Цифрлық әлем

Цифрлы дәуір өміріміздің сан-алуан бөлігіне енуде, еніп қана қоймай өмірімізге өзінің ережелерін әкелуде. Бұл дегеніміз цифрландырудың мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, жалпы жаһандық экономика үшін ерекше маңызы бар сала екендігін дәлелдейді.

Цифрлік сауаттылық – ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.Цифрлік сауаттылық – бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр. 

Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Яғни, қазіргі таңда  бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.

Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде:

  • білім беру үдерісін цифрландыру
  • цифрлық білім беру контенті
  • білім беруді басқаруды цифрландыру.

Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс.   Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары жылдамдықты интернетке қол жетімді 122 қала мен 1200 ауылдық елді-мекен бар, бірақ бұл жеткіліксіз. Цифрлық трансформациялау бағдарламасының жоспарына сәйкес, 2020 жылға қарай тағы 1700 ауылдық елді-мекенді қамту жоспарлануда, ол өз кезегінде тағы 2 миллион адамға жылдам интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.Өткен жылдан бастап Хуавей және «Транстелеком» АҚ ауылдық жерлерде кең жолақты қосылысты қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны сәтті бастады. 2018 жылы «Қазақтелеком» АҚ ұлттық байланыс операторымен «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс жолдарының технологиясы бойынша кең жолақты қосылысқа қол жетімділікті ұсыну» жобасы іске қосылды, ол биыл да жалғасын табуда.

Компанияның пайымдауынша, бүгінде қымбат емес WTTx технологиясын қымбат баға мен төмен жылдамдықтағы интернетті қолданып келе жатқан шалғай аудандарда орналастырудың үлкен перспективалары бар. Еліміздің әртүрлі аймақтарында – қалада да, ауылдық жерлерде де кең жолақты байланысты дамыту оптикалық, сымсыз, мыс және ультрақысқа желілер негізінде жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік саясаттың қаржылық, салықтық бағыттарында оңтайлы өзгерістер еңгізу арқылы, әр түрлі өнеркәсіп өкілдерінің өзара үйлесімді қарым-қатынасын құру және спектрлі талдауды қолдану арқылы орындалмақ. Бұл шаралар оң нәтижеге әкелетін негізгі шарттар мен шешімдер болмақ.

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын іске асыру үшін 2018-2021 жылдары мемлекет 325,95 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлді. Оның ішінде: 2018 жылы – 142,69 миллиард теңге; 2019 – 129,90 млрд. теңге; 2020 – 35,44 млрд. теңге; 2021 – 17,92 млрд.

Келесі қадам

5G желілерінің кең жолақты қолжетімділігі ақпаратты-байланыс технологиялары болашағы үшін шешуші фактор болып табылады және жақын аралықта аса қажет болатын технологияларды, мысалы, кеңейтілген және виртуалды шындық, өндіріс пен көлікті автоматтандыру, 3D-видео, «ақылды үй» және «ақылды қала» жүйелерін, жүкті дрон көмегімен жеткізу, аса жоғары маңызға ие қосымшаларды сенімділігі және төмен кідірісі арқасында ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде LTE-V2X (4.5G) атымен белгілі жартылай автоматтандыру және жүргізушілерге көмек көрсету технологиялары көлік жүргізу барысының қауіпсіздігін толыққанды қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, сарапшылар жақын арада жаһандық автоматтандырудың ең жоғары деңгейіне жететіндігіне болжам жасауда. Осылайша, АҚШ 2020 жылға қарай V2V автоматты жүйесін жаңа көліктерге орнату туралы заңын қабылдауды жоспарлауда, Еуропалық Одақ 2025 жылға дейін жүргізушісіз автомобильді жаппай шығаруды мақсат тұтуда, Оңтүстік Корея 2021-2025 жылға дейін V2X технологиясын өндірілген көліктердің 50% еңгізуді жоспарлауда, Қытайда 2025 жылға қарай автоматтандырылған көлік ағымының экожүйесінің дайын болуы күтілуде, ал Жапонияда 2020 жылдың соңына дейін – көлікті толықтай автоматты басқаруға көшірілу күтуліде.

5G автоматтандырылған басқаруды неғұрлым қауіпсіз, ыңғайлы және тиімді етеді, сонымен бірге ол жылу шығарындыларын жылына 14% төмендетіп, 1.2 млн адамның өмірін сақтап, орта есеппен 3.1 млрд галлон мұнайды үнемдей алады. Қазақстанда кең жолақты байланысқа қолжетімділіктің дамуы үлкен нәтижелер береді. Атап айтқанда: бұл халықтың интернетке жаппай қол жетімділігін қамтамасыз етеді, «электрондық үкіметтің» жеңілдетілген қызметтерін пайдаланатын азаматтардың үлесін арттырады, ақпаратты-байланыс технологияларын өнеркәсіптік, ғылыми, білім беру және әлеуметтік мақсаттарда пайдалануды жеңілдетеді, сонымен қатар республиканың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін ашады. Сонымен бірге, Хуавей азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдететін «Ақылды қала» платформасын, немесе осы платформа аясында құрылатын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шешімін және елдің одан әрі экономикалық дамуына септігін тигізетін мұнай-газ секторы, денсаулық сақтау, заманауи өндіріс, электр көзімен жабдықтау және т.б. салаларға арналған көптеген шешімдерін ұсынуға әрдайым дайын.

Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.

You May Also Like

Сабын ясау ысулы

Сабын ясау ысулы. Сабын ясау ысулы – ягъни (мыловарение рус.) үз кулың…

Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы

Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы 1.1 Қазақстан банк жүйесі – кеңестік дәуірде.…

Кәсіпорындағы жоспарлау 

Кәсіпорындағы жоспарлау  4.1. Кәсіпорындағы жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру Кәсіпорын жоспары жоспарлық жұмыс өнімі…

Қызынақтың емдік қасиеті

Сюжет: Қызынақтың емдік қасиеті. КСМ: Жаз мезгілінде сүйіп жейтін көкөністердің бірі – қызанақ.…