content and the concluding chapters.

«Отанын сүйген ұлтжанды ақын» тақырыбындағы ғылыми жұмысына 

Пікір 

       Құлибай Ұлзана жұмысында ақыл мен ақындық қуаты толысып келе жатқан шағында   жасында дүниеден өткен ақын Бауыржан Үсеновтың жыр мұрасын зерттеуді негіз алған.

     Автор ақынның өлеңдеріне ғылыми талдау жасай отырып,ақынның әдебиет әлеміндегі өзіне лайықты орнына шын баға берген.

Әсіресе,табиғат лирикасына,Отан,тәуелсіздік

тақырыптарындағы өлең-жырларына өзіндік талдау жасап,

Ой түйіндеп, тұжырым жасайды.

     Жұмыс жобасына ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған әр кезде баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды молынан пайдаланған.

Жұмыс адалдық пен әділдікті енді танып келе жатқан,әдебиеттің сән-салтанаттарына енді еніп келе жатқан жас зерттеушілердің ізденпаздығын айғақтайды.Жүрек түкпірінен шыққан сөз маржандары өте жақсы үйлесім тапқан.Жұмыстың тілі жатық, қарапайым,өзіндік стильі бар.

        Жұмыс кіріспеден,екі тарудан,әр тарау екі тармақтан және қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттерден тұрады.Жұмысты көпшілік алдында қорғауға ұсынуға болады.

 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жерлес ақынның өмірі мен еңбектері туралы, Тәуелсіздіктің  -жылдығын негізге ала отырып,Ел рәміздерінң  -жылдығын және айбарлы Ұлттықиәскеріміздің – жылдық  мерей тойларын қарсаңына, оның өлеңдеріндегі Отанға деген, ұлтына деген ұлтжандылық сезімін оқырман қауымына және жас ұрпаққа таныт.Желтоқсан»поэмасын зерттеу,талдау жасап, көпшілікке таныту.Табиғат лирикасына арнап жазған тамаша өлеңдеріне поэтикалық талдау жасау.Барша қауымның поэзияға деген қызығушылығын арттыру.Ақын шығармашылығын танып білу,жүйелі талдау,өміріндегі идеяның бағытын аннықтау.

Гипотеза:Ақынның табиғат лирикасы және Отан,тәуелсіздік тақырыптарына арнаған өлең-жырларын саралап,талдай отырып,өз бетінше ой түйіндеу.

Зерттеу кезеңдері: 

Бірінші кезең:Ақынның балалық шағына шолу жасау. 

Екінші кезең:Ақынның лирикалық өлеңдеріндегі табиғат құбылысы мен қоршаған ортаны танып білу 

Үшінші кезең:Отан туралы өлеңдерінің мәні мен мағынасын айқындау.Желтоқсан» пожмасының тәуелсіздікке арналған ең алғашқы туындыларының бірі екеніне назар аударту. 

Төртінші кезең:Ақынның әдебиет саласына қосқан үлесін анықтау. 

Зерттеу әдісІ: Ақын туралы баспасөзде жарияланған материалды жинақтау.

Кіріспе

           Дарынды қолдан жасай алмайды.Табиғаттың осыныау үлкенсыйы адам баласына ананың ақ сүтімен сіңетін ұлшы қасиет.Мені сондай бір дарын иесінің өлеңдеріне  тәнті болдым.Мен кітаптарды көп оқимын.Соңғы кезде оқығаным өзіміздің жерлес ақын Бауыржан Үсеновтың өлеңдері болды..

Мені қызықтырғаны ақын өлеңдерінен сезініп әрі көрініп тұрған табиғатқа және туған жері мен Отанына деген үлкен сүйіспеншілігі еді.Оның әр өлеңін оқи отырып,мен оны талдауға кірістім,және ақын туралы деректерді жинай бастадым.Әр өлеңінен «Жер жәннәты Жуалының»табиғатын одан әрі танығандай болдым.

Мен осы зерттеу жұмысымды «Маңдайыма жазылғани мәңгілігім»деп аталатын ақынның жыр жинағындағы өлеңдерінің ішінен табиғат және туған жеріне арнаған өлеңдеріне шолу жасай отырып,Отанына арнаған өлеңдерін, Тәуелсіздікті аңсаған жыр жолдарын «Желтоқсан» поэмасын зерттеуді,оның өскен ортасы мен өмір жолын тануды өзіме мақсат еттім.

                                   І тарау.Өмірге іңкәр ақын                                                                  

                             1.1Ақынның балалық шағы,өскен ортасы

Ақын Бауыржан Мұқанұлы Үсенов 1960 жылы 16-тамызда Жуалы ауданы Қошқарата вуылында дүниеге келген.Әкесі Мұқан Қошқарата ауылының өсіп өнуіне үлес қосқан еңбек және  соғыс ардагері.Анасы Күлән Досанқұлқызы 10 баланы өсіріп тәрбиелеген ардақты ана.                    Бауыржан   отбасының үшінші баласы.Бауыржанның есімін ата-анасы Бауыржан Момыгшұлы атасындай «ер болсын» деп қойған екен.

