Жоспары:

1.Медицинадағы интроскопиялық және фотометрлік зерттеулер.

2.Фотоэффект Столетов заңдары Эйнштейн формуласы Фотоэлектрлік көбейткіштер (ФЭК).

3.Селендік фотоэлементтер  Электронды- оптикалық түрлендіргіштер (ЭОТ).

Голография

Толқынның интерференция және дифракция құбылысына негізделінген толқындық өрісті жазу және қалпына келтіру әдісі.

Голография нәрседен шашыраған толқындардың фазалары мен амплитудасын ескере отырып, оларды тіркеу және қалпына келтіру арқылы обьект туралы толық мәлімет береді.ž

Осы мақсатта жарық тіркеуші бетке екі когерентті сәуле жіберіледі: жарық көзінен шығатын тіректік, және нәрседен шашырайтын, ол туралы мәлімет беретін белгі беруші.

Тіректік және белгі беруші толқындардың бірігуінен пайда болған және жарық сезгіш пластинкада тіркелген интерференциялық суретті голограмма деп атайды.ž

Кескінді қалпына келтіруде тіректік толқын ұзындығын өзгертуге болады. Мысалы, көрінбейтін электромагниттік толқындармен құрылған голограмманы көрінетін жарықпен қалпына келтіруге болады. ž

Электромагниттік толқындардың денемен жұтылуы және шағылуы толқын ұзындығына тәуелді. Голографияның осы ерекшелігін ішкі көру немесе интроскопия әдісі ретінде қолдануға болады.

žIntro –ішкі және skopeo – көру,

žОптикалық мөлдір емес денелер және орталардағы процесстер мен құбылыстарды, объектілерді визуальды бақылау.

Ультрадыбыстық голография әдісі медицинада диагностика үшін адамның ішкі ағзаларын зерттеуде қолданылады.

Жарық өлшемдері жүйелерінде негізгі шама – жарық ағыны. Жарық ағыны Фэ деп көру сезімі бойынша бағаланатын, адам көзіне сезілетіндей сәуле шығаратын энергия ағыны. Жарық ағынына қатысты негізгі шамалар: жарық күші және жарықталу.

Беттен диффузиялық шағылған жарықтың В жарықтығы – Е жарықталынумен және  диффузиялық шағылу коэффициентімен

анықталады:

Көру сезімталдығы табалдырығының жарықтылығы 108 кд/м2 –ге тең.

105 кд/м2-ден  асқан жарықталыну көзге жағымсыз әсер береді.

Жарықтылығы жоғары жарық көздерін бақылау көз ауруына шалдықтыруға ықпал етеді.

Жарық эталондары электрлік қыздыру лампасы болып табылады. Олардың жарық күші жарық эталондарымен фотометрлік салыстыру  жолымен    жүргізіледі.

Фотоэффект

Жарық метал бетіне түсіп, онда жұтыла отырып электрондар эмиссиясын тудырады. Бұл құбылыс фотоэлектрлік эффект (фотоэффект) деп аталады. А.Г.Столетов және басқа да ғалымдармен  бірлесіп фотоэффектінің үш заңы анықталды.

  1. Столетов заңы. Қанығу фототок күші (яғни 1 секунд ішінде катодтан бөлініп шығатын фотоэлектрондар саны) металға түсетін жарық энергия ағынына тура пропорционал.

мұндағы k—металдың фотоэффектіге сезімталдығы деп аталатын, металл бетіне және оның табиғатына, жарық ағынының толқын ұзындығына тәуелді  пропорциональдық  коэффициентž

žФотоэлектронның бастапқы кинетикалық энергиясы түсетін жарықтың жиілігінің артуымен сызықты артады және оның қарқындылығына тәуелді емес.ž

žЖарық қарқындылығына тәуелді емес фотоэффект әрбір метал үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы деп аталатын мәннен аз толқын ұзындығында фотоэффект құбылысы болады.ž

ž1905 ж. А. Эйнштейн жарық ағыны үздіксіз Планк теориясы бойынша порция түрінде жұтылып, шығарылатындай болса,  фотоэффект заңдылықтары жақсы түсіндірілетінін көрсетті. Бұл элементар порциялар немесе жарық квантын Эйнштейн фотондар деп атады.

žПланк бойынша hv – фотон энергиясы мынаған тең.ž

Эйнштейн теңдеуі

žФотоэлектрон энергиясы түсетін жарық жиілігіне тәуелді және оның артуымен сызықты өседі (фотоэффектінің 2-ші заңы).

žЖарықтың ең аз жиілігі немесе ең үлкен толқын ұзындығында фотоэффект құбылысы болады (фотоэффектінің 3-ші заңы).

žМеталдан шығу жұмысы металл табиғатына тәуелді.

Вакуумдық фотоэлемент. ФЭК. ЭОТ

Фотоэффект фотоэлементтер деп аталатын   техниканың әр түрлі аумақтарында (телекөру, фототелеграф, дыбыстық кино және т.б) және әсіресе жарық өлшеу техникаларында кеңінен қолданылатын құрылғыларда қолданылады.

Вакуумдық фотоэлемент  жарық өтетін О тесіктен  басқа беті  фотосезгіш қабатпен қапталған шыны вакуумдық колбадан тұрады. Осы қабат қыздыру тетігінің Ц  шығысымен байланысқан және лампаның К катод қызметін атқарады.  Колбаның центрінде екінші электрод – сақина түрінде немесе тор түрінде анод орналасады.

