Тақырыбы: «Туған өлке-тұнған шежіре»  ғылыми жоба жұмысы

Орындаушы: Кеңес Ұлан

Ғылыми бағыты : Өлкетану

Ғылыми жетекшісі: Қарымсақ Құрманғазы

     Ғылыми   жоба

Пікір.

Өлкетану  бағытында ұсынылып  отырған  «Туған өлке –  тұнған  шежіре,» атты ғылыми жоба алдына қойылып отырған мақсаттары толығымен орындалған. Шаған өзені бойын   мекен еткен ертедегі халықтар  туралы тарихтан белгілі.Ауыл тарихын алғаш  зерттеуде, ізденуші тек тарихи деректерге  сүйеніп қана  қоймай шежіре кітаптардан, энциклопедия, археологиялық қазба деректер бойынша тарихи еңбектерді  басшылыққа алған. Ізденуші  археологиялық  ғылымның негізінде тарихи шындық, ерте  замандағы түрік қағандығы және  одан да  әрі дәуірге дерек,  көздеріне сілтеме зерттеу жүргізген. Бұл еңбек Шыңғыстау, Шаған өзені бойы мекендеген ертедегі тайпалық мемлекеттер жайында  айтылмай, жазылмай келген тарихи құнды деректердің бірі, себебі бұл өңірде 1947 жылы  археолог С.С.Черниковтың зерттеуінен кейін бұл өңірге тарихи зерттеу жүргізілмеген. Бұл өңір Семей  ядролық полигонының орталығы болғандықтан «жабық»аймақ болды. Қазіргі  уақытта «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында  осы өңірде археологиялық зерттеулер басталды.Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы ел тарихын жаңаша зерделеу туралы айтылған болатын. Тәуелсіз  қазақ елінің тарихын қайта жаңаша көзқараспен зерделеу барысында, көне қола ғасырында, одан да, ары кезеңде  осы өңірдегі халықтардың өмірі жайлы тың  деректер табылуда. Оқушының ізденісі туған өлкеге деген құрмет, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және тарихи танымға  деген қызығушылығын арттыруға ғылыми еңбектің тигізетін пайдасы мол болады.

Өлкетанушы.   Әлсейтова Нұргүл

                             Жоспары.

1.Кіріспе
2.Ауыл тарихы

  1.  «Қоңыр әулие» киелі мекен
    4.Көне Шаған обалары
    5.Будан ата кесенесі
    6. «Қырық үңгір» сырлары
    7.Қорытынды

Ауыл тарихы.

 Біздің ауыл тарихқа бай, табиғаты әсем, жері шұрайлы мекен.  Ауыл аудандағы ең үлкен Шаған өзенінің Ащысу және Сарғалдақ өзендерінің бойында орналасқан. Ауылдың солтүстігін, Шыңғыс тауы шығысын, Бұғылы тауы, оңтүстігін Машан тауы, батысын Көксеңгір таулары қоршап тұр. Дәл өзен бойымен басталып, өркеш-өркеш тізбектесіп, шығысқа қарай көлбей жатқан”Ақтас”тауы жатыр. Ауылымыз бұрындары “Қызыл-ту”совхозы деп аталды. 1930-33 жылдары “Қызыл-ту”және”Бестамақ”колхоздары болып қайта құрылып,”Сарғалдақ” ауыл советіне қарады. 1951 жылы ұсақ ,”Қызыл-ту” колхозы деп атады. Ауыл 1959 жылы шілде айында “Қызыл-ту” совхозы болып қайта құрылды. Тарихтың қилы кезеңдерінен біздің ауыл өмірі адам танымастай өзгерді. Ақ селеу басқан далаға сәнді құрылыстар салынып, көптеген жаңа елді мекендер бой көтерді. Кешегі егін салуда, пайдаланылған ‘’жаяу күрек” пен ағаш соққаны осы заманғы алып тракторлар мен комбайндар, автомобиль мен басқа да ауыл шаруашылық машиналары құрастырылды. Жоғары вольтты электр жүйесі тартылып электр нұрын шашқан аймаққа айналды.Ұлы Отан соғысы басталғанда ауылымыздан 200-ге тарта азамат майданға аттанды. Соғыстан жартысынан астамы туған ауылына оралмады. Міне, осылардың ішінен Абай ауданының мақтанышына айналған, жау пулеметінің арандай ашқан ауызын кеудесімен жапқан Кеңес Одағының батыры Жаңғазы Молдағалиев атамыздың ерлігі бүгінгі  ұрпақ есінде калды. Бұл күнде  ауылымыздағы « Даңқ» алеясында Жанғазы  атамызға  мүсін орнатылған. Мектебіміз  Жаңғазы ата  атымен аталады.

«Қоңыр әулие» киелі  мекен.

Ауылымыздан  20 шақырым жердегі ‘’Ақ тастың’’сілемінде биік жартас арасында ‘’Қоңыр әулие’’үңгірі бар. Үңгірдің ұзындығы -100 метр, ені 20 метрге жуық. Биіктігі – 5-6 метр, бірақ түбіне қарай 1-2 метрге төмендеді. Үңгір ішіндегі көлдің суы мөлдір, әрі тұщы, оның тереңдігі  3-4 метрге жетеді. Соған қарағанда бұл жер асты көлінің Шаған өзенімен байланысқан тұсы болса керек.Қазақ арасында  бұл тарихи ескерткіштің қасиеті  жайлы  әңгіме кең тараған. Ауылымыздың көнекөз  аталардың айтуынша  ертеректе Үңгір ішінде екі үлкен бөлме, сол жақ бөлігінде  тамаша сәулет өнерінің  туындысы жас әиел адамның мүсіні болған , екінші  суға жақын жерде бірнеше әр түрлі кішкене мүсіндер болғандығын  айтатын. Өткен  ғасырдың 70-80 жылдары Алматыдан  адамдар келіп, тексереміз деп,кішкене мүсіндерді алып кетіпті, содан  бері ешқандай  дерек жоқ. Бұл үңгір 40 – жылға созылған  ядролық  сынақтың  салдарынан төбедегі тастар опырылып, ішіндегі  жолдарға залалын тигізіп, кіріп шығуға қиындатты. Қоңыр әулие үңгіріне атақты адамдар  да,қарапайым халық та ежелден көп барған, солардың  қатарында Абай да  болып, өз қолымен жазған автографы сақталған. [83]1911 жылғы 26 тамыздағы мәжілісте В.А.Броюхановтың Семейден 200 шақырым жерде Бұғылы  болысында Ақ тас тауындағы «Конуръ Ауліэ», яғни Қоңыр аулие үңгірі туралы туралы жіберген қызықты хабары оқылып, оған үңгір туралы мақала жазып, [Запискиге] жариялауға ұсыныс берген. 32. Ол ұсыныс орындалып В.А.Брюхановтың Конуръ Ауліэ мақаласы 1912 жылғы [Запискидің]  6- шы басылымында  жарық көрген.» Бүгінгі күні «Қоңыр әулие» киелі мекенге айналды. Рухани  жаңғыру аясында  үңгір ішіне жөндеу  жұмыстары жүргізілді: жарықтандыру,арнайы баспалдақ жолдар төселіп,  баратын жол, қонақ үй, асхана ,келген адамдарға жағдайлар жасалды. Бұған келген адамдар  шипа көл суына  түсіп, ем алып қайтады. «Қоңыр әулие» үңгірінің  тарихы жөнінде үңгірдің жоңғар- қазақ соғысында бекініс, тосқауыл ролін атқарғаны белгілі болды. Оның айналасындағы көп тасбейіттер мен құлыптастарға қашалып жазылған әр рудың таңбалары нелер қырғын соғыстың болғандығын дәлелдейді.
Тарихтың терең қойнауынан сыр беретін «Қоңыр әулие», «Қырық үңгір», «Қыз әулие», «Шаңырақ әулие», үңгірлері мен «Будан ата» мазары,Молдабай, Күншуақ, Шыбынтай жеріндегі  көне тас жазулары көктен төгілген тылсым үннің  табиғат түрлеуінің жалғасы деп білесің. Осы өлкенің Бұғылы, Машан, Айтуған «мұртты  обалар» алқабының тұнған  тарихтан  сыр шертеді.Шаған  өңірін мекендеген көне тайпалардың тұрмысы, шарушылығы,кәсібі туралы  олардың қалдырған тұрмыстық заттарының қолданғандығын зерттеу кезінде анықталды. Жұмыс барысында жаңа деректер бойынша ізденіспен зерттеу жұмыстары  жүргізілді. Далалық зерттеу жұмысының мақсаты оқушыларды  тарих пәніне қызықтыру,өз бетінше ғылыми жұмыстар жүргізуге үйрету, ұлттық мәдени және тарихи ескерткіштерді танып,қорғай білуге баули отырып, білім сапасын көтеру,есте сақтауға тәрбиелеу.