Ол мектепті Қошқарат ауылындағы Абай атындағы орта мектепте оқыды.Бірінші сыныптан ол «өте жақсы» деген бағамен оқыпмектепті үздікбітіреді.Бауыржанмектептезерделігімен,қабілеттілігімен,алғырлығымен ерекшеленеді.Кішкентайынан әке ертегісін,жыр-дастандар тыңдап өскен Бауыржан анасы Күләннан ән айтуды үйренеді.Ата-анасының ықпалы болса керек,Бауыржан кішкентайынан көркем әдебиетті сүйіп оқыды,ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Ән-жыр орындауды,домбыра тартуды,аккардеон ойнауды ерекше сүйіп ойнайтын және гитарада да жақсы ойнайтын.Мектепте «хор драма» үйірмесінің белсенді мүшесі болды.Сол куездегі пионер,комсомол ұйымдарының жетекшісі болып, мектептегі қоғамдық  жұмыстарға белсене араласады.Спорттық жарыстарда да жүлделі орындарды иеленді. Ақын жастайынан тай мініп,бәйге атқа шауып,қыс болса шаңғы теуіп, жаз болса көбелек қуып,бау –шарбағы жайқалған үйде алаңсыз балалық бал дәуренін қызық өткізген ұландардың бірі.Шәмші Қалдаяқовтың, Ескендір Хасанғалиевтің әндерін ерекше орындайтын.Даусы ашық,жанға жақын еді.Ол әнді 3-4 жасынан бастап-ақ айтатын болған.Анасы мен әкесі үйреткен әндерді,өлеңдерді,ертегілерді тез ұғып алатын.Үйреткенді қайта айтып беру қабілеті ерекше еді.Ақын өлеңді төртінші сыныпта оқып жүрген кезінен жаза бастады.Өлеңдерін сол кездегі «Қазақстан пионері» газетіне жолдайтын. Ақын Аян Нысаналимен хат алысып,ол кісіден өлең жазудың қыр-сыры туралы кеңес алып отыратын.Оның өлеңдері Республикалық «Ақ желкен» журналында,аудандық «Жаңа өмір» газетінде жарияланып тұрады.Мектеп бітірген соң Отан алдындағы борышын Германияда өтеп келді.Әскерден келген соң Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітіріп шығады.Ол ізденпаздығының арқасында,мектеп қабырғасында жүріп-ақ, университеттің алғашқы курстарында орыс-батыс, шығыс әдебиетшілерінің еңбектерін оқып,одан нәр сусындаған ақын.Ол ұлы Абайды,Мұхтарды жастана оқыса, Лермонтовты, Пушкинді,Есенинді сүйіп оқыды.              

                          1.2Табиғат  туралы жазған өлеңдерін талдау

«Не тілейсің ақыннанжиырма жасар?»

Жастамын мен қаймықпай шыңға басар,

Ез емеспін тау түгіл,қырда адасар,

Мен-қазақпын,домбыра жыр жарасар.

Өз арнамнан, әйтеуір аспай бақтым,

Бір арманға әйтеуір тастай қаттым.

Күнді бетке ап жол тартып бара жатқан,

Жыр көшіне ілескен жас тайлақпын» –

Деп жырлайды ақын өзінің «Өмірге сыр» деген өлеңінде.Өзі айтып кеткендей жыр көшіне ілескен жас тайлақ –Бауыржан өлеңін туған жеріне, достьарына,анасына,Отанына,өзі қоршаған табиғаты сұлу «Қошқар-ата» өңіріне арнаған еді.(1.61 бет

Бауыржан поэзияның үлкен бір  тармағы- табиғат лирикасы.Ол ұлы Абайды өзіне пір тұтқан.Туған жерін,елінің тау – тасын,өзен- көлін беріле сүйген ақын қоршаған ортаның ғажап   сұлулығын сан алуан бояуларымен құлпырта суреттейді.Қазақ поэзиясындағы Абай қалыптастырған табиғат лирикасынң ілгері өрістеуі Бауыржан Үсеновтың өлеңдерінен айқын көрініп тұрады.Мысалы:Оның өлеңіндегі «Көктем» ешкім көріп,сезіне білмеген таңғажайып сиқырлы, сұлу сазды,көкорайлы көктем.Тіпті Бауыржан қаламында бедірейген қара тасқа жан бітіп,ағыл-тегіл бусанып,әндетіп жатқаны,тілсіз, жансыз бар табиғатбұл-бұл болып сайрап, адам болып шаттанып кеткенде  көкірегің  кеңейіп,  ғажайып әлемге енгендей, гүл күй кешесің. «Өліара» деп аталатын  жылы өлеңінде табиғаттың қазақтар «қатерлі шақ»- деп атап кеткен әр айда белгілі бір күндерде ауа райының кілт өзгеретін мінезін:

« Біресе жаңбыр,біресе жауар қар кенет.

Езілген көше, еңсесі түскен тал терек,

Шатырдың астын мекен қыпалып шықпайды.

