Эссе

Заманауи әлемнің педагогы

Мұғалім бойындағы ең басты қасиет алдындағы жас жеткіншекке білім мен тәрбиені қатар беру деп түсінемін.ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін «ұстазым» деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады.

Менің ұстаздық жолында ,яғни әлеуметтік педагог болып еңбек еткеніме 21 жыл өтіпті. Байқап қарасаңыз, аз уақыт емес. Бірақ  еңбегі қайнап жатқан мектеп өмірінде уақыттың қалай өткенін сезбей де  қаласың.Не үйрендім, қандай отбасына нендей көмегім тиді деген ойлар жиі мазалайды.Оқушылардың  әлеуметтік ортада қалыптастып, бейімделуіне әлеуметтік педагог зор ықпал етеді.  Әлеуметтік  қалыптасу адам мен ортаның өзара әрекеттестігінің  стихиялы  түрдегі  нәтижесі емес,  мұнда  әлеуметтік  тәрбиеге ерекше  орын беріледі. Бұл шынтуайтқа келгенде  тәрбиешінің  тәрбиеленушімен  қарым-қатынаста қатысты  арнайы  жағдайларды  жасауға бағытталған іс-әрекеті.Әлеуметтену  адамның  әрбір  өмірлік  кезеңдеріне  қарай өзіндік  ерекшелікпен жүзеге  асырылады. Ол  кезеңдер: балалық шақ,  жастық шақ, ересектік шақ, қарттық шақ. Әлеуметтену үдерісін жүзеге  асырудың  маңызды  институты  ретінде отбасымен  білім беру  мекемелері  ерекше маңыды  рол атқарады. Мектеп пен мектепке  дейінгі жастағы  балалардағы  әлеуметтену  әрекетінің  мазмұны  мен түрлері бірізді өзгеріп отырады. Әлеуметтену үдерісі,  әсіресе,  жасөспірімдік  және жастық шақта айқын,  өте  қарқынды өтеді. Бұл кезде олар қоғам талаптарына  бейімделуіне  жұмыстар, жастар арасындағы  өзіндік  мәдениет, қарым-қатынас  стильдері  әсер етеді.

Менің мақсатым: Оқушылардың жас ерекшелігін , отбасылық ерекшілігін ескере отырып , ортаға бейімделген , тығырықтан шыға алатын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнделікті өмірде биік адамгершілік ұстанымдарды басшылыққа алатын, коммуникативті, креативті жас ұрпақты тәрбиелеу.Мектеп –терең тағылым мен өнегелі тәрбиенің құтты қайнары, асыл арнасы екені сөзсіз.
Сол себептенде өз мамандығымды сынып жетекшілік міндетімен ұштастырамын.Оқушы бойындағы қалыптасқан жақсы қаситтердің баршасы ата-анасы ұстазының көпжылдық өміршең жемісі. Осы бағытта жұмыс істеу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізгенімді мақтан тұтамын.

Сыныбымдағы оқушылардың жетістіктеріне тоқталсам, Хуаныш Айгерім қалалық өзін өзі тану пәні бойынша өтілген олимпиадада жүлделі 1-орын, облыстық кезеңінде 1-орын,республикалық кезеңінде 2-орынды иеленді.Амирбеков Абылайхан Павлодар қаласында өткен жарыста каратэ ден жүлделі 1-орынды иеленді.Сыныбымдағы барлық оқушылармен тіл табысып олардың өмірде өз орындарын табуларына ықпалым зор деп ойлаймын.

Әрине, мұның бәрі зор еңбектің,маңдай тердің күшімен келетін жеңістер. Ең бастысы кез-келген байқаудан кейінгі оқушының көңіл-күйі, мақтаныш сезімі, өзінің өсу деңгейін байқауы, өзін басқалармен салыстыруы, ең қажеттісі өзіне сын көзбен қарай алуы, яғни өзін-өзі бағалауы. Және өзіне деген сенімділігінің артуы. Ұстазға осыны көруден артық бақыт бар ма екен деген ойға қаласың!?