žФотоэлектрондық көбейткіштер  

žФототокты күшейту үшін қолданылады.

žКөбейткіштер бірнеше аралық электродтары – динодары бар, соққы кезінде электронды жеңіл бөліп шығаратын затпен қапталған вакуумдық фотоэлемент түрінде болады. Жарық К катодқа түсе отырып, фотоэлектрондық эмиссияны туғызады.

Қоректендіру көзінен берілген U кернеумен құрылған электр өрісінде үдетілген электрондар Э1 бірінші динодқа түседі де, одан біраз мөлшерде екінші электрондар бөлініп шығады. Бұл электрондар кернеумен құрылған өріспен үдетіліп, екінші динодқа түседі де,  олардың саны тағыда ұлғаяды және т.б.ž

žЕгер электрондық токтың күшейту коэффициенті бір динодта и, ал саны т болса, онда көбейткіште жалпы күшейткіш К = nm және  анодтық тізбекте ток

žМұндағы  —         фотокатод тогы.

Жартылай өткізгішті фотоэлементтер

žФотоэффект деп электромагниттік сәуленің  фотондарының жұтылу нәтижесінде атом немесе молекуладан электрондардың бөлінуін айтамыз.

žЕгер процесс электрондардың заттың сыртына шығуымен аяқталса, онда фотоэффект сыртқы, ал егер электрондар заттың ішінде қалатын болса, онда ішкі фотоэффект деп аталады. Фотоэлемент сыртқы фотоэффектіге негізделінген.

žЭлектронды-оптикалық  түрлендіргіштер — ЭОТ

Сыртқы  фотоэффектіге негізделінген ЭОТ- жарық кескіндерінің жарықтылығын күшейту, инфрақызыл және көрінетін сәулемен алынған кескінді түрлендіру үшін  қолданылады.

žМедицинада ЭОТ рентгендік кескіннің жарықтылығын күшейту арқылы адамның сәулелену дозасын азайту үшін қолданылады.

Ішкі фотоэффект зоналық теория тұрғысынан электрондар валенттік зонадан өткізгіштік зонаға өткенде, олардың орнында кемтік түзілуімен түсіндіріледі.

Ішкі фотоэффект құбылысы  егер валенттік зонадан өткізгіштік зонасына электронды лақтыру үшін фотон энергиясы жеткілікті  жартылай өткізгіштер мен диэлектриктерге жарық түсіргенде байқалады.  Ал жартылай өткізгіштердің қоспаларында фотоэффект құбылысы, егер өткізгіштік зонасына донорлық немесе валенттік зонадан кемтіктік қоспасының деңгейлеріне электронды лақтыру үшін фотон энергиясы жеткілікті  болғанда байқалады.

Жартылай өткізгіштер мен диэлектриктерде осылай фотоэлектрлік өткізгіштік пайда болады. Ішкі фотоэффект сонымен қатар электронды-кемтіктік жартылай өткізгіштер байланысында да байқалады. Бұл жағдайда  электрондар мен кемтіктер арасында ЭҚК-і пайда болуымен қатар,  потенциалдар айырмасы да өзгереді. Бұны электромагниттік сәуле шығару энергиясын электр тогының энергиясына айналдыру үшін қолданады.

Селендік фотоэлемент

Селенге жарықпен әсер еткенде, онда фотоэффект құбылысы болады. Электрондар атомнан бөлініп шығады да, олардың орнында кемтік болады. Осы қабаттағы электрондар  – негізгі заряд тасмалдаушылар тосқауыл қабаты арқылы өте алмайды. Негізгі емес заряд тасмалдаушылар –кемтіктер БПА –ның әсерімен тосқауыл қабаты арқылы селеннің төменгі бөлігіне өтеді.

Селеннің төменгі қабатынан жоғарғы қабатына тек электрондар өтеді. Сондықтан жарық әсерінен босатылған оң және теріс зарядтар тосқауыл қабаттарынан екі жаққа қарай бөлініп, потенциалдар айырымын немесе фотоэлементтің электрқозғаушы күшін құрайды.

Фотоэлектроколориметр (ФЭК)

Фотоколориметрлерде фотоэлементтерді қоректендіру көзінен тұратын вакуумдық фотоэлементтер қолданылады.

Оксигемометр

žКлиникада қолданылатын оксигемометр қанның оттегімен қанығу дәрежесін анықтау ұшін пайдаланылады. Әдіс гемоглобиннің  оксигемоглобинге немесе керісінше өтуінде қанның жұтылу спектрінің өзгеруін бақылауға негізделінген.

 

You May Also Like

Күріш өндірісі

Күріш Күріш(Oryza) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Мазмұны…

Модельдік агенттіктер жайлы деректер 

Модельдік агенттіктер жайлы деректер  Модельдік агенттіктерлегі ең жоғары биіктігі 5,8. Модельдік агенттіктер…

Сөйлеу әрекеттерін бағалау бойынша ұсыныстар

Оқушыларды еркін қарым-қатынас жасауға, өз көзқарасын білдіруге, ойын жеткізіп айтуға дағдыландыру тіл…

Ауылымызда өсетін итмұрынның емдік қасиеті, шығарма

Сәлеметсіздер ме! Ауылымызда өсетін  итмұрынның  емдік  қасиеті           …