КҮЙІК ШАЛҒАНДА КӨРСЕТІЛЕТІН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Егер сізде жақын адамыңыз күйік шалса не істейсіз? Жалпы күйіп қалған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсету керек?
Күйік зақымдаған аумақ тереңдігіне қарай бірнеше дәрежеге бөлінеді. Егер күіктен кейін 24-48 сағаттың ішінде ісініп, қызаруы ұлғайып, ауырып, ыстығы көтеріліп жатса, Тез арада дәрігерге көріну керек.
Күйіктің дәрежелері
I дережелі күйік (жеңіл күйік) – қызарып, ауырады және аздап ісінеді. Ешқандай тыртық шалмай тез жазылады.
II дәреже (орташа ауыр күйік) – қатты ауырады, күйген жердің іші суға толып, көпіршік пайда болады.
III дәреже (ауыр күйік) — теріні ғана емес, терең орналасқан ткандерда де зақымдайды. Кейде сүйекке де зияны тиеді
Отқа күйгенде көрсетілетін көмек
Күйген адамды тез арада ол аймақтан шығарып, үстіндегі киімінің жабысып қалған жерлерін жараның үстінде қалдырып, жыртып, шешіндіреді. Күйген адамды таза, үтіктелген төсек жаймага ораңыз. Қатты ауырған жағдайда егер «Жедел жәрдем» кешіксе, онда зардап шегушіге анальгин немесе аллергияга қарсы дәрі беруге болады. Сонымен қатар су, жылы шай, шырын, газсыз минералды су беру қажет. Алькогольді ішімдіктер беруге қатаң тыйым

салынады.
Қайнаған суға немесе буға күйсе…
Тез арада киімін шешіп алыңыз. Егер мүмкіншілік болып жатса, дененің күйген жерін мұздай суға батырыңыз немесе ағып тұрған суда 5-8 минуттай ұстап тұрыңыз.
Есінізде болсын!
Көмек көрсетіп жатқанда көпіршіктерді жаруға, қалың таңғыштарды таңуға, мұз басуга, күйген жерді қолмен ұстауға, кез келген майды жағуға болмайды. Бұның бәрі тканьдерді өлтіріп, жараның жазылуын кешеуілдетеді.

Егер күйік онша үлкен болмаса, оған мұздай суға батырылған бинт немесе дәке басыңыз. Дәрі қорапшаңызда пантенол немесе олазоль болса күйген жерге жағып қойыңыз. Дөріханаларда сатылатын күйікке қарсы арнайы таңғышты немесе стерильденген онша қалың емес таңғышты таңуға да болады. Бірақ бактерицидтік жабыстырғыштарды жабыстырмайды.
Халық емі
1. 200 гр. күнбағыс майы мен 20 гр. ара балауызын баяу отта ерітіп, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегей қосып, жақсылап араластырып, дайын болған жақпа майды күйген жерге жағуға болады.
2. Картоп. Балғын картопты үккіштен өткізіп, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресс жылыған кезде алып тастау керек.
з. Шай. Қара немесе көк шайды қоюлап демдеп, 13-15 градусқа дейін суытып, күйген жерді бинтпен орай отырып, жылы шайды құйып тұрады. Бинтті кептірмей, үнемі шаймен сулап тұрады. Бұл емді 10-12 күн жасайды. Жақсы көмектеседі.
4. Күйік шалған жерге асқабақты үккіштен өткізіп таңады. Сонымен қатар бұл ем үсік шалғанда да жақсы көмектеседі.
5. Бүрген майы да күйгенге жақсы көмектеседі.
6. Күйген жерге жаңа жұлынған алоэ жапырағының шырынын сығу керек. Ал екінші бір жапырағының өзегін алып күйген жерге бинтпен таңып тастаңыз.
7. Күйікке адамның өзінің зәрі де жақсы көмектеседі. Бинтті жаңа шыққан зәрге батырып күйген жерге таңып қою керек. Кеуіп кетпеуін қадағалау қажет.

213 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Балалардың ойлау мен сөйлеу қабілетін ойындар арқылы дамыту

Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі.…

Қаржылық есеп І пәнінен лекциялық кешен

   1-тақырып.Ағымдағы активтердің есебі Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі 1.1   Ақша…

Әйел назы

Қажетті өнімдер: 200 г балқытылған ірімшік, 25 г какос ұнтағы, 100 г…

Асбұршақ сорпасы

Қажетті өнімдер: Өнімдер 6 порцияға арналған. – 500 г кептірілген тауық еті;…