«Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ»

Бауыржан Момышұлы

Батыр-парсы тілінен аударғанда ержүрек,батыл деген мағынаны білдіреді. Батыр  —әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан,қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан.

Ел үшін жанын қиған батырлардың есімі ел ұранына айналып,халық олардың аруақтарына табынған.Батыр,қауіп-қатерді елемей,ұрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен адам жеке батыр атанған.Сол сияқты біздің батырларымыздың бірі-Мөрдүн Теипов.Ол 1918 жылы үлкен Диқан ауылында дүниеге келген.Ол 316-дивизиясында қызмет еткен.Мөрдүн Теипов Чехословакия,Венгрия,Польшаны азат етуге қатысқан.Осы ерлігі үшін ордендер алған. Ал 1995 жылы Жеңістің 50 жылдығына орай Мөрдүн Теиповқа «Халық Қахарманы» деген атақ берілген.2019 жылы  Үлкен Дихан ауылында  90 жылдық мерейтойы  облыс көлемінде аталып өтілді. Біздің ауданымыздан шыққан батырларда өте көп.Мысалы:Мөрдүн Теипов,Сулхи Лутпуллин,Максим Якубов,Дадаш Бабажанов тағы басқалары. Өзім тұратын ауылда  Ұлы Отан соғысының ардагері  Кибиров  Алым ата тұрады.  Ол кісіні бүкіл ауыл  құрметтейді. Мектебімізде  Ұлы  Отан соғысының ардагері  Кибиров Алым атамен, сондай-ақ  Ауған соғысының ардагерлері  Ахунов Мухидин, Коммунаров Мунар ағалармен  кездесулер  ұйымдастырылады.Осылардың барлығы Халық Қахармандары болып есептеледі.Жалпы айтатын болсақ батырлар туралы деректер өте көп. Бірақ оны біле бермейтін адамдар да бар.Менің ойымша, ондай адамдар өз тарихын құрметтемейтін адамдар деп ойлаймын.Сол үшін де біз батырларды есте сақтап,жақсы білуіміз керек.Батырлар арқасында заманымыз тыныш болып жатқанын,еркін өмір сүріп жатқанымызды ұмытпайық!Әр жыл сайын біздің Жеңіс алғанымызға бір жыл қосылып тұрады.Сол сәтте батырларды есімізге алып,жеңісімізге септігін қосқаны үшін оларға тағзым етеміз.

Әр бір халықтың өз батырлары болады.Қазақ халқының да батырлары өте көп.Қорытындылай келсек,батыр сөзінің мағынасы өте терең.Оны түсінуіміз керек.Батыр болмақ оңай емес.Сол үшін олардың қадірін біліп,құрметтеуіміз керек.Оларды ұмытпауға тырысайық! Не дегенмен де біз қазір бейбіт заманда,бейбіт елде қарнымыз тоқ, қайғымыз жоқ өмір сүріп жатырмыз. Батырлардың ерлігін ешкім де еш қашанда ұмытпақ емес  деп өз ойымды аяқтаймын.

You May Also Like

«Үш бәйтерек – үш алып» (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туғанынан 125 жыл толуына орай) эссе

Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой – өрісіміз…

Дулат Бабатайұлының Еспембет поэмасы мен батырлар жырындағы өзара үндестік. эссе

Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақта, бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау…

My family, эссе

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы, эссе

Эссе Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы Әл Фараби саяси пікірлерінің бірін «Қайырымды…