СӨЖ

Тақырыбы: Асқазан және он екі елі ішек ойық жара ауруының асқынуы(қан кету)

Жоспары:

І) Кіріспе.

ІІ) Негізгі бөлім.

А) Асқан-ішек жолдарының ойық жараларынан қан кету.

Б) Этиологиясы – патогенезі

В) Клиникасы. Диагностика. Дифференциалді диагностика

Г) Асқынулары. Емі.

ІІІ) Қорытынды.

Қан кету – қан айналу ағзаларынан қанның шығуы. АІЖ – нан массивті қан кету адам ағзасына қауіпті геморрагиялық шокқа әкеліп соқтыруы мүмкін.

Этиологиясы мен патогенезі:

Жиі қан кету мына себептермен шарттанған:Тамыр қабырғасында патологиялық  процесс дамуына байланысты деффект (жедел немесе созылмалы жарадан аррозивты қан кету, ыдыраушы ісік);Тамыр қабырғасының өткізгіштігінің нашарлауы (авитаминоз, жедел инфекциялық сырқат, анафилаксия, сепсис, интоксикация);Бауыр циррозы кезіндегі өңештің кеңейген веналарынан және асқазаннан қан кету;Өңеш және асқазанның шырышты кабатының жыртылуынан қан кету (Меллори –Вейсс синдромы).

АІЖ жоғары бөлігінен(90%), қан кету көзі өңеште, асқазанда, он екі елі ішекте болғанда және егер қан кету көзі жіңішке ішек пен тоқ ішек болса, АІЖ-ның төменгі бөлігінен (1%) қан кету түрлерін ажыратады.

Асқазан ішек жолдарынан қан кетудің себептері

АІЖ – ның жоғарғы бөлімдерінен:

  1. Асқазан немесе он екі елі ішек жарасы
  2. Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету
  3. Шырышты қабаттың эрозивті – жаралы зақымдалуы (стресстік, дәрілік, азотемиялық)
  4. Мэллори –Вейсс синдромы
  5. Өңеш, асқазан, он екі елі ішек ісіктері
  6. Ангиомалар

АІЖ – ның төменгі бөлімінен:

  1. Дивертикулит немесе меккель диверертикулиті
  2. Тоқ ішек ісіктері және полиптері
  3. Ангиодисплазия
  4. Спецификалық емес жаралы колит және Крон ауруы
  5. Геморрой
  6. Инфекциялық ауруы

Гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі: Қан кетуге жауап ретінде организмнің компенсаторлық реакциялары іске қосылады. Оларды үш кезеңге бөлуге болады:1.Олигемия кезеңі (АҚҚ төмендеуі) — ұзақтығы 12-24 сағ. Рефректорлы спазм мен қанның деподан қан айналымға шығуымен сипатталады. Эритроциттер мен гемоглобиннің қаның көлемдік сандық құрамында өзгермейді.2.Гемодилюция кезеңі — 2-3 күннен кейін тіндік сұйықтықтың қан ағымына ағуы салдарынан дамиды.3.Эритропоэздің белсену кезеңі – 3 — 4күннен кейін басталады. Перифериялық қанда ретикулоциттер пайда болады.

Организмде пайда болатын өзгерістер жоғалтқан қан көлеміне байланысты. АҚҚ 10-15% -дай қан кету кезінде гемодинамика бұзылмайды. Ал АҚҚ15% көп жоғалтқан жағдайда АҚҚ 15-30%-ға төмендейді. Гиповолемия перифериялықтамырлардың спазмын тудырады. Тіндік гипоксия дамиды. Зат алмасу процесі анаэробты түрге ауысады, соның салдарынан сүт қышқылы бөлініп метаболикалық ацидоз дамиды. Ішек қуысына түскен қанның гидролизге ұшырауы салдарынан организмнің интоксикациясы.

Массивті қан кету тудырады:

  • гиповолемиялық шок;
  • бүйрек каналшаларының некрозымен, гипоксиямен, фильтрацияның төмендеуімен шақырылған жедел бүйрек жетіспеушілігі;
  • гепатоциттер дистрофиясы, гипоксия, бауырлық қан айналымның нашарлауынан бауырлық жетіспеушілік;
  • миокардтың оттегілік ашығуымен шарттанған жүрек жеткіліксіздігі;
  • гипоксия салдарынан мидың ісінуі;
  • диссеминирленген қан тамыр ішілік қанның ұюы;
  • Ішек қуысына түскен қанның гидролиз өнімдерімен организмнің интоксикациясы.
  • Бұл белгілердің болуы  полиоргандық жетіспеушіліктің дамығанын көрсетеді.

Асқазан ішек жолдарынан қан кетудің клиникалық көріністері

АІЖ-нан қан кетудің жасырын кезеңін, айқын клиникалық симптомдар болмайтын (жалпы симптомдар) және айқын симптомдар кезеңін ажыратады.

Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің  жалпы белгілері:Жалпы әлсіздік, селқостық, көз алдыда шіркейлердің көрінуі, суық тер, коллапс, бас айналу, құлақта шу, көз алдында қарауыту, ентігу, жүрек қағу.

Асқазан — ішек жолдарынан қан кетудің жергілікті белгілері:

Қан кетудің айқын белгілеріне жатады: —Қан құсу және қан аралас нәжіс.

