Жоспар

      І.Кіріспе

        Ақынның оралуы.

     ІІ.Негізгі бөлім.

        Бала Шаһкерімнен-кемеңгер ақын Шәкәрім Құдайбердіұлына дейін.

          Шәкәрімнің мәнді сөздері.

 АБАЙ МЕН ШƏКƏРІМ МҰРАЛАРЫ– ҰЛТ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ТІРЕГІ

    ІІІ. Қорытынды.

         Шәкәрім өлеңдеріндегі рухани – адамгершілік қағидалары. 

                                              Аннотация    

     Данная работа посвящается  исследванию творчества поэтики Шакарима Кудайбердиева.Актуальность темы заключается в том, что в ней раскрываются особенности,неповторимые черты и собственное лицо поэтикм Шакарима. В его стихак и поэмах синтезированы кросота слов, глубина душевного волнения и философское мировосприятие. Работа состоит из введения, трех глав, заключения и список литературы. Ученица достаточно использовала литературы для раскрытия темы. Ценность работы составляет рассмортрение основных особенностей поэтики Шакарима. Езультаты данного исследования могут быть использованны в научных исследования о поэти                                  

                                             Annotation 

This work hired dedicated to research of poetics of Shakarim Kudaiberdiv. Actuality of theme consists in that fkatures, unque lines and own fase of poetics of Shakarim,  open up in her. Beaty of words, depth of blood hot and philosophical outlook is synthesized in his verses and poems. Work consists of introduction, three heards, conciusion and list of literature. A student used enouqh literatures for openibq of theme. The value of work makes consideration of basic features of poetics of Shakarim. The results of this research can be drawn on in scientific researches about poetics.    

         Зерттеудің өзектілігі. Шәкәрім поэтикасындағы күрделі тақырыптарды дүниетанымдық тұрғыдан көркем бейнелеу үлгісін ғылыми саралау – бүгінгі қазақ поэзиясының бастау көздерін анықтауға негіз болады. Соны ізденістер арқылы Шәкәрім өлең сөздерін жетілдіріп, рухани әлемімізді жаңа әдіс-тәсілдермен, бейнелік оралымдармен, жаңа сөз тіркестерімен образдық үлгілермен толықтырған. Шәкәрімнің поэтикалық әлеміндегі бейнелі суретті образдардың мәні қазақтың ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен астасып жататындығымен құнды. . Оның шығармашылығының поэтикалық жүйесіндегі өзіне тән ерекшіліктерді былайша сипаттауға болады:                                                                        -Біріншіден, ақын өлеңге өнер ретінде қарап, оны өрелі ой атудың құралына айналдырған. Сондықтан да өлең жолдарында философиялық таным мен поэзиялық көркемдіктің тұтастықта жарасым тауып, нәтижесінде қазақ поэзиясында жаңа мазмұндағы өлеңдік өрнектер мен келісті суреттер, тың түр мен мазмұн пайда болып ұлттың рухани әлемін жаңа бір сатыға көтерген. Екіншіден, Шәкәрімнің лирикалық кейіпкерлерді сомдаудағы өзіндік қолтаңбасы шағын лирикалық өлеңдері мен көлемді туындыларында да сабақтастық тауып, ой мен сөздің мән мағынасын, әсерін арттыра түсетін: «шын нұр», «шын асық», «таза ой», «от жүрек», «тәтті тіл», «таза жан» т.б. көптеген эпитеттік қолданыстарды түрлендіре қолдануы ұлттық поэзиядағы көркемдік құралдарды тыңнан түрлетіп қана коймай, ақынның қаламгерлік қолтаңбасын  айқындайтын айрықша белгіге айналған. Тек бейнелік қана емес оның терең мазмұнымен өрілген өзгеше бітімі руханиятымыздағы жаңа бір көркемдік дүниені қалыптастырды.

Үшіншіден, ақын поэзиясындағы адам мәселесі өзгеше өрнекпен, бөлекше талап – тілекпен  сомдалып, алдымен адам жан дүниесінің  сапалы жақтарын дамыту баса көрсетіліп, адам табиғи жаратылыстың күрделі нәтижесі ғана емес рухани жан әлемі ерекше қасиетке ие болған құбылыс екендігін дәлелдеу үшін поэтикалық жүйе жасалды. Осы мәселені шешуде суреткер небір жаңа метафоралар мен ауыстыруды  түрлендіре қолданды. Дәстүрлі адам мен табиғат бірлігін психологиялық тұрғыдан сипаттаудың тың үлгісін танытқан сөз шебері шынайы болмыс суретінен асып, адам мен тылсым арасындағы нәзік қарым-қатынастың сипатын танытудың жаңа жолын қалыптастырды. Төртіншіден, ақын поэтикасы қазақ поэзиясында бұрын сонды қолданылмаған фразеологиялық оралымдармен бейнелі суретті сөздермен дараланады. Мысалы: «сұм жүректің оянбауы», «жебір ұлық қылған іс»,  «өлі жүрек», «көңілдің қабағы салбырады», «залым ғалым», «сұм ақын», «тозған ой», «азат ақыл», «күңшіл мұңдар» сияқты алуан сипатты адам психологиясының суреттерін ашатын сөз образдарымен халқымыздың өлең өрісінде ерекше стиль, мәнер және өлең құрау машығын алып келді. Осындай психологиялық оралымдар ақын кейіпкерінің көңіл күйімен қоса оның рухани ой-дүниесінің терең қалтарыстарын тануға да мүмкіндік береді. Мұндай тың талаптарға өлең ұйқасындағы жаңа түр мен ырғақ та сәйкес келеді.

Бесіншіден, ойшыл ақынның шығармашылық поэтикасындағы Алла, жар, жаратушыны жырлау үлгілері дәстүрден ерекше сипатта көрінеді. Алланы дәріптеу, оны әділет пен тазалықтың қайнар көзі ретінде таныту үрдісі арқылы Шәкәрім жалпы адамзатқа ортақ қоғамдық мәні күшті мәселелерді көтереді. Дүниенің құпия сырларын танып білудің  жолын жар, жаратушымен байланыста қарастыру арқылы «түз адам» қалыптастарудың жаңа жолдарын ұсынады. Бұл тарапта да жаңа ұғымдар қалыптастырады. Мысалы: тек қана «нұр» сөзінің мағыналық өрісін кеңейту арқылы өлеңнің көркемдік сапасын биіктетіп қоймай жаратушыдан келген негіздің мәнін бүкіл ғаламға таратады.                                                                                            -Алтыншы, Шәкәрім шығармашылығының поэтикасы жанрлық, мазмұндық, стильдік күрделілігіне қарамастан қазақ халқының ұғымына сай, қазақи ойлау жүйесіне ұғынықты сипатта жазылды. Мұның өзі аса талантты тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтарды творчестволықпен игере отырып, оны өз жұртының игілігіне айналдыра білген ғұламалығын танытады.

                                      Ақынның оралуы

Жасымнан сендер едің менің елім

Аяушы едім қайысып сынып белім.

Тірлігімде тілімді алмасаң да

Өлгеннен соң дерсіңдер қамқоршы ерім.

 

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген Шәкәрім Құдайбердиев қоғамдық, әлеуметтік, рухани-мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздады.

Шәкәрім жазған шығармалардың көпшілігі революцияға дейін де, одан кейін де баспада жарияланып келді.-  Октябрь революциясына дейін оның бірнеше кітаптары жарық көрді: «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» 1911 жылы Орынборда басылды, «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман- Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары 1912 жылы Семейде жарияланды. Осы жылдары Шәкәрім «Айқап» журналымен «Қазақ» газетінің көтерген мәселелеріне белсенді араласып, бірнеше мақалалар жазды. Өмірге, айналаға, қоғамға, адам қатынастарына өзіндік көзқарасы қалыптасып, көп ойланып, толғанған ол:

Сол ойды бес жылжаздым,

Арыдым, шаршадым, аздым.