Көне Шаған обалары

Мұндай құрылыстарды неғұрлым кең тараған  уақыты – дамыған қоланың соңы, соңғы қоланың басы, ш.б.с.д. ХІІІ – ХІ ғ.ғ. Шаған қола қола ғасырының  көне қорымдары сол  дөңгелек қорған – қоршаулардың « классикалық»нұсқаларын  ұсына алады. Тастағы суреттерде басы тұтас, немесе қос диск, шақпақты диск, «шабақты дөңғалақ» деп аталған бейне Сарыарқа, Шыңғыстау, Шаған жеріндегі қола ғасыр қорған- қоршауының келбетіне мейлінше  ұқсас. Тастарды қиғанда, тақталарды көлікпен жеткізу кезінде және құрылыс алаңында өңдеуден өткізгенде өзгерістерге ұшыраған.[25] Шаған өзенінен  оңтүстікке  қарай үлкен  алқап бойы ертедегі  қорымдар тізбектеле  орналасқан.Шаған өзені бойы, Молдабай, Күншуақ, Шыбынтай жеріндегі  тас суреттер (петроглифтер) –көктен төгілген тылсым үннің, табиғат түрлеуінің  жалғасы. Ондағы  бейнелер сан – алуан дегенмен, басым көпшілігі – аң бейнелері. Бірнеше тұста, әсіресе,киелі бұғы бейнесі өте әсерлі шыққан. Соңғы қола, ерте темірдің басы, осыдан үш мың жылдай бұрынғы замандікі.Киелі бұғының мүйіздері шеңбер және  шеңбер ішіндегі күн шапағы түрінде дәріптелген.Шапақ сызықтары бір нұсқада бестармақты, адамның симфоликалық бейнесін ұсынғандай. Бұл бейнелер адамның күн нұры мен киелі аң – бұғыдан жаратылғанын ұқтырса керек. Әлем мен адамның жаратылуы құбылысы адамға ұқсатылған Күнбасты мен  қасиетті бұқа бейнелерімен  бір түсінікті көреміз: жаратушы екі басты  Күнбасты бұғы, ал жаралғандар бейнесінде таутеке мен адам тұр. Енді бір суретте күнбейнелі жеке бұғыны көре аламыз. Адам өзінің екі негізгі функциясымен көрінеді: ат үстінде  аң қуу(әсерлі бейне – тауға өрмелеген елікке сүңгі сермеге дайын ізін басқан аңшы). Екінші қызметі соғыс. Мұнда атты жауынгер бейнеленген және  бәрінің қарулары бөлек. Бас жауынгердің қолында найза, бір қолында сүңгі. Оның маңында семсерлі, қанжарлы, қылышты және тас доп лақтырушы жауынгерлер қимылдауда. Шаған өңірі бойындағы тастағы суреттердің көбі бейнелеу өнерінің арғы дәуіріне жатады. Бірқатары  мысты тас, қола ғасырынікі, 4 -5 мың жыл бұрынғы дүниелер деп шамалаймыз.

Будан ата  кесенесі
Ерте көне дәуірден бері бұл жерде қаншама ел келіп,кеткен деген сөздің ақиқат екені белгілі. Ауылымыздың батысына қарай өзен бойында көне сәулет өнерінің ескерткіші Будан ата мазары. Будан ата ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда өмір сүрген. Өз заманында ауқатты бай адам, халыққа сөзі өткен, ел ішінде беделді адам болған. Будан ата халық арасында мұсылман дінін қатты қадірлеген және исламның адамгершілік, ізгілік қасиеттерін кең насихат жүргізуге ықпал жасаған деседі. Будан ата туралы тарихи деректер сақталмаған. Атаның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейін басына кесене салдырған. Ата кесенесі тамаша сәулет өнерінің туындысыретінде салынған. Құрлысқа  құйылғын кірпіштен,топыраққа араластырып,жылқыныңқылын, қазының майын, ешкінің майын қосып, құрылыс ісіне қолданған. Ескерткіштің  ұзындығы 20 – метр, ені 5 -10 метр. Ескерткіш төрт бөлмеден тұрады. Бірінші бөлмеде екі адам жерленген, екінші  үлкен қонақ жатын бөлмесі,үшінші ортаңғы бөлме, намаз оқитын  болса керек, соңғысы шыға беріс ауыз бөлме, мұнда жерленген адам қабірі бар. Ортаңғы бөлменің төбесіндегі материалдарын 1929 – 1930 жылдары ұжымдастыру кезінде колхоз құруда құрылыс жұмысына бұзып алынған. Осы мазарға тақау жерде белгісіз адамның шошақ төбелі кірпіштен қаланған мазары бар.Мазар ішінде көне араб тілінде  жазылған тақтайша  бар, бірақ ол жазуды апарған адамдар оқи алмады.