Шықылдықтаған шымшықтарға да жан керек»-

деп табиғатпен үнсіз сырласқан ақын,көктем мезгілінің осы аумалы- төкпелі кезін дәл, әдемі, бейнелейді.

«Азынап өткен машина шалшық шашады.

Буыршын – аспан ашуын қашан басады.

Үйдіре көкн жабағы бұлттың астынан.

Әупірімменен әлсіз сәулелер қашады.»- деп күн сәулесінің бұлтпен алысқан кезін, жылы сәулесін төге алмай бұлттың әржағынан сығалаған бейнесін осылай суреттесе,аспандағы қою қара бұлттың нөсерлетуге дайындалып,буырқанып тұрған ашулы сәтін «Буыршын аспан»деген әдемі тіркеспен келтіріп, «көгілдір» сөзіне жаңа «буыршын» сөзін қолданған.Табиғаттың құбылмалы мінезінен даланың жердің мына бір сәтін:

«Есін жия алмай етпеттеп жатқан далада,

Бәйшешек-үміт бас көтеріпті қараңыз.

Бәйшешек-үміт.

Бәйгеден келер  нұрлы үміт,

Тоң жерді тесіп,тойынып қана тұр күліп.

Тәбәрік қылып  бірін үзіп алдым мен.

Бір аптадан соң көрерсің, дүние  кетер дүрлігіп!»-деп көктемгі  табиғаттың дүр сілкініп, жаңа өмірге бейімделу кезіін шендестіре,бір-бірімен байланыстыра суреттейді.

Табиғат туралы өлеңіндегі құбыла ойнаған әдемі сурет,тамылжыған теңеулері Бауыржан шеберлігіне тәнті етіп,жүрек қылын шертеді.Көркемдік, сұлулық, эстетика деген осындай-ақ болар.(1.41 бет) Мысалы қыс мезгілі туралы:

«Келіншектей құлпырған бұйыға маң,

Кетер мекен көркіңе күйіп ұлан.

Аяз- жеңгем шымшиды тұла бетті.

Сызылады бұталар кіл әдепті»-деп, қыстың қытымыр аязын әдемі сұлу жеңгесіне теңесе,қыраудан басын көтере алмай тұрған бұталарды  әдепті ұялшақ балаға теңеген өлең жолдарын көркемдіктің озық үлгілері деуге болады.(2.56 бет)

Сәкен Сейффулин поэтиксында символ дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образ бар.Олар асау тұлпар, сұңқар құс, аққу,ақ бөкен.Осылардың ішінде  сұлулық, тазалық,нәзіктік идеалы, аққу мен бөкен болса,осы сұлулық пен нәзіктік 20-ғасырдың соңғы серісі  атанған Сәкен ақынның сұлу бейнесін еске түсіретін жас ақын Бауыржан Үсеновтың жырыңдада  кездеседі.Ешкімге зияны жоқ даланың еркін жүріп, кең жайылатын кер марал киіктері Сәкен өлеңінде де адамнан көрген қорлығын айтып сөйлейтін болса,ол үндестік Бауыржан ақынның «Бетпақдала қырғындары» өз жалғасын табады.Бұл әрине,идеал ұқсастығы мен поэтикалық сабақтастық, ұрпақ үндестігі десек болады.Бір үйір қасқырдан үркіп қашып келе жатқан бөкендер туралы:-

«Сонда үйір зымырады күнді бетке ап,

«құтыл»деп күбірлейді мұңды Бетпақ.

Қинады сорлыларды құрғыр аптап,

Тозаңы бос дәкедей үлбіреп қап,

Күн батты көкжиекте тұрғпн күліп,

Көздерде бір өшіп қап,бір жанды үміт.

Бөкендер маңып кетті айдалаға,

Бес бірдей құралайын құрбан қылып,»-деп,кеше дүниеге келген кішкене  құралайлардың қасқырдың жемтігі болып  қалғанын жаза отырып,көздерінде үрей мен қорқынышы бар, «дір  қаққан бауырлардан су сорғалап», «ащы тері көз жасымен қоса ағылып», «бір апанға келіп тығылған» бөкендерді тағы бір сұмдық күтіп тұр еді.Ол машинаның жарығы мен гүрілі болатын.

«Тағдырдың жазғанына күйіп тоңып,

Жазығы жаратылды киік болып.

Тағыда безіп берді бейшаралар,

Көздеріне қасірет пен күйік толып»-деп,қаша жөнелген бөкендерді мылтық оғымен,бір-бірімен жарыса қуып,қағып,басып өтіп бара жатқан «ессіз есер» топтың машина  дөңгелегінің астында қалып жатыр.

«Жаралы жалғыз қалған текті теке»

Құламай арт жағына бұрды басын.»-деп жазып келіп:-

«Ей, пенделер көздерін құйын басқан

Тоймасаң тағы қырғын ұйымдастырү

Бес бірдей құралайды қанағат қып,

Қап қойған сері екен ғой үйір қасқыр.

Болмадың қасқыр құрлы өр тоятты.

