Эссе

Мұқағали-ғасыр ақыны

Мұқағали балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келді.Әкесі Сүлеймен соғысқа аттанғаннан кейін баланың тұңғышы болған соң үй ішінің бар ауыртпалығы Мұқағалидың иығына түседі.Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылдары жариялана бастады.Қазақстан Жазушылар одағы жылдың ең жақсы ақынына арнапАқын атындағы сыйлық тағайындады.Қарасазда ақынның мұражайы бар. «Атамұра»баспасы шығарған(1999) « Аманат» жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

М.Мақатаев поэзиясында күнделікті өмірде кездесіп,жүздесіп жүрген таныс бейнелердің-туған жер,ауыл өмірі,адамдар тағдыры,туыс,бауыр өз тағдырымен,өз болмыс бітімімен,өзіндік ұлттық психологиясымен,табиғи мінездерімен көрінуі оның шындық жасай білуінде.Өлеңдері күнделікті халқының өмірімен тығыз байланысты.Өзен ,көл,тау табиғаты ақын өлеңінің арқауы,алтын қазығы.

Тау өзені тентек қой тасып жатыр,

Ақ көбігін аспанға шашып жатыр.

Арғы жаққа отарын өткізе алмай,

Бала шопан айқайға басып жатыр.

Ой-сана арқылы ауыл өмірінің күнделікті шаруашылық тіршілігіне еріксіз араласып кетесің.

Ата-ананың қадіріне жету-қазақы қасиеттердің тағы бір қыры.Сыйластық үрдісінен туындаған дәстүр.Одан зиян көрген кім бар? Әдептілік пен тектілік ұрпақтың жоғары иманы.Бұл ақын жырының өзегі

Мұқағали –туған жерді,Отанды,елді сүю тақырыбына көсіле қалам тартқан қаламгерлердің бірі.

You May Also Like

Икт қалай өмірімізге әсер етті, эссе

Икт қалай өмірімізге әсер етті Көпшілігіміз бір күнді компьютерсіз елестете алмаймыз.  Технология…

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазу, эссе

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап…

Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуын дәлелдеп жазыңыз, эссе

Азамат соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және ауылды ұжымдастыру дәуірінің шындығын…

Қазақстан теңгесі, эссе