Шаған бойына зерттеу жұмысы

Ауыл  тарихының ертедегі адамдардың тұрған орындарын анықтауда  оқушылармен  зерттеу жұмысын жүргіздік. Өзен бойымен жағалай отырып, талай тарихтың құпиясы болған жазыққа келіп, жұмысымызды бастадық. Ауылдың батыс жағындағы алқапта үлкен  ертедегі адамдардың қорымдары орналасқан. Бұл жер көне дәуірдегі адамдардың жерлеу алаңы болған сияқты. Осы жерде бірнеше  үлке обалар қорымы бар. Ертедегі темір дәуіріндегі ескерткіштер негізінен обалар түрінде  сақталған. Олардың  үлкендерінің  диаметрі 20 метрден,биіктігі 2 метрден асады. Көпшілік обалардың ені 6 метрден 15 метрге дейін, ал биіктігі 1 метрден,12 метрге дейін болады. Осы жерде «мұртты»қорған қорымы ерекше көзге түседі.Үлкен оба диаметрі 35 метр,сырты таспен қаланған 22 метр сақина тәрізді қоршалған қорым, шығысқа қарай доға тәрізді ұзындығы  48 метр, ені 2 метр, батысқа қарай ұзындығы 64 метр,  доға тәріздес болып келген. Қорымның ортасында диаметрі 8 метр кішкене қарама –қарсы тағы осындай қорым бар. Осы обаға қарсы үлкен қорым орналасқан. Обаның үсті ұсақ қиыршық аралас тастармен қоршалған диаметрі 97 метр, биіктігі 15 метр обаның ортасы таспен қоршалған. Осыған тақау жерлеу дәстүрі әртүрлі  қорымдар көп. Обаларға жақын жерлеу  дәстүрі ерекше қорым бар. Бұл қорымның төрт бұрышында үлкен тас белгі бар, қорымның диаметрі 25, ені 24 метр үсті малта, тас қиыршық тастармен жабылған. Бұрышындағы тастарда  түсініксіз, әр түрлі таңбалар бар. Осы маңда 50-60 тан астам үлкенді  кіші обалар және басқа да жерлеу қорымдары  кездеседі. Бұған қарағанда осы жерде  көне  заманда адамдар мекендеген  туралы айтуға болады.
Ауылымызға  2014 жылы Еуразия университетінің археологиялық экспедициясы келіп,зерттеу жұмысын бастаған еді.Осы Шаған бойында  жүргізілген археологиялық қазба кезінде, ерте замандардан,қола дәуіріне жататын тас жәшіктің ішінен 140 асық табылды.Археолог ғалымдар адам мен бірге асықтардың жерленген сырын алдағы уақытта ашар деп ойлаймыз.Қорымнан табылған құнды жәдігер сүйектен жасалған скальпел мен киіз қалдығын ерекше айтуға болады.Осыған қарап біздің бабаларымыз осыдан 3 мың жыл бұрын медицинаны меңгеріп, ота жасағанын,сонау замандарда киіз басуды  да бір кісідей білгенін ұғынуға болады.

                                      «Қырық үңгір»
Өзеннің қарсы бетінде таудың беткейінде орналасқан  үлкен  және кіші аузы бар  «Қырық екі» үңгір мекені бар. Үңгір жер бетінен 50- 60 метр биік Ақтас тауының  беткейінде  орналасқан . Оған бару үшін  тауға өрмелеп шығып,бару қажет.Үңгірдің  аталуы осы маңайдағы тау ішінде бірнеше үңгірдің  болуы дәлел.Үңгірде ежелгі  заманда адамдар мекендегені  туралы зертеу жұмысында белгілі болады. Себебі  үңгір ішіндегі жер қабатында  оттың күлінің көп қабаты топырақ болып кеткен. Үңгірдің  төбелері құлап, опырылған, мүжілген, оның себебі 40- жылдан астам  ядролық сынақтың зардаптарының әсері  деп ойлаймын.Үңгір ішіне кірдік.Үңгірдің аузы  үлкен, ары қарай бойлап жүрдік,бір үңгірден, екінші үңгір сөйтіп, бірнеше үңгір жалғасып кете береді.Оқушылар үңгір ішін аралап, көптеген біз білмеген үңгір сырларын білуге тырысты. Мен үңгір төбесі мен қабырғалардан қашалған суреттерді  ідеп көрдім. Балалар туған жер қызықтарын айтып ,үйгежақсы көңілмен қайттық Тарихтың куәсі «Қырық үңгір» ғажайып мекен, бұл үңгірдің сырын тарихшы ғалымдар мен антрополгтардың зерттеуі қажет деп ойлаймын. Міне, Қазастанның киелі  жерінің жұмбағы ашылмаған мекеннің сыры  осындай.