Басыңа ойнатар ма еді сол таяқты»-деп жаралы текенің ішкі ойын сөйлете отырып :

«Бұл сөзді теке бірақ айта алмады,

Серпіді құлап түсіп,төрт аяқты.»- деп ақ бөкен текесін адамша сөйлетеді.

«Қырғынға  куә болып құм жылады,

Аспанда ай да жылап қынжылады.

Қасқырда ішін тартты бұл сұмдыққа,

Пана қып ұйықтап жатқан бір жыраны»-деп Бетпақдаланың төсінде болып жатқан аң мен адам арасындағы табиғат қасіретін осылай жырлаған ақын:-

«Табиғат,о,таби,ат,кешір мені.

Көп болды төбеңде ажал есіргелі

Қай кезде бейбіт өмір сүреді екен,

Адам мен аң атаулы төсіңдегі.»-деп адам атаулының атынан Табиғат-Анадан кешірім сұрай отырып :-

«Көркейтер үйірімен дөң өркешін,

Адамдар,сақтаңдаршы шөл еркесін.

Әйтпесе кейінгі ұрпақ қарғап жүрер

Бөкеннің таппай қалып көлеңкесін»-деп алдағы үлкен экологиялық апаттың алдын алуды өтіне сұрай жазады.

«Ақынның аты –Бауыржан.Бірақ атақты батыр емес,ақын еді.Ол да Жуалыдан.Бетпақтағы ақбөкен қырғыны….Ол соны өлеңмен жазды.Ақбөкенді әуелі төрт аяқты қасқырлар қырды.Олар да нысап бар екен.Бес құралайды құлатып,сонымен тыңды.Ал енді жерде- мәшине, көкте – тікұшақ мінген екі аяқты қасқырлар ақбөкен табынын қынадай қырып салды……Бауыржан Үсенов Бетпақдала қырғынын ослай жазды.

Табиғат,аңдарды қорғау мекемелері Бауыржан Үсенов өлеңдерін білсе ғой шіркін! Аз  тұра ма,көп тұра ма  қалай дегенде де кеңсе қабырғаларына іліп қойса.Бірақ оны ойлар кім бар?……» -деп,жазыпты халық жазушысы Шерхан Мұртаза.

Табиғаттың жаратылысы адам мен жануарға ,құс пен аңға арнаған өлеңдерінің бірі оның табиғатқа деген сүйіспеншілігін білдіреді. «Құлын», «Кер бие», «Бұлт», «Жапырақ жайлы бір өлең», «Түн сиқыры», «Түн», «Шалғын,жылға егіс», «Май топырақ балалық», «Ауылға хат», «Оралдым туған жерге ақпандатып», «Сексеуіл», «Өліара», «Гүл туралы шумақтар», «Бетпақдала қырғыны», «Байғыз», «Жыртқыш құстар», «Кәрі төбеттің соңғы сөзі», «Қанаты кесілген қыран», «Өгізарал», «Тағлым мен тағдыр» т.б өлеңдері  оның табиғатпен тығыз байланыста екендігін дәлелдейді.Оны мына өлең жолынан байқауға болады.Қуанышы мен қайғысын,қандай бір жүрек жарты сезімін,өзінің өмірін табиғатпен тығыз байланыстырған ақын:-

«Мен биіктен сан атылдым,

Жете алмасам бар ма амалым.

Табиғаттан жаратылдым, Табиғатқа айналамын»-деп өзінің осы аққу өлеңімен өмірден ерте өзі сүйген табиғатқа айналып кете барды.

ІІ тарау.Ақын аңсаған Тәуелсіздіктің көк байрағы, Отанын сүйген ұлтжанды ақын

Өмірге іңкәр  ақын Бауыржан Үсенов өзінен де өзінің  тағдырынан да Отаның, туған мекенін жоғары қоя білген ақын.Оны ақынның «Біз ұрпақпыз жанарында жалын бар» өлеңінен көруге болады:

«Көп шындықты білмей өскен ұрпақпыз,

Жалғандықтың жалтақ әнін шырқаппыз.

Ақсақалдар, шындықты енді айтыңыздар!

Бұра тартып бұрмаламай бұлтақсыз.»-деп алдыңғы буын ағалардан тоқырау заманнының ешқандай шындыққа сәйкес келмейтін отарлау саясатының кертартпа заңын ашық айтуын талап етіп сұрайды.

«Біз ұрпақпыз жанарында жалын бар,

Ал,қоныңдар тұлпарына шындықтың»-деп өзі көз жеткізген шындықты ары қарай былай деп жариялайды:

«Мәселені білгім келіп жүр менің,

Шәкәрімді қандай қазақ өлтірді,

Қайран ақын 55 жыл көмілген,

Сені іздер суырып алдық көріңнен.

Үн қатыңдар Ахметтер, МАғжандар

Елу жылдай көрінбеген төрімнен.

Абайға да күйе жаққан бұл қазақ,

Бірін-бірі әлі күнге жүр қажап».-деп жазықсыз жапа шегіп,репрессия құрбандары болып кеткен қазақтың ұлтжанды азаматтарына жасалған қастаңдық пен қатар пендешіліктің жоғары сатысы күншілдікті де сынайотырып қынжыла суреттейді де:

«Партия боп айтысқанша ел болып,

Парасаттың  шырағданын шыңға жақ» – деп елді сабырлық пен ауызбіршілікке шақырады.

