ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ

Қорқыт ата ескерткіш кешені Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде, Қорқыт станциясына жақын табиғи төбе үстінде орналасқан. Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Кешеннің құрылысы 1980 жылы басталды. Авторлары – Б.Ә. Ибраев, С.И. Исатаев.

1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қылует, қошқар мүсінінен тұратын тұтас сәулеттік ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды.

2000 жылы кешен жанынан музей және әкімшілік ғимараты ашылып, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде қызмет көрсетіп келеді.

2014 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, кешенге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кешеннің маңызды нысандары музей, қылует, амфитеатр, стела, қошқар мүсіні қайта жаңғыртылды.

Стела – қобызды бейнелейтін төрт элементтен тұрады. Биіктігі 12,1 метр, ені 5,3 метр, қордай тасынан дайындалған. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт Ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткіштің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін бейнелейтін «Түйе табан» өрнегімен безендірілген.

Қошқар мүсіні – диаметрі 36,4 метрді құрайтын шеңберлі алаңда орналасқан. Мүсіннің ұзындығы – 165,5 см, ені – 85 см, биіктігі – 120 см. Қордай гранитінен қашалған мүсін – биіктігі 220 см бес деңгейлі тұғырға қойылған. Тұғырдың мүсін қойылған алаңқайының көлемі – 200х90 см. Қошқар ежелгі арии мен қазақ мифологиясында көктәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символы болып табылады. Сондықтан мүсін қошқар бейнесі мен сақ грифінің – гриф басы, арқасындағы қанаты, аяғы сфинкске ұқсас жиынтығы күрделі сипаттамадан тұрады.

Қылует – оңаша тілек тілейтін жер асты мінәжат үйі. Қабырғаларында шырағдан қойылатын шағын қуыстар бар. Намаз оқитын бөлмеге баспалдақ арқылы түседі.

Амфитеатр – түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек алаң бар. Көрермендер орындары тұйық шеңберленіп келеді де, сатылай көтеріле береді.

Музей ғимаратының құрылымы бір қабатты. Ғимарат 3 экспозициялық залдан тұрады. Онда Қорқыт өмір дәуірдің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін құндылықтар мен жәдігерлер қамтылған. Музей қорында 700-ге жуық экспонат сақтаулы.

Стела, қылует, амфитеатр орналасқан биіктетілген алаңқай гранитпен жапсырылған биік бетон қабырғамен қоршалған.

Қорқыт ата кешені түркі тілдес елдердің тағзым ететін қасиетті орны және күрделі сәулеттік өнер туындысы ретінде ерекше маңызға ие.

ҚАЗ

Қобыздың үні сарнаған Қорқыт ата кесенесі

Әлемге аты мәшһүр Қорқыт ата мемориалды кешені

Ерекше сәулетімен алыстан менмұндалап тұратын баба кесенесі рухани дүниенің есігі іспетті. Қобыздың үні сарнаған Қорқыт ата кесенесі адамзатқа күйбең тірліктің шеңберінен шығуды, әрбір сәттің құнды екенін бағалай білуді еске салып тұрғандай. Қорқыттың мәңгілік өмір дегені де қайталанбас уақытты қадірлеп, келешекке өнер, руханият арқылы өшпес із қалдыру болса керек-ті. 

Әлемге аты мәшһүр Қорқыт ата мемориалды кешені Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентінің солтүстік-батысындағы 18 шақырым жердегі Қорқыт станциясына жақын табиғи төбе үстінде орналасқан. Коммунистік партияның асқақтап тұрған шағында сол кезеңдегі аудан басшысы Елеу Көшербаев осы кешенді тұрғызуға ерекше ықпал жасаған еді. Соның нәтижесінде кешен құрылысы 1980 жылы архитектор Б.Ә.Ибраев пен физик-акустик С.И.Исатаевтың жобасымен басталған.

1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, амфитеатр, қылует, қошқар мүсінінен тұратын тұтас сәулеттік ансамбль жасалған. Ал 2000 жылы кешен жанынан Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде Қорқыт ата музейі ашылды. Музей қорында Қорқыт ата туралы материалдармен қамтамасыз етілген 2500-ге жуық экспонат сақталған. Онда Қорқыт ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы ауқымды мәлімет қоры бар.

Кешеннің жаңа тынысы

2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қорқыт ата мемориалды кешеніне көркемдік деңгейі жоғары, тарихи-мифологиялық мән-мазмұны терең, архитектуралық шешімі заманауи талаптарға сай соңғы үлгіде жасалған берік құрылыс материалдарынан қайта жаңғырту жұмыстары (реконструкция) жүргізілді. Кешеннің аумағы ұлғайтылып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жасалған. Мұндағы ғимараттар қазіргі заман талабына сай үлкейтілген. Кешендегі басты ескерткіш – қобыз 8 метрден 12,1 метрге биіктеді. Кешенде жаңадан әкімшілік ғимараты салынып, қызметкерлер қатары да артқан. Бұл Қорқыт ата кешенінің бүгінгі архитектуралық кесенесін әлемге таныту, оны дүниежүзілік туристік орталыққа айналдыра отырып, әлемнің әр түкпірінен Сыр еліне келген қонақтарға Түркі өркениетін кеңінен насихаттау үшін жасалған өзгерістер болатын.

Олжас Бегалиев, Қорқыт ата мемориалды музейінің ғылыми қызметкері:
– Кешен аумағында орнатылған қобыз ескерткіші төрт элементтен тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін көрсетеді. Оның түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылған тәрізді Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған.
Кешендегі ерекше ескерткіштің бірі – қошқар мүсіні. Қошқар ежелгі арии мен қазақ мифологиясында Көктәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символ болып саналады. Сондықтан мүсін қошқар бейнесі мен сақ грифінің – гриф басы, арқасындағы қанаты, аяғы сфинкске ұқсас жиынтығы күрделі сипаттамадан тұрады.
Ал кешендегі амфитеатр көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған. Ол түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалайтын орын. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек алаң бар. Көрермендерге арналған орындар тұйық шеңберленіп келіп, сатылап көтеріле береді. Бүкіл түркі тілдес елдер арасында өтетін «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты өнер фестивалі дәстүрлі түрде екі жылда бір рет кешеннің амфитеатрында өтеді.

 «ЕХРО-2017» көрмесі – Қорқыт ата жерінде 

Бүкіл түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт атаның мемориалды кешені тек қазақстандықтардың ғана емес, шетел азаматтарының да қызығушылығын туғызған қасиетті орын. Әсіресе, қайта жаңғырту жұмыстарынан соң тарихи-мәдени мұраны көруге келетін шетел азаматтары толассыз көрінеді.

Олжас Бегалиев, Қорқыт ата мемориалды музейінің ғылыми қызметкері:
– Туристердің көпшілігі Германия, АҚШ, Қытай, Түркия, Франция елдерінен келеді. Соған сәйкес Қорқыт ата мемориалды музейінде шетел тілін білетін мамандар жұмыс істейді. Қайта жаңғыртуға дейін кешенге келушілер саны 12-13 мыңға жуық болса, 2014 жылдан бастап 20 мыңға дейін жетіп отыр. Қорқыт ата кесенесіне зиярат етушілер күннің ыстық-суығына қарамайды. Қасиетті мекен ешқашан меймансыз болмаған. Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы ашылғаннан кейін көлікпен келушілер саны артты. Мұнда күніне шамамен 20-30 көлік аялдайды. Сонымен қатар, Қорқыт ата кешені «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне келетін меймандар аялдайтын нысандардың қатарына енді. Қорқыт ата жерұйық деп танып, мәңгілік тыныс тапқан мекен жер шарының әр аймағынан  келетін қонақтарды қарсы алуға әзір. «ЕХРО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне орай облыстың қолөнер шеберлерімен бірлесе отырып, арнайы кәдесыйлар дайындалу үстінде. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында музей қорында сақталған этнографиялық экспонаттардан көрме ұйымдастырылады. Сонымен қатар, кешен жанынан этноауыл құрылмақ.

Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атаның  мұрасы – баға жетпес рухани қазына. Сыр бойында өмір сүрген ежелгі Оғыз тайпаларының ұзаны (жырау), «Кітаби дәдем Қорқыт» эпопеясын тудырған үлкен эпос орындаушысы Қорқыт атаның асқақ кесенесі қасиетті мекеннің кереметін осылайша әлемге паш етпек.

Қорқыт ата – Сырдария өлкесін қоныс еткен, оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан, ойшыл, жырау, қобызшы. Бізге жеткен аңыздардың бірінде Қорқыттың дүниеге келуі айтылады. Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтерген анасын жылына бір рет толғақ қысып отырыпты. Содан тоғыз күн толғатып, жер дүниені үш күн, үш түн нөсерлетіп, сұрапыл қара дауыл соғыпты. Сыр бойы мен Қаратауды қараңғылық басқаннан ол тауды «Қараспан» деп атаған.

Қорқыт туар кезінде,

Қараспанды су алған,

Қара жерді құм алған,

Ол туарда ел қорқып,

Ол туған соң қуанған.

Бұл шумақ әлі күнге дейін атақты қобызшылар мен бақсы, жыраулардың қобызға қосып айтатын сарындарының бастамасы болған.

Қорқыт ата мазары 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.Кастанье, П.Лерх зерттеу­леріне негіз болған. Бізге «Түркістан альбомы» жина­ғында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6-8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған.

Сол кездегі жұрттың хабарсыздығы болар, кейін бұл зиратты қайта жерлеу қажеттілігі туындайтынын ойламаған. Өйткені физикада Кориолис күші деген заңдылық бар. Бұл заң бойынша жер шарының солтүстік бөлігіндегі өзендер оң жақ беткейінің, оңтүстік бөлігіндегі өзендер сол жақ беткейінің арнасын шайып отырады. Осы заңдылық негізінде Сырдың Қорқыт ата жатқан жері кеміріліп, қобызшының қабіріне жақындаған. Сөйтіп, қайта жерлеу рәсімі 1968 жылы қолға алынған болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қорқыт ата қабірінің басына кесене орнатылсын» деген қаулысы шығады. Бұл міндет мүсінші Бек Ыбыраевқа жүктеледі.

КҮЙ ТӨГІЛГЕН КЕШЕН

Қайта бой көтерген Қорқыт ата мемориалды кешені Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің солтүстік-батысындағы 18 шақырым жерде Қорқыт стансасына жақын төбе үс­тінде орналасқан. Сәулетші Б.Иб­раев пен физик-акустик С.Исатаевтың жобасымен тұр­ғызылып, 1997 жылы ес­керт­­кішті қалпына келтіру, жөн­деу жұмыс­тарының арқасында амфитеатр, қылует, қош­қар мүсінінен тұратын тұтас сәулеттік ансамбль жасал­ған. Қорқыт ата мұрасынан 2 мыңнан астам жәдігер қойылған мұражайы бар. Реконструкциялаудың нәтижесінде кешендегі басты ескерткіш қобыз 8 метрден 12,1 метрге биіктеткен. Бұл Қорқыт ата кешенінің бүгінгі архитектуралық кесенесін әлемге таныту, оны дүние­жүзілік туристік орталыққа айналдыра отырып, түркі өркениетін кеңінен насихаттау үшін жасалған өзгерістер болатын.

Ел арасында кең тараған Қорқыт пен қырық қыз аңызы бар. «Қорқыт қашан дүниеден көшкенше ажалға мойынсұнбаған. Өлімнен құтылудың емін іздеп, дүние кезіп жүрген екен. Бірақ қайда барса да алдынан «Қорқыттың көрi» шыға берген. Қара жерде тұру қорқыныш бола берген соң, Қорқыт су үстінде тұрып көрейін деп, кілемін Сыр суының бетіне төсеп, мұңлы күйлерін тартыпты. Сарнап шыққан Қорқыттың қобызының дауысы естілгенде, өзен бойындағы елдер үйінде шыдап отыра алмайды екен. Олар тобымен өзеннің жағалауына жиналып күй тыңдайды. Қобыздың үні Сырдариядан алыс жатқан Арқадағы елдерге де жетеді. Арқаның қырық қызы Қорқыттың күйін тыңдауға құмартып, үн шыққан жаққа беттеп жөнелген екен. Қыздар күндіз-түні жүріп, Бетпақтың шөліне кездеседі. Жол-жөнекей алыс сапардың қиындығынан 39 қыз дүниеден өтіп, Сыр бойы­на тек қырқыншы ақсақ қыз ғана жетіп, күйшіні көріп өледі. Аңыз бойынша «Ақсақ қыздың күмбезі» Қорқыт ата күмбезінің солтүстік тара­пында (арқа жағында) бір шақырымдай жерде биік белестің үстінде деседі. Оны «Ақсақ қыздың мұнарасы» дейді.

АҢЫЗДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

– Жетпісінші жылдардың соңы коммунистердің айдарынан жел есіп, халықтың да ұлттық санадан алшақтап, өз болмысына жатырқай қараған кездері еді ғой. Кесенені салу кезінде де жергілікті қызыл комиссарлардың түртпектеуінен талай түсінбеушіліктер туындады. Олардың қаупі де орынды, халықтың тағзым етіп күш алатын, космостық қуаты бар орынның айналасында күмәнді алып-қашпа сөз туындатып, қарапайым халықты дүдәмал халге жеткізу – оларға үлкен пайда. Құрылысқа кіріскен біздерді бір қырсық айналдырған сияқты. Шығармашылық тобымыздың арасында ши жүгірткен органдардың әрекеті, ерекше тылсым күштің көлеңкесінде, айдалада қалды. Құрастырушы, салушы, темірші, тас қашаушы сияқты әртүрлі мамандардан тұратын үлкен ұжымның кейбір мүшесінің отбасында қатарынан қайғылы оқиғалар бола бастайды. Сап-сау жүрген жүргізуші бір күнде жынданып кетеді. Екі қалада бір күнде, бір сағатта екі бірдей азаматтың әйел, баласының тосыннан қазаға ұшырағаны туралы суық хабар мүлдем есеңгіретіп жіберді, – деп осыдан біраз жыл бұрын сәулетші Бек Ибраев еске алып еді.

Содан Бек бастаған бірсыпыра азамат ел арасында аты шығып жүрген жеті жасар көріпкел қызды тауып алып, жолығып, себебін білмек болады. Жас бала: «бір апаны көріп тұрмын» деген сөзден басқа маңдытып ештеңе айтпайды. Жергілікті ақсақалдардың кеңесімен мүсіншілер Қорқыт қабірінен қашықтау жерде жатқан Ақсақ қыздың жартылай бұзылған моласын тауып алады. Аңғарған адам бұл қабірдің табиғи құбылыс­тың салдарынан емес, әдейі­леп техникамен бұзылғанын біле қояр еді. Осыдан кейін қабірді түзетіп, бастапқыда жобада ескерілмеген болса да, Ақсақ қызға да арнап белгі қоюға шешім жасайды. Бір қызығы, осы сәттен бастап елдің үрейін алған оқиғалар сап тыйылады.

Бұл күнде соққан желмен бірге күңіреніп күй шертетін Қорқыт қобызы өткен-кеткен жолаушылар мен халықтың зиярат ететін қасиетті жеріне айналған. Көрмеген, білмеген сенбес болар, бірақ бар қасие­тін ішіне бүккен ескерткіштің бізге белгілі тұстары осы еді.

