ЭССЕ

Тақырыбы:

«EXPO-2017: асқақ арман, зор мүмкіндік, мол жауапкершілік»

«EXPO-2017: асқақ арман, зор мүмкіндік, мол жауапкершілік»

Аз уақыт ішінде біздің, көшпелі қазақ елінің, енді қабырғасы қатайған, ырысы мен ынтымағы жарасқан Қазақстан мемлекетіне айналғанымыз бәрімізге мәлім. Қазақстан өскелең елге айналды. Экономика мен әлеуметтегі маңызы зор жобаларды қолға ала отырып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуі жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. 

«Келген дәулет – кеткен бейнет» дегендей, табиғи байлықтарымыздың арқасында біздің әлемдік саудаға жолымыз ашылды және әлемге танымалдығымыз артты. Біздің мақтанышымыз – «EXPO-2017» Халықаралық көрмеcін өткізуді жеңіп алуымыз. «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастыратын «алтын көпір» атанған, тарих сахнасында салтанат құра білген, талай-талай аламан бәйгелерге ат қосып, жаһандық биіктерді бағындырған ару қала Астанада өтуі біздің беделімізді асқақтатпақ.

«Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден,  таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Ең бастысы, Астананы таңдауы – Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі» – деп Қазақстан Республикасының  Президенті бәрін бір сөйлеммен жеткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев «EXPO–2017»-ні «мега-жоба» деп жариялады. «Одан барлық өңіріміз пайда табады» – деді мемлекет басшысы.

Осы арада, «EXPO-2017» көрмесін өткізу үшін Қазақстан «Болашақтың энергиясын дамыту» тақырыбын ұсынады.  Энергияның баламалы көздерін ендіру таза экологияны сақтауға мүмкіндік береді, бұл жыл сайын бүкіл адамзат үшін өзекті болып келеді.
Қазақстан экспозициясының негізгі тақырыптары – мәдениет пен ғылымдағы, бизнес пен туризмдегі дәстүрлер мен инновациялар – бір-бірімен тығыз байланыса отырып, елдің тарихы мен дәстүрлері, заманауи өмір ағысында Қазақстанның перспективасын танытады.
Бұл – халқымызды болашаққа бастаған сәттілік жолдамасы тәрізді. Осындай шараны өткізу әр елдің әлеуетін және даму деңгейін танытатын тамаша мүмкіндік деуге болады. Сол мүмкіндікті пайдалану өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Болашақ энергиясы» тақырыбы Қазақстанның брендіне айналды. Ал бұл брендті жаңғыртатын ,әрине, жастар. Бұл елбасымыздың бізге артқан сенімі десем де болады. Қуатты жастық шағымызда елімізге қызмет етуден асқан бақыт бар ма?!  Мен өз елімнің азаматшасы ретінде осы жауапкершілікті сезіне отырып, өз үлесімді қосу парыз деп санаймын . Таңдаған мамандығым – халықаралық қатынастар. Сол мақсатыма талап ретінде заманға ең қажет деген қытай мен ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Сонда «EXPO – 2017» көрмесін тамашалауға әлемнің төрт бұрышынан ағылатын туристтерге волонтёр болу арқылы өз елім мен жерімнің сұлулығы мен мәдениетін таныстырмақпын. Олар ауыздары ашылып тыңдайтын болады. Себебі, Қазақстан әлемдік аренаға жас мемлекет ретінде бертін ғана танылып отыр. Ендігіде, оның мәдениетін де біле жүретін болады. Осы менің еліме қосар үлесім болып табылмақ.

You May Also Like

Мақала мен эссенің айырмашылығы

ОҚЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘТІН ТАЛДАУ   Ба л л Мазмұнды түсіну және ашу…

Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз, эссе

Елбасымыз «Тарих толқынында»  кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің  тұңғыш абызы деп атады.…

М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз. эссе

            Әже. Әже ата – ананың анасы, үйдің үлкені, мейірімі мол, құшағы…

Т. Ахтановтың романға “Шырағың сөнбесін” атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз. эссе

Тахауи Ахтанов қазақ прозасындағы шоқтығы биік тұлғаламыздың бірегейі. Өмірбаяны  туралы қысқаша сыр…