Қазіргі заманғы иммунология, оның мақсаттары мен жетістіктері.
Иммундық жүйе.
Гуморалдық иммунитет.
Антигенді таныстырушы жасушалар.

Дәріс жоспары:

Иммунология пәні, маңызы қысқаша тарихы, мақсаттары, жетістіктері

Иммунитет, теориялары, түрлері

Иммундық жүйенің құрылысы, мүшелері, қызметтері

Антигендер, құрылысы, қасиеттері, жіктелуі

Гуморалдық иммунитет. В-лимфоциттер. Иммуноглобулиндер. Комплемент жүйесі

Антигенді таныстырушы жасушалар. Фагоцитоз

Иммунология – бұл ағзаның генетикалық бөгде денелерден (антигендерден) қорғану тәсілдері мен механизмдерін зерттейтін жалпы биологиялық және медициналық ғылым

Иммунология қызметтері

  1. Иммундық жүйенің құрылысы
  2. Иммундық реакциялардың механизмдері
  3. Иммундық жүйе қызметтерінің бұзылуы, аурулары
  4. Иммунотерапия
  5. Трансплантация

Иммунологияның бөлімдері:

Жұқпалы иммунология

Жұқпалы емес иммунология

Транплантациялық иммунология

Репродуктивті иммунология

Ісік иммунологиясы

Иммунологияның қысқаша даму тарихы

Эмиль Беринг

(1854—1917), Германия

1902 жылы антитоксиндер мен антиденелерді ашқаны үшін марапатталған

Роберт Кох

(1843—1910), Германия

1905 жылы туберкулезді зерттегені үшін марапатталған.

Илья Ильич Мечников

(1845—1916, Россия)

1908 жылы фагоцитоз бен жасушалық иммунитет теориясын ашқаны үшін марапатталған.

Пауль Эрлих

(1854—1915), Германия

1908 жылы (И.И.Мечниковпен қатар)

гуморалдық иммунитет теориясын ашқаны үшін марапатталған

Шарль Рише

(1850—1935), Франция

1913 жылы анафилаксия бойынша атқарған жұмыстары үшін марапатталған

Карл Ландштейнер

(1868—1943), Австрия

1930 жылы қан тобын ашқаны үшін марапатталған

Фрэнк Бернет (1899-1985), Австралия және

Питер Медавар (1915-1987), Ұлыбритания

1960 жылы иммунологиялық төзімділікті ашқаны үшін марапатталған

Родни Портер (1917—1985), Ұлыбритания и Джеральд Эдельман (1929), АҚШ

1972 жылы антиденелердің химиялық құрылысын зерттегені үшін марапатталған

ИММУНИТЕТ (лат. immunitas – бір нәрседен азат болу) – бұл ағзаның генетикалық бөгделік белгісі бар денелерден және заттардан қорғану әдісі.

Immunis – бұл Ежелгі Рим империясындағы салық төлеуден босатылған қаланың беделі

 Иммунитет теориясы:

1.Иммунитеттің фагоциттік теориясы

  И.Мечников

      1883 ж.

2.Иммунитеттің гуморалдық (бүйірлі тізбек) теориясы 

  П.Эрлих

  1898  ж.

3.Клондықселекциялық теория Ф.Бернет

    КЛОНбелгілі антигенге қарсы бағытталған лимфоциттер тобы

Иммунитеттің түрлері:

  • Туа біткен иммунитет
    • Белсенді: лейкоциттер, фагоциттер, NК-жасушалар
    • Енжар (пассив): Тері шырышты қабат сілекей, сөлдер, сүт, көз жасы
  • Жүре пайда болған иммунитет
    • В-лимфоциттер
    • Т-лимфоциттер

Иммунитет

  1. Туа біткен иммунитет
  2. Жүре пайда болған иммунитет
    1. Табиғи белсенді
    2. Табиғи белсенді емес
    3. Жасанды белсенді (вакцинация)
    4. Жасанды белсенді емес (адоптивті)

Иммунитет

  • Жергілікті иммунитет
  • Инфекцияға қарсы иммунитет
    • Бактерия-лар
    • Вирус-тар
    • Паразит-тер
    • Саңырау-құлақтар
  • Инфекциялық емес иммунитет
    • Аутоиммунитет
    • Трансплантациялық иммунитет
    • Ісікке қарсы иммуинтет
    • Репродуктивті иммунитет

Иммундық жүйенің негізгі қызметі  ағзаны экзо- немесе эндогенді генетикалық бөгде денелерден қорғау («өз» жасушасын тану және «бөгдені» жою)

Иммундық жүйенің мүшелері мен жасушалары бірігіп ортақ диффуздық мүшені құрайды және жалпы қызмет атқарады.
Оның салмағы шамамен 1,5-2 кг, ал лимфоидтық жасушаларының саны 1-2х1012 аралықта