Қорқыт Ата кесенесі: Аңызға толы ақиқат

Қорқыт ата деген кім?

Қорқыт ата деген кім? Ол өмірде болған адам ба? Әлде аңыздарда ғана кездесетін тұлға ма? Осы тектес сауалдар әлі күнге дейін кездесіп жатады. Қорқыт баба жайында аңыз да, дерек те жетерлік. Әфсаналардан оқыған ерекше кейіпкер туралы зерттеп-зерделенген дүниелер де аз емес. Алдымен, аңыздарға көз жүгіртсек… Қорқыт Ата жайлы аңыздарда оны анасының үш жыл бойы құрсағында көтергені айтылады. Аяғы ауыр әйелге жыл сайын толғағы келіп отырған екен. Қорқыт өмірге келетін сәтте жер бетінде ерекше қараңғылық болыпты. Қара түнек үш күн, үш түн бойы жалғасып, ел-жұрттың бойын үрей билеген екен. Осы оқиғаға байланысты дүниеге келген баланың есімі Қорқыт қойылды делінеді әфсанада. Ал, зерттеуші ғалымдар Қорқыт атауына әр түрлі түсініктеме береді. Мысалы, Әуелбек Қоңыратбаев тұлғаны ырыс әкелуші адам деп пайымдаса, Сейіт Қасқабасов адамзаттың өлімі, өмірдің сарқылуын Қорқыт пәлсәпасымен байланыстырады.

Қорқыт Ата туралы аңыз-әңгімелерде түркілердің екі дүние хақындағы сенімдері көрсетіледі. Аңызда Қорқыт Атаның ұйықтап қалған сәтінде «Егер, ажалды жадыңа алмай жүрсең, мәңгілік ғұмыр кешесің» делінген аянды естігендігі сөз етіледі. Бірнеше жылдар өткеннен кейін қашып жүрген баспағын ұстай алмай, жете алмаған соң, ол: «Өлсем де, жетем!» – деп айтып қалады. Оның аузынан шыққан осы бір сөз Қорқыттың өмірін күрт өзгертеді. Оған Әзірейіл періште келіп: «Сен ажал жайлы есіңе алдың, мәңгілік жасау енді сен үшін емес!» – дейді.

Қорқыт образы желмая мініп, ел-жұрты бақытты ғұмыр кешу үшін жерұйық іздеп, бар өмірін ажалмен күресуге жұмсаған адам бейнесінде көрсетіледі. Халықты өз жыр-күйлерімен тамсантқан Қорқыт ата өмірінің ақырында ынтымағы қашқан елінің бөліне бастағанына күйініп, мәңгі өмірді іздеу үшін шартарапты шарлап кетеді. Алайда, қай жаққа аялдаса да, кезіккен адамдардың бәрі көр қазып жатады. «Бұл кімге қазылған көр?» десе, «Қорқытқа арналған көр» деген бір жауапты ести береді. Ақырында жердің кіндігін тауып алсаң, өлмессің деген аян келген соң, туған топырағы – Сырдың бойына келеді. Мұнда ол мәңгілік өмір өнерде ғана болады екен деп, қобызды ойлап табады. Басқа аңызға сүйенсек, ол өзеннің орта тұсына кілемін төсеп, үстіне жайғасып қобызын ойнағанда, күйдің қуатымен суға батпайтындығы айтылады. Қорқыт қобызын қолға алған кезеңдерде сол елде ажал болмапты. Ел-жұрт тек шаттыққа толы өмір сүрген екен. Қорқыт атаның ажалын жыланның шағуымен байланыстыратын әңгімелер де бар. Абыздың көзі ілініп кеткен кезінде өзеннің ішінен кішкене жылан шығып, Қорқытты шағып өлтіріпті делінеді. Бұл аңыз-әңгімеден өлімнің Қорқытқа ашық түрде емес, жыланның кейпінде келгенін аңғаруға болады. Бұдан адамдардың ажалға деген түсінігін, өлімнің хабар беріп келмейтіні туралы философиялық ой-тұжырымның астарын байқау қиын емес. Уақыт, кеңістік Қорқыт Атаға қатысты аңыздардың әрбір шетінде ұшырасатын ауқымды философия. Оның күйлерінің астарында да уақыттың қадірі, тіршіліктің мәні жайлы сырлар жатыр. «Елімай», «Желмая» күйлері халықтың ахуалын, күйбең тірліктен басқа да өмірдің құндылықтарын үйренуді насихаттайды. «Ұшардың ұлуы» күйінің де шығу тарихы өз алдына бір әңгіме. Жалғыз түйір ұлынан айырылған ата-ананың баласынан қалған Ұшар деген иті болыпты. Баланың мазарының басында отырып ұлыған мұңлы итті көрген Қорқыт «Ұшардың ұлуы» күйін шығарған екен. Бұдан өзге «Тарғыл тана», «Қорқыт», «Аққу», «Башпай» сынды көптеген күйлері түркі фольклорының алтын мұрасы болып саналады. «Бәшпай» күйі Қорқыттың қарындасына арнап шығарған туындысы екен. Әрі бұл күй Қорқыт атаның соңғы орындаған күйлерінің бірі болып табылады. Ұлы күйшінің қазақ мәдениетінде 12 күйі сақталған. Қорқыт атаның Сыр өңірінде дүниеге келуі, артына өшпес мұра қалдыруы оның өмірде болғандығын, орта ғасырларда өмір сүрген оғыз дәуірінің өкілі екендігін растайды.

Қорқыт ата туралы мәліметтер түркі халықтарының дерлігінде кездеседі. Мәселен, түрік халқының аңыздарында Қорқытты ақылгөй абыз ақсақал ретінде бейнелейді.  Әлбетте баба өмірі музыкамен байланыстырылады. Арнайы фильмдер мен балаларға арнап түсірілген мультфильмдерінде (Dede Korkut hikayeleri) Қорқыт атаның образы көрсетіледі. Қолындағы қобыз тәріздес аспабы, нақыл сөздері, көптің қамын ойлауы – Қорқыт атаның нағыз бейнесі.

Қорқыт Ата мемориалдық кешені

Архитектурасы ерекше көз тартатын Қорқыт Ата кесенесі еліміздегі тарихи ескерткіштер санатына жататын бірден-бір кешен. Сыр бойында орналасқан кесененің құрылысы 1980 жылдары басталды. Кешенді қайта қалпына келтіру жұмыстары 1997 жылы жүргізілді. Қорқыт ата кешенінде арнайы амфитеатр, музей, қылует салынған. 2014 жылы баба кесенесі толыққанды жөндеуден өтті. Жаңғыртылған баба кесенесін көруге келген туристердің қатары үш жылдың ішінде 20 мың адамнан асты. Түркі әлеміне ортақ тұлғаның қазақ топырағында орналасқан кесенесіне жаһан жұрты қызығушылық танытып отыр.

Елімізде дүбірлеп өткен «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің саяхаттық бағыты ретінде белгіленген Қорқыт Ата кешенінің жанынан биыл этноауыл бой көтерген болатын. Маусым-қазан айлары аралығында жұмыс істеген этноауылға табан тіреген меймандар қарасы көп болды.

Этноауылға келген қонақтар жергілікті қолөнершілердің, зергерлердің туындыларымен танысып, Сыр өнерпаздарының жырларымен сусындады.  Сонымен бірге, өздерін түркілердің ұрпағымыз дейтін ұлттар биыл Сыр бойында бас қосты. Әлемнің әр тарапынан келген өнерпаздар “Қорқыт және ұлы дала сазы” атты халықаралық дәстүрлі фольклорлық музыка фестиваліне жиналды. 80-ге жуық өнерпаз бен АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Белорусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия және Түркиядан арнайылап келген фольклортанушы ғалымдар Сырдың бас шаһары – Қызылордада өткен жиында түркі елдерінің этношығармашылығы туралы талқылады. Фестивальдің түйіні Қорқыт ата кешенінің амфитеатрында қорытындыланды. Мемориалдық кешенде дүрілдеп өткен музыка фестивалінде түркі елдерінің орындаушылары ерекше туындыларымен тыңдарманын тәнті етті. Оларды әркез бір арнаға тоғыстыратын құдіретті күш бар. Бәлкім, сол бір құдірет Қорқыттың қыл қобызынан нәр алатын шығар.

