Наурыз мерекесі

Наурыз — шығыс елдерінің бүкіл халықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

You May Also Like

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз. эссе

Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі-адамгершілік. Сол адамгершілік атауының тамырына…

EXPO-2017: асқақ арман, зор мүмкіндік, мол жауапкершілік, эссе

ЭССЕ Тақырыбы: «EXPO-2017: асқақ арман, зор мүмкіндік, мол жауапкершілік» «EXPO-2017: асқақ арман,…

Астана – Қазақ елі болашағының каласы, эссе

Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы.…

Заманауи әлемнің педагогы, эссе

Эссе Заманауи әлемнің педагогы Мұғалім бойындағы ең басты қасиет алдындағы жас жеткіншекке…