Қорытынды:

«Туған жер- тұнған шежіре» тарихын зерттеуде ауыл іргесіндегі көне қорымдарға тарихи  зерттеу  жасап ,өлкетану туралы құнды мәлеметтер жинақталды. Ауыл маңындағы  «Қоңыр әулие», «Шаңырақ әулие», «Қыз әулие», «Ақ үңгір» киелі мекендері ежелгі заманда  адамдар тұрағы болғаны белгілі болды.Молдабай, Күншуақ, Шыбынтай, Машан тауы, Айтуған, қыстауының маңындағы ежелгі  «петрогливтер» ондағы адамдардың тас бетіне салған сурет өнері ғылымда үлкен жаңалық болары қақ. Бүгінгі Шаған өңірі тасына тарихтың таңбасы бар, ойы мен қыры, белі мен беткейі, төбе шоқысы естелік, ескерткішке аңыз, шежіреге толы өңір. Ауыл тарихы  бойынша жасалған еңбек өлке тарихын, Шаған өңірі аймағының біз білмеген сырларын білдік Рухани жаңғыра отырып, болашаққа бет түзеген халықтың Ұлы Даласының  киелі жерлерін қастерлеу,құрметтеу біз үшін үлкен міндет деп білеміз. Тарихи шежіре жерлердің орындарын анықтауда зерттеу жұмысын жалғастыру, болашақта Қазақстан тарихына тың жаңалық болатын  еңбек болады деп ойлаймын.

Аннотация

Жұмыстың мақсаты:

Рухани жаңғыра отырып, болашаққа бет түзеген халықтың Ұлы Даласының киелі жерлерін зертеп, тарихын анықтау арқылы, ұлттық құндылықты тануға  үйрету.Шежіре  көзі мәдени  ескерткіштерді білу ,бүгінгі ұрпақтың санасын дамыту. Қазастан тарихын жаңаша көзқарас қалыптастыру,тың деректемен толықтыру негізгі мақсат.

Зерттеу жұмысының болжамы:

«Туған жер – тұнған шежіре» туралы еңбектің құндылығы, тарихи шындыққа сәйкес өткен дәуір кезіндегі адамдар өмірін танып білуге мүмкіндік бола алатындай ұлттық рухани қазыналарымызды бағалай білетін азамат қалыптастыру.

Зерттеудің тарихи мәнділігі:

Бұл еңбектің тарихи қоғамдық пікірлерді және педагогика ғылымдары тұрғысынан алғаш рет қарастырылып отыр. Болашақта бұл тарихи еңбек оқушы қауымға тарихи кезеңнің сырларын,ұлттық құндылықты  сақтай білуге тәрбиелік мәні зор.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

«Туған жер – тұнған шежіре» жайлы зерттеу жұмысы көне қола және ерте темір дәуіріндегі мәдениеттің бір саласы деуге болады. Қазақстанның тарихын жаңаша қарауға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Жұмыстың орындалу әдістері:

Тарихи деректермен танысу жинақтау, қорыту, жүйелеу, салыстырмалы талдау жасау, зерттеу қазба жұмыстарына қатысу арқылы жүргізілді.

Зеттеудің практикалық мәнділігі:

Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, Бейнелеу өнері тарихы бойынша оқытылатын түркі, Ұлы дала көшпенділерінің мәдениеті жайлы толық теориялық материал ұсынылады.

You May Also Like

Сексеуіл – шөл даланың падишасы, ғылыми жоба

Түркістан облысы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Аманкелді атындағы жалпы орта білім…

Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны Бағыты: Информатика Орындаған:   Жетекшісі: …

М.Мақатаев поэтикасындағы метафораның қолданыстық сипаты, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ Жұмыстың тақырыбы: «М.Мақатаев поэтикасындағы метафораның қолданыстық…

Отанын сүйген ұлтжанды ақын, ғылыми жоба