Қобыздың үні сарнаған Қорқыт ата кесенесі

Әлемге аты мәшһүр Қорқыт ата мемориалды кешені

Ерекше сәулетімен алыстан менмұндалап тұратын баба кесенесі рухани дүниенің есігі іспетті. Қобыздың үні сарнаған Қорқыт ата кесенесі адамзатқа күйбең тірліктің шеңберінен шығуды, әрбір сәттің құнды екенін бағалай білуді еске салып тұрғандай. Қорқыттың мәңгілік өмір дегені де қайталанбас уақытты қадірлеп, келешекке өнер, руханият арқылы өшпес із қалдыру болса керек-ті. 

Әлемге аты мәшһүр Қорқыт ата мемориалды кешені Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентінің солтүстік-батысындағы 18 шақырым жердегі Қорқыт станциясына жақын табиғи төбе үстінде орналасқан. Коммунистік партияның асқақтап тұрған шағында сол кезеңдегі аудан басшысы Елеу Көшербаев осы кешенді тұрғызуға ерекше ықпал жасаған еді. Соның нәтижесінде кешен құрылысы 1980 жылы архитектор Б.Ә.Ибраев пен физик-акустик С.И.Исатаевтың жобасымен басталған.

1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, амфитеатр, қылует, қошқар мүсінінен тұратын тұтас сәулеттік ансамбль жасалған. Ал 2000 жылы кешен жанынан Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде Қорқыт ата музейі ашылды. Музей қорында Қорқыт ата туралы материалдармен қамтамасыз етілген 2500-ге жуық экспонат сақталған. Онда Қорқыт ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы ауқымды мәлімет қоры бар.

Кешеннің жаңа тынысы

2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қорқыт ата мемориалды кешеніне көркемдік деңгейі жоғары, тарихи-мифологиялық мән-мазмұны терең, архитектуралық шешімі заманауи талаптарға сай соңғы үлгіде жасалған берік құрылыс материалдарынан қайта жаңғырту жұмыстары (реконструкция) жүргізілді. Кешеннің аумағы ұлғайтылып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жасалған. Мұндағы ғимараттар қазіргі заман талабына сай үлкейтілген. Кешендегі басты ескерткіш – қобыз 8 метрден 12,1 метрге биіктеді. Кешенде жаңадан әкімшілік ғимараты салынып, қызметкерлер қатары да артқан. Бұл Қорқыт ата кешенінің бүгінгі архитектуралық кесенесін әлемге таныту, оны дүниежүзілік туристік орталыққа айналдыра отырып, әлемнің әр түкпірінен Сыр еліне келген қонақтарға Түркі өркениетін кеңінен насихаттау үшін жасалған өзгерістер болатын.

Олжас Бегалиев, Қорқыт ата мемориалды музейінің ғылыми қызметкері:
– Кешен аумағында орнатылған қобыз ескерткіші төрт элементтен тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін көрсетеді. Оның түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылған тәрізді Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған.
Кешендегі ерекше ескерткіштің бірі – қошқар мүсіні. Қошқар ежелгі арии мен қазақ мифологиясында Көктәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символ болып саналады. Сондықтан мүсін қошқар бейнесі мен сақ грифінің – гриф басы, арқасындағы қанаты, аяғы сфинкске ұқсас жиынтығы күрделі сипаттамадан тұрады.
Ал кешендегі амфитеатр көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған. Ол түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалайтын орын. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек алаң бар. Көрермендерге арналған орындар тұйық шеңберленіп келіп, сатылап көтеріле береді. Бүкіл түркі тілдес елдер арасында өтетін «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты өнер фестивалі дәстүрлі түрде екі жылда бір рет кешеннің амфитеатрында өтеді.

 «ЕХРО-2017» көрмесі – Қорқыт ата жерінде 

Бүкіл түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт атаның мемориалды кешені тек қазақстандықтардың ғана емес, шетел азаматтарының да қызығушылығын туғызған қасиетті орын. Әсіресе, қайта жаңғырту жұмыстарынан соң тарихи-мәдени мұраны көруге келетін шетел азаматтары толассыз көрінеді.

Олжас Бегалиев, Қорқыт ата мемориалды музейінің ғылыми қызметкері:
– Туристердің көпшілігі Германия, АҚШ, Қытай, Түркия, Франция елдерінен келеді. Соған сәйкес Қорқыт ата мемориалды музейінде шетел тілін білетін мамандар жұмыс істейді. Қайта жаңғыртуға дейін кешенге келушілер саны 12-13 мыңға жуық болса, 2014 жылдан бастап 20 мыңға дейін жетіп отыр. Қорқыт ата кесенесіне зиярат етушілер күннің ыстық-суығына қарамайды. Қасиетті мекен ешқашан меймансыз болмаған. Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы ашылғаннан кейін көлікпен келушілер саны артты. Мұнда күніне шамамен 20-30 көлік аялдайды. Сонымен қатар, Қорқыт ата кешені «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне келетін меймандар аялдайтын нысандардың қатарына енді. Қорқыт ата жерұйық деп танып, мәңгілік тыныс тапқан мекен жер шарының әр аймағынан  келетін қонақтарды қарсы алуға әзір. «ЕХРО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне орай облыстың қолөнер шеберлерімен бірлесе отырып, арнайы кәдесыйлар дайындалу үстінде. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында музей қорында сақталған этнографиялық экспонаттардан көрме ұйымдастырылады. Сонымен қатар, кешен жанынан этноауыл құрылмақ.

Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атаның  мұрасы – баға жетпес рухани қазына. Сыр бойында өмір сүрген ежелгі Оғыз тайпаларының ұзаны (жырау), «Кітаби дәдем Қорқыт» эпопеясын тудырған үлкен эпос орындаушысы Қорқыт атаның асқақ кесенесі қасиетті мекеннің кереметін осылайша әлемге паш етпек.

ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛЫ –ТҮРКІ ДҮНИЕСІ ТӘУ ЕТЕР КЕШЕН
Сырдың бойы сыр тұнған тарихи орындар мен ескерткіштерге бай. Солардың ішінде түркілердің бәріне ортақ тарихи тұлға, кемеңгер ойшыл, ғажайып музыкант Қорқыт бабаның құрметіне қойылған ескерткіштің бітімі бөлек, тағылымы зор дер едік. Әйгілі орыс ғалымы В.Жирмунскийдің «Сырдария бойында Қорқытта қадірлеудің мың жылдық өнегесі бар» деген пікірінде үлкен шындық бар. Өйткені, бұл Қорқыт атаның кіндік қаны тамған жер, Оғыз мемлекетінің астанасы Жанкентте дүниеге келген данагөй бабаның өмірге шыр етіп келген, ғұмыр кешіп, көз жұмған жері. Бабаның аңызы мен рухани-музыкалық мол мұрасы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен жер де – осы Сыр өңірі.
Осы киелі өлкеде туғандықтан ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын кезген Қорқыт ата туралы аңыз-әңгімелерді жасымыздан құлаққа құйып өстік. Айтсаң аңыз да көп, әпсана да жетерлік. Оғыз заманындағы бағзыдағы бабалар ерлігі, батылдығы, даналығы, көрегендігі бүгінде аңыздан аңызға, жырдан  дастанға, күйден күй жырына ауысып жетті. Ұлы жолдың бойындағы зәулім ескерткіш маған сол бабалар ерлігі мен кемеңгерлігін паш етіп тұрғандай көрінеді. Желмаясының жабуын Сырдың суына төсеп, сол кілемнің үстіне отырып алып зарлы күй тартып отырған ұлы күйші елес береді. Жалпы, адамзатқа өлмейтін өмір, жұмақ іздеп жер-көкті шарлаған Қорқыт бабаның тәңірмен тілдесу үшін «Жеркіндік»  ретінде осы топырақты таңдағаны да тегін болмаса керек.
Марқұм Ә.Қодардың пікірінше, Қорқыт Сырдария толқынының үстіне кілем төсеп, уақытты тоқтату үшін қобызын тартады. Демек, қобыздың магиалық аспап (инструмент) болғаны. Ары қарай белгілі мәдениеттанушы ойын былайша өрнектейді: «Ажалды музыкалық аспап арқылы жеңу ғажап аңыз! Бұл бізді қола дәуіріне еріксіз жетелеп апарады. Ол кезде ғұрып орындау құдайға сенуден де күштірек еді,» – деп жазады. Автордың ойынша, Қоқыт туралы мифтің типологиясына терең үңілу, айқындау үшін оны ирандық Йимамен, сондай-ақ египеттік  Гор туралы аңызбен (легенда о Горе) салыстыру қажет. (Қытайларда Ши Хуань Ди, үнділерде Яма, ирандықтарда – Йима, ал қазақтарда – Қорқыт). Бұл бізге Қорқыт туралы мифтің тамыры тым әріде, өте ескі  дәуірлерден бастау алатынын ұғындырады.
Енді өткен күннен бүгінгі күннің бедеріне оралайық. Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінен 18 шақырым жерде, Қорқыт бекетінің түбіндегі биік төбеге орналасқан кешен міне, отыз жылдан астам уақыттан бері қалың жұрт қастерлеп, тәу етер киелі орын, рухани дүниеміздің алтын діңгегі ретінде елге қызмет етіп келеді.
Кешегі «қызыл империяның» дәуірлеп тұрған шағында өткенімізді жадымыздан өшіруге тырысқан кеңестің кесір саясатынан қаймықпай кешенді салуға ұйытқы болған белгілі қоғам қайраткері Елеу Көшербаев еді. Ұлтжанды азаматтың ата-баба, ұрпақ алдындағы парызын өтеп, бас сәулетші Бек Ибараевпен бірлесіп кездескен түрлі кедергілерге қарамастан кешеннің құрылысын аяқтап шығуы, осылайша ғажайып ескерткішті кейінгі буынға аманаттап қалдыруы  шындығында үлкен ерлік еді. Бұны бұрынғы бабалар ерлігінің, кешегі кемеңгерліктің жалғасы деп қабылдасақ жарасар еді. Түркі халықтарының түгеліне аңыз болған Қорқыт ата ескерткішін дархан даламызға кімнің салдырғанын кейінгі ұрпақ аңыз етеді әлі.
Тәуелсіздік алған алғашқы уақыттан бастап Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдардамасының аясында көптеген ауқымды жұмыстар қолға алынды. Елімізде қаншама өнер жәдігерлері қалпына келтіріліп, түгелденді. Сыр бойындағы ескі шаһарларға археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері есепке алынып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Сондай қолға алынған кешенді шаралардың бірі – Қорқыт ата кешенін қайта жаңғырту жобасы болды. Ескерткіш жаңғыртудан өткелі мұнда тәу етіп келушілер қатары еселеп артты. Қайта жаңғыртудан соң ескерткіштің биіктігі 12 метрге, ал ескерткіш тұрған жердің өзі (тұғыры) 2,5 метрге биіктеді. Бұған қоса, амфитеатрды жағалай бауырлас түркі елдерінің туы немесе ұлттық символдары орналастырылды. Оған екі жылда бір мәрте өткізілетін «Қорқыт және ұлы дала сазы» өнер  фестивалі кезінде тутұғыр орнатылды. Бұрынғы ескі темір бетон матриалдарды мрамор мен ұлутас тастары ауыстырды. Ал, «Бастыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолынан арғы бетіндегі «Қорқыт ата зиярат ету орталығынан» осы ескерткіш кешенге дейінгі, онан «Ақсақ қыз» кесенесіне дейінгі аралыққа жүргіншілер жолы салынып, жарықтандырылып, аумақ түгел абаттандырылды.
Бастысы, аталған кешен  «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесінің нысандарының бірі ретінде танылып, сан мыңдаған туристер келді. Бүгінгі таңда мемориалдық кешенді ЮНЕСКО-ның  Дүниежүзілік  Мәдени және табиғи мұра тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, алдағы уақытта «Қорқыт ата» кешені басында түбі бір, тілі бір туыстас халықтардың халықаралық іс-шараларын өткізуді дәстүрге айналдыратын боламыз. Өйткені, түркі мәдениетінің негізі  Елбасының өзі «Алаштың анасы» атаған осы қасиетті өлкеде қаланды. Сыр елін түркі жұртының ортақ отаны десек, мұндағы «Қорқыт ата» құрметіне қойылған мемориалды кешен күллі түркі әлемінің тәу етер орталығы атануға әбден лайық орын.
    Дәуіржан ЕЛУБАЕВ,
    «Кызылорда-ньюс»

Қорқыт Ата кесенесіне келуші шетелдік туристтердің саны артты

Елімізде туризм қаншалықты дамыған? Тарихи орындар мен қасиетті жерлерге туристтердің қызығушылығы қандай?

·

·

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне Қорқыт Ата мемориалды музейінің ғылыми қызметкері Әлиев Мағауия мырза сұхбат берді.

– Қорқыт Баба кесенесіне адамдар қандай мақсатпен келеді? Киелі мекен ретінде Бабаның басына түнеушілер де бола ма? 

– Адамның наным-сеніміне байланысты. Құран бағыштап, мал сойып, бабаның басында түнейтіндер де бар. Бұл жерде Ақсақ қыздың да бейіті бар. Дарияның төмен жағында Қорқыт Бабаның жерленген жеріне түнейтіндер де жетерлік. Қонақ үй жоқ кезде сол жерде ескі үйге түнейтін. Бала көтермей жүргендер, қандай да бір ауру-сырқаудан арылу мақсатында, жолын ашу себептерімен келушілер де жетерлік.

Жәй ғана турист ретінде келіп, қызықтап, тамашалап, суретке түсіп кететіндер де бар.

aikyn.kz

– Қаншалықты жағдай жасалған? Сол жерде қонақ үйлер бар ма? Шет ел азаматтарына арнайы қызмет көрсететін аудармашылар бар ма?

– Қонақ үй бар. Ол жекеменшік болғандықтан, оны дамытып сервисті одан ары жаңарта түсуде. Келушілерге жағдай жасалған.

Біз негізі 3 тілде аударма жұмысын жасаймыз (қазақ. орыс, ағылшынтілдерінде). Әлемнің барлық елінен келушілер бар деп толықтай айта аламын. Кейбір кезде туристер өз аудармашыларымен де келіп жатады. Менің жұмсым Бабаның тарихын толыққанды баяндап беру.

– Алдағы уақытқа жоспарларыңыз бар ма? Өзгерістер енгізіле ме? Жылына келетін туристтер саны қанша? 

– 2014 жылдан бері жаңару жұмыстары жүргізілгеннен бері келушілер саны едәуір өсті. Ал, 2017 жылғы ЭКСПО кезінде туристтер саны өте көп болды.

Келушілер саны жылына 10-12 мың адам болса, соның ішінде 2000-ға жуығы шетелден келген туристтер.

