Реферат

Сыртқы құрылғылар.

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.
  • Қосымша құрылғылар.
  • Компьютердің енгізу және шығару құрылғылары.
  • Компьютердің қосымша сыртқы (перифериялық) құрылғылары.
  • ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы.
  • Дискідегі информация жинақтауыш.
  • Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар.
  • Компьютерге информация енгізу кұрылғылары.
  1. Қорытынды.

Монитор немесе дисплей – ДК-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін кажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графикалық (символдық және оған қоса графикалық информация) болып бөлінеді. Оның негізгі параметрлеріне – экранның көлемі мен ондағы нүктелер саны, бейнені қайталап көрсету жиілігі, қорғаныс класы жатады.

Дисплей екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер – ДК қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы.

Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады. Қазіргі кезде VGА және SVGА (Super VGA) адап­терлері кеңінен қолда­ны­лады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптерлер бейнелерді ай­қын­дап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.

Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде экранда көрсетіле алатын жолындағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытта 348 жол-нүктені көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Қазіргі кезде 800*600 немесе 1024*768 және одан да жоғары мүмкіндікті мониторлар қолданылып жүр.

Информация мен басқару командаларын енгізетін негіз­гі құрылғыларға пернетақта (клавиатура) мен «тыш­қан» тәрізді қолтетік жатады. Тышқан екі-үш шертпе батырмасы бар, қолмен басқарылатын шағын құрылғы.

Енді компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әр түрлі құрылғы­лардың сипаттамаларын қарастырайық.

Принтерлер. Принтерлер көптеген қаріп (шрифт) түрлерін пайдала­нып, күрделі мәтін­дерді қағазға басып бере алады. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүрік­кіш түрлері бар.

Матрицалық принтерлердің қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орна­ласқан металл инелерден тұрады. Баспа тиегі қағаз жолдарымен жыл­жи оты­рып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды сим­вол суретіне сәйкес нұқып отырады. Матри­цалық принтерлер­дің жұмыс өнімділігі 20 – 60 секундта бір бет қағаз (секун­дына 20 – 400 символ) көлемінде.

Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия там­шы­ла­рын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұр­ақ­ты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрица­лық принтерлерден жақсы, түрлі-түсті пайдаланып, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді.

Лазерлік принтерлер  – ксерография принципін қолданатын құ­ралдарға жатады, бұларда әріп бей­нелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доң­ғалақ арқылы қағазға түседі. Мұның таңбалар сапасы мен жылдамдық­тары жоғары – орташа есеппен секу­н­­­дына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере ала­ды.

Плоттер де (график сызғыш) мәлім­ет­терді, негізінен графиктік информа­ция­­ны қағазға шығарады. График сыз­ғыштар жобалау жұмыстарын автомат­тандыруда әр түрлі сызба (чертеж) түрін­дегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі-түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.

Қосымша құрылғылар

Сканер – қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін (сурет, сызба, кіт­ап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе ала­тын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айна­лып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызба­ларды ком­пьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.

Модемдер (модулятор-демодулятор) компьютерлер арасында мәлі­мет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдам­дығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек – 50000 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады.

Бұлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем мен факсимильдік бай­­ла­ныс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайда­ла­нып, мәтіндік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жай қа­­ра­­па­йым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Факс-мод­ем­­дер жай модемдерден өте қымбат емес, бірақ атқаратын қызметі әлдеқайда мол.

Қазіргі кездерде ДК-нің мультимедиа мүмкіндігі жайында көп айты­лып жүр. Мультимедиа – информацияны бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі-түсті мәтіндік, графикалық, дыбыстық мүмкін­діктерді бірік­тіре отырып шығарып, ДК-нің барлық сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті компьютердің қосым­ша дыбыстық құрылғысы мен СD-RОМ дискісі бар және онда бейнелік фильм­дерді, фоно­г­раммаларды, түрлі-түсті гаммаларды көрсету жақтары то­лық қамтылған. Мультимедиалы компьютерфотоаппараттарды, бей­не­магнито­фондарды, бейнекамераларды қосуға арналған бейнелік тақшамен жабдықталады.

Процессор– компьютердің орталық құрылғысы. Микропроцессор дегеніміз- бұл дербес компьютер процессорының қызметін атқаратын аса жоғары интегралды схема. Микропроцессор күрделі микроэлектроника технологиясын қолдану жолымен жартылай өткізгіштік кристалдарда құрылады.

Информациямен жұмыс істейтін универсал атқарушы ретіндегі компьютердің мүмкіндіктері процессордың командалар жүйесі арқылы  анықталады. Бұл командалар жүйесі машиналық командалар тілін береді. Машиналық командалар тілінің командаларынан компьютердің жұмысын басқару командалары құрылады. Әрбір жеке команда компьютердің әрбір жеке әрекетін анықтайды. Машиналық командалар тілінде арифметикалық, логикалық амалдарды, командалардың орындалу тізбегін басқару амалын, мәліметтерді зерденің бір құрылғысында басқа құрылғыларына тарату амалдарын атқаратын командалар бар.

Процессордың құрамына төмендегідей құрылғылар кіреді: басқару құрылғысы (БҚ), арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ), процессорлық зерденің регисторлары.

Басқару құрылғысы берілген программа бойынша компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады. Арифметикалық- логикалық құрылғы- процессордың есептегіш құралы. Бұл құрылғы программаның командалары бойынша арифметикалық амалдарды орындайды.

Регисторлар– бұл процессордың ішкі зердесі. Әрбір регисторлар черновик ретінде пайдаланылып, процессордың орындаған есептеу жұмыстары мен аралық шамалардың нәтижелері сақталады. Әрбір регистрлің анықталған қызметі бар. Команда есептегіш регистрінде – программаның кезекті атқарылатын командасы сақталатын ЭЕМ зердесі ұяшығының адресі орналасады. Командалар регистрінде атқарылып жатқан команда сақталады. Алғашқы мәліметтер мен команданың атқарылу нәтижесі сақталатын регистрлер бар. Алыңған нәтиже регистрда оперативті есте сақтау зердесінің  ұяшығына жазылуы мүмкін.

CD-ROM (Compact Disk Read Only Memory) – сыйымдылығы 3 Гбайтқа дейін. Информацияны өте жоғары сенімділікпен сақтайды (сақтау мерзімі 30-50 жылға дейін). Дайындау процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен информация мастер дискіге дайындалады. Тираждау матрицасын дайындайды.

Жазу мен оқу принципі оптикалық. Магниттік дискінің жолдары концентрлік шеңберлерден тұратын болса,     CD-ROM дискінің сыртқы шетінен ішіне қарай бағытталған спираль түріндегі бір ғана физикалық жолы бар. Компакт дискіден информацияны оқу лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асады.

 Компьютердің енгізу және шығару құрылғылары

Перифериялық құрылғылар деп олардың көмегімен информация компьютерге енгізілетін немесе шығарылатын құрылғыларды айтамыз. Оларды сондай-ақ, сыртқы немесе мәліметтердлі енгізу- шығару құрылғылары деп атайды.

Клавиатура текстік информацияны енгізуге арналған құрылғы. Оның ішінде клавиштан түске сигналды сәйкес белгінің екілік кодына ауыстыратын шифратордың микросхемасы бар.

Лазерлік принтер. Принтердің бұл түрінде бояудың бөлшектері арнайы бояғыш барабаннан электр өрісі арқылы қағазға беріледі. Басу сапасы өте жоғары. Басу жылдамдығы орташа есеппен 1 минутқа- 4 беттен 15 бетке дейін басып шығара алады. Ақ- қара және түрлі- түстісі бар.

Компьютердің қосымша сыртқы (перифериялық) құрылғылары 

Плоттер (графопостроитель) – сызбаларды қағазға басуға арналған. Бейне – түрлі- түсті түспен боялған қаламұштың қағаз бетіндегі қоғалысынан құралады. Әдеттегі плоттер өлшемі А1 (841*584 мм2) қағазға сызбаларды шығарады. Одан да үлкен плоттерлер бар, олар өлшемі 3х3м2 болатын бетке бейнені шығара алады.

Сканер– басылған текстік және графиктік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған. Сканер болған жағдайда кез- келген суретті қолдан салып, оның бейнесін компьютерге енгізуге болады. Сканерлер қолмен орындалатын және планшетті болып бөлінеді. Планшетті сканерде бет сканердің ішіне салынады.

Стример– бұл винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай (вирус, сыртқы әсерлерден) жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы. Егер дискеттерді осындай мақсатта дискетті пайдаланатын болсақ, көп дискетпен бірге көп уақыт қажет. Ал, стример арнайы касетаға магнитті лентаға жылдам жазады. Кейінгі жасалғандарды әдеттегі видеокасеталарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Модем.

Жеке компьютерлер бір- бірімен телефондық желі арқылы жалғанады. Компьютерді осындай желіге қосылған пайдаланушы шексіз көлемді информация алу мүмкіндігіне  ие болады. Компьютерлік сигналдар бұл тұрақты тоқтың сигналдары. Телефондық желі ондай сигналдарды тарата алмайды. Компьютерлік сигналдарды телефон желісі арқылы таратуға болатын сигналға түрлендіру үшін басқа сөзбен айтқанда, оларды модуляциялау үшін (әртүрлі жиеліктегі дыбыстық сигналдар комбинациясына түрлендіру)- модем деп аталатын арнайы құрылғы қолданылады (модулятор- демодулятор сөздерінен қысқартылып алынған).

Саундбластер. Дискіге немесе компакт дискіге жазылған цифрлық аудио информацияны дыбыстық информацияға түрлендіруге арналған құрылғы. Саундбластердің шығу тетегіне дыбыстық сигнал күшейткіші мен стереодыбысты шығарушы колонкалар жалғанады. CD-ROM ендіргіші мен саундбластермен жабдықталған компьютер мультимедиялық деп аталады (мультимедиа-информацияны аудио, видео түрде беру).

Компьютердің пернетақтасы информацияны енгізуге арналған. Оның блок-блогымен орналасқан 100-ден аса пернелері бар.

Алфавитті-сандық пернелер блогы әріптерді, сандарды, тыныс белгілерін және әр түрлі арнайы символдарды енгізуге арналған. Латын, кирилица, қазақ алфавиттерінің бас және кіші әріптерін бір пернелермен терілуі тарихи қалыптасқан. Егер аз уақытқа (бір екі символға) кіші әріптерден бас әріптерге өту (яғни, “жоғарғы регистрде” жұмыс жасау) қажет болса, Shift пернесін басамыз, ал жоғарғы регистр қатарынан көптеген символдарға қажет болса, Caps Lock пернесін басып, регистрді ауыстырамыз.

Алфавиттерді (латын-кириллица) ауыстыру программалы жүзеге асырылады және оған сәйкес команда (мысалы, Ctrl және Shift пернелеріне бір уақытта басу) пернетақтаны басқаруда пайдаланып отырған программамен анықталады.

Ctrl және Alt арнайы пернелер Shift пернесі тәрізді басқа пернелердің мәнін өзгертуге арналған. Олар басқа пернелермен қосарланып пайдаланылады.

Пернетақтаның жоғарғы бөлігінде компьютер жұмыс жасап отырған программаға тәуелді әр түрлі функцияларды орындайтын функционалдық пернелер (F1, F2, F3,…, F12 деп белгіленген) орналасқан.

Бағыттаушы пернелер курсор деп аталатын экрандағы көрсеткішті басқаруға арналған.

