Қажетті өнімдер:
-ЗООг қышңыл алма;
– 150 г балдыркөк сабағы;
– 150 г тәтті жүзім;
– 30 г грек жаңғағы;
– майонез;
– лимон шырыны;
– салат жапырақтары.
Дайындалуы:
Алманы екіге бөліңіз. Өзегін алып тастаңыз. Тілімдеп тураңыз. Туралған алманы бірден ыдысқа салып, қарайып кетпес үшін, үстіне лимон шырынын себіңіз. Балдыркөк сабағын жұқалап қиғаштай тураңыз. Жүзімнің сүйектерін алып тастап, ұзыншақ етіп тураңыз. Грек жаңғақтарын бөліктерге бөліңіз. 100 г майонез бен 3-4 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Алма, балдыркөк, жүзім, грекжаңғағын бірге араластырыңыз. Тәрелкеге салатжапырақтарын төсеңіз. Үстіне салатты салыңыз. Шай қасықпен мұқият тұздығын құйыңыз. Салатты араластыруға да, араластырмауға да болады. Вальдорф салаты сөлді, ерекше дәмді болып шығады.
балдыркөк – сельдерей

1 comment
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері

Популяцияның демографиялық құрылымы —Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын сипаттауды демография деп…

Қашықтықтан зондтау әдісінің даму тарихы

Ғарыштық кеңістікті меңгеру және ғарыштық зерттеулер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының…

Компьютерлік қауіпсіздік дегеніміз не?

Компьютерлік қауіпсіздік — есептегіш құрылғылар (компьютерлер, смартфондар және басқа), сондай-ақ компьютерлік желілерді (жеке…

Тұщы су және жылумен емдеу

ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ              Тұщы сумен емдеуде (гидротерапия) су құбыры,…