Қорқыт ата мұрасы 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді.

«Ұлы Даланың 7 қыры» деген бастамамен этно-ауыл деп осы Қорқыт Бабаға музей ашсақ деген ұсынысым бар. Ол жерге қымыз, шұбат, құрт-ірімшікті, түрлі қазақи нақыштағы дүниелерді қойсақ, қызығушылар саны артатынына сенімім мол. Уақыт өте мұны да қолға аламыз деген ойдамын!

Қорқыт Ата туралы аңыз

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы,күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан.

Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.

Байқоңырға бағыт алғандар қазірдің өзінде жол бойындағы Қорқыт ата ескерткішіне соқпай өтпейді. Ал, алыстан ағарып бірден көзге түсетін кесененің табалдырығынан аттасаң болғаны, аты аңызға айналған абыз, қобызшының өміріне қатысты тарихқа тұнып тұр. Кіре берісте орналасқан мына жәдігерлерге әсіресе шетелдіктердің қызығушылығы ерекше екен.  Михаил Черный, турист:  – Қазақ халқының өз тарихын осылайша қорғап, қастерлеп, қолдауғанын көріп қуанып тұрмыз. Біз Красноярдан келіп, Қорқыт ата басына арнайы бас сұқтық. Әсіресе, қобыздың үні адамға ерекше әсер етті.   Қорқыт ескерткіші күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиратқа айналған. Мәселен, келушілер пирамида үлгісінде салынған мына тілеуханаға ерекше көңіл аударады. Жұрт нысанды үш рет айналып келген соң, ортасына тұрып арманыңды айтсаң, орындалады деп сенеді. – Ал, мынау осыдан 34 жыл бұрын Қорқыт атаның құрметіне салынған ескерткіш. Құрамында қырық түрлі метал бар тас қобыздан жел соққанда үнемі дыбыс шығып тұрады екен. Қорқыт ата кесенесіндегі бүкіл нысан қобызбен байланысты. Тіпті оның жақын маңда орналасқан мазарында да желге үн қосатын қобыз қойылған. Ал, ЭКСПО қарсаңында келетін қонақтарға арналған мешіт, мейрамхана мен зәулім қонақ үй кесенеге қарама-қарсы салынған.  Дәурен Ержанов, Қорқыт ата мұражайының қызметкері: – Келетін қонақтарға арналған қонақ үйі, тамақ ішетін столовая, дүкен барлық жағдай жасалған.  Австриядан келіп жатыр, Санкт-Петербургтен, Москвадан, Германиядан келіп жатыр. Байқоңыр айлағындағы мұражайда да туристерге мақтанышпен көрсетерлік дүние жетерлік. Адам баласы алғаш рет ғарышқа аттанған қазақ жерінде Гагарин тұрған үй, «Боран» ғарыш кемесі сол күйде сақталған. Ал, мұражайдағы әрбір экспонат ғарышкерлер өмірінен сыр шертеді. Міне, ғарышкерлердің жеке заты, қолтаңбасы қалған плакат, фото-суреттері.

Ол барша қауым тағзым етер киелі орын

Көргендерім мен түйгендерім

Бұл күндері Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентіне 18 шақырым жерде Қорқыт станциясына жақын табиғи төбе үстінде орналасқан Қорқыт ата кешені түркі тілдес елдердің тағзым ететін қасиеттің орыны және күрделі сәулетті өнер туындысы ретінде ерекше бағаланады.

Біз жуырда осы өңірге жолымыз түсіп, аталмыш мемориалды кешенде болдық. Оның жанында мұражайы да бар. Осындағы ғылыми қызметкер, қазақ азаматы өзімізге киелі орын жайлы жан-жақты әңгімелеп берді.

Онымен бірге жоғарыға көтеріліп, біраз жайларға қанықтық. Ол алыстан ерекше көрінеді екен. Әрине, көп естігеннен, бір рет көрген артық дегеннің растығына осы жолы да көзіміз әбден жетті.

Әрине, бұрында жоғарыда баяндалған мемориалдық кешен жайлы талай оқып, түйсінген едік. Оның кезінде қалыптасуы мен қазіргідей қалың жұртшылықтың назарына ілінуіне айрықша үлес қосқан бауырларымыздың да аты-жөнін білеміз.

Жалпы, Қорқыт ата жайлы сөз болғанда ата-бабамыздан келе жатқан аспабымыз қобыз да еріксіз еске түседі. Осы арада сөзіміз жалаң болмас үшін әрі оқырмандарға түсінікті болу үшін бәрін де рет- ретімен айтып өткеніміз жөн болар.

Ең алдымен қобыз жайына тоқталып өтелік. Жалпы, қобыз қазақ халқының көнеден қалған музыкалық аспабы. Ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі болып табылады.

Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны да ғылыми тұрғыда әбден дәлелденген. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне сүйенсек, ғасырлар сырына жетелейтін қоңыр үнді киелі аспапты 18-19 ғасырларда Қорқыт атамыз жасаған деген пікір де бар.

Мәселен, қобыз туралы аңызға тоқталатын болсақ, оның жасалу жөнінде де аңыз да жоқ емес. Онда: Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрін де ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.

Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады.

Күндер осылай өте береді. Атамыз бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетеді де түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол бұған: «Қорқыт, жасаған қобызың алты жасар Нар атаңның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шынақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бетті айғырдың құйрығынан тартылған қыл шек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» деген кеңес береді.

Сол кезде Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.

Қарағайдың түбінен,
Қайырып алған, қобызым.
Үйеңкенің түбінен,
Үйіріп алған қобызым.
Желмаяның терісін,
Шанақ қылған, қобызым.
Ортекеңің мүйізін,
Тиек қылған, қобызым.
Бесті айғырдың құйрығын,
Ішек қылған, қобызым.
Құлағыңды бұрайын,
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын –

деп киелі қобызды қолына алған шақта әлгі аспап боздап қоя берген көрінеді.

Сол уақытта қобызын бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң-бәрі тоқтай қалып құлақ түре тыңдапты. Бұл мысалдар М.Жарқынбаевтың «Өнер» баспасынан шыққан «Қорқыт» деп аталатын еңбегінде айтылған.
Сонымен қатар Қорқыттан кейін өмір кешкен, аты әйгілі киелі бақсылардың бірі Қойлыбай туралы да қандастарымыздың арасында кеңінен тараған аңыздар жеткілікті.

Қорқыт ата жайлы не білеміз?

Жалпы, өзіміз бірқатар танымдық мақалаларды оқу бырысында түйгенімізді оқырмандармен бөліскенді жөн көрдік. Негізінде Қорқыт ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы ретінде белгілі.
Оның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әртүрлі болжамдар да баршылық. Негізінде ол өмірде ізі, артында әдеби музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде көпке мәлім.

Осы арада зерттеушілердің басым көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген Оғыз-Қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырым да бізге мәлім.

Кейбір зерттеулерде ол жөнінде жан-жақты мәліметтер беріледі. Оны әрине, қалың жұртшылық білетіндіктен жете тоқталып отырған жоқпыз.

Мысалы, Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғандығын Ә. Диваев және басқа да ізденімпаз ғалымдар өз туындыларында баяндайды.

Ал бізге есімі жақсы таныс көрнекті ғалым Ә. Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткендігі айтылса, Ә.Марғұланның шығармаларында Қорқыт ата 7-8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікірлер бар.

Ал ұлтымыздың философиясы тарихында Қорқыт ата ел бірлігін нағайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гумманист ретінде баяндалады.

Ол жайлы мақалаларды оқу барысында түйгенім, атамыздың бойындағы үш түрлі өнері ерекше айтылады. Алдымен ол Оғыз-Қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы.

