Эссе:  «Латынға көшу – жаңғырудың бастауы»

Латын әліпбиіне көшудің астарында болашақтың мәселесі жатқандай. Елбасымыз елдің ертеңі үшін елең еткізген ұсыныс жасап отырғаны сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу – қазақ ұлтын төрткүл дүниеге паш ету. Президентіміз “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты.

Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік – мәдени құбылыс.

Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғасын табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне әсер етеді. Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнерге қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын әліпбиімен беріледі. Демек, латын әліпбиінің біздің Отанымыздың әлемдегі дамыған үздік елдердің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Қазақ әліпбиінің негізін қалаған бірегей ғалым Ахмет Байтұрсынұлы : “Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық”, – деген болатын. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ.

Латын әліпбиінің тиімді жақтарына тоқталып өтсек: шет елдегі қазақтармен мәдени, рухани байланысты нығайту үшін қажет; қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауда ұтымды мүмкіндіктер туады; ағылшын тілін меңгеру оңтайлана түседі; тіліміз тазаланады.

Елбасымыз қабылдаған бұл шешімі еліміздің тұғырының берік, тамырының кеңге жайылуына өзінің септігін тигізеді. Тереземіз тең елдермен байланыс жасап, халқымызды әлемдік аренаға шығарып, ол жерден ойып тұрып орын алғымыз келсе, латын әліпбиі – бұның керемет шешімі деп ойлаймын. Оған жеткіншек ұрпақ, біздер де атсалысамыз.

You May Also Like

Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз. эссе

Мәди Бәпиұлы Қарқаралы руынан шыққан,Қарқаралыда дүниеге келген.Ол өзінің туған жері Қарқаралының сұлу…

«Отан! Отан! Бәрінен биік екен! эссе

«Отан! Отан! Бәрінен биік екен! «Отан! Отан! Бәрінен биік екен! Отансыз адам…

Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз. эссе

Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серлік үрдісті…

Елі сүйген елбасы, эссе

Эссе Тақырыбы: «ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте…