Зерттеу жұмысының тақырыбы:

«Тастағы қынаның құпиясы»

Бағыты:  Биология

Мазмұны:

 І. Кіріспе……………………………………………………………………………………………  1

ІІ. Аңдатпа …………………………………………………………………………………………  2

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Тастың түзілуі………………………………………………………………………………… 3

3.1 Қынаның тасқа бітуі………………………………………………………………………  3

3.2 Қынаның түрлері……………………………………………………………………………  4

3.3 Қынаның қоректенуі………………………………………………………………………  5

3.4 Қынаның көбеюі……………………………………………………………………………   6

3.5 Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы  ……………………  7

 ІҮ. Тәжірибелік бөлім

4.1   Қынаның топтарын ажыратып жинақ жасау………………………………….  8

4.2   Қынаның қалай өсетінің бақылау …………………………………………………   8

4.3    Қынадан бояу алу………………………………………………………………………..   9

4.4  Қынамен тұрмыстық заттар бояу…………………………………………………..    9

4.5  Қынамен шаш бояу……………………………………………………………………….    9

Мақсаты:  Тау тасына өсетін қынаның сырын ашу және оны

ата –  бабаларымыз қалай пайдаланды, қынаны қазір біз қалай

пайдалануға болатынын анықтау

Міндеттері:

Тасқа қынаның қалай өсетіні туралы ақпараттар жинақтау;

«Өлі» дүниеден «тірі» органиканың қалай пайда болатынын анықтау;

Ертеде қынаны шарушылыққа, тұрмыс-тіршілікке қалай пайдаланғанын анықтау;

Қынаны қолданысқа қалай пайдалануға болатынын зерттеу;

Болжам:   – Егер біз қынаның құпиясын аша білсек, онда қазіргі кезде тау

тасындағы қынаны қалай қолдануға болатының, қандай пайдасының бар

екеніне көз жеткіземіз.

Зерттеу жүйесі:  Ақпарат көздерін жинау, табиғаттағы қынаны, өсетін жерін

Бақылау және қынамен тәжірибе жасау, қорытынды шығару.

Тәжірибелік кезең:  Деректерді жинақтау, талдау, бақылау, жүйелеу,

салыстыру, тәжірибе жасау, ойқорыту.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: қына барлық тастарға бірдей өсе

бермейді,  яғни «таза ауа индикаторы», ауасы ластанбаған жерде ғана өседі,

түрлі – түсті болып өседі, мал азығы болады және қынадан  бояу алып

пайдалануға  болады.

Кіріспе

Табиғаттағы  барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Өзі

табиғаттың бір бөлшегі болатын адам да қоршаған ортамен тығыз

байланыста. Біз өзімізге залал келтіріп алмау үшін осынау аса нәзік өзара

байланыстарды айқындап, танып – білуіміз керек.

Бүгін жаратылысты «тірі табиғат» пен «өлі табиғат» деп жіктеп,

жіліктеп бөліп тастаған қазіргі заман ғылыми ежелгі заманнан бері бүтін

бірлік ретінде қарастырып келген болмыс бірлігін жоғалтып алғаны ақиқат.

«Табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді. Өлілерге тау, тас, су т/б., тірілерге жан-жануарлар, өсімдіктер» – деген қағида санамызда бекіп қалғаны да рас. Әсем табиғатпен біте қайнасып, шерін тарқатқан қазақ үшін табиғатты өлі деп атау ешқашан ақылға сыйған емес.

Жата алмас ем топырағында тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер – деп ақын

Қасым Аманжоловты тебіренткен қара тастың тілсіз болса да, жанды екенін атам қазақ бұрыннан байқапты.

Тілсіз болғаны үшін әлі күнге дейін «өлілердің» қатарында келе жатқан тастың мән-жайын анықтап көрсек.

Қазіргі кезде 500-ге жуық сала – салаға жіктеліп кеткен жаратылыстану ғылымдарының жартысынан астамы тастармен жұмыс жасайды. Ғылымның тілімен айтсақ, тас – миерал, кен. Тас – құраушысы Менделеев кестесіндегі әртүрлі химиялық элементтерден тұратын күрделі, қатты зат.  Химиялық элементтер минералда белгілі ретпен орналасып, өсіп, керек десеңіз, тіпті, жаңасып тауып отырады. Минералдың құрамында ең көп кездесетін – оттегі, сутегі. Олар тасқа су арқылы немесе жеке дара ене алады. Сутегі жаңбар, жер асты сулары арқылы енсе, оттегінің көп мөлшері ауадан алынып отырады. Қарапайым түрде тастар да дім алып, су ішеді деген сөз. Тастың ішіндегі байланыстар берік, әрі элементтердің арасы жақын болғандықтан, тас қатты болады.