Қан құсу (гематомезис) – құсық массаларымен өзгерген (қою кoфе тәрізді құсық) немесе өзгермеген қанның шығуы. Асқазаннан, өңештен, ұлтбардан қан кеткенде байқалады. Мелена – нәжіспен өзгерген қанның шығуы (сұйық қара нәжіс). Ұлтабардан және асқазаннан көлемі 500мл және одан көп профузды қан кеткенде байқалады. Гематохезия – нәжіспен ал-қызыл қанның шығуы.

Асқазан ішек жолынан қан кетудің ауырлық дәрежесі (Горбашко А.И., 1982)

Жіктелуі:

Клиникалық көрінісіне байланысты:

  • Сыртқы
  • Ішкі
  • Жасырын

Уақытына байланысты:

  1. Біріншілік
  2. Екіншілік: ерте, кеш

Орналасуына байланысты: өкпе, өңеш, асқазан, ішек, бүйректе

Гастродуоденальды қан кетулердің жіктелуі (Стручков В.И., 1977)

  • —І дәреже — жеңіл қан кету. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қан аралас құсу бір рет немесе қоймалжың нәжіс. Пульс аздап жиілеген, АҚҚ қалыпты, гемоглобин 100 г/л жоғары, ЦҚК дефициті 5% шамасында.
  • —ІІ дәреже — анық қан кету. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, бас айналуына, әлсіздік, қайталанатын құсық немесе қоймалжың нәжіске шағымданады. Тері жабындылары мен шырышты қабаты бозарған. Пульсі жиілеген. АҚҚ 90 мм.с.б. дейін төмендеген, гемоглобин — 80 г/л дейін, ЦҚК-нің дефициті 15% шамасында.
  • ІІІ дәреже — ауыр қан кету. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Шөлдеу, ұйқышылдық. Талықсу жағдайы, тері жабындылары мен шырышты қабатының бозаруы, суық тер, көп қайталанатын құсу байқалады. Пульсі анық жиілеген, АҚҚ 60 мм.с.б., гемоглобин 50 г/л дейін төмендеген. ЦҚК дефициті 30%. І-ІІ дәрежелі геморрагиялық шок.
  • ІV дәреже — көп мөлшерде қан кету. Науқас ессіз, жалпы жағдайы ауыр. Пульс анықталмайды. ЦҚК дефициті 30% жоғары, гемоглобин 50 г/л-ден төмен, ІV дәрежелі геморрагиялық шок.

Альговердің шоктық индексі: Пульс/систолалық қысым

  • —0,5-1 – жеңіл дәрежедегі қан кету
  • —1-1,5 – орташа дәрежедегі қан кету
  • —1,5-2 – ауыр дәрежедегі қан кету

Қан жоғалтуға байланысты АҚҚ төмендеуі

Диагностикасы

  • Анамнез
  • Клиникалық көрініс
  • Шұғыл фиброгастродуоденоскопия
  • Альговердің шоктық индексін қолданып геморрагиялық шок дәрежесін анықтау
  • Рентгенологиялық зерттеу
  • УДЗ
  • МРТ
  • Колоноскопия
  • Хирургиялық зерттеу әдісі

Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудегі жедел көмек

  1. Науқасқа қатаң түрде төсектік режим тағайындалады.
  2. Су мен тағамдарды қабылдауды шектеп,  ішіне мұз қояды.
  3. Гемостатикалық және ангиопротективті  қасиетке ие – дицинон(циклонамид) тағайындалады. 2-4 мл кок тамырға 12,5% ерітіндіні  енгіземіз, оның әсері 40-50 минуттан кейін басталып, 4-6 сағатка созылады.
  4. Жалпы гемостатикалық кешенді шараға  5%  эпсилон – аминокапрон қышқылы ерітіндісін көк тамыр ішіне  100 мл-ден 4 сағат сайын тамшылап енгізіледі.

Көп мөлшерде жедел қан кетсе инфузионды терапия қолданылады:

  • консервирленген қанның препараттары: эритроцитті масса, плазма, альбумин.
  • қан алмастырушы препараттар: декстран ерітінділері (реополиглюкин, полиглюкин), гидрооксиэтилкрахмал препараттары (рефортан, стабизон, инфукал), желатин мен тұз ерітінділері (натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі, лактасол), қант ерітінділері (глюкоза, глюкостерил).
You May Also Like

Емдік тамақтану. Науқастарды тамақтандыру. СӨЖ

Жоспар: Емдік тағам белгілеудің негізгі принциптері. Емдік тағам дайындау барысындағы кулинариялық өңдеудің…

Экологиялық факторлардың организмге әсері, СӨЖ

Экологиялық факторлардың организмге әсері. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің…

Еңбек шартының түрлері және еңбек қатынастарының жалпы түсінігі.Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері және қызметкерлердің еңбек құқығын қорғау. СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Еңбек шартының түрлері және еңбек қатынастарының жалпы түсінігі.Қызметкерлердің негізгі құқықтары…

Экология ғылымы бойыншы СӨЖ, сабақ жоспарлары

Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы  №1 Сабақтың тақырыбы:  Экология ғылымының қысқаша даму тарихы.…