Ұлт болашағы- білімді ұрпақ қолында

«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек», дейді біздің ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Еліміз егемендік алып, еңсесін көтеріп келе жатқан тұста атқарылып жатқан жұмыстар күн өткен сайын арта түсуде. Қоғамның қандай саласында болмасын, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған игі істер жасалып жатса, ол ертеңгі  ұрпақ алдындағы   борышымызды ақтау деп түсіну, әрбір азаматтың міндеті деп білемін.  Қазіргі кезде Республикамыздағы  білім беру саласында, әсіресе, ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлкен міндет жүктеуде. Әр ұлттың қай кезде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы, өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу, қазіргі жастарды заман талабына сай, терең білім алуға ынталандыру. Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой- өрісін, дүние- танымын кеңейту қажет. Әр адам білім алып, өз алдарына мақсат қойып сол мақсатқа жетсе, осы өмір  жолына өзінен қалған бір кірпішті қаласа, сол кезде ол осы әлемге, осы халыққа бір тұлға ретінде саналады. Адам осы дүниеге келді,  яғни ол босқа келген жоқ, артта еріп келе жатқан ұрпаққа, яғни өзінен кішілерге мұра қалдыру үшін келді. Ол мұра жай мұра емес, әр тұлғаға керек болуы тиіс.Тіпті қазірдің өзіңде жас ұрпақ туған жеріне үлес қосуда. Бүгінгі  жастар- халқымыздың  болашағы, еліміздің ертеңі. Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады деп сенемін.

You May Also Like

Әрқашан күн сөнбесін, эссе

Әрқашан күн сөнбесін! Аспаннан бұлт төнбесін. Қасымда болсын мамам, Болайын мен де…

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз эссе

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз! 1 мамыр бірліктің, достықтың, татулықтың мерекесі. «Бірлік…

Мен заманауи сынып жетекшімін, эссе

ЭССЕ.  Мен заманауи сынып жетекшімін «Адам білім үшін емес, білім , тәрбие…

Батыр, эссе

«Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ» Бауыржан Момышұлы Батыр-парсы тілінен…