Аннотация

Назарларыңызға ұсынылып отырған жұмыс қына

«Тастағы қынаның құниясы»

«Секрет лишайника на камне»

«Secret of lichen on stone »

      Қынаны зерттейтін ғылым – лихенология. Грекше «лиһен» – қына, «логос» – ілім дегенді білдіреді. Қыналар өте баяу өседі. Бір жылда 1 және 8 миллиметр. Қына «өсімдік пионері» деп аталады. Себебі өсімдіктер өспейтін жерлерге өсіп, тау жыныстарын бұзады, кейін ол жерге басқа өсімдіктер өсіп шығады. Қыналар 80 – 100 жылға дейін, кейбіреуі 600 жыл тіршілік етеді.

Наука, изучающая лишайник – лихенология. От греч. «лиһен» – лишайники, «логос» – учение, что означает. Лишайник растут очень медленно. 1 и 8 миллиметров в год. Лишайник называется «растительный пионер». Потому что растительность растет на нерастущих землях, разрушает горные породы, а затем на ней  растут другие растения. Линайник обитают до 80 – 100 лет, некоторые – до 600 лет.

The science of lichen – Lichenologe. From Greek. “lichen” – lichens, “logos” – teaching, which means. Lichen grow very slowly. 1 and 8 millimeters per year. Lichen is called a “plant pioneer”. Because vegetation grows on non – growing lands, destroys rocks, and then other plants grow on it. Lichens live up to 80 – 100 years, some up to 600 years.

Қынаның тасқа бітуі

«Өлі» анорганикалық дүниеден «тірі» ағзаның қалай пайда болатынын әзірге ғылым тоерия жүзінде бұлдыр болжаммен айтса да, нақты тәжірибе жүзінде көрсете алған жоқ. «Үш анықта» Шәкәрім атамыз осы күнгі ғылым сан-саққа жүгіртіп шеше алмай отырған қынаның тасқа бітуі туралы былай дейді: «Тас пен құм сүйектерге біткен қынаны алып қарасаңыз, қынаның астында тас пен сүйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсемен жабыстырылған болады. Сол топырақ сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр? Мен ойлаймын, су мен топырақ жылылықтан өсімдік шығарғандай, тасқа ауа, су жылылығы сияқты себептер қосылып, қына шығарып отыр»

Ашып айтсақ, қынаның тасқа бітуі ерекше жолмен жүреді. Қынаның              кез –келген тасқа шыға бермейтіні де белгілі, ол тасты таңдайды. Қалайша десеңіз, ең алдымен, түсіндіруді тастан бастайық. Басында айтылғандай, тас өзіне суды сіңіреді. Тастың құрамындағы элементтер куб тәрізді байланыс құрды делік. Кубтың іші бос, оны толтыру керек. Сол кезде оған жаңбыр мен жер асты суларынан көзге көрінбейтін бірнеше  су молекуласы бос ұяшықтарға орналасады. Осылай тастың бос орындары сумен толады. Ендеше қынаға қажетті судың бір бөлігі тастың өзінен алынатыны белгілі болды. Шәкәрім атамыз айтып отырған тас пен қына арасындағы топырақ сияқты жабыстырғыш заттың түзілуін және оның түзілуіне ауа мен судың қатысын түсіндіре кетейік.

«Топырақ сияқты» деп отырған затымыз ауадағы тотықтырғыш оттегімен  түзілген тастың беткі бөлігіне жақын орналасқан сілтілік металдардың  (Na, Mg, K, Ca) оксидтері болып табылады. Ал, сілтілік металл оксидтерінен алынатын металл иондар қына үшін көбейіп, тұқым шашуына мүмкіндік береді. Осылайша биологияның қына түзілуі туралы бүтін бір іргелі саласын тудырып, бас қатырып отырған күллі әлем ғалымдарының сұрағына Шәкәрім атамыздың азат ақыл, еркін оймен үш ауыз сөзбен жауап қайырып отырғаны таңдай қақтырады.

Ғалымдар қынаның басқа өсімдіктерден айырмашылығын анықтаған.  Яғни ол жалғыз емес, бірге өсіп – өнетін екі өсімдіктен – саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбесіп тіршілік етуінен пайда болады. Балдырлар қоректік заттарды ауадан алады, ал саңырауқұлақтар су мен минералдық заттарды , тау жыныстарын өзі бөліп тұратын қышқылдармен еріту арқылы алады. Міне, сондықтан да қына жалаңаш таста да өсіп-өне береді.

