«Заманауи байланыс техникасы мен мобильді қосымшалармен жұмыс істеуді үйретудің жолдары» жобасы

Қазіргі таңда ұялы телефон мен компьютер әрбір адамның күнделікті өмірде қолданып жүрген үйреншікті затына айналған. Байланыс құралының бұл түрінің дамып кеткені соншалықты, бұл заманда  кез келген адам өз жұмысын компьютерсіз елестете алмайды, ұялы телефонсыз жүре алмайды деп те айтуға болады. Қарыштап дамып бара жатқан әлемде болашақ мамандар, кәсіби мамандар, сонымен қатар жалғыз басты қарт адамдар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға,  заманауи байланыс техникасы мен мобильді қосымшалармен жұмыс істеуді үйрету үшін колледжімізде IT-еріктілер клубы іске қосылды.

Мақсаты: болашақ мамандар, кәсіби мамандар, жалғыз басты қарт адамдар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға  үйде және онлайн режимінде техникалық қолдау, кеңес беру және заманауи технологияларды қолдануға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған көмек көрсету. Кәсіби мамандардың жұмыс сапасын жақсарту және жоғары деңгейге көтеру, жалғыз басты егде жастағы тұрғындардың компьютерлік сауаттылығы және мемлекеттік және муниципалдық қызметтерді электронды түрде алу дағдыларын қалыптастыру; өмір сапасын жақсарту және үшін егде жастағы адамдарды компьютерлік дағдыларға әлеуметтік бейімдеу және оқыту, – әлеуметтік жалғыздықты жеңу, өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде егде жастағы адамдарда ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру. 

Мақсатымызды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер анықталып, қажетті шешімдер қабылданды:

  1. Заманауи технологияларды қолдануда көмекті мұқтаж ететін адамдардың қорын қалыптастыру. Жобада жұмыс істей алатын еріктілер базасын қалыптастыру.
  2. Студент-еріктілерді ересек адамдармен жұмыс істеуге дайындау
  3. Егде адамдарды компьютер, ноутбук, планшет және мобильді құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру. Күнделікті өмірде Интернет желісін тиімді қолдануға үйрету. Әлеуметтік жалғыздықты жеңу, өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде егде жастағы адамдарда ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру.
  4. Болашақ мамандар, кәсіби мамандарды заманауи интернет сервистер және бағдарламалармен таныстыру.

Жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

Электрондық үкімет порталы

  • Мобильді азаматтар базасында тіркеу
  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін алу және eGov сайтына тіркелу
  • eGov сайтының функционалы мен мүмкіндіктерімен таныстыру
  • eGov сайтында онлайн-қызметтерді  алу: онлайн өтінімдер беру, анықтамалар алу.
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарына  электронды кезекті брондау
  • eGov mobile мобильді қосымшасын жүктеу, орнату және қажетті анықтамаларды алу
  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын жүктеу, орнату және қажетті анықтамаларды алу
  • Телеграмм чат-боты арқылы қызметтер алу
  • Дамумед бағдарламасы арқылы медициналық мекемеге жазылу, зертханалық зерттеу нәтижелерін алу

Әлеуметтік желілер

  • Skype, Zoom, электронды пошта 
  • WhatsApp, Телеграмм мессенджерлерінің толық мүмкіндіктерін қолдану
  • YouTube арқылы бейнематериалдарды іздеу және көру

Коммуналдық қызметтерді онлайн режимде төлеу

  • Компьютер арқылы төлемдерді жүзеге асыру
  • Мобильді қосымшалар арқылы төлемдерді жүзеге асыру

Кәсіби мамандардың АКТ құзыреттілігін кеңейту мақсатында 2020 жылы қазан айында оқытушыларған арналған «Қашықтықтан білім беру процесін ұйымдастыруға арналған   АКТ құралдары» атты оқыту курсы ұйымдастырылып, өткізілді.

Колледж студенттеріне қашықтықтан кітапхана қорына қол жеткізу үшін арнайы www.kpkcollegelibrary.kz электронды кітапхана сайты жасалды.

Менің жетекшілігіммен жасалған жоба бойынша 2021 жылы жас мамандар мен 4 студенттеріне арналған  «Ғылыми зерттеулерде GOOGLE BOOKS NGRAM VIEWER қолдану» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

2021 жылы 19 тамыз Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері мен жас мамандардан құралған еріктілері «Игі істер автобусы» жобасы бойынша Бурабай ауданы, Бұланды ауданындағы елді-мекен тұрғындарымен кездесіп, тұрғындарға электрондық сандық қолтаңба жасады. «Электронды үкімет» порталымен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетті. Мен тұрғындарға компьютерде офистік бағдарламаларды орнату, «Электронды үкімет» порталынан тұрғындарға электронды анықтамаларды алу тәсілдерін түсіндірдім.  Қорыта келе,  «Заманауи байланыс техникасы мен мобильді қосымшалармен жұмыс істеуді үйретудің жолдары» жобасын 2021-2022 оқу жылында  әрі қарай жетілдіремін деген мақсатым бар.

You May Also Like

Физика сабағында SMART технологиясын қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. слайд

Болейбол. Доп беруді жетілдіру, тура жоғарыдан қабылдау – жоғарыдан беру.

1. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдауды меңгерту. 2. Допты ойынға қосу және…

Өнімнің өзіндік құнын талдау

9 ТАҚЫРЫП.  ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ 1. Өнімнің өзіндік құның талдау міндеттері…

Ластану заттарын есептеу параметрлері

Ластану заттарын есептеу параметрлері Жердегі  атмосфералық  ауаның  қорлары  тұрақты  және таусылмайды.Атмосфералық  ауаның …