Бадам печеньесі
Қажетті өнімдер:
-170 г бадам;
– 3 жұмыртқа;
– 40 г ұн;
– бадам үлпегі.
Дайындалуы:
Егер тазартылмаған бадам болатын болса, үстіне ыстық су құйып, 3-4 минут қойып қойыңыз. Суын төгіп, жаңғақтарды қыссаңыз, оңай аршылады. Бадамды 6-8 минутңа духовкаға салып, 60 градуста кептіріп алыңыз. Блендермен ұнтақтаңыз. Аздап қант қосыңыз. Сонда бір-біріне түйіршіктеліп жабыспайды. Бадамның майда болып үгітілгені дұрыс, сонда печенье құрамы да жақсы болады. Жұмыртқаның ақуызын сарыуыздан ажыратып алыңыз. Сарыуызды қантпен езіңіз. Сарыуыз-ды массаны бадам ұнымен араластырыңыз. Жақсылап езіңіз. Ұн қосып, жақсылап араластырыңыз. Ақуызды езіп, бадам мен сарыуыз массасына қосыңыз. Созылмалы қамыр болып шығады. Майланған противеньге қамырдан шарлар жасап салыңыз. Араларын ашық қалдырыңыз. Бетіне бадам үлпегін себіңіз. 180 градуста қызған духовкада 30-40 минут пісіріңіз. Одан ұзақ пісірсеңіз, құрғақ болып кетеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан,…

Итмұрын қайнатпасының пайдасы көп

Дәрілік шөптерден жасалған шайлар жүктілік кезінде тыйым салынады, алайда мұның қатарына итмұрын…

Таза-қала Таза-ауа

Жоба мақсаты: Тек Атырау қаласы емес сонымен қатар Қазақстан өніріндегі барлық  қала,…

Компьютердің адам өміріндегі рөлі, баяндама

Баяндама: Компьютердің адам өміріндегі рөлі Біле бер,қанша білсең –тағы тіле Жетерсің мұратыңа…