Мамандығым -мақтанышым!

Мамандықты дұрыс таңдау- ол өмір жолының сәттілігінің негізі.

Э.Ф.Зеер

Мамандық – өмірдегі ең негізі таңдау. Адам баласының өмірлік серігі оның Құдай қосқан жары болса, ал еңбектегі серігі таңдаған мамандығы. Мамандық таңдаған сәттен бастап сен өз бағытыңды, ортаңды  таңдайсың. Мамандықтың жақсы жаманы жоқ,тек ебін тауып, өзің сүйіп таңдап , жұмысыңды ынтаңмен жасасаң өмірде бірталай сәттіліктер күтіп тұр.

Мамандық бізге не үшін керек? Мамандықтың біздің өмірімізде алар орны қандай?

Мамандықпен біз тек қана айналысып қана қоймай, сонымен қоса дамимыз, өсеміз .Тек біреуге пайда келтіру арқылы өзіңде өсесің. Бұл жерде ең бастысы жұмысыңмен айналысқан сәтте ләззат ала білуің керек .Мамандық таңдағанда өз пікіріңмен санасу бұл заңдылық, бірақ саған ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін, бізге оң бағыт көрсететін ол әрине ата-анаң. Ата -ана өмірдегі шын жанашыр адамдар. Ата – ана ақылын тыңдамаған адам өмірде де жолы болмайтынына сеніммен айта аламын.Жалпы өмірде  бір істеп тоқталып қалмау керек. Өмірде тек бір іспен қана айналысу меніңше жалықтырып жіберетін сияқты. Мамандықпен ақша табу мақсатында айналысады, әрине бұл негізгі бағыт.

Бірақ сол жұмыс арқылы біреуге пайдаңды тигізу бұл жақсы, ал егер сен сол ісіңді жақсы көре отырып жасасаң ол екі есе бақыт, саған да, оған да.

Менің таңдауым-өнер жолы! Мен өз таңдаған мамандығымнан қателеспедім деп ойлаймын. Себебі өнер – бұл менің өмірімдегі негізгі бөлшек болып саналады. Өнерсіз ,өлеңсіз өмірімді елестете алмаймын, себебі мен өз ісімді жақсы көремін. Мүмкін бұлар өз ісімді жақсы көргендіктен. Жалпы өнер жолы қиын жол. Оны алып жүрудің өзі біршама еңбекті талап етеді, себебі өнер жолында жүрген адам халықтың алдында жүргендіктен сөз де, көз де тиеді. Өнер жолы бұл -жүрекпен жұмыс жасайтын ,сезімдерге толы мамандық . Мен өз ісімді жасай отырып пайдамды тигіздім бе? Әрине, қазіргі таңда оқу үстіндемін.Бірақ алда көптеген жоспарларым бар.Өнер жолының  адамдарға қандай пайдасы бар? Өнер адамға тыныштық  сыйлайды, қуаныш, керемет сәттер, жақсы сезімдер қалдырады, яғни адамдарға көңіл-күй сыйлайды. Осы өнер жолында жүрген адамдар жан рахаты үшін ойнайды, солайша көпшілікке жақсы сәттер қалдырады Тіпті өнер адамдардың аяғынан тұрып кетуіне, жазылып кетуіне көп жағдайда әсер етеді. Музыка -менің таңдауым! Әлемді музыкасыз елестету мүмкін емес.

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

(Әл-Фараби)

