ЖОСПАР

1.Кіріспе

2.Мақсаты

3.Қоршаған ортаның ластануынан пайда болатын патологиялық аурулар

4.Адам денсаулығына кері әсер ететін экологиялық факторлар

5.Экология мәселесі

6.Экологияның экономикаға әсері

7.Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми әдістері

8.Қолданылған әдебиеттер

Қоршаған ортаның ластануы

  • Биологиялық
  • Химиялық
  • Физикалық

Қоршаған ортаның маңызы

 Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

      Экология мәселесі – бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты – қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі – экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды.

Химиялық ластанудың алдын алу мәселелері

  • экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды бұлжытпай орындау
  • табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту
  • “Көкті жұлмау”
  • қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестiгiн сәйкестендiрудi
  • үздiксiз экологиялық бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi
  • “Жалғыз ағашқа тимеу”
  • елдегi экологиялық жағдайлар мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн қамтамасыз етудi жатқызуға болады
  • Табиғат – ананы қолымыздан келгенше аялау

Экологиялық білім берудің басты бағыттары

       Оқушыларды іргелі экологияның мәселелермен таныстыру, алған білімдерін практикада қолдана білуге қалыптастыру;

    Оқушылардың ғылыми ойлауын, дүниетанымын, әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыру;

Оқушыларды болашақ кәсібін таңдауға дайындау, шығармашылық қабілетін дайындау;

  Оқушылардың ақпаратты сын көзімен ой елегізінен өткізе алу, түсіндіре алу, игеру, бағалай алу қабілетін дамыту.

НӘТИЖЕСІ

  1. Дағды, икемділік,іскерлігі қалыптасып ізденеді.
  2. Қазақтың салт-дәстүрімен таныса отырып, табиғи ортамен байланысу арқылы экологиялық тәрбие алады.
  3. Химиялық тұрғыда дәлелдеп талдай білуге машықтанады.
  4. Экологиялық ілім жөніндегі түсінігі артады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Алпысбаев Қ. Қоршаған ортаны талдау жолдары. – Алматы, 1995. Ахметов К. Қоршаған орта жайлы мәліметтер. – Алматы: Қазақпарат, 2000.

Әбдіғазиев Б. Жер-Ана  – Алматы: Қазақ университеті. – 1992.

Базарбаев М. Жасыл ел. Алматы: Рауан, 1994.

Елеукенов Ш. Экология және ұлт тағдыры.–Алматы: Жалын,1997

Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. – Алматы: жазушы. – 1989.

Есім Ғ. Химиялық экологияның Қазақстандағы жүйесі //  – 1998 №2.

You May Also Like

Организмге майдың жеткіліксіз және артық түсуі

Организмде май алмасуларының бүзылыстары мына жағдайларда байқалады: —  ішектерде майлардың ыдыратылуы мен…

Қымыз-пайдалы дәрумендер жиынтығы, шығарма

Шығарма. Тақырыбы:  Қымыз- пайдалы дәрумендер жиынтығы. Жоспар:   I. Қымыз-Шипалы сусын. Қымыз- пайдалы дәрумендер…

Сәлбен, дәрілік мелисса, киікоты

Сәлбен , дәрілік мелисса , киікоты. Ерінгүлділер тұқымдасына жататын Сәлбен тегінің дәрілік…

ҒТҚМ бизнестегі орны, баяндама

 “ ҒТҚМ бизнестегі орны ” тақырыбында  Баяндама Мазмұны Кіріспе. 1.Ғылыми техникалық прогресс…