ЭССЕ

ТАҚЫРЫБЫ:    СҮЙІСПЕНШІЛІК

Адамның жақсысы- адамға сүйіспеншілікпен қарағанда

Абай.

Менің ойымша сүйіспеншілік- бұл таза және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат. Сүйіспеншілік  адамның жан дүниесін қуанышқа, шаттыққа , ерекше нұрға бөлеп, адамзатты бақытты еттеді, тек  оны түсініп, дұрыс бағалап, қабылдап, ардақтап қадірлей білу қажет.

Сүйіспеншілік адамға  тумасынан берілген сый. Оны мына өмірде жарыққа шығарып, іс жүзінде көрсете білу әр адамның өзіне байланысты болады. Мысалы бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаяан шағып алады.Адам шаяанды сонда да судан судан құтқаруға тырысады, бірақ шаяан қайтадан шағады. Мүны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаяанды несіне құтқарып жатқанын сұрайды сонда жаңағы кісі «шағу» шаяанның табиғатында бар нәрсе. Мнеің табиғатымда болса «сүю» бар. Шаяанның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің табиғатымнан бас тартпаймын ғой дегендей адам баласы тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін сүйіспеншңліке ұмтылып , жер бетіндегі барлық адамды, елін, жерін,отбасын, достарын және жан-жануарларды жақсы көріп оларға бауырмалдық, ақкөңілділік, мейірімділік танытып, күн сияқты өзінің сүйіспеншілік нұрын айналасына шашуы керек.

Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету әрбір адамның парызы. Риясыз сүйіспеншілік көрсетуде мен  Тереза анаға ұқсағым келеді. Мен мектепті, жоғарғы оқу орнын аяқтағанан кейін Алла нәсіп етсе менде ,бүкіл жер шарындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылырға сүйіспеншілікпен қызмет етуді армандаймын.Бүгінгі күнде мен өз отбасыма ата-анама сөз  қайтармастан тапсырған тапсырмаларын мұқият орындап жүрмін. Ата-анамның разылығын алу мен үшін үлкен бақыт.Бауырларымды сондай жақсы көремін ертемен оларға таңғы асын беріп, сабақтарына көмектесем, бос уақытымызда бірге кино, мультиктарды қараймыз және өз пікірлерімізді ортаға саламыз. Маған оларға бауырмалдық танытқан қатты ұнайды,олардың қуанғанын көріп, ерекше сезімге бөленемін .Бауырларыммен бірге айналадағы қараусыз  жүрген иттерге, мысықтарға тамақ береміз, Олар тілдері болмасада тамақ жеп болған соң күлімдеген көздерімен қарап, жаныңа келіп еркелейді.  Бүгінгі күнде өз ата-анасын жақсы көрмейтін, құрметтемейтін оларға мейірімділік танытпайтын адамдар көбеюде.Айналама қарасам көптеген ата-әжелеріміз қартайған шағында, жол жиегінде қолдарын жайып көмек сұрап отырады. Соны көріп қатты қынжыламын да ойланамын адам  сүйіспеншілікті ,мейірімділікті ерте бала кезден отбасынан ата-анасынан  көріп үйренсе , ол  өзін қоршаған ата-анасына,бауырларына, туысқандарына, достарына, бүкіл адамзатты жақсы көреді деп ойлаймын.

Ойымды қорытындылай келе «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» Абай атамыз айтқандай біз бір-бірімізді сыйлап, сүйіспеншілік, ақкөңілділік, бауырмалдық танытсақ, бүкіл жер бетіндегі адамзат бақытты болады.

You May Also Like

Өмірімнің өзгеруіне әсер еткен эссе

Өмірімнің өзгеруіне әсер еткен…  (эссе) Біз осы бес кундік өмірге келгеннен кейін…

Мен – елімнің патриотымын, эссе

Мен – елімнің патриотымын Патриот дегеніміз – өз ұлтын, тілін, діні мен…

Тәуелсіз елдің ұлымын! эссе

Тәуелсіз елдің ұлымын! Өлмедік! Зар еңіредік, сабыр еттік, Шашатын алтын сәуле таңды…

Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз, эссе

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын қорына өз туындыларын қалдырған әрі ақын,әрі сазгер-сал-серілер…