Наурыз мерекесі

Наурыз — шығыс елдерінің бүкіл халықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

You May Also Like

Адамның 3 жақсы 3 жаман қасиеті эссе

Адамның 3 жақсы 3 жаман қасиеті Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа…

Жаңа жылға жоспарым эссе

Эссе Жаңа жылға жоспарым Әр мереке өзінің мезгілімен, ерекшелігімен қызық. Сол мерекелердің…

Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазу, эссе

Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз Халық тағдырын…

Табиғат жанашыры эссе

«Табиғат жанашыры» Әлемде 8,5 миллиард тонна пластик өндірілген. 1 миллион тоннаға жуық…