«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ – басқа елдерден бөлінген немесе оккупациясы  тоқтатылған, әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттің құрылған күніне орай атап өтетін, ең көп таралған ұлттық мерекелердің бірі.»

Уикипедия

ТҰҒЫРЫ БИІК –  ТӘУЕЛСІЗДІК 

Жоспар:

КІРІСПЕ БӨЛІМ:

  1. Тарих және уақыт: кеңістік, қауым және отбасы, сақтар, ғұндар… алаш.
  2. Бодандық себептері.
  3. Ата – баба аңсаған «Мәңгілік Ел».
  4. «Желтоқсан – қазақ халқының Тәуелсіздік үшін күресінің жалғасы»

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

  1. «Тәуелсіздік оңай жолмен келді ме?»
  2. «Тұғыры биік – Тәуелсіздік».
  3. «Қазақстан демократиялық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет».

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ:

  1. «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең!»      

      Адам баласы  жаратылғаннан бері әлемде көптеген оқиғалар өтті.Осы тарихи оқиғаларды біз уақыт межесін анықтау арқылы білеміз. Ертеде адамдар уақыт межесін, оның ішінде әсіресе, жылды белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын табиғат құбылыстары арқылы анықтап білген.

   Кеңістік – ол тоқтаусыз, шексіз құбылыс. Жер бетіндегі ежелден бері адамзаттың пайдаланатын ұзындық өлшемдерінің бәрі осы кеңістікке байланысты.

  Тарих ғылымының көптеген ұғымдары қауым мен отбасына қатысты.Олар адамзаттың қалыптасуындағы негізгі рөл атқарғаны белгілі. Алғашқы адамдар «тобыр» болып өмір сүрді. Тобыр ішінде қауымдар бір – бірінен   тәуелсіз өмір сүрді.

     Отбасы тарихы – тас дәуірінде тобырларда 20-30-ға дейін адам болған.  Некелесу бұрынғыша  тобыр ішінде жасалғанымен, бір әйелден туған  қандас  туыстардың қосылуына тыйым салу – экзогамия  орнықты.

       Түрік тіліндегі «Шежіре» жадыда ұстау деген мағынаны білдірсе,  араб халықтарында  ағаштың бұтағы, тармағы деген ұғым ретінде қолданылады. Қазақ халқының шежіресі ерте кездерден басталған.

  Еуразия құрылығының  дәл кіндігінде орналасқан Қазақстан туралы, қазақ елі жайында  ежелден қалған тарихи деректер  көптеп кездеседі. Оның себебі, бұл өлкені кезінде дүниенің жартысын жаулап алған Ескендір Зұлқарнайынның  бетін

қайтарған сақтар мекендеді.  Жаугершілігімен әлемді дүр сілкіндіріп, Ұлы Қытай қорғанын салдыртқан  және Еуропаны ат  тұяғымен таптаған көшпелі тайпа,  құдыретті ғұндар  қоныс етті.  

  • 2 –

      Ежелгі Қытай тарихшысы Сыма Цяньнің үйсіндер жайлы жазған еңбектері мен осы қытай жазбаларындағы қаңлы тайпаларының осы Қазақ жерін мекен еткендігін тарихтан білеміз. 

  Қазақ халқы бірқатар тарихи деректерде  «Алаш» деп аталады. Алаш – ежелгі ұғым. Алаш сөзі  қазақ халқы жеке ел болғанға дейінгі Қазақстан жерін мекендеген халқымыздың негізін құраған тайпалардың ортақ атауы болған. «Алаш» атауы энеолит дәуірінен жылқы, жылқышы деген ұғымды да  білдіреді.

       ХХ ғасырдың басында  Қазақстанда либералды ниеттегі зиялылардың басшылығымен «Алаш» қозғалысы пайда болды. 1917 жылдың соңында Бүкілресейлік  Құрылтай жиналысының сайлауында «Алаш» халықтың көпшілік дауысына ие болды. Азамат соғысы жылдары «Алаш» антибольшевиктік күштер жағында майданға араласып, жеңіліске ұшырады…

     Қазақ халқы негізінен орта ғасырларда қалыптасты. Қазақ халқының қалыптасуына Қазақ хандығының құрылуы үлкен әсерін тигізді. Қазақ мемлекеті  ұлан-ғайыр ДЕШТІ ҚЫПШАҚ  жерінде дүниеге келді.

      ХV ғасырдың ортасында Қазақ Хандығының  өмірге келуіне байланысты Қазақстанның барлық жерлеріне қоныстанған рулар біртіндеп үш ірі этникалық – шаруашылық аймаққа бөлінді. «Жүз» – қазақ халқының орта ғасырларда  құрылған мемлекеттік жүйесіндегі әкімшілік – шаруашылық  мүддеге  бағынған рулық – тайпалық бірлестіктер. Аумақтық ерекшеліктерге байланысты қазақ халқы үш жүзге бөлінген. Алайда қазақ хандары мықты мемлекет құра алмады. Олардың билігін ішкі алауыздық пен  көршілермен  ұдайы жанжалдасуы  әлсіретіп отырды. Қазақтар ноғайлармен, башқұрттармен, Волга қалмақтарымен ұдайы соғысумен болды.

    Қазақтар үшін басты сыртқы қауіп  -Жоңғар хандығына біріккен батыс моңғол тайпасы – жоңғарлар болды.  Жоңғарлардың шапқыншылығы  ХVІІ  ғасырдың соңынан бастап күшейді. Ақыр аяғында қазақ ханы Тәуке 1686 – 1693 жылдары өзінің бас елшісін Ресейге байланыс орнату ұсынысымен жібереді және Ресейден көмек сұрайды. Бұл кезең қазақ эпосында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атаумен қалды. Осыдан кейін біраз жеңістерге қол жеткізе бастаған қазақтардың рулары  арасында  билікке талас қайта өршіді. Осындай талас – тартыстың нәтижесінде Кіші жүздің ханы Әбілқайыр өз туыстарымен бірге Ресей шекарасына қарай көшеді және 1731 жылы Ресей империясының қоластына кіреді. Сәл кейінірек  Орта жүз бен Ұлы жүз де Ресейге қосылады.

Осындай кіріптарлықтың нәтижесінде Қазақ елінің мойнына бодандық қамыты іліне бастайды.

   Мәңгілік Ел… Мәңгілік Елдің бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз Түркі жұртының мұраты –  Мәңгілік Ел деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің  тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді.

       Ел тағдырының мәні –  азаттыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары  тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды.Соңғы демі үзілгенше қазаққа қалтқысыз қызмет еткен,  «Алаш

  • 3 –

партиясының төрағасы – Әлихан  Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың  155 жылдығы Қазақстан  Тәуелсіздігінң 30 жылдығымен тұспа – тұс келіп, аталып өтуде!  Алаш зиялыларының бірі де, бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында «жоғалтып ала жаздаған» Ахмет атамыздың «Әліппе» оқулығын қайта қолға алдық!

 Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің орнауы 1925 жылы күзде өлкелік партия басшысы болып тағайындалған Ф.Голощекиннің есімімен тығыз байланысты..Ол ел астанасы Қызылордаға келісімен «ауылдарда Кеңес өкіметі әлі орнамаған, жергілікті байлардың үстемдігі  әлі сақталып отыр», – деп мәлімдеді. Ф.Голощекин өзінің идеясын мына тұрғыда түсіндірді: «мен ауылдарда «Кіші қазан революциясын» жүргізу қажеттігін қолдаймын. Ауылдағы экономикалық жағдайды өзгерту керек. Байға қарсы таптық күресте  кедейгк көмектесеміз, егер бұл Азамат соғысы болса да, біз оны қолдаймыз». «Кіші Қазан» Орталық үкіметінің қазақ зиялы қауымын, қазақ халқын басып, жаншып, қырып – жою үшін жасаған саясаты деп тануға болатын еді.

      ХХ ғасырдың 80 – жылдардың орта тұсында Кеңес Одағы экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыс қарсаңында тұрды. Қоғамды барлық жағынан – оның экономикалық және рухани негізін әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туындады.