Қосымша пернелер блогы негізінен сандарды енгізу мен арифметикалық амалдарды орындауға арналған. Сондықтан да пернелер осы жұмысқа анағұрлым ыңғайлы ретпен орналасқан. Сонымен қатар, бұл пернелер курсорды басқару пернелерінің  қызметін де атқара алады. Оларды пайдаланудың бір режімнен екіншісіне ауысу Num Lock пернесін басумен жүзеге асырылады.

ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы

Мұнда тек кең тараған құрылғылар көрсетілген ЭЕМ-нің кассалық ақпаратпен, микрофонмен, видеокамерамен, видеомагнитофонмен, медициналық және т.б. мен бірге жұмыс жасауын қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар да бар.

Ақпаратты енгізу құрылғылары.  Клавиатура ақпаратты енгізуге арналған негізгі құрылғы. Ең көп тараған клавиатуралар 101 және 102 пернелерден тұрады.  Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей блоктарға бөлуге болады: алфавитті-цифрлық пернелер, олар перне тақтаның сол жағына орналасқан. Ол клавиатураның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да символдар орналасқан.

  • функционалдық пернелер, бұл символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әріптерімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға арналған.
  • Цифрлық пернелер немесе калькулятор блогы, олар символдық пернелердің оң жағына орналасқан.
  • Курсорды экран бетінде басқару пернелері. Олар арқылы экранда символ орналасқан орынды анықтайды.

Бұлардан басқа бірнеше арнайы пернелер орналасқан.

  1. Entеr немесе енгізу пернесі.
  2. Бос орын пернесі. Бұл пернелердің ішінде ең ұзын перне, ол символдардың бір-бірінен ажыратып жазуға пайдаланылады.
  3. Backspase пернесі. Бұл перне курсордың алдындағы символды өшіруге пайдаланады.
  4. Shift пернесі. Бұл жазба әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.
  5. Caps Look пернесі. Егер оны бір рет басып қойса, баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі.
  6. Delete пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.

Жарық (световое) қалам – ұшында жарық сезгіш детектор бар, кәдімгі қаламға ұқсас құрылғы. Егер осындай қаламды диплей экранына жақындатып тигізсе, онда жанасқан жерде координат бас нүктесі орналасқан тік бұрышты координат жүйесі пайда болады. Қаламды экран бетімен орын ауыстырса сурет пайда болады.  Графикалық планшет қағаз бетінде сурет салғандай дисплей экранында сурет салуға мүмкіншілік береді.  Сканер – қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған құрылғы, ол арқылы сурет, график, текстерді сканерлеуге (енгізуге) болады. Сканер көрністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады.

Басқару құрылғылары.  Мышь (тышқан). Қазіргі кездегі компьютерлерге ақпараттарды енгізуге арналған маникулятор Мышь құрылғысымен жабдықталған. Тышқанның екі түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалы. Екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортаңғы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда жылжитын объектіні басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты немесе қорапта бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді.

Ақпаратты шығару құрылғылары.
Мониторлар тексті және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Олар түрлі түсті, монохромды болып келеді және екі режимнің біреуінде жұмыс жасайды: текстік және графикалық.

Текстік режимде монитордың экраны шартты түрде бөлек бөліктерге бөлінеді, таңба орындарына көбіне әрбіреуінде 80 символдан (таңба орны) болатын 25 жолдан тұрады. Әрбір таңба орнына кодтау кестесінің алдын-ала берілген 256 символының біреуі шығарылуы мүмкін, сонымен қатар кестені, диаграмманы және рамкіні салу үшін қолданылатын псевдографикалық символдар да қолданылуы мүмкін.