Оқушының жеңісі арқылы ұстаз да жеңіске жететіні сөзсіз. Оқушыларымның жеңісімен мақтана отырып,өзімнің де жеткен жетістіктеріме де тоқтала кетсем:

Жыл сайын аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындығына қол ұшын беру,материалдық көмек көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу мақсатында өткізілетін жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдалық акцияларын ұйымдастырып өткіземін.2013жылы қалалық білім бөлімінің тамыз кеңесінде «Әлеуметтік педагогтың қиын жас өспірімдермен жұмыс жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары»тақырыбында баяндама оқыдым.Жыл сайын қамқоршылық мерекесінде мектепте әр түрлі іс шаралар өткіземін.2014 жылы Орталық Қазақстан газетіне кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып жасөспірімдерді қажетті заңнамалық біліммен қамтамасыз ету мақсатында «Жас өспірім және заң»тақырыбындағы өткізілген дөңгелек үстелдің өту барысы және 2016жылы қамқоршылар күніне арналған «Алақан жылуын аямаған» іс шараның маңызы туралы мақалам жарияланды.2014 жылы «Ақпараттық қоғам дамуы контекстіндегі заманауи мәселелер» академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ журналистика кафедрасының 20 жылдығына арналған республикалық ғылыми практикалық конференцияға қатыстым, «Мектептегі әлеуметтік педагогтың іс әрекеті» тақырыбындағы мақалам жинаққа енгізілді. 2019 жылы «Заманауи білім ортасы:жаңашылдық,тәжірибе,келешек» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатыстым. «Инклюзивті білім берудегі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру ерекшіліктері тақырыбындағы мақалам жинаққа енгізілді. 2017 жылы «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда педагогтің рөлі» атты сырттайғы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысып,Қосымша білім беру жүйесінде оқушылардың фукционалдық сауаттылығын дамтыту» тақырыбында мақалам жинаққа енгізілді.2019 жылы «Ізденіс» республикалық ғылыми-әдістемелік журналға «Отбасындағы балаларды тәрбиелеу  тақырыбында»  мақалам жарияланды, 2021  жылы «Орталық Қазақстан» газетіне «Басты мәселе-бала тәрбиесі» тақырыбында мақалам жарияланды. 2021 жылы «Орталық Қазақстан» газетіне «Мектепке жолдың» қайырымы мол тақырыбында мақалам жарияланды.Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын жұмыстарын дер кезінде жүргізіп оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарында жетістіктерге қол жеткіздім.Оның дәлелі мектепішілік бақылаудағы және кәмелеттік жасқа толмағандар инспекциясында тіркеуде оқушылардың болмауы.Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі,киім кешекпен қамту мәселесі бағытында көптеген жұмыстар атқарамын.Мектептегі ата- ана қамқорымсыз қалған тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына жазғы сыртқы лагеріне баруына әлеуметтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырамын.2015,2016 жылдары  «Білім саласындағы әлеуметтендіру бағытындағы проблемалар ,тенденциялар», «Тәрбиесі қиын оқушыларды анықтаудың , әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық шарттары және құқықтық тәрбие құзыреттілігі», «Сабақты көп босататын және қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың тиімдітүрлері» тақырыптарында педагогикалық кеңесте баяндама оқыдым.Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталаған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушылармен қарым – қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала тағдырына басшылық етуді мойнына алған адам.Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан  Республикасының болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде,  еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр», – деп, көрсетілген. Ендеше, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда – оқушылардың өмірлік ұстанымын , адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық екенін санаға сіңіруде, кәсіби  бағдар беруде оларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің  маңызы зор болып табылады.

You May Also Like

Өнерлі болу – арманым, эссе

Өнерлі болу – арманым. Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның…

Мақсат туралы эссе

ЭССЕ МАҚСАТ ТУРАЛЫ Біздің жасап жүрген іс-әрекеттеріміздің барлығы да мақсатты түрде жүзеге…

Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз. эссе

Әсет Найманбайұлы- асқақ үнді, әсем ырғақты әндер шығарған сазгерлігіне қоса әдеби қорымызға…

Мектеп – кеме, білім – теңіз, эссе

Мектеп – кеме, білім – теңіз Адамның адамшылдығы.. жақсы ұстаздан болады. Абай…