Қажетті өнімдер:
– 1-2 кәді (1 000 г);
– 1 болгар бұрышы, (60 г);
– 1 жұмыртқа;
– 2-3 ас қасық қызанақ сықпасы;
– 100 г қатты ірімшік;
– 120 г қатты кеспе өнімі;
– түз және дәмдеуіштер;
– өсімдік майы.

Дайындалуы:
Ірі көзді үккіштен кәді, болгар бұрышын өткізіңіз. Ірімшікті ұсақ көзді үккіштен өткізіңіз. Аскөк, тұз қосыңыз. Ірімшік тұздалған болса, тұзын азырақ қосыңыз. Ірімшікті кәдімен араластырған соң, қызанақ сықпасын, ұнтақталған қара бұрыш, басқа да өзіңіз ұнататын дәмдеуіштеріңізді қосыңыз. Жұмыртқа қосыңыз. Кеспені қоспас бұрын жақсылап араластырып алыңыз. Кеспені пісірудің қажеті жоқ. Шикі күйінде салыңыз. Тағы да жақсылап араластырыңыз. Қалыпқа фольга төсеңіз. Міндетті түрде өсімдік майымен майлаңыз. Дайын болған өнімді салыңыз. Қалыпты өзіңіз таңдаңыз. Үлкен болса, пісірмеңіз жұқа болады. 175-180 градуста ңқызған духовкада 30 минут пісіріңіз. Пісірер алдында бетіне шығып қалған кеспелерді арасына кіргізіп жіберіңіз. Әйтпесе піспей қалуы мүмкін. Пісірме дайын болған кезде беті қызарып, құрғақ болып шығуы керек. Сәл суытып алып, бөліктерге бөліп, дәмді пісірмемен жақындарыңызды қуантыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Пайдаланушы интерфейстің құрылымы мен жіктелуі

Пайдаланушы интерфейсінің дизайнында шартты түрде декоративті және белсенді құраушыларға бөлуге болады. Декоративті…

Компьютерлік қауіпсіздік дегеніміз не?

Компьютерлік қауіпсіздік — есептегіш құрылғылар (компьютерлер, смартфондар және басқа), сондай-ақ компьютерлік желілерді (жеке…

Автомобиль көлiгi

Автомобиль көлiгi елiмiздің тасымал кешенiнде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма,…

Қазіргі замандағы этиканың дамуы

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын…