Өмірімнің өзгеруіне әсер еткен…  (эссе)

Біз осы бес кундік өмірге келгеннен кейін өз орнымыздың болуы абзал. Сен кім болсаң да, қайда болсаң да адамгершілігің үшін, алған тәрбиең үшін де күресе де жауап бере де білесің. Біз өз ыстық ұямызда қандай тәрбие алғанымызбен,оны басқа орта көпшілік алдында пайдалана білуіміз екі талай екені айқын. Себебі, туа біткен мінез арқылы өз тәрбиемізді көрсете алмайтынымыз өкінішті. Бірақ, өмірден түйгенім өз ортаң қандай болса,оған жан дүниеңде бағына біледі. Себебі,біздің өмірімізді өзгертуге тек бір себеп,бір жағдай, бір уақыттың өзі жеткілікті.

Біз өз жан дүниеміз арқылы,наным-сенімдеріміз арқылы мына өмірдің ғажайыптарын сезе де көре де білмейміз. Алайда,біздің өміріміздің бастауы алтын қазынасы болған мектеп атты үлкен ғұламадан біз өз уақытымыздың көңілді өтіп және ақылды,сауатты адам болуға жағдай жасаймыз. Ия, жалпы айтқанда көрген,білгендеріміздің  барлығы өміріміздің үлкен сабақтары мен зымырап өткен уақыт және өміріміздің өткелдері.

Мен бала күнімнен зерек болмасам да,онның бірі болған жан едім. Бала күнімнен көптеген жетістіктерге жету үшін әрдайым мінезім кінәлі болушы еді. Бірақ, мен әрбір жағдайдың бір шешімі және кез келген нәрсе үшін күресе білу керек екенін ұғындым.Өзө өмірімді қолға алып, екі қолға бір күрек табыларына сендім және өз ісімнен нәтиже шығара білдім. Мен айналамдағы жандар арқылы өз жанымның ашылып,өзгелердің жаманынан жиреніп,жақсысын ұғына білдім. Сенің адам болып қалыптасуыңа тек отбасың, тәрбиеңнен бөлек өз ортаң, өз жақындарыңның да көмегі тиетінін осы сәттен бастап ұққан болатынмын. Мен осы сәттен бастап мына өмірдің бақыттыларға ғана сезілетін дүние емес екеніне,бақытты болғандар мен бола білгендер үшін жасалған дүние екенін ұғындым. Бақыт сенің осы өмірде болуың осы өмірден өз орныңды алып және жығылғанда жүгіріп ерекше сезімдер арқылы өміріңді гүлдендіре және жүрегіңмен сезіндіру екенін ұқтым. Бірақ өмір балдай тәтті бақыттан тұрмағанымен,әрқашан қарайған бұлттың арасынан да арайлап күн шығарына сену керек. Қанша көрген қиындықтың да артынан бақыт өз жемісін төгеді. Сенің өмірде бір көргенің өмірдің құлпын тапқанмен ғана тең. Сен құлыптаймын деген ше, өмірді өзгертуге мүмкіндігің бар. Қаншалықты қиындық көргең де бақыттың кілті болған бір дүниенің бар екенін ұмытпа!

You May Also Like

Болашақтың қаласы, эссе

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз, эссе

Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне…

Махамбет поэзиясында арман, тілек,аңсау сарындары бар екенін дәлелдеп жаз. эссе

Махамбеттей отты ақынның шоқтай түсіретін поэзиясы ұлтына ұран болған, рухы биік поэзия.…

Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен Абайдың Әбішке арнаған өлеңдерінің жазылу стилі мен мазмұнындағы үндестікті салыстыра талдап жазыңыз. эссе

1941-1945 жылдар аралығында неміс фашистерімен болған соғыс зардаптарын арқау еткен Жамбыл «Өмір…