Сүзбе қосып пісірілген нан
Қажетті өнімдер: 400 г ұн, 4 ас қасық құмшекер, 2жұмыртқа, % тұз, 1-2 ас қасық мейіз, 7 г құрғақ ашытқы, 200 мл сүт, 300 г сүзбе, 5 г ванильді қант, 1 ас қасық өсімдік майы
Дайындалуы: ұнға ашытқы, тұз, 2 ас қасық құмшекерді қосып, араластырыңыз. Жылы сүт пен 1 жұмыртқа қосып, қамыр илеңіз. Қамыр қолға жабыспауы тиіс. 1 ас қасық өсімдік майын қосып, араластырыңыз. Бетін сүлгімен жауып, 1,5 сағат көтерілгенше қоя тұрыңыз. Қамырды қайтарып, тағы 1 сағат қойып қойыңыз. Сүзбеге 2 ас қасыққұмшекер, ванильді қантты қосып, ысқылаңыз. 2 ас қасық мейіз қосып, мұқият араластырыңыз. Қамыр қайта көтерілгенде, ұзын етіп ширатыңыз. Бірдей бөліктерге бөліңіз. Қалыпқа өсімдік майын жағыңыз. Қамырды дөңгелектеп, стақанның көмегімен орта-сын үңгірлеңіз. Сол шұқанаққа 1 ас қасық сүзбелі массаны салыңыз. 20-25 минут ба-бына келгенше қоя тұрыңыз. Духовканы қыздырыңыз (180°С). Жұмыртқаны шайқап, бетіне жағыңыз. Духовкаға салып, алтын түске енгенше пісіріңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Балалардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері

Балалардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері Ағза үшін көмірсулар негізгі энергия көзі болып табылады.…

Еңбек нормасы. Өнім нормасы

Еңбек нормасы. Өнім нормасы Еңбек нормасы Еңбек нормасы ретінде қызметкер үшін белгіленген жұмыстың уақыт бірлігіндегі (сағат, ауысым, күн, апта, ай) көлемі Жұмыстың бұл көлемін қызметкер қалыпты жұмыс…

Қазақтан шыққан ғарышкерлер, шығарма

Шығарма Қазақтан шыққан ғарышкерлер 12-сәуір адамзаттың ғарышты бағындырған күні. 1968жылдан бастап халықаралық…

Балаларға салауатты өмір салтын жан-жақты тәрбиелу, Тәрбиеші жұмысының концепсиясы

Тәрбие жұмысының концепциясы «Балаларға салауатты өмір салтын жан-жақты тәрбиелу» Қазақстанның әлемдегі бәсекеге…