Графикалық режим экранға графиктерді, суреттерді және т.б. шығаруға арналған. Бұл режимде әр түрлі шрифтермен текстік ақпаратты да шығаруға болады. Бұл режимде монитор экраны монохромдық монитор үшін жарық немесе күңгірт болатын нүктелерден, ал түрлі түсті монитор үшін бірнеше түстің біреуін қабылдайтын нүктелерден тұрады. Горизонталь және вертикаль бағыттағы нүктелер саны рұқсат ету мүмкіндігі деп аталады. Монитордың рұқсат ету мүмкіндігі экранның өлшеміне тәуелді емес.
Мониторда рұқсат ету мүмкіндігі үлкен болатын графиктік режим жасау үшін монитор жұмысын басқарып отыратын адаптер немесе видеоплата керек. Адаптерді таңдарда рұқсат ету мүмкіндігіне қатысты өз сұранысыңызды, дербес компьютерге жалғау тәсілін (жүйелік және локальдік шина арқылы) ескеру керек.  Кескінді экран бетін шығару үшін процессор алдымен суретті адаптердің жадысына немесе видеожадыға жазады.

Принтерлер – ақпартты қағаз бетіне шығаратын құрылғылар. Олар монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді. Ақпартты қағазға түсіру тәсілдеріне байланысты олар ромашкалық немесе литерлік, матрицалық, сия бүріккіштер, термографиктік және лазерлік принтерлер болып бөлінеді.
Литерлік принтерлердің жұмыс жасау принципі механикалық баспа машинкасындай. Олардағы символдар тізбегі шектелген, және олар графиктік ақпаратты шығара алмайды. Басу жылдамдығы онша үлкен емес – бір бетке 5 минуттан 80 секундке дейін, бірақ шуыл деңгейі біршама жоғары.

Матрицалық принтерлердің жұқа металл инелерінен тұратын баспа ұштары болады. Ұштары басылатын қағаздың бойымен қозғалады, ал стерженьдер қажет уақытта боялған лента (бір тондық немесе түрлі-түсті) арқылы қағазды соғып тұрады. Бұл принтерлер текстілік ақпаратты да, графиктік ақпаратты басады, ал бір бетті 50 секундтен 60 секундқа дейінгі жылдамдықпен басады.

Ең кең тараған 9 және 24 баспа инесі бар принтерлер, бірақ 48 инесі бар принтерлерде бар.

Сия бүріккіш принтерлер кескінді арнайы тамшылар арқылы қағазға бүркіп істелінетін арнайы сиялардың ұсақ тамшылары арқылы қалыптастырады.

Термографиктік принтерлер кескінді қағазға түсіру үшін қыздыруды пайдаланады. Термографиктік принтерлерді тура қыздыру және жылу тасымалдау принтерлері деп бөледі.  Тура қыздыру принтерлері үшін арнайы химиялық қабаты бар қағаздар қолданылады. Қыздырылған нүкте мен қағаздың байланысқан жерінде химиялық реакция болады және нүктенің түсі өзгереді.  Түрлі-түсті баспалар жасайтын бұл принтерлерді тіптен дыбыссыз деуге болады, бірақ арнайы қағаз бен бояйтын лента жұмыс құнын жоғарылатып жібереді.

Лазерлік принтерлер жұмыс барысында ксерография принципін қолданады: кескін қағазға арнайы барабан арқылы түседі, яғни бояу бөлшектері электрленіп тартылады. Басушы барабан компьютердің командалары бойынша лазер көмегімен электрленеді.
Бұл принтердің басу сапасы өте жоғары. Рұқсат ету мүмкіндігі 1 дюймға 300-600 нүкте. Басу жылдамдығы 1 бетіне 15-тен 5 секундке дейін.
Плоттер (графиктұрғызғыш) – сызбаларды қағазға шығаратын құрылғы. Плоттерлер қағаздар рулонымен жұмыс істейтін барабандық типке және планшеттік типке (қағаз парағы жазық столда жатады) бөлінеді.
Аудиоплата (sound blaster) – дыбысты шығаратын құрылғы. Оның әуенді және дыбысты мәліметті жазуға, жасауға және редакциялауға мүмкіндіктері бар. Дыбысты шығару және жазу үшін аудиоплатадан басқа дыбыстық колонкалар мен микрофондар қажет.

