Сүзбе қосып пісірілген нан
Қажетті өнімдер: 400 г ұн, 4 ас қасық құмшекер, 2жұмыртқа, % тұз, 1-2 ас қасық мейіз, 7 г құрғақ ашытқы, 200 мл сүт, 300 г сүзбе, 5 г ванильді қант, 1 ас қасық өсімдік майы
Дайындалуы: ұнға ашытқы, тұз, 2 ас қасық құмшекерді қосып, араластырыңыз. Жылы сүт пен 1 жұмыртқа қосып, қамыр илеңіз. Қамыр қолға жабыспауы тиіс. 1 ас қасық өсімдік майын қосып, араластырыңыз. Бетін сүлгімен жауып, 1,5 сағат көтерілгенше қоя тұрыңыз. Қамырды қайтарып, тағы 1 сағат қойып қойыңыз. Сүзбеге 2 ас қасыққұмшекер, ванильді қантты қосып, ысқылаңыз. 2 ас қасық мейіз қосып, мұқият араластырыңыз. Қамыр қайта көтерілгенде, ұзын етіп ширатыңыз. Бірдей бөліктерге бөліңіз. Қалыпқа өсімдік майын жағыңыз. Қамырды дөңгелектеп, стақанның көмегімен орта-сын үңгірлеңіз. Сол шұқанаққа 1 ас қасық сүзбелі массаны салыңыз. 20-25 минут ба-бына келгенше қоя тұрыңыз. Духовканы қыздырыңыз (180°С). Жұмыртқаны шайқап, бетіне жағыңыз. Духовкаға салып, алтын түске енгенше пісіріңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

ТЭС және АЭС

                         ТЭС ¡ЖЭС – отынды жағуда бөлінетін жылу энергиясын түрлендіру нәтижесінде электр…

Этикалық идеялардың тарихи даму кезеңдері

Шындықты моральдық тұрғыдан сезіну тәжірибесін қорытқан философиялық білімнің ерекше саласы этика деп…

Автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Бизнес-жоба «Автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» Мазмұны Алғы сөз…………………………………………………………………………………………………… 3Кіріспе……………………………………………………………………………………………………… Жоба…

Тұрақты жане айнымалы токтардың тірі ағзаға тигізетін емдік әсері

. Электрлік қасиеті жағынан адам ағзасы бір мезгілде өткізгіштікте, диэлектриктік те қасиеті…