Иммундық жүйенің құрылысы

Иммундық жүйенің орталық мүшелері

         Сүйек кемігі

Сүйек кемігі  қан түзуші элементтердің негізгі көзі

Сүйек кемігі иммундық жүйенің біріншілік мүшесі

Тимус (айырша безі)

Өз антигендерін тани алатын Т-жасушалық антигендік рецепторларды жетілдіреді

Тимуста өз антигендерін (аутоантигендерді) танитын клондардың таңдалады

Тимус бөліктерінің құрылысы:
1 – қатпарлы қабат;   4 – дендриттік эпителиалдық жасуша;
2 – милы қабат;   5 – тимоциттер;
3 – лимфобласттар   6 – макрофаг;

 Иммундық жүйенің шеткі мүшелері

көк бауыр

бауыр

лимфа түйіндері

ас қорыту жүйесінің лимфа ұлпалары (бадамша, аденоидтар, аппендикс, пейер табақшалары)

бронхтардың лимфа ұлпалары

басқа шырышты қабаттардың лимфа ұлпалары

Көк бауыр бөлігінің құрылысы:
1 – ақ пульпа;  5-қызыл пульпа;
2 – вена синусы;  6-трабекула венасы;
3 – ұрық орталығы;  7-трабекула артериясы;
4 – тимус тәуелсіз аймақ         8-тимус тәуелді аймақ
(В-лимфоциттер);  (Т-лимфоциттер)

Лимфа түйінінің құрылысы

1 – афферентті қан тамырлары;
2 – дәнекер капсула;
3 – трабекулдар;
4 – шеткі синус;
5 – қатпарлы қабат;
6 – паракортикалды аймақ (Т-аймақ);
7 -милы зат;
8 – фолликул;
9 – ұрық орталығы;
10 – қан тамырлары;
11 – эфферентті қан тамырлары

Антигендер организмге түскенде иммундық жауапты түзетін генетикалық бөгде денелер

Барлық тірі ағзалардың мүшелері, ұлпалары, жасушалары және сұйықтықтары антигендік қасиетке ие

Антигендер

  • Толық антиген:
    • Мм 10 000 жоғары. Құрамы: ақуыз, гликопротеид, липопротеид, нуклеопротеид, күрделі полисахарид, липоплисахарид
    • Гаптен: Мм 10 000 төмен

Антигендердің қасиеттері:

  • Спецификалық антигендердің антиденелермен немесе жасушалармен әсерлесу қабілеті (эпитоп – 625 а/қ тұрады).
  • Бөгделік – түскен ағзаның құрылымынан айырмашылығы бар антигендер иммундық жауап түзеді.
  • Иммуногендік – антиденелердің немесе иммундық лимфоциттердің өндірілуіне алып келетін иммундық жауапты іске қосу әрекеті

Антиденелердің жіктелуі

  • Антигендер
    • Экзоантигендер: ағзаға сыртқы ортадан тыныс алу, ас қорыту жолдарымен немесе инъекция арқылы түседі
    • Эндоантигендер: табиғи метаболизм немесе вирустық/бактериялық инфекциялардың нәтижесінде ағзадағы жасушалардан түзіледі

Антиген

  1. Аллоантиген
  2. Ксеноантиген
  3. Сингенді антиген

Антиген

  1. Тимустәуелсіз антигендер
  2. Тимустәуелді антигендер

Гуморалдық иммунитет

  • Біріншілік ГИ:
    • Пропердин
    • Бета-лизин
    • Интерферон
    • Лактоферрин
    • Трансферрин
    • Лизоцим
  • Екіншілік ГИ:
    • Антидене
    • Комплемент

Влимфоциттер, олардың  дифференциялануы Иммуноглобулиндер

Влимфоциттердің негізгі қызметтері:

  •   антиденелерді өндіру
  •  антигендерді таныстыру

Влимфоциттердің жетілу кезеңдері:

  1.  Антигенге тәуелсіз
  2.  Антигенге тәуелді

Иммуноглобулиндер

Иммуноглобулиндер (Ig) қан плазмасының ақуыздары, плазматикалық жасушалармен өнідіріледі, организмде антиденелердің қызметін атқарады

Ig қызметтері:

  • Антигендерді байланыстыру
  • Цитотоксикалық реакция (комплемент)
  • Опсонизация

Иммуноглобулиндердің құрылысы

Иммуноглобулиндердің негізгі сипаттамалары

Ig Қан сары суында мөлшері % Қызметі Жартылай ыдырау кезеңі
Ig М (ерте)

Ig М1

Ig М2 

0,5-1,9 г/л 6%

65%

35%

Ұрықта өндіріледі. Комплемент жүйесін белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Вирустарды және грамтеріс бактерияларға қарсы,плацентадан отпейди 4-8 күн
IgG

IgG1

IgG2 

IgG3

IgG4 

8-16,8 мг/мл 75-80%

77%

11%

9%

3%

Плацента арқылы өтеді.

Комплемент жүйесін белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Токсиндерді бейтараптайды.

