«Кендірлі туризм аймағының даму жолдары»

Манғыстаудағы Кендірлі аймағын туризм орталығы ретінде дамытуға мемлекет шындап көңіл бөле бастады. Бұған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы берген тапсырмасы дәлел бола алады. Қазір Кендірлінін инженерлік инфрақұрылымды құру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ауқымды жобанын бастамасы ретінде, «Самұрық-Қазына» қорының қаржылық қолдауымен Кендірлі курортында халықаралық деңгейдегі екі қонақ үй салынбакшы. Құрылыспен түріктің «Rixos Hotels» компаниясы айналысады. Қонақүйдің біреуі бес жұлдызды, біреуі төрт жұлдызды болады. Қазіргі танда «Rixos» компаниясы инвестор ретінде тандалды. Техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-смета құжаттары жасалып, инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүруде. Әуежай және жол салу мәселесі назарда тұр. Нактырақ айтсақ, Кендірлілегі жүмыстар оны республикамыздың осы саладағы жетістігі ретінде көрсетеді деп сенеміз және Кендірлі болашакта алкалы жанында өтетін тамаша орын болатындығы күмәнсіз. Біздің өңірде инвесторлар үшін туристік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткізеді, – деді. Жалпы аймақтың туристік саласын дамыту шаралары Қазақстанның «Самұрық-Қазына» қоры мен RIXOS компаниялар тобы арасында жасалған келісім аркылы іске асады. Келісімге сәйкес, курорты аймақта аквапарктар мен коттедждер, көлік жолдарын салынуы тиіс. Ал курорттың жобалық қуаты 20- дан астам отельді, 40 мың орынға арналған вилла мен коттеджді құрайды. Ал құйылатын инвестицияның жалпы көлемі 3,3 млрд доллар. Бұның бәрі іске асқаннап кейін, Кендірлі жыл сайын 640-нан астам туристі қабылдай алады. Оларға қызмет көрсетуші жұмыскерлер саны 54 мыңға жетуі тиіс. Ал жыл сайынғы табыс болжам бойынша 800 млн долларды құрамак. Кендірлідегі курорт жоғары стандарттарға сай салынады және ұлттық туристік жоба мәртебесіне ие болады. Каспий теңізі туралы ойланған әрбір отандасымыз оны келіп бір көруге аңсар, жұпарын жұтып жагалауында демалсам ғой деген арман бәрінде барына күмән жоқ. Теніз түбіне сүнгігендей осы ойлар көп аузында жүрген Кендірлі жобасына келіп тірелері сөзсіз. Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес республикада Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан туристік кластерлері құрылған болатын, Соңғы кластерге қарайтын Маңғыстау облысы халықаралық деңгейде туристік ұсынысты дамыту үшін үздік табиғи және мәдени қызығушылықтарға ие. Еліміздің және шетел тұтынушыларының сұранымдарын талдай келе, теңіз жағажайы туризміне, теңіз бойынша круизге, Маңғыстау өңірі бойынша турларға және Ақтау қаласының түрақты дамуына байланысты бизнес туризміне қызығушылық байқалды. Демек, Қазақ шығанағында халықаралық деңгейде бәсекеге кабілетті жагажай бағытын құру туризм саласының басымбағыттарының бірі болды. Каспий тенізі аумағында демалыс аймағын ашудың қолайлы жағдайының бірі теніз төнірегінде бәсекелестердің жоқтығы. Бәсекелестік болған жаксы, одан қашпаймыз, әйтсе де Каспий аумағында баламасы жоқ бірегей болғанға не жетсін! Осы орайда теңіз жагасында «жағажай туризмін» табысты дамыту үшін Кендірлі шығанағы қолайлы деп танылды. Себеп – оның өндірістен және басқа да ластану көздерінен алыс орналасуы, теңіздің басқа жерлеріне караганда су «жабық» қо нау нәтижесінде 5 градуска жылы болуы және адам аяғы таптамаған сұлу табиғи жағажайының болуы болса, екіншіден су ластануының жоқтығына байланысты халықаралық маңыздағы 12 метрге жететін судың мөлдірлігі және 12 пайыз тұздық кұрамдылығы біртеңдес орналасқан. Кендірлі шығанағында ашық теңізден бөлінген табиғи суайдыны бар, бұл жерде 5-10 метр тереңдікке дейін су ағынсыз болып келеді. Осы ерекшеліктерді саралай келе, бұл тұсқа Астрахань халықаралық мұхит институты оң баға берді. – Қазіргі таңда аталмыш туристік аймақты дамыту жобасы бойынша қандай жұмыстар атқарылды? – Жобаны жүзеге асыру үшін еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі мен Маңғыстау облыстық әкімдігі бірлесе жұмыс жасайды. Жергілікті әкімдік курорт құрылысын салу үшін жер телімдерін беру шараларын алу, сыртқы инженерлік-көліктік инфрақұрылымы нысандары құрылысының тиісті құжаттарын әзірлеу, курорттың сыртқы инфрақұрылымының құрылысын салубойынша жұмыстарды жүргізсе, министрлік жобаны жүзеге асырушы әлеуетті инвесторларды тарту жұмыстарымен айналысады. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыруға бөлінген 1700 га көлеміндегі жер телімі қандай да бір құрылыстың бос және мемлекеттің меншігінде Өңірде Кендірлі курортты аймағын дамытубойынша отандық, шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары жүруде. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және «RIXOS» компаниясы тобының арасында төрт және бес жұлдызды 1500 орындық екі конақүй, көңіл көтеру орталығы құрылыстарын салу туралы келісімге қол қойылды. Аталмыш аймақты электр қуатымен қамтамасыз ету, газбен қамту және автомобиль жолдарының құрылысы сынды сыртқы инженерлік инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары жүруде. Өткен жылдың соңында «Окарем-Бейнеу» магистральды газ құбырының және автоматты газ тарату жүйесінің құрылысы аяқталды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, трансформаторлық қуаты күшті жаңа кіші стансаның құрылысын бастау, сумен қамтамасыз ету, жолдардың құрылысын салу жұмыстары тұр. «CITIC тобы» қытайлық компаниямен Кендірлі әуежайының құрылысын салу жөнінде келіссөздер жүруде. Аталған жобаларды жүзеге асыру туризмді дамытудынегізгі тірек нүктесі болып табылады, сондай-ақ, курорт маңына қонақ үй, көлік, сауда нысандары, мәдени-сауық мекемелерін шоғырландырып, байланыс, жолдар, т.б. инфрақұрылымның дамуына негіз болмақ. – Көрікті жер, жайлы орында демалу жас тандамайды. Кендірліде балалардың демалу мүмкіндігі қарастырылған ба? – Елбасы H. Ә. Назарбаев Үкіметтің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде Қазақстанда туризмді дамыту, оның ішінде Каспий теңізі жағалауында Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» курортының құрылысын жалғастыру және дамытуда жұмыстар жасау, қазақстандықтар үшін, олардың балалар үшін туризмді дамыту қажеттігі туралы атап өткен болатын. Кендірлі аймағынан туризм басқармасы үшін балалардың денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын салуға 2га жер телімі бөлінді. Осы жерде спорт инфрақұрылымын дамыту, балалардың толыққанды демалып, сол арқылы денсаулығын нығайтудың жагдайлар жасауды көздеп отырмыз, Бұл шаруалар өңірде балалар туризмін дамытуға серпіліс береді деп күтіледі. Былтырғы жазғы маусымда Маңғыстау облысы аумағында жазғы балалар мен жасөспірімдер демалысын ұйымдастыру