Басқа есептеу жүйелерімен байланыс жасау құрылғылары
Сенсорлық экран – жарық қаламұшының әр түрлі мүмкіндіктерін қамтитын құрылғы. Экранға жақындатып кескінді қозғауға болады, сондай-ақ компьютерге кейбір орындауға арналған командаларды беруге болады.

Модем – телефондық канал бойынша бір компьютерді екіншісімен қосуды қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерге қосу тәсілдері бойынша модемдер жүйелік блокқа қойылатын және сыртқы коммуникациялық портқа арқылы жалғанатын болып бөлінеді.
Модемдер бір-бірінен мәліметтерді тасымалдаудың максимал жылдамдығы арқылы өлшенеді. Ол Бодпен (1 бод=1 бит/сек) өлшенеді.  Факс-модем – модемнің мүмкіндіктерін қамтитын және басқа факс-модемдер мен факстік кескіндерді алмастыратын және қарапайым телефакстық аппараттар арасында да мәлімет тасымалдайтын құрылғы.

Желі-адаптері – компьютерді жергілікті желіге қосатын құрылғы. Мұнда тұтынушы желіге қосылған басқа компьютерлер арасында ақпарат алмастыра алады.

Дискідегі информация жинақтауыш

Информация жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі – оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жүмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.

ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелге оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толыктырады.

Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД – накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД – накопитель нагибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД – накопитель на жестких магнитных дисках).

Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы ЮМ РС-де қатқыл дискшің мәлімет сиымдыльгы 20 – 40 Мб, 80386 SX, DX және 80486 SX (SX – бір процессорлы, DX – екі процессорлы) – 300 Мб-ға шейін, 80486 DX – 500 – 600 Мб, ал Pentuim – 1-40 Гб-қа шейінгі деңгейде езмесе одан да жоғарыболады.

Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық қорпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерді тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке карағанда винчестерге өте көп мәлімет көжмі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ынуайлы

Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар

(винчестер)

Иілгіш дискідегі (дискеггегі) жинакгауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, катқыл дискідегі мәліметгердіңархивті (тығыздалған) көішрмесін алу үшін керек (2.3 -сурет).

Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.

Иілгіш диск (дискет) – табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет болатын кішкене тіктөртбүрышты ойық бар және  мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.

Дискеттің негізгі параметрі – оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар – ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.

IBM PC XT, AT компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) дискеттер қолданылған болатын.

Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеггер ұясы болуы мүмкін Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет.

5,25 дюймдік дискеттер дайындалу сапасына қарай 720 кб шмесе 1,2 Мб информация сақтай алады. 3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44 Мб және 720 Кб. 1,44 Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбайт көлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.

Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар. Егер осы ойықты қағазбш желімдеп жауып қойса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бүрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны жоғары-төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады. Суретте ілгек рүқсат етілген тәртіпте түр, мұндайда ойық жабық түрады. Ойықты ашатын болсақ, оған

мәлімет жазуға болмайды.

Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғаш рет пайдалану алдында, оны арнайы тәсілмея форматтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операцияльщ жүйенің командасы  жүргізіледі.

ДЭЕМ-дерде бұлардан басқа лазерлік компакт-дискі, магниттік оптикалық дискі немесе Бернулли дискілері тәрізді құрылғылар болуы мүмкін.

Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CDROM компакт-дискілеріне жазылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жыдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәйжылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенгее, т.с.с.жылдамдықта бола береді. Соңғы кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магнитгік дискімен бірдей жылдамдықта жүмыс атқара алады.

Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650 Мб, яғни оған 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды. Компакт-дискілерге мәлімет жаздыратын кұрылғылар әзірше қымбат түрады, сондықтан дербес компьютерлер ондай құрылғылармен жабдықталмайды.

Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әртүрлі дыбыстық эффектілермен, музыкамен безендірілген ойындар, компьютерлік энциклопедия., үйренуге арналған әртүрлі программалар – барлығы CD-ROM дискілерінде болады.

Принтерлер мен плоттерлер

Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді.

Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптегш қаріп түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады.

Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың Ара қашыктығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзінз керекті қаріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс. Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін) және кең күймелі (қатар түрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар. Жүмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дүрыс, ол экран мөлшеріні әлдеқайда үлкен болып, мыңдаған жолдардан түра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен анықталады. Сол себепті мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді.

Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген модельдері бар.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалык, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.

Соңғы кезге дейін ең көп таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.

Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу)  арқылы қағазды символ суретіне сөйкес нүқып отырады.

Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, бүлардың сапасы орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бұларға қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады.

Матрицалык принтерлердің жүмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралығында (секундына 20 – 400 символ) болады, бірақ олардың кағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан үтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әрпінен өзге үлттық әріптерді (қазақ, орыс, үйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мүндайда екі түрлі жағдай болуы ықтимал:

а) орыс, казақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған, сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса, операциялық жүйелер командаларымен (PRINT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-программалар қажет;

ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компьютерге ұлттық әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктеу керек. Принтерді немесе компьютерді тоқ көзіжн ағытатын болсақ, ол мүмкіндік жоғалады.

Сия бүріккіш принтерлерде (2.5-сурет) қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жүмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.

Лазерлік принтерлер – ксерография принципін қолданатын қүралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады жәнз жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3 ^ 1 5 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.

Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.

График сызғыштар жобалаужұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.

Компьютерге информация енгізу кұрылғылары

Пернелік тақта. ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең жгізгі күрылғы пернеліктақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік информациянытеріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады. Пернеліктақтаның мүмкіндігімен келесі сабақта толығырақ танысамыз.

«Тышқан тәрізді қол тетік» пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бүл – тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның екі-үш батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкеяе тетік.

Сканер (ізкескіш) – қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін (сурет, сызба, кітап мөтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын қүрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.

Қосымша құрылғылар

Модемдер (модулятор-демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай топтарға бөлінзді. Қазіргі __________кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек – 54000 бит/сек аралығында.

Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады.

Компьютер желісіне (Internet, Relcom, FidoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы телефон арналарына қосылған осы модем болып саналады.

Бұлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Факс-модемдер жәй модемдерден қымбатырақ, бірақ олардың атқаратын қызметі әлдеқайда мол.

Қазіргі кездерде ЭЕМ-нің мультимедиа мүмкіндігі жайында көп айтылып жүр. Мультимедиа – информацияны бейнелеудің ең жаңа түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі-түсті мәтіндік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысы мен CD-ROM дискісі бар және онда бейнелік фильмдерді, фонограммаларды,түрлі-түсті гаммаларды көрсету жақтары толық қамтылған. Мультимедиалы компьютер фотоаппараттарды, бейне магнитофондарын, бейне-камераларды қосуға арналған арнаулыбейнелік тақшамен жабдықталады, ол көптеген бейнелік суреттерді өңдегенде қажет болады, бірақ оның арзан тұрмайтыны да өз-өзінен белгілі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Шәк-шәк

«Бүл – мереке күндерінде немесе қонақ шақырғанда шай дастарқанына қойылатын тәтті тағамдардың…

Салық салудың заманауи жүйесі жағдайларында табысты бөлу және пайдалану

Жоспар  Кіріспе  ………………………………………………………………………………………………………  Салық салудың заманауи жүйесінің жағдайында табысты бөлу және пайдалану…

Математика пәнінен презентация

Иценко-Кушинга синдромы

Иценко-Кушинга синдромы. Иценко-Кушинг ауруы– нейроэндокринді аурулар ішіндегі ең ауыр түрінің бірі. Патогенез…