Менің болашақ кәсіби қызметім.
Ағылшын тілі-халықаралық тіл. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру-бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Сондықтан мен болашақта заман талабына сай маман болу үшін “Ағылшын тілі” мамандығын таңдадым.

Мектеп жағдайында шетел тілі пәнін оқытудың білім жүйесінің басты мақсаты: оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру, жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету.

Соңғы уақыттағы бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус (COVID-19) пандемиясына байланысты жаппай карантин шараларының енгізілуі барлық деңгейдегі білім беру жүйелерін қашықтықтан оқытуға алып келді. Коронавирус ауруының пандемиясына байланысты жарияланған карантинге орай еліміз қашықтықтан білім алу жүйесіне көшті. Қашықтықтан оқытубұл оқу үдерісінің оқытушы мен білім алушылардың арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі. Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың! Осы тұста өз тәжірибеміздегі қашықтықтан білім алудың артықшылықтары мен тиімсіз тұстары қандай? Еліміз кез-келген уақытта қашықтықтан оқуға дайын ба, оқушылар немесе студенттер өздігінен білім алу кезінде үлгерімдері жақсарды ма? Осы сұрақтар туындау барысында менің ойыма “Student’s self-studing and management in distance learning” атауымен жоба түсті. Қандай да болмасын жағдайда еліміз қашықтықтан оқуға дайын болу керек деп санаймын. Әрине, осы орайда туындаған мәселелер баршылық. Елдегі цифрландыру саласының керемет еместігі, интернет жылдамдығының жетпейтіні ақиқат.  Атап айтатын болсақ, барлық студенттердің бірдей интернет желісіне қосыла алмауы. Алыс шалғайдағы ауылдардың өзін айтпағанда, қала іргесіндегі ауылдарда интернет желісі нашар немесе ұстамайды. Ал интернет ұстаса, қолдарында пайдаланатын құрылғылары жоқ. Сонымен қатар, оқыту технологиясының дамуына байланысты проблемалар (қашықтықтан оқытуды тиімді жүзеге асыру әдістерінің жетіспеушілігі, білім беру формаларын таңдау, электронды курстардың жеткіліксіздігі, мультимедиялық оқыту технологиясының нашар дамуы). Бұл мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс мәселе деп ойлаймын.

Сондай-ақ, білім беруде тиімді деген zoom бейнеконференциялары, оқу платформалары online mektep, Google classroom, Kundelik.kz секілді кейбір білім беру түрлерінде қолданылды. Алдағы уақытта осындай бағдарламалардың жұмыс жасау алгоритмін үйрететін курстар болуы керек. Қазақстандық IT-мамандарды жұмылдырып, қашықтықтан оқытуда тиімді ұлттық платформаларды жетілдіру керек. Болашақ мектептің мұғалімдерін дайындайтын педагогикалық мамандықтарда қашықтықтан білім берудің әр пән бойынша әдістемесін үйрететін (сабақ жоспарындағы мақсаттар, сабақтың теориялық тұсының берілуі, тапсырмаларды дайындау ерекшелігі, оқушыға берілетін кері байланыстың формалары) таңдау курстарын немесе әдістемелік пәндердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарына тақырыптар енгізу керек деп есептеймін.

Тиімді тұстары да болды, әрбір студенттің өзінің қарқынына сай білім алу мүмкіндігінің болуы. Қашықтықтан білім алушы студент өзінің қатарынан қалып қалам ба деп қобалжымайды. Күрделі тақырыптарға қайта оралып немесе өзінің түсінбеген тұстарын бейне-дәрістен өз қалауымен бірнеше рет қайта қарап шығуға мүмкіндік болады. Ал, өзіне түсінуге жеңіл тақырыптарды шолып шықса да болады.

Осы жобаммен айтқым келгені еліміз төтенше жағдайға дайын болу керек, Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда. Күн сайын жаңа жобалар іске асырылуда. Күн сайын бұл өмірдің бізге дайындаған сыйы артуда. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болумызға тура келеді.

You May Also Like

Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз. эссе

Қазақ халқының әншілік, ақындық өнерін биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі – Біржан…

Ұлы жібек жолы, эссе

Ұлы жібек жолы тақырыбында эссе Жеке адамның немесе тұтас ұлттың сипатын не…

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз эссе

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз! 1 мамыр бірліктің, достықтың, татулықтың мерекесі. «Бірлік…

Кемпірқосақ қалай пайда болады? эссе

Эссе Тақырыбы: Кемпірқосақ қалай пайда болады? Мазмұны:                                                                                                                                                        І. Кіріспе: Кемпірқосақ – аспан…