Бір іспен айналысқанда  көпшілікпен сөйлесе білудің өзі үлкен өнер. Сен қаншалықты жақсы жұмыс жасасыңда сені сол биіктен құлататын да, әрі қарай көтеретінде мінезің. Кез -келген істе икемділік керек, бұл жай ғана күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Өз мамандығын табу оңай емес. Өйткені бір іс басында қызық болғанымен, әрі қарай алып кету үлкен табандылықты талап етеді. Өмірде екі таңдаудан қателеспеу керек. Алғашқысы жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Мамандық таңдау бала кезден бастау алады. Сол сәттерден бастап түрлі нәрселерге қызығушылық ашыла бастайды. Кішкентай кезімнен бастап теледидардан, телефон, сахналардан  өнер көрсеткен адамдарды көріп қызыға бастадым, солайша өнер жолына алғашқы қадамдар жасадым. Алғаш домбыра үйірмесіне барып, бір жылдай меңгердім, содан соң қобыз аспабын көріп қызығушылығым ашылды. Келесі күні қобыз үйірмесіне  қатыстым. Ал қазіргі таңда мен өз мамандығымды жақсы көремін. Әрине басында түрлі қиындықтар болды, көп адамдар сынға алды, түрлі пікірлер айтылды,айтылған сөздерді көтере алмай жылап та алған кездерім болды, бірақ сол сәттерде жақындарым жанымнан табылып, отбасым қолдау білдірді.Соның арқасында түрлі жарыстарға барып ,тіпті шетелдерге барып бақ сынап келдім, ең бастысы қазіргі таңда қобыз мамандығында оқып жатырмын. Бала күнімнен бастау алған бала көңілім

қазіргі өмірлік мақсатым. Мен осы таңдаған мамандығым бойынша көпшілікке қобыз аспабын дәріптеу, одан әрмен дамыту, қазақ елінің ел алдында абыройын көтеріп, қобыз аспабын шетелге таныту. Осы мақсатта қазіргі таңда талмай еңбек етудемін, күн демей, түн демей дайындықтамын. Тек шетелде шығып қана қоймай, шәкірт тәрбиелеу алдағы ең басты мақсаттарымның бірі.Менің ойымша тек бір іспен тоқталып қалмау керек секілді. Жан-жақты болу адам баласына меніңше ешқандай кедергісін келтірмейді деп ойлаймын. Міндетті емес, сол істің маманы болып жұмыс жасау, арасында хобби ретінде айналысатын жұмысың болса жақсы. Біз музыкант болғандықтан бір емес бірнеше аспапта ойнауымыз міндетті және ешқандай кедергісін келтірмейді. Мысалы мен домбыра және фортепиано ,тіпті прима қобыз аспабын үйрену үстіндемін, ал қазір үрлемелі аспаптарға қызығушылығым ашылып жүр. Маған бұл аспаптар пайдасын тигізбесе зияны келген емес және келмейді де. Менің ең негізгі мақсатым – қылқобыз аспабын әлемге таныту және осы мақсатта мәңгілік жұмыс жасаймын.

Қылқобыз аспабын көбісі білсе, көбісі білмейді,бірі көрсе, бірі көрмеген. Міне біздің ең әлсіз тұсымыз. Өзіміз қазақ бола тұра әлі күнге дейін қобыз аспабын білмейтін қазақ жерінің түкпір-түкпірінде жетерлік. Міне осындай жағдайларды естігенде сіз қандай сезімде боласыз?

Қылқобыз аспабы көне аспап болғанымен енді ғана қолға алынып дамып келе жатыр,осы аспапты көкке көтеріп, ұмытылмастай келер болашаққа дәріптеу менің түпкі мақсатым. Ол үшін әрине тоқтамау керек  және осы жолда тынбай еңбек етемін! Мамандығым – мақтанышым!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

ҚР-да тиімді ұлттық индустриалды-инновациялық жүйенің қалыптасуы.

ҚР-да тиімді ұлттық индустриалды-инновациялық жүйенің қалыптасуы. Жоспар: Индустриалды – инновациялық даму; Индустриалды…

Ана тілін білмеген, халқын сүйіп жарытпас

АНА ТІЛІН БІЛМЕГЕН, ХАЛҚЫН СҮЙІП ЖАРЫТПАС Біздің өмірімізде тағы да бір тарихи…

My dream, шығарма

My dream The future belongs to those, who believe in beauty of…

Химия в жизни человека

Химия в жизни человека Содержание  Введение Роль химии в жизни человека Химия…