Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан….

Астана – әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Астананың  жөні бөлек. Басқа қалалардан ерекшелігі де сол онда әдемі зәулім үйлер, Есіл өзенінің жанында орналасқан Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Хан  шатыры, мәдениет сарайлары, спорт кешендері, «Өмір өзені» атты субұрқақтары, Конгрес Холл, театрлар мен Абай мен Кенесары атамыздың ескерткіштері, Бәйтерек монументі, көшедегі гүлзарлар мен алаңдары да өте керемет үйлесімін тапқан. Бұл біздің білетініміз ғана десем болады. Қазіргі Астананың көз тоймастай көркіне,  жылдан-жылға әсемденіп өсіп келе жатқанына әрбір ауыл баласы қызыға қараймыз. Астананың Астана болғанына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісі Астананы жаңаша гүлдендірді.

Сарыарқаның төрінде орналасқан Астана – Қазақстанның жүрегі. Мен оны әрдайым мақтанышпен «Әсем қалам – Астанам»-деп айта аламын.

«Астана-бас қала» – деп  айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына  Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың  ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға  егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп  жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ балЖер бетіндегі әрбір адам өз елінің елордасын мақтан тұтады. Біздің мақтанышымыз – Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар. Астанамыз жыл санап көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Келбеті асқақ та, айбарлы. Өзге жұрт қызыға, қызғана қарайды. Тамсанып, таңдай қағады. Сөзім дәйекті болсын деп мына бір мысалды келтіре кетейін. Анау жылы ресейлік телеарналардың бірінде танымал режиссер Ақан Сатаев түсірген «Ликвидатор» фильмін талқыға салды. Сондағы ерекше есімде қалған бір жайт – ресейлік киногерлер туындыдағы Астана көріністеріне таңғалып, «біз мұны Еуропаның немесе АҚШ-тың, әлде басқа бір дамыған елдің қаласында түсірілген шығар деп ойладық» деді. Бұл сөзді ешкім оларға зорлап айтқызған жоқ. «Бізге жағынбақ болып, жалбақтап отыр», деу де қисынға келмейді. Анығында, бұл – біздің елдің жетістігін мойындау. Ару Астананың келбетіне шынайы сүйсініп отыр деген сөз. Осыны түсінген сәтте арқаланып, кеудемді мақтаныш сезімі билеп кеткен болатын.

Биыл алтын ұя мектебіммен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан менің ақ арманымның бірі – Астанада білім алу. Елімнің жүрегіне айналған ару қалада болмасам да, түсімде жиі көретінім бар. Кейде ерке Есілді жағасын бойлап, кейде кең де келісті көшелерде алшаң басып, сәулеті жарасқан, көкпен таласқан ғимараттарды тамашалап жүремін. Анама айтсам: «Балам, бұл төсіңді жақсылыққа жоримын, арманың орындалады», – деп қуантып қояды. Бәлкім, анам бірдеңені біліп айтатын шығар. Ана жүрегі қашанда жақсылықты сезеді ғой. Әйтеуір,  арманымның ақ мекені – Астанаға табаным тезірек тигенін қалаймын. Сәтін салып, елорданың белді деген жоғарғы оқу орнына білім алу бақытына ие болып жатсам, әрі қарай осы қалада біржола тұрақтап  қалғым да келеді. Қазір қала халқы 700 мыңнан асып кеткен екен. Бұйыртса, 2020 жылы екі миллион­ға жетеді деген болжам айтылуда. Сонымен қатар, Астанамыз – жастар қаласы. Мұндағы орташа жас мөлшері – 32 жас. Бұл еліміздегі ғана емес, жалпы әлемдегі бірден бір жоғары көрсеткіш. Ендеше, арман қуған сол жастардың қатарында мен де бір күні астаналық атанармын. Ал әзірге «Армысың, ару Астанам, құшағыңа тезірек ал мені!» дегім келеді.

You May Also Like

Жаңа жылға жоспарым эссе

Эссе Жаңа жылға жоспарым Әр мереке өзінің мезгілімен, ерекшелігімен қызық. Сол мерекелердің…

Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз. эссе

Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дамиды десем артық айтылғандық…

Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым, эссе

«Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым» «Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік»…

How I spend my birthday, эссе

How I spend my birthday Birthday is a private holiday for everyone.…