«Бүл – мереке күндерінде немесе қонақ шақырғанда шай дастарқанына қойылатын тәтті тағамдардың бірі. Шәк-шәк пісіру үшін, 10 ас қасық сүтке 10 жұмыртқа жарып құясыз. Оған пышақтың үшымен аз ғана тұз, 2 ас қасық шекер салып, араластырасыз. Осыған ұн қосып, қамыр илейсіз. Қамырыңыз етке салатын қамырдан гөрі сәл жүмсағырақ болсын. Бүған салынатын 10 жүмыртқаның жетеуін түгелдей жарып қүйып, үшеуінің ағын бөліп аласыз да, сарысын ғана саласыз. Сонда шәк-шәк күтірлек те жүмсақ болып піседі.

Бұдан соң қамырды кеспеге салатын қамырдан сәл ғана қалыңдау етіп жаясыз да, әуелі оның жалпақтығын 2-3 сантиметрдей етіп ұзыншалап кесіп аласыз. Бұдан кейін оны кеспеге салатындай етіп, көлденеңінен жіңішкелеп кесесіз. Сонда кесілген қамырдың ұзындығы 2-3 см, ені 0,5 см шамасында болып шығады.
Енді қазанға өсімдік майын қыздырасыз да, дайын қамырды пісіріп аласыз. Бұдан кейін 300-400 грамм балға 300 грамм шекер қосып қайнатасыз. Шекер балдың ішінде ерігеннен кейін, оны оттан алып қоясыз. Пісіріп ңойған шәк-шәктің қамырын ауыз жағы кеңірек бір тікшелеу шұңғыл табаққа салып, үстінен шекер қосылған ыстық балды құясызда, мұқият араластырып, бет жағын әдемілеп тегістейсіз. Мұның бетіне түрлі түсті уақ кәмпит себелеп қойсаңыз, дастарқанға қойғанда әдемі көрінеді. Осылайша жасалған шәк-шәк біраз тұрған соң, бал мен шекердің әсерінен бір-біріне жабысады да, белгілі формада қатып, біртұтас тағам түріне келеді. Оны шай дастарқанына бір әдемі ыдысқа салып қояды».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Халықаралық және аймақтық стандарттау

Халықаралық және аймақтық стандарттау. Стандарттау жөнінде халықаралық ұйымы  (СЖХҰ) 25 ұлттық ұйымдары ұсынысы…

Музыка мамандығы

Мамандығым – мақтанышым! Музыка-адам жанын тебірентетін,ерекше күй кештіретін,көңіл-күй сыйлайтын өзге әлем. Ол…

Еңбек нарығы және оны мемлекеттік реттеу, дәріс

№10 дәріс Тақырыбы Еңбек нарығы және оны мемлекеттік реттеу Мақсаты: Еңбек нарығы…

Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы емдік дене шынықтыру

Жоспар І кіріспе: ІІ негізгі бөлім 1. Тыныс алу жолдарының ауруларындағы Емдік…