    Осы себептен КОКП ОК – не келген жаңа Бас хатшы М.С.Горбачев Кеңестік империяны толық қамти бастаған жарылыстың алдын алу үшін саси бағыттарға өзгерістер енгізуді бастады.

  1985 жылы КСРО – да қоғамды демократияландыру белгілері ретінде түсіндірілетін «қайта құру», «жариялылық», «жеделдету», «қоғамдық жаңғыру» бағыты жарияланды. Бұл белгілі бір мөлшерде халықтардың  ұлттық сана – сезімінің қайта өрлеуіне ықпал етті, өйткені кеңес  өкіметі жылдарында қоғамдық және ұлттық сана  -сезім әлсіреген болатын. Кқммунистік партия ұлтсыздандыру, аз халықтарды мәңгүртке айналдыру, одан кейін орыстандыру саясатын ашық жүргізген еді.

      Қазақ елі тоталитарлық қоғамдағы өзгерістерге үлкен үмітпен қарады. Отаршылдық бұғаудан босайтынына сенді. Алайда 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғалары қоғамдық өмірдің барлық жақтарын демократияландыру идеясы сол күйінше қиял болып қалғандығын көрсетті.

1986жылдың 16 – Желтоқсанында Қазақстан компартиясының ОК Пленумында Д.А.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа басшылықа, сол кезде Грузия Компартиясы ОК – нің ІІ хатшысы болып істеген Г.В.Колбин  жіберілді. Желтоқсандағы бас көтеруге тікелей себеп, бұрын республикаға беймәлім партия қызметкері Г.В.Колбиннің  Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы болып тағайындалуы ғана емес еді. Қазақстанда ұлттық, саяси, әлеуметтік және экономикалық түйінді мәселелер қордаланып қалған болатын…

      1986 жылы 17 – 18 желтоқсан күндері Алматыда Желтоқсан көтерілісі болғанын тарих пәнінен, ғаламтордан оқып білдік. 

-4 –

      1986 жылы 17 желтоқсанда студент, жұмысшы қазақ жастары Алматының көшелеріне шықты. Олар әрбір ұлтты өз көсемі, өз басшысы басқару керек екендігін айтып, пленумның шешімін өзгертуді  талап етті. Бейбіт  толқуды

басуға  тікелей басшылық еткен Мәскеу Алматыға  әскер мен полицияны, өрт сөндіру бөлімшелерін жіберді…

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның…

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей  өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге  тиісті емес жалауы!

М.Шаханов 

«ЖАРКЕНТТЕ ЖЕЛТОҚСАН ҚЫРАНДАРЫ»

Алау етіп, жалау етіп намысын,

Өз ұлтының тілі, рухы ары үшін,

Желтоқсанда қаза болған қос қыран,

Қарап жатыр бізге жердің астынан

Қарап жатыр уыз бала қалпында

Ел аңсаған  өжеттік бар парқында.

Қарап жатыр екі қайсар асқақ ән,

Жігерсізге намысы өле бастаған,

Рухсыздыққа қоныстана бастаған,

О, дүние- ай, желтоқсандық қос қыран

Қарап жатыр саған жердің астынан…

    Мухтар Шаханов атамыздың осы өлең жолдары Жазиралы Жаркент өңірінен шыққан қос қаһарман Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асанованың аудандық  мәдениет үйінің алдынан бой көтерген ескерткіш – тақтасының ашылу құрметінде оқылған өлеңі еді! Қос батыр туралы біз өздері оқыған мектептегі мұражайдан қанықпыз!

   Қазақстанда 1986 жылғы 17 – 18 желтоқсанда өткен көтеріліс социалистік жүйенің күйреуінде маңызды орын алды және Еуразия халықтарының тоталитарлық режимді жеңуінде басты халықаралық фактор болды.

