Баяндама
Тақырыбы: Жаратылыстану ғылымдары – әлем айнасы

Мазмұны:

• Жаратылыстану ғылымдары
• Жаратылыстану ғылымының зерттеу обьектісі
• Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері
• Жаратылыстанудың даму кезеңдері
• Мегадүние жайлы концепциялары

Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (15 ғ-дың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Кейін, 18 ғ-да Жаратылыстану ғылымдары бірыңғай жүйеге келтірілді. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, сондай-ақ, Жерді қамтиды. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді.
Жаратылыстану салалары
Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады:
1) физика, химия;
2) биология, ботаника, зоология;
3) анатомия, физиология, генетика;
4) геология, минералогия, палеонтология, метеорология, география (физикалық);
5) астрономия (астрофизика және астрохимия). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы Жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ, осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады. Жаратылыстану ғылымдарын зерттелу әдісіне қарай нағыз деректер мен байланыстарды зерттей отырып, ережелер мен заңдарды қорытып шығаратын сипаттаушы және дерекпен байланысты математикалық формалармен толықтырып отыратын дәл ғылымдар деп ажыратады. Табиғат туралы нақты ғылым зерттеулермен шектелсе, қолданбалы ғылым (медицина, ауыл шарушылығы, орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы алғанда) ғылыми зерттеулерді және табиғатты өзгертуге пайдаланылады.

Жаратылыстану ғылымынның зерттеу объектісі
XX ғ. – ғылым ғасыры десе де болады. Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себепті де қазір «білім» деген ұғымды көбінесе «ғылыми білім» деген ұғыммен тепе-тең деп түсінеміз. Ғылым дегеніміз адамдардың шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты ақиқат білімге қол жеткізу. Ғылымның екінші функциясы – мәдени дүниеге көзқарастық функциясы. Дәл сол сияқты жаңа методологиялық ХҮІІ – ғ. Жаңа заманда ғана жасалды, ғылыми зерттеушілер тәжрибелік-математикалық әдістің дүниетанымдағы маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде классикалық жаратылыстану дүниенге келді. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:
а) Дәл анықталған фактілер
ә) Бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар,
б) Шындық дүниенің бірқатар құбылыстарын түсіндіруші заңдылықтар системасын біріктіретін теориялар.
в) Бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі мұнда өзара үйлесімді теориялық бәрі біртұтас системаға біріктіріледі.
Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері.
Ғылымның күрделі творчестволық іс деп саналудың бір себебі, одан тәжрибеден теорияға көшетін тікелей өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы – салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы. Эмпириктік деңгейде қолданылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау, өлшеу, эксперимент т.б. Ал теория болса аксиомалық әдісті, системалық, құрлымдық, функционалдық талдау, математикалық моделін жасау әдістерін т.б. пайдалануға тырысады.
Танымның ғылымилығының критерийі. Теорияның шындық дүниенің белгілі бір саласындағызаттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастары жайлы біртұтас түсінік беретін ғылыми білімдердің жинақталған формасы.
Ғылыми білім мынадай методологиялық талаптарға сәйкес:
а) Жалпылық, яғни нақты уақыт, орын, субъект т.б. жекеше фактілерге тәуелсіздік.
ә) Қайшылықсыздық немесе дәйектілік жүйесін тұжырымдайтын дедукциялық ойлау тәсілі қамтамасыз етілді.
б) Түсіндіру әдіс-тәсілдерінің қарапайымдылығы.
в) Алдын ала болжау күшінің болуы.
Ғылыми ұғымының классификациясы. Қоғамдық ғылымдар болмыстың екінші бірі бөлігі болып табылады қоғам өмірінің заңдылықты қоғамдық құбылыстар мен процестерінің себепті байланыстары мен қатынастары жайлы. адамдардың табиғатпен екі арада және өзара орнататын өндірістік, энергетикалық, информациялық қарым-қатынасының өмірі жасалады.
Жаратылыстанудың даму кезеңдері.
Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай қазіргі жаратылыстану жүйесіне табиғат туралы және ғылымдар мен қатар ежелгі грек натурфилософиясы классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салалары да кіреді. Біз өмір сүріп отырған дүние үлкенді-кішілі ашық системалардан табылды және заңдылықтарға бағынады. қазіргі заманғы дүниенің даму тарихы болған оқиғалардың хронологиясын былай сипаттаған:
1. Бірнеше 100 мың жылдан соң жеңіл элементтердің атомдары
2. 15 млярд жыл бұрын жұлдыздардың бірінші ұрпағы пайда болды ауыр элементтердің атомдарды түзілді.
3. 5 млярд жыл бұрын-Күн пайда болды.
4. 3,8 млярд жыл бұрын-Өсімдіктер пайда болды.
5. 450 млн жыл бұрын-Өсімдіктер пайда болды.
6. 150 млн жыл бұрын-Сүтқоректілер пайда болады.
Қазіргі (уақытқа) ғылымға тек уақыт мерзімдері ғана емес, сондай-ақ әлемнің үлкен қопарылыстың эволюциясының механизмін жатқызады. Қазіргі заманғы ғылыми білімді құрайтын бірнеше басты принциптері бар.
а) Жүйелік дегеніміз біз күн сайын көріп жүрген әлемінің құрылысы мен орналасуы. Мысал: биосфера-жер планетасы күн системасы галоктика-метаголоктика
ә)Глобольды Эволюционизм әлемнің үлкенді кішілі элементтер жүйесінің дамусыз, эволюциясыз өмір сүре алмайтынындайындау.
б) Өздігінше ұйымдасу материясының өздігінше дамып, күрделенуінің қортындылар жасау қабілеті.
Мегадүние жайлы концепцепциялары.
Мегадүние яғни космос барлық элементтік денелердің өзара байланысты дамушы системасы. Мегедүние аса ірі әлемдік денелер дүниесі. Ол жұлдыздардың айналасындағы жеке планеталар және жұлдыздар системасының галактика болып ұйымдасу өмір сүреді. Галоктикалар метагалоктика ұғымы бір біріне өте жақын дүниені білдіреді. Метагалактика деген-тек дүниені білдіреді. Ол құрылысы жағынан галактиканың реттелген системасы болып табылады.

You May Also Like

Қaзaқ публицистикaсының тapихы

Қaзaқ публицистикaсының тapихы сонaу ХІХ ғaсыpдың екінші жapтысынaн – Шоқaн, Ыбыpaй, Aбaй…

Алма мен үйрек аяғы

Алма мен үйрек аяғы Қажетті өнімдер: 1 үйрек аяғы (300-350 г), 60…

Қаржылық есеп І пәнінен лекциялық кешен

   1-тақырып.Ағымдағы активтердің есебі Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі 1.1   Ақша…

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы.Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының…