Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз

Халық тағдырын толғанған жазушының  қолына қалам алып, өзі ғұмыр кешкен заманның   ақ-қарасын парықтауға арналған шығармасы – «Ақбілек» романы. Автор романдағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін қалай аша білген?

«Ақбілек» романында самсаған кейіпкелер, шытырман оқиғалар көп емес. Әрбір кейіпкер естен кетпестей етіліп, сомдалған. Бұған дәлел, жазушының әр кейіпкердің сырты мен ішін бірлестіре айқындауында. Тіпті, бір көрініп жоқ болатын Іскендір диуана сынды кейіпкердің өзі есіңнен кетпестей сақталып қалады емес пе?

Романда әр кейіпкерлер орынды сомдалып, қызықтыра түседі.   Шығармадағы кейіпкерлердің өмір үшін күресі әр түрлі іс-әрекеттің даму кезінде айқындалады.Роман Ақбілектей тағдырына налыған қызды өмір қиындығымен шыңдап, барлық кейіпкерлерін қайтпас мінезді етіп тәрбиелейді.Оқиға желісінде Ақбілек өмір үшін күресте сан түрлі жолдардан өтеді.Әсіресе, ақтардың қолына түсіп, одан қала берсе, айдалада жалғыз қалғандағы Ақбілектің жанталасы –  өмір үшін  күресі.Еліне оралып, ұятқа төзіп, өз үйінде жетімдей жаутаңдап ғұмыр кешсе де, алдағы күннен үмітін үзбейді.Ақбілектің үмітін үзбеуі жаңа өмірге деген сенімінен туған еді.   Ақбілектің көрген қорлығы, қиындығы, жеңісі қазақ қыздарына сабақ боларлықтай.

Романдағы келесі бір кейіпкер «елден таңдап алған Ақбілеген аялауға» жігерсіздігі жетіспеген Бекболат еді.Бекболат сияқты бүгінгі таңда да кейбір ер- азаматтарымызда жігерсіздік бой көрсетіп жатады.

Автор романда офицердің ішкі монологін неге береді?Ол да өмір үшін күресіп жүрген кейіпкер емес пе?.. «…Әйтеуір қазақ өз алдына ие болып жатқан жоқ, ендеше орысқа бағынуы керек…»,- деп отаршылдықты көксеген, империялық саясаттың құлына айналған адамның жан сыры өзінен күштіге бағынышты жан сырын көрсетеді. Жазушы офицер арқылы қоғамдағы тартыстың бет-пердесін айқын аша білген деп ойлаймын.

Қорыта келе, «Ақбілек» романы қысқа мерзімде жазылса да, уақыт шындықтарын, кейіпкерлердің орны мен іс-әрекеттерін, бейнелі де бедерлі жеткізе білді. Шығармадағы кейіпкерлердің өмір үшін күресі арқылы, өмір ағысындағы әрбір толқынға төтеп беруге сабақ боларлықтай туынды екені хақ.Әр адам баласының ғұмырында кездесетін сан қилы соқпақтар адам баласын өзі қалаған жағына апара бермейді.Сондықтан да, өз өміріміз үшін күрес жолында табандылық танытайық.

You May Also Like

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз. эссе

Жастар- еліміздің ертеңі мен болашағы,келер күннің айнасы.Бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің…

Алико Данготе туралы, эссе

Эссе. Алико Данготе өте қарапайым саудагердің отбасында дүниеге келген. Оны бірі білер…

Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз. эссе

Қазақ халқының әншілік, ақындық өнерін биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі – Біржан…

Мұхит Мералыұлының «Зəуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тəсілдерін талдап жазыңыз, эссе

Өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сал Мұхит…