«Мен қайралған қаңжарыңмын ел сенің,

Бар өзімнің көзқарасым өлшемім.

Бүркітіңмін шыңда өсетін қар басқан,

Ерлігіңмін дауылдатып алға асқан,

Жалғандықтың жалын күзеп тұқыртып,

Шындығынды жырлап өтем талмастан»-деп ел үшін жанын беруге даяр екенін,қандай дауыл тұрса да қарсы алуға дайын екенін айта келе тек шындықты ғана жырлайтынын айтып өтеді.Иә, ақын шындықты ғана жырлады.

Тарих қойнауын ақтара отырып,ол өзінің атақты «Азвт өлеңі»деп аталатын жырын адамдарға,көкейіндегі ойын еркін айтқызбай,ақындарға жүрек шерін жеткізбей ауызға қақпақ қойып тілге тұмау салған,тіпті туған тілінен,дінінен безіндірген заманда:

«Жайды қанша ылаң құшақ,

Сорлы қалың момын елге.

Тілін жұлған жылан құсап,

Біреулерге көрінем бе?

Бұл кімдерге қолайлы еді,

Жібер қандас,келешекке ой»,-деп ұрпаққа ой тастап,

«Тілді жұлу оңай ма еді,

Біздер жылан емес ек  қой.

Атейст боп кете алмадың.

«Құран» жыртқан өлерменім,

Көгерпедің Отан бағын,

Және өзің де көгермедің,»-деп сол қоғамды жақтағандарды сынайды.

«Дән қалпына келер мейлі,

Тілімді де тұл демеймін,

Жеріңді енді бөлем дейді

Қалай қайтіп үндемеймің,» – деп жерін қызғыштай қорғайды.

«Іштей тынып құр күйіктен,

Талайлар жүр соры қайнап.

Түсімде ылғи бір биіктен

Желбірейді бөрі байрақ….» – деп,болашаққа зор үмітпен,сенммен қарайды.Ақынның  түйсігі деген осы шығар.Түйсік,сезіну, алдын ал болжау,ерекше дарын –қабілет.Ол- тек ақындардың бойында ғана болатын қасиет қой деймін.Мұндай ерекше жаратылған дарын иелерінге Алла Тағалам бойларына өзгеше нұр құйып жатқан сияқты.Себебі, ақын алдамады.Бауыржан Үсенов қайтыс болған соң төрт айдан кейін қазақ елі бодандық шынжырын бұзып,ақын аңсаған  тәуелсіздікке жетіп,ақын  түсінде көрген «Көк байрақ»туымыз төбемізде желбіреді.Ең өкініштісі,бұны ақын көре алмай кетті. Бұл ақынның «орыстану саясатына» деген іштей қарсылығы, жан айқайы екені сөзсіз.Сол кездегі әділетсіздік пен саяси үстемдік  ақын жүрегін сыздатқаны,жанын аяздай қарығаны көрініп тұр.Міне, сол байрақ көгімізде желбірегеніне 29жыл толды.

Ақын дүниеден өткен соң оның жолдастары  газет беттеріне ақын туралы үнемі жазып отырған.Оған дәлел замандасы Жарыс Сәрсек (2006 жылы  2 ақпан «Ар-Ай» облыстық жастар газетіне), «Қара машина» да, қайран ақында жоқ, бүгін…..»деген көлемді мақала жариялаған.Онда «Бауыржан Үсеновтың сонау қайта құру дәуірінен бұрын,сексенінші жылдардың бас кезінде жазған «Қара машина» өлеңі еріксіз еске түседі.30-40 жылдары сталиндік нәубетті еске алудың өзі қиын болып тұрған сол бір шақта Сәкен,Ілияс, Бейімбет сияқты халқымыздың ардақты перзентерін «Халық жауы» деген жалған жаламен бір түнде қара машинамен алып кеткен сұрқылтай саясаттың опасыздығын балаң ақын бұл өлеңде аяусыз әшкерелеген еді.Артынша жас ақын  да қудалауға түсті. «Үш әріптің» тыңшылары соңынан шырақ алып,ҚазМУ-нен шығартты.Өкінішке орай,өлең жоқ болғаны ма?Олай болу мүмкін емес.Ендеше «Қара мәшинеге» іздеу  салуымыз керек.Ол ендігі жерде өзімізізге қажет.Баукеннің ақындық болмысын,асқақ рухын танытқан сол өлең болса  – оған жан –жақты талдау  асалуы тиіс.Бәлкім, ақын тағдыры да сол туынды да жатқан шығар»- деген жолдар бар.

«Үш ұлы адам дарын ескен түрінен,

Келбетіне құдайдайын үңілем.

Бір-ақ жылда қайтыс болған тарихи,

Құбылыс деп ойлайтынмын мұны мен.»

