Интернетсіз бір күн

Қазір ХХІ ғасыр, ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі.Біз өмір сүріп жатқан қоғамды интернетсіз елестету  мүмкін емес. Қазіргі уақытта менің қатарластарым да әлеуметтік желіні көп пайдаланатындардың қатарында. Олардың ішінде ғаламторды пайдалану барысында ондағы қауіпсіздікті ескере бермейтіндері көп.Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармауымыз керек.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа өте зиян. Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектеседі. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдықтырады. Интернетке үйреніп кеткен баланың, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсерін тигізеді. Қазірде шығарма жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз пайдаланғанның зардабы.

Қаңтардың соңғы жексенбісі – «Халықаралық интернетсіз бір күн» деп жарияланған, мақсаты: интернет болмаса адамның бір күні қалай өтетініне тәжірибе жасап көру. Өзге сыныптастарым секілді мен де бір күнімді интернетсіз өткіздім. Сабағымды уақытылы оқыдым. Өзімнен кейінгі екі сіңілім мен екі інімнің сабақтарына көмектесіп, анама үй шаруасына да қолғабыс еттім.Атам мен әжемнің  қызықты әңгімелерін барлығымыз қызыға тыңдадық. Өз отбасыммен әңгімелескен маған өте қатты ұнады. Кешкісін әдеби кітап оқып шықтым. Ештеңеге алаңдамастан менің бір күнім осылай өтті. Енді мен болашақта уақытымды ғаламтор желісінде емес, кітап оқып, отбасыма, өзіме арнаймын деген шешімге келдім.

You May Also Like

Менің болашақ кәсіби қызметім эссе

“Менің болашақ кәсіби қызметім”. Ағылшын тілі-халықаралық тіл. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл…

Тәуелсіздікке 30 жыл! эссе

Тәуелсіздікке 30 жыл! Әр адамның өз Отаны бар. Туған жер -адамның кіндік…

Ұлы жеңістің мұрагеріміз эссе

                              Ұлы жеңістің мұрагеріміз! Шығарма. ІІ. Негізгі бөлім: Ұлы Отан соғысы жайлы,…

Болашақтың қаласы, эссе