Қынаның түрлері

Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде

өседі. Тастың үстінде, шөлді – шөлейтті жерлерде, тундырада және

ормандарда тіршілік етеді. Антрактидадан  350 түрі, Оңтүстік полюске

жақын жерден 7 түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортада

өсетіндері жоғары температурада тез кеуіпкетеді де тіршілігі уақытша

тоқталады. Қайтадан қолайлы жағдай туса, кеуіп қалған қыналар қалпына

келіп, тіршілігін жалғастырады. Өте салқын жерлерде өсетін қыналарды

айрықша тығыз қалың қабықша қорғап тұрады.

Қыналар пішіндеріне қарай үш топ бөлінеді.

  1. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық тәрізді қына. Бұлар сары-

қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңып түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады.

  1. Орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақ пішініне ұқсастары  – жапырақ  тәрізді қыналар.
  2. Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталған  ақшыл – жасыл, ақшыл түстілері – бұта тәрізді қыналар .

Қынаның қоректенуі 

 

Қына құрамындағы саңырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы

су және минералды заттарын береді. Өздері балдырлардың фотосинтездің

нәтижесінде түзілген ағзалық заттарымен қоректенеді.

Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікпен

байланысады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынадан ғана

табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше

тіршілік ететіндері де бар. Қынаның құрамында бір жасушалы жасыл

балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасушаларындағы хроматофорларында

көмірқышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар

түзіледі. Балдырлар және саңырауқұлақтың жіпшелері, ағзалық заттармен

қоректенеді.

Ғалымдар қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырларды

Қоректік ортада жеке – жеке өсірген. Сонда саңырауқұлақтардың жіпшелері

ғана пайда болып, спора түзілмеген. Балдырларда көбеюдің барлық түрлері

жүрген. Сондықтан қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар паразитті

қоректенуге бейімделе бастайды деген қорытындыға келген.

Қыналардың көбеюі

Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен

Саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа

шашылады. Әрбір бөліктен және денелердінен бөлініп түскен бөлшектерінен

де қына өсіп жетіледі.Қыналар жынысты көбейгенде саңырауқұлақтардағы

сияқты жемісті дене пайда болады. Оның ішінде 6 жыныс жасушаларының

қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі. Зиготаның ядросы үш рет бөлініп, сегіз

спора, ал зиготаның қабығынан қалта пайда болады. Споралар шашылап,

қолайлы жағдайда өнеді  де, балдырлармен кездескенде ғана жетіледі.

Қаналар өте баяу өседі. Қабыршақты қыналар жылына 1-8 мм, ал бұта

тәрізді қыналар 1-35 мм өседі.

Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотасинтез жүреді.

Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді.

Қыналарға қажетті жағдай – оттекке бай таза ауа. Қалалардаң лас ауасында

өсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші

есебінде пайдалануға болады.

Қыналардың 2 000-дай түрі бар. Қыналарды жіктегенде құрамындағы

саңырауқұлақтар мен балдырлардың жіктелуі ескеріледі.

Бұғы қынасы (кладония) солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі.

Оның денесі (таллом)  – тақта, біз, бокал тәрізді тік өседі. Кейде бұта тәрізді түрі де бар.

Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы.

Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Олардың топырақта қоректенуі нашар жүреді. Тастардың бетіне, суыған жанартау қалдықтарының (лава) бетіне алғаш «қоныстанатын» да осы қыналар. Олар өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп, тасты үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топырақ пайда болады. Оған басқа өсімдіктер орнығады да, жануарлардың мекеніне  айналады.

Бұдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын ақын Иса Байназаров

Арқада ел орнаған Абыралы,                                                                                                 Бойынан барлық дәулет табылады.                                                                                                   Дегелең, Мыржық, Тайлан, Көкшетауым                                                                                    Көрген жан құмарланып сағынады.                                                                                                       Бас Қайнар, Орта Қайнар, Аяқ Қайнар,                                                                  Семірген қына тасын жалап қой мал.                                                                                   Шөбі сүт, бүрі шекер, суы қандай,

Ақынға шабыт беріп, қанат байлар, – деп төгілте жырлаған. Бұдан қазақтар қынаны мал азығы болып ретінде пайдаланғанын байқаймыз.

Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.

Этнографиялық ақпарат жинақтау барысында, ата – бабаларымыз қынамен киіз үй сүйектерін, теріден жасалған ыдыстарды, қыз – келіншектер тырнақ көбесін, шаштарын, сонымен қатар асықты бояғанын т/б тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланғанын білдік. Түстерді ақшыл қызғыллтан бастап шымқай шие түске бейін болады екен.

      Қыналардың емдік қасиеті.  Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағыштың діңдерінде өсетін жер – қынаны қайнатып, дизентерия ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына  дәрілер жасалады. Қынадан қант, спирт, бояу, такмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады.

  1. Тәжірибелік бөлім

Зерттеу жұмысы бақылау әдісі арқылы  және дәлелді  іс-әркетпен орындап көрсету арқылы орындалды.

Менің ғажайып қыналарым

Алдарыңыздағы табиғаттан жинап алған сары, сары қызыл, көгілдір және ағаш діңіндегі қыналармен жинақ жасадым.

Шыны ыдысты аламыз оған ылғал мақтаны салып , оның үстіне қынанын бөліктерін саламыз, бетін шыны ыдыспен жабамыз.

Қалай өсетінің бақылаймыз

Қортынды: қынаның өте баяу өсетіндігін байқадым.

 Қынаны микроскоппен қарау.

Биология мұғалімінің көмегімен Қынаны шыны ыдысқа салып микраскоп арқылы бақылап ағзасының  құрылысында  саңырауқұлақтар мен балдырлар бар екенін көрдім.

Жұмыстың нәтижесінде: Қынаның екі ағзадан тұратының, селбесу арқылы тіршілік ететінің білдім.

Техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып  анам  екеуіміз үй жағдайында сіздерге қынаның бояуын алып, онымен заттарды бояп көрсетеміз.

Қынадан бояу алу.   .Алдымен 100грамм Көгілдір және сарықызыл қынаның екі түрін алып екі ыдысқа салдық

2.Оған 1 литр су құямыз

  1. 30минуттай қайнатамыз.

Зерттеудің нәтижесі: Қайнаған қынаны сүзіп алып түстерін бақылаймыз. Қынаның сарықызыл түрінен ақшыл қызғылт түсті, ал Көгілдір түрінен шымқай шие түсті бояу шықты.

4 Тәжірибе Қынамен асық және жіп бояу.Алынған қызғылт және шымқай шие түсті бояуға  асық пен жіпті салып   1 сағат баяу отта қайнаттық.

Зерттеудің нәтижесінде: Қынаның сарықызыл түрінен ақшыл қызғылт түсті асық пен жіп, ал Көгілдір түрінен шымқай шие түсті асық пен жіп боялды.

5 тәжірибе –Қуыршақтың шашын бояу, Шымқай шие түсті табиғи қынағы қуыршағымның біраз шашын боядым, ал өндірістік қынаға екінші жағын боядым. Нәтижесінде. Қынаны шашқа қолданудын зияны жоқ екенін білдім.

Қорытынды

Осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында қол жеткізген нәтижелеріміз:Қынаның барлық тасқа бірдей өсе бермейтіндігі;

  • Қынаның түрлі – түсті болып өсетіндігі;

 

  • Қынаның мал азығы болатыны;
  • Қынаны тастан ажыратып алып, химиялық зерттеу арқылы, оның пайдалануға болатындығы анықталды;
  • Қынаның табиғаттағы пайдасы, қына – «таза ауа индикаторы»,

яғни ауасы ластанбаған жерде өсетіндігін білдік және қазіргі кезде де

қынадан бояу алып, пайдалануға болады.

Қорыта келгенде қынаның  қасиеттері өте көп. Оны ары қарай дамытып, өңдеу арқылы қаншама пайдалы нәрсе жасауға болады деп ойлаймын.

Болашақта табиға қынадан алынатын бояуды өндірісте дамытса.

You May Also Like

Жұмбақтар және оның түрлері, ғылыми жоба

КІРІСПЕ Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде…

Оқушылардың-шығармашылық-қабілетін дамыту, ғылыми жоба

Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Эксперимент физиканы оқыту процесінде әртүрлі функцияларды атқарады. Демонстрациялық…

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі Мазмұны  Кіріспе Дарындылықты дамыту білім саласына…

Сабын жасайтын өсімдіктердің түрлері құрылысы мен географиялық таралу жолдары, ғылыми жоба

Секциясы: Биология Тақырыбы: Сабын жасайтын өсімдіктердің түрлері құрылысы мен географиялық таралу жолдары.…