Бұл өлең жолдары 2009 жылы 6-19 тамыз «Ана тілі» газетінде жазылған.Ақынның  жан досы ақын Бауыржан Омаровтың «Бауыржан сал» атты үлкен көлемді дүниесі жарияланған.Сол мақалада Бауыржан Үсеновтың «Қара машина» өлеңінің 20-жалдан кейін ойламаған жерден табылғанын қуана жазғанын оқыдым.Ол өлең ақынның өз дауысымен,оқылып үнтаспаға жазылып алынған екен.Оны сақтап қалған Бауыржан Омаровтың  Қарағандылық жерлесі, әнші Жақсыгелді Кемалов екен.

Сәкен,Ілияс,Бейімбет қазақтың үш тарлан ақынның басынаг өткен ащы шындықты, ақындарға жасалған опсыздықты ашық жырлады.Ол кезде олай жасауға мүлдем болмайтын еді.

Ақынды «антисоветтік»өлеңдер жазды деп қудалауға ұшырап, оқудан қуылып, «мемлекетке қауіпті» адам деп ізіне аңду қойылды.Бірақ көп ұзамай жариялылық заманы келіп,тәуелсіздік орнап, жазықсыз жаланың құрбандары ақталып,халқымен қауышқан еді.Солармен бірге Бауыржан  ақын да ақталып,оқуына қайта оралды.

Қоғамдағы әділетсіздікті ақын қайсарлықпен тура айта алды.Біздің жерлесіміз ақын Бауыржан Үсенов ең алғашқы,бірінші болып «Желтоқсан» поэмасын жазды.Ол поэмасында  әділетсіздіктің ең сорақы жазасына жазықсыз ұшыраған, аяусыз жазаланып ажал құшқан қайсар қазақ жас жігіт Қайрат Рысқұлбековтың тағдыры  мен Желтоқсан оқиғасының ауыр сипатына арнап жазылған еді.

«Үзеңгі дос жыры» деп талған поэманың бірінші бөлімінді орталықтың асығыс шешіміне қарсы болып алаңға шыққан бейбіт шерудің ел басшылығына қазақ елінен шыққан азамат болуын талап еткен шерулердің сол алаңда өз арман- тілектерін айтып қалғаның жазады:

«Қазақстанда он тоғыз облыс бар,

Хатшы жоқ па тізгінді қолына ұстар?!

-Бұл дегенің- деп біреу шамданады,

Орталықта беделдің қалмағаны.

Тілің құрып барады білесің бе?

Ескерусіз жатыр дін сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға,көзді байлап,

Мұрша бермей қойды ғой тіресуге»-деп жазады.Халық ойындағы арман-тілегін сөйлеткізеді.

Еріксіздік азабы, түрме тауқыметі, ештеңе түсінгісі келметін қатал тергеуші мен жазықсыз жала жабылып тергеуде отырған Қайраттың арасындағы тергеу процесін диалог түрінде жазады.Ел басына түскен нәубет, қолдан жасаған қанды кесапат –«86 жылғы Желтоқсан оқиғасының» сипатын Қайрат  пен тергеуші диалогы арқылы жеткізіп, сөз тіркестерін нақты шебер суреттей отырып,Қайраттың терең идеясын,ойын,мақсатын,ел алдындағы нақты сөздермен дәлелдей суреттеген. «ҚҰдайға мұңын шаққан ана зары» бөлімінде жүрегін сағыныш кернеген ана зарын,баласының күнәсіз екенің ешкімге айтып дәлелдей алмаған ана күйінішін:

«Мойныңды біразырақ бұршы құдай,

Тірлікте кім қанышер,кім сұмырай,Тәңір құдай.

Оқыста отқа түскен  көбелегім,

Гүл ашпай көкте солған қыршыным-ай,

Жете ме құлағыңа сорлы мұңым,

Естімей,кереңісің бе зорлық үнін,

Ешкімге залалы жоқ бұйра қозым,

Алаңсыз ойнақтаған ор құлыным.

Іздер ем жол бірақ саған барар,

Таба алмай тіршілігім тамамдалар.

Сезеді  қу жүрегім,сүтім адал,

Ақ жолдан таймайтұғын баламда адал.» деген зарлы сөздермен ақын баласына деген ана жүректің сөздерін осылай жеткізген.

«Аспаннан түссеңші енді жер тірегі,

Сен жоқ деп құдайсыздар желпінеді.

Ей, Тәңір менің ұлым ақын еді,

Ақындар қайтіп адам өлтіреді.

Сұмдарға шамаң жоқ па тоқта деуге,

Ей құдай пендең саған өкпелеуде.

Ақымақ үшін алдыменнен

Ақындар тоспайды ма оққа кеуде.

ҚҰдай-ау мұң шағамын қай  адамға?

Тұтылған күн секілді қараям ба?

Заманы Сталиннің оралды ма?

Халқым-ау,бұл не сұмдық ай аманда?» -деп баласының күнәсіз,адал екендігін өкіметтің көзін қайтсем де жеткізем деген ана сөздеріне құлақ салып көріңіздерші.

Баласының жазықсыз екенін ешкімге айтып жеткізе алмаған шерменде ана сөзін,айтар ойлы қоғамның сол кездегі әділетсіз заңына

«Залым соты, заңы да арам,

Құлыншағым,қан құсып отыр анаң,

Сала ма сені әлдилеп топырақ ән

Көзіне күл шашамын бұл қоғамның,

Заңы тұл,адамы құл,соты  харам….»-деп үлкен өкпе-наласымен бітіреді.

«Қалыңдықтың жоқтауы»бөлімі Қайраттың сүйген қызы болған шығар,болса ол осылай сөйлер еді- ау деген оймен жазылған деп айтсақ болар еді деп ойлаймын.Себебі:поэманың бас жағында ақын Қайратты танымайтындығын айтады.Сондықтан да бұл бөлім ақын ойымен,поэзиялық түйсікпен жазылған.Ақын қалыңдықты былай деп сөйлетеді:

«Қанды алаңда тосты сені Қособаң,

Қайран өлім,талай пәле тос одан,

Жының құсқан Желтоқсанға обалың,

Менің аттай алмай қалған Босағам.

Ақ гүл едім,гүл көктемде аруықтай арыдым,

Өткен сынды түйсігім мен танымым.

Жанарында өмір,өлең толы еді,

Неге ертерек сөніп қалдың жарығым.

Қыпша белім нені аңсайсың сен енді,

Қыздырмайды қаным суық денемді.

Мен тұманда мәңгі – бақи жоғалттым,

Желкенін жел кернеп жүзген кемеді.»-деп қыз сезімін,оның асқақ арманы болған жігітіне деген сағыныш-сезімін осылай береді.Әрине,ақын ойына жүгінсек,Қайраттай жігіттің қызы болмауы мүмкін емес.

«Махамбетке күллі қазақ ғашық болса айып па?»деп ақын М.Шаханов жазғандай, ақын Бауыржан ойымен санассақ,ешқандай қылмыс жасамай,өтірік жала жабылып, «Құрбандыққа шалынған тоқты» сияқты жанбай жатып сөнген Қайраттай  жігітке қазақ қызы ғашық болса,оны әр ақын адалдықтың символы  ретінде жырласа, ол әдебиетке артық болмас еді.

«Желтоқсан» поэмас ақынның жары Гауһардың айтуы бойынша 1987 жылы қаңтар айында жазылған.Ендеше бұл қазақ поэзиясындғы желтоқсан оқиғасына арналып жазылған тұңғыш поэма деп нақты айтуға болады.

2.2Сегіз қырлы бір сырлы ақын

Бала кезінен өлеғһң жазып, ақындық жолға түскен Бауыржан өлең жазумен қатар әншілік, сазгерлік өнерімен де ерекшеленеді.Оның бұл қасиеттерін өзімен бірге оқыған достары күні бүгінге шейін тебірене жазып,газет бетіне жариялап отырады.Бауыржан Үсенов осы Жуалы өңірінен шыққан тұңғыш суырып салма айтыскер ақын. Ол өзі оқыған ҚазГу –дың ,облыстың,ауданның намысын қорғаған, бірнеше айтыстарда жүлделі орындарды иеленген ақын.

Бауыржан атақты тәуелсіздіктің басы болған «Желтоқсан

оқиғасына» қатысып, «Желтоқсан» поэмасын жазған алғашқы ақындарының бірі.Ақынның бұл поэмасы «Жалын» журналының жабық бәйгесінде жүлделі екінші орынды иеленді.Бауыржанның артында екі жүзден аса өлең, үш  поэмасы қалды.Өткір мақалалары мен тың ойлары қалды.Бауыржан Үсенов 1990жылы көктемде өткен жастар «жігер-90» фестивалінің дипломанты.Онда «Жапырақ жайлы бір өлең»өлеңін оқыған.Өлең жоғары бағаға ие болған. «Жалын» журналында, басқа да республикалық бысылымдар да жарияланып отырған. Бауыржанның өлеңдеріне  академик жазушы Мұзаметжан Қаратаев батасын беріп алғы  сөз жазған.Қара өлеңнің шебері Қадыр Мырза Әлі  Бауыржан  Үсеновтың  өлеңдерін жоғары деңгейдегі өлеңдер деп баға берген.Көзң тірісінде  ақын 1991жылы көктемде бірнеше  өлеңін «Қазақстан» телеарнасында өзі оқып,жаздырып кетті.Бауыржанның өлеңдері нәзік лирикалық өлеңдер.Ол табиғатты көп жырлаған. Кәусәр бұлақтай қайнап келе жатқан ақын өлеңдері өзі дүниеден өтсе де әр кезеңде баспасөзде жалт-жұлт етіп жарияланып қалды.

