Ауыз қуысы гигиенасының төмендігі, сапасыз тіс паста мен щетка, жұмсақ тағамдары жеу, тағамды тек бір жақпен ғана ішу, зат алмасудың бұзылысы тіске тас жиналуға себепші болады. Тістегі тас адамды жалпы мазаламайды. Дегенмен оның соңы тіс дертінің өзге түрлерінің пайда болуына әрі дамуына ықпал етеді. Мәселен, сүйек ‘Шірігі (кариес), сосын тіс иегі қанайды, тіс қаусап, түсе бастайды.
Зерттеулерге сүйенсек, мұндай жағдай егде адамдарда ғана емес жастарда да жиі кездесетін болған. Енді тістегі тастардан арылудың қарапайым тәсілдерін ұсынамыз.
* зо гр. жас грек жаңғағы бұтақшасының қабығын 1 стақан суда 15 минут қайнатады. Қайнатпамен тісті сулап, күніне 2-з рет 5 минуттан тазалайды. Ал тас жиналмас үшін мүндай тәсілмен айына 2 рет тісті тазалап тұруға болады.
* Жөке гүлі мен кептірілген күнбағыс басы (дәнінсіз) 4 ас қасықтан алып, 1 литр су құяды. зо минут қайнатып, тісті тазалайды әрі салқын күйінде ауыз қуысын шаяды. Қайнатпа тастарды жібітіп, түсіреді.
* 1 стақан суға 1 ас қасық бал қосып, астан соң және ұйқы алдында ауызды шайса да жақсы көмегі тиеді. Ем бірнеше айға созылады.
* Бұл емдік шарада қайнатпа дайындап ішеді. Дала қырықбуынынан зо гр. алып, 1 стақан су құйып 10-15 минут баяу отта қайнатады. Қайнатпа суыған соң сүзгіден өткізіп, 1/з стақаннан күніне 2 рет пайдаланады. Емдік шара 20 күннен тұрады.
* Үрмебұршақ қабығы мен түйежапырақ тамырын 1 ас қасықтан алып, 1 стақан су құйып қайнатады. 12 сағат тұрған соң араласпаны күніне з рет бөліп ішеді.
* Астұзының да мұндай кезде шипасы бар. Жұмсақ қылшықты тіс щеткасын тұзға батырып, з минуттай қызылиекті ысқылайды. Мұны бірнеше ай бойы жасап отырады. Алғашқы 2 аптада күнделікті тұзбен тазалайды. Үшінші аптада аптасына з рет, төртінші аптада аптасына 2 рет, сосын қалған бір айда аптасына 1 рет тазалайды.

Бұл тастан арылтумен қатар қызыл иекті дерттен сақтайды.
* Грек жаңғағының бұтақшаларының қабықшасын сылып алады да 200 мл. су құйып, 4 сағаттай қайнатады. Бұл қайнатпамен тісті тазаласа тасты жібітіп, толықтай кетіреді.
* 1 шай қасық сүйелшөпке 200 мл. қайнаған су құйып, 20-25 минут тұрады. Тұнбамен ауыз қуысын шаяды.
Қойын кітапшаға
Аптасына з-4 рет кәдімгі сабынмен тісгі тазалауға болады. Алайда мұны таңертең және кешке күнделікгі кәдеге жаратудың қажегі жоқ. Алғаш тісті тазалағанда жағымсыз өсер беруі мүмкін. Бірақ нәтижесі керемет болады. Сабын құрамындағы пайдалы антисептикалық заттар тістің шіруіне жол бермейді жөне тас жиналудың алдын алады. Қара нан да тісті сақтауда үлкен көмекші десек те болады. Осыны ескеріп қара нанды рационға көбірек кіргізіңіз. Ең қызықтысы тісті тазалауды анда-санда шайнайтын жұмсақ заттармен алмастыра аласыз. Мәселен, қарағай мен шырша бұтақшаларын шайнап тұрыңыз.

You May Also Like

Әр түрлі экологиялық топтарда жапырақтар тіршілігінің температураға әсерін тереңірек талдау

Әр түрлі экологиялық топтарда жапырақтар тіршілігінің температураға әсерін тереңірек талдау Мазмұны  …

Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамту

Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауар ретінде…

Қаржылық есеп гос шпор

№1 Қаржылық есептілік мақсаты мен құрамдас бөліктері (ХҚЕС 1) ХҚЕС1 мақсаты ұйымның…

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері  Жапония Екінші…