Инемен көп құдық қаздым,

Сырым, ойым, жайым сондай,-

деп өрнектейді

          Шәкәрім өлеңдеріндегі рухани – адамгершілік қағидалары. Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеуде бұрынғы ата бабаларымыздың асыл мұраларын, өсиетті сөздерін,ғибраттарын алдымызға жайып саламыз. Өйткені адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған бабаларымыздың тәлім тәжірбиесінің,ұстаған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. . Ол өлеңдерінде қазағым,ұлтым,алашым деп өз жұртын бүйрегіне бұрса,барша азаматты бауыр тұтады. «Анадан алғаш туғанымда…»өлеңінде :

Еңбекке шыда,ебін тап та,

«Сабырдың түбі-сары алтын».

  Өзімшіл болма,көпті ардақта,

  Адамның бәрі-өз халқың.

Ынсап пен мейірім,әділетті,

Жаныңдай көріп,жан сақта.

Ол жолда өлсек неміз кетті,

Мақсұтқа жетпей қалсақ та-

деп туған жұртына өнеге ұсынады.

¢Шәкәрім өлеңдері уағыз,ақыл-кеңес,насихат түрінде келеді. Көбіне бұйрық райлы етістік формасында көп кездеседі. Мысалы, «еңбекке шыда», «ебін тап», «өзімшіл болма», «көпті ардақта», «сусыны бол», «арың сатпа»тағы басқалар.

Шәкәрім лирикасында бейнелеу құралдарының бірі-теңеу мол қолданылады. Мысалы :

  Гауһардай көзі,

  Бұлбылдай сөзі,

Жаннан асқан бір пері.

Жүзі бар айдай,

Мінезі майдай,

Өзгеден артық сол жері.(Жастық туралы

Сондай-ақ теңеудің «сықылды»сөзінің көмегімен жасалған түрі бар.

Сусағанның сусыны бол

Су сықылды сұп-сұйық

… от сықылды жылы болсын

Жүзіңіз бен сөзіңіз…

Өлмес  Ақын поэзиясының көркемдік қуатының бір жағы эпитет шебер қолданылған.

Мысалы,

Шын қасмиет соларда

Дегенім күнә болар ма

                            Құбылмамінез,тайғақ ой

Екі сөз болмас оларда

Немесе            …Саналы шерлі жүректі

Сары алтынға малған күн (Ақылдан ойға сыр тарап)деп көптеп келтіре беруге болады.

Қорытындыда зерттеу жұмысының барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар жинақталып түйінделді. Ең басты тұжырым өз дәуірінен озып ой айтқан ақын шығармашылығының поэтикасы сан түрлі көркемдік амал-тәсілдермен бай екендігі сипатталады. Қаламгерлік мақсатының негізгі арқауы-түзу адам тәрбиелеу жолын іздеу. Сыртқы ортада болып жатқан түрлі оқиғалар ықпалында емес, адамның ішкі дүниесінде өтетін сапалық өзгерістердің мәнін айқындау арқылы көркемдік әлем жасау- Шәкәрім шығармашылығының негізгі ерекшелігі. Сол арқылы ұлтын, жерін сүйген, жалпы адамзатты сүйген адам тұлғасының дамуына әсер ету үшін өлең сөзді еөркемдік қару ету міндетін көздеген. Сондықтан да ақын өлеңінің мәні мен мағынасына, бүкіл көркемдік сапасына аса үлкен талап қойған, өзі де сол талап деңгейінен табыла білген.

Жинақтай келгенде, зерттеу нәтижелері көрсеткендей Шәкәрім поэтикасы – сан-алуан суретке толы, өмір құбылыстарын көркем айшықтаған күрделі сала.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Кендірлі туризм аймағының даму жолдары

«Кендірлі туризм аймағының даму жолдары» Манғыстаудағы Кендірлі аймағын туризм орталығы ретінде дамытуға…

Балдың 12 түрлі емдік қасиеттері

Балдың 12 түрлі емдік қасиеттері Бал дәмді тағам ғана емес,  сонымен қатар…

Тіс тіндерінің тісжегіден басқа аурулары

Тістің тісжегі емес ақаулары: —Тіс шыққанға дейін пайда болатын ақаулар:    1. Кіреукенің…

Балалардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері

Балалардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері Ағза үшін көмірсулар негізгі энергия көзі болып табылады.…