Программалық жабдықтың өмірлік циклының негізгі кезеңдерінің бірі- есептің қойылуы кезеңі.

Мұнда программалық жабдықтың орындайтын қызметі және программалық жабдыққа қойылатын талаптар анықталады.

Бұл талаптар екіге бөлінеді:

– функционалдық талаптар, яғни бұл болашақта жасалатын программаның қандай жұмыстарды, функцияларды орындайтынын анықтайды;

– эксплуатациялық талаптар, бұл болашақ программалық жабдық қандай жағдайларда жұмыс жасайтынын анықтайды.

Программалық жабдықтарға қойылатын негізгі эксплуатациялық талаптарға төмендегілер жатады :

– дұрыстығы, техникалық тапсырмаға сәйкес жұмыс жасауы;

– универсалдығы – кез-келген мүмкін жағдайларда дұрыс жұмыс жасауы;

– сенімділігі – түрлі қателерден кейін дұрыс жауаптарды қайтара алуы;

– тексерілуі – нәтижелерді тексеру мүмкіндігі;

– нәтиженің дәлдігі – нәтижелер ауытқуының берілген шамадан аспауы;

– қорғалған болуы – ақпараттың құпиялылығын сақтай алуы;

Программалық жабдықтарға қойылатын негізгі эксплуатациялық талаптарға төмендегілер жатады :

– программалармен үйлесімділігі – басқа программалармен үйлесімді жұмыс жасау мүмкіндігі;

– аппаратпен үйлесімділігі – кейбір құрылғылармен үйлесімді жұмыс жасау мүмкіндігі;

– тиімділігі – техникалық ресурстарды аз және жылдам пайдалану мүмкіндігі;

– бейімділігі – түрлі жағдайларға байланысты жасалатын модификацияларға бейімділігі;

– қайта пайдаланыылуы – қайта жүктемей-ақ іске қосыла беруі;

– реентерабелділігі – бірнеше процестерде параллель қолданыла беруі.

Техникалық тапсырма- программалық жабдықты құру мақсаттары, оған қойылатын талаптар, жасау уақыты мен кезеңдері, тапсырыс берушіге өткізу мерзімі және т.б. көптеген мәліметтер қамтылған программалық жабдық туралы толық мәлімет беретін құжат.

Техникалық тапсырма келесі бөлімдерді қамтиды:

– кіріспе;

– программалық жабдықтар жасаудың қажеттілігін негіздеу;

– программалық жабдықтардың қызметі;

– программалық жабдықтарға қойылатын талаптар;

– программалық жабдықтардың құжаттарына қойылатын талаптар;

– техникалық-экономикалық көрсеткіштер ;

– құру кезеңдерімен стадиялары;

– программалық жабдықты қабылдау және бақылау тәртібі.

Құрылымдық ұстанымға негізделген программалық жабдықтардың ерекшеліктері

Программалық жабдықтың өмірлік циклындағы маңызды кезеңнің бірі – бұл программалық жабдықтарға қойылатын талаптарға анализ жасау негізінде программалық жабдықтардың ерекшелігін немесе спецификациясын анықтау болып табылады.

Спецификация (specify-дәл анықтау- точно определять, spesisication- детальдары- детали, specific- ерекше сипаттамалары- особый отличительный характер) – бұл жасалатын программалық жабдықтардың және оған қойылатын шектеулердің  формалды түрдегі дәл сипаттамалары.

Программалық жабдықтардың  спецификациясы, бұл программалық жабдық туралы дәл және толық сипаттама.

Спецификация негізгі екі бөлімнен тұрады:

  • функционалдық бөлім, программалық жабдықтардың орындайтын функцияларын сипаттайды;
  • эксплуатациялық бөлім, техникалық құрал-жабдықтарға, ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға қойылатын талаптарды анықтайды.

Спецификацияның толықтығы

мұнда болашақ жасалатын программалық жабдықтарға қатысты барлық нәрселер ескерілуі керек, яғни программалық жабдықтарды жасаушы үшін (разработчик) ешқандай кедергі, қосымша мәселе болмауы керек.

Спецификацияның дәлдігі

бұл – спецификация тапсырыс (заказчик)  беруші мен оны орындаушы (разработчик) тарапынан бірдей мағынада қабылдануы керек.

Программалық жабдықтардың спецификацияларын көрсету үшін кәдімгі табиғи тілдер жарамайды. Сондықтан дәл спецификацияларды көрсету үшін арнайы  формальды модельдер қолданылады.

Спецификацияларды анықтау кезеңіндегі формальды модельдерді екі топқа бөледі: ұстанымдарға (құрылымдық, объектілік) тәуелді  және тәуелсіз.

Спецификацияларды талдау және анықтау кезеңдерінің моделдері

Ұстанымға тәуелсіз модельдер

  1. Күйлер ауысуының диаграммалары
  2. Пәндік облыстың математикалық моделі

Ұстанымға тәуелді модельдер

  1. Құрылымдық ұстаным
    1. Функциональдық диаграммалар
    2. Мәліметтер ағыны диаграммалары
    3. Мәліметтер қатынасының диаграммалары
  2. Объектілік ұстаным
    1. Вариант қолдану диаграммалары
    2. Класстар диаграммасы
    3. Әрекеттер диаграммасы

Модельдер элементтері

Құрылымдық ұстанымға негізделген программалық жабдықтарды  құруда, талдауда және жобалауда негізінен келесі модельдер элементтері қолданылады:

  • мәліметтер ағынының диаграммасы (DFD – Data Flow Diagrams) бұл ақпарат көзі мен оны қабылдаушының арасындағы әрекетті жүйенің (программалық жабдықтардың) процесі түрінде сипаттайды;
  • «мәнді байланыс» диаграммасы (ERD – Entity – relationship diagrams) жүйенің (программалық жабдықтардың) деректер қорын сипаттайды;
  • күйлер ауысуының диаграммасы (STD –State Transition Diagrams) жүйенің уақытқа байланысты күйінің өзгеріп отыруын сипаттайды;
  • процестердің спецификациясы, оны көрсету үшін әдетте тексттер, псевдокодтар, Flow-формалар, Насси-Шнейдерман диаграммалары қолданылады;
  • терминдер сөздігі – бұл спецификациялы беруде қолданылатын терминдер, қысқартылған сөздерге берілетін түсініктемелер.

Күйлер ауысуының диаграммасы

– бұл ақырғы автоматтардың графиктік формасы болып табылады. Ақырғы автоматтар (конечные автоматы)-  техникалық құрылғының дербес іс-әрекетін (детерминированное поведение)  модельдеу үшін қолданылатын математикалық абстракциялық ұғым, автоматтар теориясында анықталған.

басқару кезіндегі оның реакцияларын немесе тәртіптерін (спецификацияны анықтау кезіндегі) көрсету болып табылады. Мұнда басқарушы сигнал немесе қолданушының командасы болуы мүмкін.

Бұл команданы алғаннан кейін, жүйе оған жауап ретінде бір әрекет жасайды, яғни сол күйін сақтап қалады, не болмаса басқа күйге ауысады.

Автоматтар теориясына сәйкес, мұнда диаграмма тұрғызу үшін:

  • бастапқы күй (терминальное состояние);
  • әсер етуші басқарушы сигнал (немесе көшу шарты);
  • орындалатын әрекет

анықталады.

программалық жабдықтар құрамындағы  функциялардың өзара байланысуын, иерархиясын көрсетеді.

Функционалдық моделдің көп тараған түрінің бірі SADT (Structured Analysis and Design Technigue –технология структурного анализа и проектирования). Оны  1973 жылы  Д. Росс ұсынған.

Функционалдық диаграммаларды  тұрғызу келесі қағидаларға негізделген :

  • әрбір функция бір блок ретінде қарастырылады;
  • әрбір блок үшін бастапқы мәлімет, басқарушы команда, функцияны орындаушы механизм (программалық жабдық немесе техникалық құрылғы) және нәтиже анықталады.

Функционалдық диаграммадағы мәлімет, басқарушы команда, функцияны орындаушы механизм және нәтиже барлығы  сызықтар (дугалар) түрінде беріледі, мысалы:

Қарапайым функционалдық диаграмманы кескіндеу

Бұл сызықтар іс жүзінде мәліметтердің жиынтығы, нәтижелердің жиынтығы, немесе басқарушы командалар жиынтығы болып табылады

Блоктар диаграммада байланысу реті бойынша сатылы түрде орналасады. SADT диаграммаларда блоктар байланысуының келесі түрлері бар:

Функция

  • кіріс блоктың шығыс дугасы келесі орындалатын блоктың кіріс дугасы болады:
  • басқарушы блоктын шығыс дугасы келесі блоктын басқарушы дугасы болады:
  • кіріс бойынша кері байланыста кейінгі блоктын шығыс дугасы алғашқы блоктың кіріс дугасы болады:
  • басқару бойынша кері байланыста кейінгі блоктың шығыс дугасы алдыңғы блок үшін басқарушы дуга болады:
  • шығыс-орындаушыда алғашқы блоктың шығыс дугасы келесі блоктың орындаушы механизмі болады:
You May Also Like

Қазақтан шыққан ғарышкерлер, шығарма

Шығарма Қазақтан шыққан ғарышкерлер 12-сәуір адамзаттың ғарышты бағындырған күні. 1968жылдан бастап халықаралық…

Айырғыш қондырғыларын автоматтандыру

«АЙЫРҒЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ» Автоматтандырылған мұнай өндіретін кәсіпорынның типтік технологиялық схемасында көрсетілгендей, газ-су-мұнай…

Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету технологиясы және ұйымдастырылуы 

 Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету технологиясы және ұйымдастырылуы  Сұрақ мәтiнi Сұрақтың күрделiлiгi Сұрақтар…

Қытай сорпасы

Қажетті өнімдер: 150 г көкөніс сор-пасы, 15 г пияз, 1 ақуыз, талғамыңызға…