  Осыған  дейін Қазақстан  бір де бір мәселені өз бетімен шеше алмады, ол үнемі Мәскеуден берілетін нқсқауларға бағынуға тиісті болды.Қазақстарға өз тілін, салт – дәстүрін, дінін ұмытып, мәңгүрттену қаупі төнді. Экономикалық жағынан да қазақ халқы өз байлығына ие бола алмады.

     Сонымен, 1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады! Ғасырлар бойы қағажу көріп, ұмыт бола бастаған  тілін, салт – дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік  туын биікке көтерді!!!

    Ал Мен ол кезде өмірге келмеген едім. Ата – анам, Ұстаздарымның айтуынша Қазақстан 2000 жылға дейін өте ауыр кезеңдерді бастан кешіріпті. Зейнетақы,

-5-

жалақы деген мүлде жоқ төленбейді. Киім – кешекті әкесі – баласы, анасы – қызы болып кезектесіп киген кездер болыпты.

     Кәсіпорындар, завод, фабрика, шахталардың тұралаған кездері. Жұмысшы, шахтерлердің ереуілге шыққан кездері де болыпты.

  1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің шешімімен  Қазақ КСР

     Президенті институтын енгізу және осы қызметке Н.Ә.Назарбаевты сайлау мен 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР – інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдау болды.

  Президент лауазымын енгізу нақты тәуелсіздік пен егемендікті қорғау және мемлекетті  саяси – экономикалық дағдарыстан шығару жолындағы шешімді қадам болды.

     Республика өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекет басшысын сайлау заңдылық. Осы мақсатпен 1991 жылы 1 – желтоқсанда  бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, халықтың бірауыздан қолдауымен  Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды!

          Міне, осыдан бері 30 жыл өтіпті…

    Осы 30 жылдың ішінде Қазақстан дамыған алдыңғы қатарлы  50 елдің қатарынан ойып орын алып, енді алпауыт 30 елдің қатарына енуге бар күш – жігерін салып отыр! Бұл – Тұңғыш Президент, ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың салиқалы, қайсар, дана жолы деп білемін!

      Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен  түңілмедім.

 Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе Отан дер ем.

… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел – дағы от ал менен…Ақиық ақын М.Мақатаевтың  өлмес-өшпес осы өлеңі Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына арналған – ау!

    Осы 30 жылдың ішінде:

1986 жылы – Қазақ тілі – мемлекеттік Тіл болып жарияланды;

1989 жылы Адамзат тажалы болған Семей ядролық полигоны жабылды;

1991 жылы «Қазақстан Рнспубликасының  Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Коституциялық Заң қабылданды.

1992 жыл Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды;

1992 Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді;

1993 жылы ҚР Ұлттық валютасы  – ТЕҢГЕ енгізілді;

1995 жылы Тәелсіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды;

1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды;

1996 жылы Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды;

1997 жыл  Ел астанасы Ақмола (Астана) Нұр – Сұлтан қаласына көшірілді; 

-6-

2003,2006,2009,2012,2015 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндердің І,ІІ,ІІІ,ІV, V съездері Қазақстанда, Астана-Нұр-Сұлтан қаласында, «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті;

2010 жылы Қазақстан Республикасы Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етті;

2010-2011 жылы ІІ Қысқы Азия ойындары Астана – Алматы қалаларында өтті;

2012 жыл «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қабылданды;

2012 жылы «Мәңгілік Ел» идеясы ұсынылды … атаулы даталарды тізе берсек, 1991 жылдан 2021 жылға дейін Тәуелсіз Қазақстанның әрбір сағаты, әрбір күні ШЕЖІРЕГЕ толы екен! Ең алдымен  қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы Жүздің бас биі Төле Әлібекұлы бабамыздың «Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын» дегенінің мәні осы шығар! Қазақтай ынтымағы жарасқан Ел жоқ шығар!!! Репрессия деген тажал келгенде сар  даладай кең құшағына талай ұлтқа  есігін  ашып,  өзі аш қалса да бір жапырақ нанын бөліп берген, «Отан – Ана шақырғанда» жалаң төсін  жау оғына тосқан Бауыржан аталарым ғой бұл  Қазағым!!!