бойынша 6 балалар-сауықтыру лагерьлері жұмыс жасады. Маңғыстау облысы білім басқармасының қарамағындағы «Ақбөбек», «Алау», «Волна», «Фламинго», «Шағала», жыл бойы жұмыс жасайтын «Балдәурен» балалар-сауықтыру лагері және Кендірлі аумағында орналасқан «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың ведомстволық бағынысындағы «Ақбөбек» балалар-сауықтыру лагерьлері болды. – Маңғыстауға келген туристердің Кендірліден өзге жерлерді тамашалау мүмкіндігі қаншалықты? – Өңірде ішкі туризмді, балалар мен жасөспірімдер туризмін, өңірдің инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде туристік нысандарды, оларға апаратын жолдарды жақсарту және жаңғырту – басым бағыттардың бірі. Қазақстанның тарихи-сәулет мұраларының 70 пайызы орналасқан Маңғыстауда 11 мың тарихи ескерткіштер шоғырланған. Бекет ата, Шопан ата, Сұлтан ене жерасты мешіттері, теңіз деңгейінен 132 метр төмен орналаскан туристік керемет ресурс – Қарақия ойпаты, Саура, Тамшалы шатқалдары, Шерқала, Айрақты таулары туристер үшін қызғылықты көріністер болары анық. Бүгінде аталмыш аумақтарды абаттандыру, көлік инфрақұрылымымен камту, біркатарына апаратын жолдарды қайта жасау жұмыстары колға алынып, биылғы жылдың екінші жартысында аяқталады деп отырмыз. – Туризмді дамытудың бір бағыты кадрға келіп тіреледі емес пе? – Бұл мәселе де назарда. Маңғыстауда осы мақсатта 2009 жылы Туризм колледжінде ашылды. Колледж «Тамақтануды ұйымдастыру», «Қонақүй шаруашылығында кызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Туризм» және «Аударма ісі» мамандықтары бойынша мамандар дайындауда. Колледж Маңғыстау облысындағы, кәсіпорындар және ұйымдармен, Түркияның Анталия қаласындағы туризм академиясымен, Ыстамбұл қаласындағы «Драгос» колледжімен және Астрахань, Ялта мемлекеттік университеттерімен қарым-қатынас жасап, тәжірибе алуда. Туризм саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыратын тиімді тетіктерді қалыптастыру, озық тәжірибелерді зерделеу үшін мәдени-танымдық және ғылыми-ақпараттық шараларды көптеп ұйымдастырып келеміз. Маңғыстау туризміне қатысты жиі айтылатын «Кендірлі» демалыс аймағын дамытуда да су жетекші орынға ие. Ол жерде ке­мінде тәулігіне 60 000 текше метр теңіз суын тұшытатын зауыт са­лу­ға болады. Оның өзіндік тиім­ді­лігі де бар – теңіз суы қатпайды және салыстырмалы түрде судың температурасы жоғары, теңіздің мұнай, өзге де қалдықтармен лас­тану қатері аз. Кендірліде зауыт салынар болса, ол Жаңаөзен қала­сы­ның да суға деген мұқтажын шешіп бере алады. Бұл жобалар жүзеге асса, облыс тұрғындары мен өндірісті 93 пайыз талапқа сай сумен қамтуға қол жеткізе ала­мыз.

You May Also Like

Медициналық мекемелерде еңбек ақысын бөлу және қалыптастыру. Нарық экономикалық жағдайда денсаулық сақтауды қаржыландыру механизмі.

Медициналық мекемелерде еңбек ақысын бөлу және қалыптастыру. Нарық экономикалық жағдайда денсаулық сақтауды…

Волшебная сила магнита

Министерство Образования и науки Республики Казахстан Восточно-Казахстанская область Секция: физика, естествознание Тема:…

Экологический двор Научный проект

АКТУАЛЬНОСТЬ ПРОЕКТА Большинство проектов автомобильной тематики перспективны и востребованы. В основе данного…

Зәр жолдарын емдеу

Зәр жолдарының қабынуының  созылмалы түрінен, бүйректің қабынуынан зардап шегуі Зәр жолдарының қабынуы…