Сазгер ақынның «Қарлығашым қайдасың», «Шағала», «Ауыл сыртындағы ән», «Тымырсық», «Найзағай келіншек»,атты әңдері бар, «Табиғат терезесі», «Маңдайыма жазылған мәңгілігім» атты жыр жинақ кітаптары бар.Бауыржанның шығармашылығы туралы ақын Мырзахан Ахметов 1991 жылы мақала жариялаған. Бауыржанға жергілікті ақын Ілияс Ахметов өлең арнаған.Тараз Мемлекеттік университетінің оқытушысы ф.ғ.д С.Құлбарақов зерттеу жұмыстарын жазды.Мақала 2009 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды.

ІІІ тарау

Қорытынды

Ақын көркем әдебиетке мәнді,мағыналы өлеңдерімен үлес қосқан.Қазақ поэзиясындағы Абай қалыптастырған табиғат лирикасын ілгері өрістеткен.Қоршаған ортаның ғажап сұлулығын сан алуан бояуларымен құлпырта бейнелеген.

Тылсым дүниеге бойлай еніп, табиғат пен адам тағдыры арасындағы сабақтастықты саралап,одан астарлы ой түюге ұмтылған.Өзі  өмір сүрген қоғам қайшылығын озық оймен саралай отырып,отар ел болудан құтылып, тәуелсіздікті аңсай амандаған,болашаққа үміт артқан.

Мен өз ойымды қорытындылай келе ,оқып,көріп,зерттегенімнен түйген ойым ақын-сазгер, әнші Бауыржан Үсеновтың шығармашылығы әлі де терең зерттеулерді қажет етеді.Аз ғана өмір сүрсе де артына өшпестей із қаллдырған ақынның табиғатпен терең байланысқан,табиғатпен үндескен өлеңдерінің санаулысын ғана зерттедім.

Шын мәнінде оның әртүрлі тақырыптарға жазған өлеңдері, публицистикалық мақалалары әр қайсысы,уақыт бөліп зерттесең бір күндік уақытты алар еді.

Ол бүгін біздің арамызда болмаса да,оның көк дөнен күмбірлеген өлеңдері халқы аман тұрғанда айтылып,жырланып,әндері орындала береді деп ойлаймын.

Бауыржан-қазір қазақ ішінде ең көп таралған есімдердің бірі.Соғыстан кейін қалың ел балаларына жаппай осы атты коя бастады.Бүгінгі көзқараспен зер салсақ Бауыржан ұғымынды түсіндіру оңай. «Бауырмал жан», «Бауыры бүтін жан» деген  секілді ойға тез оралатын тіркестермен түйіндей салуға болады ма екен?-деп жазады «Бірінші Бауыржан»-деген зерттеу мақаласында ақын Бауыржан Үсеновтың жан досы Бауыржан Омарұлы.Ақын Бауыржан Үсенов,өзі және Светқали деген үш жігіт студенттік өмірдің алғашқы жолдарында батыр атамыз Бауыржан Момышұлына сәлем беруге барғанын жазады.Сол жерде батыр атамыздың өзінің есімі «Баукыржан деген сөз,негізінде ,Баһур-әл-Жалил деген атаудан шыққанғой»-деп еді-ол кісі –дейді.Осы барғандарында  батыр Бауыржанның өздеріне қарап,бата беріп тұрып «Мен қазақтарып «Мен қазақта нөмері бірінші Бауыржанмын,қалғандарың өз нөмерлеріңді тауып алыңдар»-деген екен.«Ақыны бар ел бақытты»-деген ұлағатты сөз бар қазақта.Сол ақынын ардақтай білген елдің жүзі жарық,мерейі үстем болған әрқашан. «Ақын- елдің еркесі»-деген .Себебі,ақын адамзаттың ішіндегі ең  нәзігі,жүрегінің бар жылуын елге шашып,халық үшін қашан да отқа да, суға да түсуге даяр,халықпен бірге қуанып, бірге мұңаятн ерекше дарын иесі.Ендеше,сондай дарын иесінің бірі аудан,облыс,қала берді Республика көлеміне танылып үлгеріп кеткен, біздің  жерлесіміз ақын- сазгер,әнші, суырыпсалма айтыскер ақын,бір емес бірнеше аспапта ойнай алған,әдебиет пен өнерге азда  болса өз үлебір емес бірнеше аспапта ойнай алған,әдебиет пен өнерге азда  болса өз үлесін қосып кеткен Бауыржан ақынды неге Жуалыдан шыққан нөмері екінші Бауыржан атамасқа.?!Бойына бірнеше өнер тоғысқан Бауыржан Үсенов 19 ғасырда өмір сүрген сал –серілер сияқты  синкретті ақындар тобына жатады деп айта аламын.Тоталитарлық жүйе мен репрессияның соңғы құрбандарының бірі.

You May Also Like

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ, ғылыми жоба

Координаталық жазықтықта ұлттық дүниелерімізді кескіндеу, ғылыми жоба

Координаталық жазықтықта ұлттық  дүниелерімізді кескіндеу Кіріспе Бізге барлық пәндер ұнайды, бірақ математика…

Компьютерлік графика мүмкіндіктері, ғылыми жоба

Тақырыбы: “Компьютерлік графика мүмкіндіктері” Секциясы: Информатика МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1.…

Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:  Ұрпаққа аманат: Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар Жоспар Ғаламдық…