  Тың және тыңайған жерлерді игерген кезде Жер –Анасының құнарлы топырағын аямай жыртуға берген Қазағымыз ғой бұл!!!

 Жер асты мен Жер үстіндегі байлығын бүкіл әлемге паш еткен Қазағым бұл!!!

 Алайда,

   Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт – береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басынан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм – тұзымызды ақтай білген елміз.

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса күң боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз, – деп жырлаған Қаз дауысты  Қазыбек би Келдібекұлы бабамыз жырлағандай Елміз!!!

  «- 1991 жылы 16 – желтоқсанда арнайы заң қабылдап, бүкіл әлемге Қазақстанның Тәуелсіздігін жарияладық.  Біз елдігіміздің жаңа дәуірінің негізін қалап, куәгерлері болдық.  Ата- бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындау мәртебесі біздің буынға бұйырғанын мақтан тұтамын», – деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Тәуелсіздік – бізге берілген Тәңір сыйы!  Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз!

      Әркім өзінің ата – тегін білуі керек. Шежірені білу осыдан басталады. Жеті атаны білу бәрімізге парыз. Жеті Ата – қазақ халқының  ата тегін таратудың бір жүйесі. Өткен тарихты, Ата – текті білмей Тәуелсіздікті тәу ету бекер сөз!? Ал, Ана сүтімен келетін Ана тілі, ата – баба салт – дәстүрін сақтау,  дінге адал болу, иманға берік болу, Отанды қорғау, ынтымақты бағалап, достықты сақтау – Тәуелсіздік кепілі екендігін түсінетін кәмелет жасқа келіп, осы шығармамды  ұстаз 

-7-

– анамның, ғаламтор мен тарих- әдебиет пәндері мұғалімдерімнің нұсқау-көмегімен қағаз бетіне түсіріп, Ел Тәуелсіздігінің  30 – жылдық мерейлі тойына арнап отырмын!

Қасиетті Тәуелсіздік мерекесіне орай  білім ордамызда керемет патриоттық іс – шаралар өтіліп жатыр!

      Туған өлкемде қаншама іс – шаралар өтілді! Атап айтсам, көрші Тұрпан ауылының түлектері ауылға кірер жердегі биік төбеге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап, 30 метрлік биіктікке Қазақстан Республикасының Меммлекеттік Туын орнатты.

Құрметті Қазақстан Халқы! Сіздерді Қазақстан Тәуелсіздігінің 30- жылдық мерейлі  мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз Тұғырлы, Ынтымағымыз берекелі, Достығымыз Мәңгілік болсын!!

Соңы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Артықбаев Ж.О., Пірманов Ә.Б., «Қазақстан тарихы». 2013 «Атамұра»2008 ж.

  1. Ермекбаев Н.Б., «Қазақстан және әлем елдері». «Өнер» 2007 ж.
  2. Н.Ә.Назарбаев. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары.
  3. Қ.С.Өскембаев., «Қазақстан тарихы» оқулығ «Мектеп» 2019 ж.
  4. Саиров Е.Б. «Әлем мемлекеттері». Жүйелі зерттеулер институты. 2008 ж.
  5. Әбіласан Ә., «Қазақстанның тарихи – танымдық географиясы» «Глобус» 2007ж.
  6. Ғаламтор материалдары. 
You May Also Like

Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары. Фотоэлектрлік түрлендіргіштер

Жоспары: 1.Медицинадағы интроскопиялық және фотометрлік зерттеулер. 2.Фотоэффект Столетов заңдары Эйнштейн формуласы Фотоэлектрлік…

Мектеп жасына дейінгі балаларда ойын түрлерін қолдана білу

Өз білімін жетілдіру тақырыбының есебі:         «Мектеп жасына дейінгі балаларда ойын                       …

SOS өрт дабылы функциясы

SOS өрт дабылы функциясы Жоба атауы: SOS өрт дабылы Жоба мақсаты: табиғи…

Қазақстандағы ұлттық менджменттің ерекшеліктері

1.Кіріспе. 2.Менеджменттің даму тарихы. 3.Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі. Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы Қазақ…