20-28 күн
Ig Қан сары суында мөлшері % Қызметі Жартылай ыдырау кезеңі
IgА

IgА1

IgА2 

1,4-4,2 г/л 13%

90%

10%

Молозиво, көз жасы, сілекей, ішек сөлінде кездеседі. Секреторлық иммунитет – шырышты қабаттарды қорғайды. Вирустар мен бактериялық токсиндерді бейтараптайды. 4-7 күн
IgЕ 0,00005-0,00003 г/л 0,002% Мес жасушалармен және базофилдермен байланысып, қабыну медиаторларын бөледі. 2-3 күн
IgD 0,03-0,04 г/л 1% Мембраналық рецептор ретінде лимфоциттердің жіктелуіне қатысады. 2-8 күн

Комплемент жүйесі

Комплемент жүйесі бірбірімен кезектесе әсерлесіп биологиялық күші бар молекулаларды түзетін ақуыздар жинағы

Комплемент жүйесі

  1. Опсонизация
  2. Қабыну процестеріне қатысу (анафилотоксиндер)
  3. Цитотоксикалық реакция (МШК)

Комплемент жүйесі 9 компоненттен
(
С1-С9) тұрады

Макрофаг

Моноцит

Гепатоцит

Фибробласт

С1-С9

Қан сары суы,

басқа

биологиялық

сұйықтықтар

Комплемент жүйесінің белсену жолдары

  • Классикалық белсену
  • Альтернативті белсену

Классикалық және альтернативті белсенудің айырмашылықтары

Классикалық белсену Альтернативті белсену
Спецификалық Бейспецификалық
Баяу, күшті Жылдам, әлсіз
Антиген түскеннен кейін 4-5 күндері іске қосылады Антиген түскен кезде іске қосылады
С1 компоненттен басталады С3 компонентінен басталады

 

Иммундық комплекс қажет Тимустәуелді антигендер болу керек
М, G1, G3 иммуноглобулиндері Иммуноглобулиндердің қатысуынсыз

Пропердин жүйесінің В, Д және Р факторлары қатысады

Антигенді таныстырушы жасушалар (презентация)

Мононуклеарлық фагоциттер жүйесі

Антигенді таныстырушы жасушалар

  • Макрофаг
  • Дендритті жасуша
  • В-жасуша

Макрофаг ең ірі иммундық жасуша.
Қызметі: табиғи, спецификалық және ісікке қарсы иммунитетке қатысу.
Орналасауы: дәнекер ұлпа, мүшелер

Дендритті жасушалар – сүйек кемігінен дамыған гетерогенді антиген-таныстырушы жасушалар. Қызметі: антигендерді Т-лимфоциттерге таныстыру. Орналасауы: сыртқы ортамен тікелей байланысы бар мүшелер

Фагоцитоз
омыртқалыларда инфекцияға қарсы бейспецификалық механизм – қарапайымдыларда қоректену қызметін атқарады.

Фагоцитоздың қызметі:

  • Ағзадан ИК шығару
  • Қабыну және некрозды ошақтарды сіңіру
  • Ескі жасушаларды жою

Фагоцитоз кезеңдері

Фагоциттік жасушаның белсенуі (антиген ағзаға түскеннен соң)

Хемотаксис – фагоциттік жасушаның бөгде денеге қарай жылжуы

Адгезия – антигенге жабысу

Эндоцитоз немесе пиноцитоз – антигенді жұту

Процессинг – антигенді ыдырату

Элиминация – антигенді ағзадан шығару

Презентация – антигендерді есте сақтау жасушаларына таныстыру

Бейспецификалық иммунитетке қатысатын жасушалар:

Мононуклеарлық фагоциттер – моноциттер, ұлпа макрофагтары

Гранулоциттер – нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер

Киллерлік жасушалар

Мононуклеарлық фагоциттер жүйесі

Плевралық және перитонеалдық макрофагтар

Купфер жасушалары (бауыр ретикулоэндотелиоциттері)

Альвеолярлық макрофагтар

Айырша безі макрофагтары

Сүйек кемігі макрофагтары

Остеокласттар

Мидың глиалдық жасушалары

Лимфа түйіндері мен көк бауырдың дендритті жасушалары

Тері және шырышты қабаттардың Лангерганс жасушалары

You May Also Like

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын тиімді әдістер

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын тиімді әдістер Биылғы Елбасының жолдауын жарқын болашақты айқындайтын…

Жылыжай шаруашылығында балама энергиясын қолдану арқылы энергиямен қамтамасыз ету

«Жылыжай шаруашылығында балама энергиясын қолдану арқылы энергиямен қамтамасыз ету»  Мемлекет басшысы Қасымжомарт…

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері  Жапония Екінші…

Қымыз-пайдалы дәрумендер жиынтығы, шығарма

Шығарма. Тақырыбы:  Қымыз- пайдалы дәрумендер жиынтығы. Жоспар:   I. Қымыз-Шипалы сусын. Қымыз- пайдалы дәрумендер…