Екіншіден, күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз ретінде сөз болады. Үшіншіден, әйгілі жырау, оның жырлары Оғыз – Қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра ретінде сөз етіледі.

Мысалы, түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның тууына байланысты сыр шертеді. Қорқыт ата түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлердің асқан атасы болып мысалға алынады.

Ол жайлы аңыздар жеткілікті екендігін жоғарыда тілге тиек еттік. Мәселен, бабамыздың Қорқыт деп аталуына байланысты қысқаша сөз етелік. Сол аңыздарға сүйенетін болсақ, Қорқыт атамызды анасы құрсағында үш жыл бойы көтерген. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен.

Бабамыз дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басыпты. Сөйтіп, сұрапыл қара дауыл соғып ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген көрінеді. Дәл осы табиғат құбылысына байланысты баланың атын Қорқыт деп қойған деседі.

Қорқыт сөзінің этимологиясын аты-жөні қазақ еліне кеңінен белгілі Ә.Қоңыратбаев, «Құтты адам, құт әкелетін адам» деп көрсетеді. Басқа да ол жайлы жарияланған ғылыми зерттеу еңбектер жоқ емес.

Кейбір аңыздарда Қорқыт ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетіпті. Бірақ ол бұрынғы түсті тағы да көреді.

Сол себептен таң атысымен жолға шығады. Не істерін білмей жердің ортасынан бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс болып шығады.

Осы Қорқыт ата жайлы жазылған еңбектер осы кезге дейін де аз болмаған. Оның бәрін талдап, бүге-шігесіне дейін жазу үшін қаншама кітаптарға арқау болары да айдан анық.

Кейінгі ұрпақ біліп жүрсін, ол жайлы «Қорқыт ата» деп аталатын энциклопедия да бар. Мұны кезінде Алматыдағы «Қазақ энциклопекдиясы» басып шығарған.

Еңбек бес бөлімнен тұрады. Оған негізінен Қорқыт ата туралы ел аузында сақталған аңыздар мен күйлер, әфсаналар, ата мұрасын зерттеу, әулиенің әдебиет пен өнердегі бейнесі мәселелеріне арналған отандық және шет елдік ғалымдарының мақалалары топтастырылған.

Аталмыш зерттеу дүниелерінде Қорқыт атаның әлем тарихы мен философиясындағы орны, оның ұлы мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік түрлі айшықтары, тарихи белгілер мен жәдігерлік деректер хақында жан-жақты мағлұматтар енгізіліп, талдау жасалыпты.

Атамыздың күйлері де кейінгі ұрпаққа аманат. Бұл орайда қобыздық күйлер болып келетін «Қорқыт», «Желмая», «Тарғыл тана», «Елім-ай», «Ұшардың ұлуы» деп аталатын күйлері бар екендігін атап өткеніміз жөн.

Әрине, ол туралы таратыңқырап баяндауға болады. Дегенмен де оны оқырмандардың өзіне қалдырдық. Өйткені, әрбір күйдің шығу тарихы, мән-маңызы бар.

Меніңше, Қорқыт атаның кітабы да ерекше тағылымы мол дүние. Ол қаһармандық эпос үлгісі, Оғыз-Қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы болып табылады.

Ғылымда оның он екі нұсқасы бар. Оны әрбір ұлтжанды, өзін өткен тарихы мен рухани дүниесіне қызыққан азамат іздеп тауып, жандүниесін байытса нұр үстіне нұр болар еді.

Енді әңгімеміздің басында айтылған Қорқыт ата мемориалдық кешеніне тағы да тоқталалық. Қорқыт ата ескерткіші біздің пайымдауымызша және кейбір дерек көздеріне қарағанда, сәулет өнерінің айрықша өнегесі екендігі ақиқат.

Оның авторлары Б.Ыбыраев және С.Исатаев. Қорқыт ата ескерткіші яғни кешеннің құрылысы 1980 жылы басталды. 2014 жылы Қорқыт ата кешеніне қайта жаңғыру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде кешеннің маңызды нысандары музей, қылует, амфитеатр, қошқар мүсіні қайтадан жаңартылды.

Біз музейдің ішіне де кіріп көрдік. Онда Қорқыт атаның мүсіні және басқа да экспонаттар қойылған. Бұл бассұққан кез-келген жанның дүниетанымы мен білім көкжиегін кеңейте түсетіндігі даусыз.

Қорқыт ата ескерткіші Қордай гранитінен жасалыпты. Оның биіктігі 12,1 метр. Төрт тік стеладан тұрады. Әрбір стелла әр тарапқа қаратылып тұрғызылған құлпы тастарға ұқсайды. Жоғарғы жағы кеңейе келіп, шөміш пішіненде түйісетін стеллалалар қобыз бейнесін меңзейді.

Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түртік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады екен. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз да қойылыпты.

Ол жайлы зерттеулер жөнінде осы танымдық дүниемізде арқау еттік. Мәселен, В.Жирмунский Қорқыт атаны магиялық аспап қобыздың иесі, абыз ретінде қарастырған.

Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш ол – «Қорқыт ата» кітабы. Онда қасиетті атамыз жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде жан-жақты көрініс табады.

Мұндай киелі жерлер халық үшін аса қажет. Сондықтан да болар, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен осыдан 4 жыл бұрын Қорқыт ата мемориалдық кешеніне көркемдік деңгейі жоғары, тарихи мифологиялық мән мазмұны терең архитектуралық шешімі заманауи талаптарға сай соңғы үлгіде жасалған берік құрылыс материалдарымен қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды.

Кешеннің аумағы да үлкейтіліпті. Онда аса қажетті көгалдандыру, абаттандыру секілді жұмыстар да жүзеге асырылған. Жалпы, бұл халықтың игілігіне айналған ұлағатты істі қазіргі облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың әкесі бастаса, ол кейін осы өңір басшысының тікелей ұйытқы болуымен одан әрі көркейтіліп, қазақ халқының үлкен алғысына бөленіп отыр.

Оразалы ЖАҚСАНОВ

Количество просмотров: 1 239

Қорқыт ата өнегесі

Бұл мақалада Қорқыт атаның өз ұрпағына айтқан өнеге, тағылымдары жайлы сөз етілмек. Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Қорқыт мұраларының ақыл-нақылға құралған шешендік нақыл сөздерінің аз кездеспейтінін байқауға болады. Нақыл сөздерінде ырғақ, ұйқасқа құралған мазмұны терең ұшқыр да ұтымды ой анық аңғарылып, бүгінгі күнде де өз тәрбиелік мәнін жоғалтпаған. Қорқыт мұрасы ертеңгі зиялы азамат ретінде елінің шын патриоты болып өсуімізге ықпалы зор, сондықтан Қорқыт атаның нақыл сөздерін әр жастағы адам өзінше оқып, өзіне керегін алып, өмірлік тәжірибеде қолдануы қажет. Осы болмысымыз бен дүниетанымызды келер ұрпақтарымыз да мәңгілікке жалғастырып, адамзат өркениетінің тарихында лайықты орнымызды иелену үшін біз Қорқыт Ата мұрасын зейін қоя оқып, өзімізден кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге етуіміз қажет. Қорқыт Ата тағылымын қайта жаңғыртып, оларды өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіндегі маңызды құрал ретінде қарастыру – заман талабы мен қоғамның қажеттілігінен туындап отырған құбылыс екендігін сезіне отырып, Қорқыт Ата өсиеттерін өскелең ұрпақтың тәрбиесінде пайдаланудың тиімді жолдарын онан әрі қарастырған жөн.

Кіріспе

VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, ақын, әрі сазгер, күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестірген еді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. «Кімге қазып жатсыздар?» деген сұрауына «Қорқыттың көрі» деген жауап алады. Содан кейін өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де, бүкіл әлем ұқтырған болатын. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де Қорқыт ата шығармаларын «Қорқыт Ата кітабы» деп атайды. Себебі, Қорқыт ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атап шығарған көрінеді. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. «Қорқыт Ата кітабы» – бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдықтанымдық ойлар, өсиет сөздер жиілеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан да болар халық оны : «Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт Ата, бата алған барлық ақын асқан ата, таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда» – деп тегін жырламаған. Қандай да қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған екен. (Aidosov, 1997: 68-69)

Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналықтолғаныстарыментұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады. Қорқыт ата дан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек:

«Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады». «Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға Тәңірі бақ-береке бермейді». «Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, мүмкін ол тәрбиеленген адамға көрдім-білдім деген де сөз айтпас». «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Он дай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды». «Ананың көңілі балада болар».

«Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ». Қорқыт Ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: «Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп, түседі», «Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы», «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық». Шығармадағы оқиғаларды баяндай желісі Ә. Фирдоусидің «Шахнамасына» үлгі болған еді. Шығарма Шығыс елдеріне кеңінен тараған. Ол – барша түркі халықтарына ортақ күйінде сақталған. Көшірмесін алдымен түріктер, кейін біз қазақ тіліне аударған болатынбыз. Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мән берген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді. «Сало қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны» жырында ұрпақтар сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді:

Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес, Арналы өзендер қартайса, су келмес, Биелер қартайса, құлын бермес,

Ей, кәпір әйел қартайса, ұл бермес.

Баланың өмірге келуін салтанатты түрде атап өтуі және адамзаттың әлемнің бөлшегі ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық көзқарастары тұжырымдалады. Осы жерден көне Рим философы Цицеронның да: «Бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес». Бұл байланыс жойылса, ортақ тіршілікте тұтасып жатқандығын байқау қиын емес. Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер «Адамзат өмірінің мәні неде?» деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған. (Aidosov, 1997: 70)

Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік-тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата-салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өзекті болды. Қорқыт Атаны қазақ және жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға бола ды. Қорқыт Ата дана-ақылшы ретінде оның тағылымдық көзқарастары ең алдымен даналық тұжырымдар арқылы берілетін өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады. Әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңес пен бата сы, тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқалады. Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата-салтын ардақтау, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбие, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен қатар жырларында да жақсы сөз етіледі. «Қыз анадан кқрмейінше өнеге алмас», «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес», «Ұлдың күні қараң, ата өлік мал қалмаса», «Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса». Барша түркі халықтарына ортақ Қорқыт Ата мұрасына бүгінгі ХХІ ғасырда өмір сүретін ұрпақ ерекше мән беріп, ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінде кеңінен пайдаланылып келеді. Қазір Тәуелсіз егеменде Қазақстанда Қорқыт Атаның философиялық, педагогикалық, психологиялық ой-толғаныстары туралы ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынып, кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, монографиялық еңбектер жарық көріп жатыр. Қорқыт Ата мұраларының Қазақстанның тарихы мен мәдениетінде алатын орны зор. Қорқыт өткен замандағы тарихи құндылықтардың мәнін жоғалтпай сақтай білу, ұлттық тарихымыз ды жаңаша зерделеу, ұлттық сана мен рухани дүниені кеңейту – ХХІ ғасыр ұрпағының парызы. (Aidosov, 1997: 71-73)

Қорқыт ата өзінің халқына тағы мынандай өсиет айтқан:»Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық. Ат жемейтін ащы шөптің гүлденіп өспегені жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүние де отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүрген де аз». Ежелгі жау ел болмас, ескі мақта жіп болмас, қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы. Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды», т.б. (Zirmuskiy, 1999: 487)

Өмірдің басты-басты оқиғаларын философиялық тұрғыдан ой елегінен өткізіп, оны терең түсініп, адам психологиясын ашып көрсету Қорқыттың басты міндеті саналды. Осы Адам деген ұлы тұлғаның табиғатын, тағдырын, мінезқұлқының нәзік иірімдерін шығармашылыққа арқау еткен талантты ойшылдарымыздың бірі

– Қорқыт Баба еді. «Атаның атын былғаған жетесіз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырылдап тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», – дейтін ұлы бабаның нақылөсиет сөздерінде өткен заман кескіні, үйтұрмыс жағдайы, ата-ана, ұл мен қыз, күйеу бала, табиғат көрінісі, хайуанаттар тіршілігінен түсінік беріп, өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында оптимистік сарын бар. Ұлы баба арманы, мұраты адамзатқа жер бетіндегі өмірдің мәнін ұғындыру, адамдар жүрегіне қайсар рух пен кемел ізгіліктің дәнін себу арқылы асыл қасиеттерді дарыту. (Bartol’d, 1999: 358)

Эксперимент

Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде таныту үшін оқушылар, студенттер, оқытушылар және маман емес адамдар арасында эксперимент жүргізілген болатын.

Информанттардың жалпы саны ─ 40, олардың 27-і, Қорқыт Ата жайлы білетін болса, ал он үші бейхабар болып шықты.

Информанттардың жас мөлшері – 15 жас пен 52 жас аралығы.

Эксперимент жүргізілген уақыт: 2017 – 2018 жылдар аралығы.

Эксперимент материалдары ─ қазақ тілінде жарық көрген кітап, брошюлалар.

Эксперимент мақсаты – Қорқыт Атаның халық арасында атын кеңге жаю арқылы, оның айтқан ақыл-кеңестерін пайдалана отырып, дұрыс тәрбие түрлерін ұсыну. Сонымен қатар, Қорқыт мұрасының қаншалықты меңгерілуде екеі білу.

Эксперимент тапсырмалары бірнеше бағытта жүргізілді:

  1. Мұрағаттан аударылған Қорқыт шығармаларын беріп, информанттарға ол шығармалардың қай кезеңге тиесілі екенін анықтау;
  2. Бірнеше тағылым сөздерін еске түсіріп айту;
  3. Алғаш нақыл сөздерін зерттеушілерді атап беру.

Информанттарға 3 түрлі тапсырма берілді. Тапрсырманы бере отырып, жас мөлшеріне де мән берілген еді. Әрбір жеке тұлғаның білім сатысы да ескерілген болатын.

Эксперимент қорытындысы бойынша, Қорқыт Ата жайлы білетін адамдардың көбісі оның тағылым сөздерін білетін болып шықты, Яғни қазақ арасында кеңінен таралып, айтылып жүрген нақыл, өнеге. Кейбір информанттар жауап беруге қиналып жатты.

Нәтиже мен талқы

Сонымен, эксперимент нәтижелерін зерделей келе мынадай қорытындыға келдік:

  1. Информанттар түркітектес халықтардың арасындағы кең тараған бабасы жайлы біраз мәлімет білетіндігіне;
  2. Қорқыттың нақыл сөздерін өз өмірлерінде жиі қолданса да, авторынан бейхабар екендігіне;

Эксперимент нәтижелерін талдай отырып, әлі де болса, халық арасына Қорқыт тағылымының таралуына ат салысу керектігіне көз жеткіздік.

Қорытынды

Бабамыздың бала кезінен бастап ел ішінде өзгелерден дараланып, ерекшелігімен ержеткен азамат екендігіне көз жеткіземіз. Сондықтан да болар жастайынан сан қырлы өнерді меңгерді. Қорқыт жайлы әңгіме басталса, «қобыз» сөзі құлақ түбіне келері сөзсіз. Сонымен қатар, Қорқыт атамыз ел ішінде дауды шешкен ақылгөй дана болғаны мәлім. Ердің дауын екі ауыз сөзбен шешкен бабаларымыз сөз қадірін түсінген. Қорқыт ата мұрасы ертеңгі зиялы азамат ретінде елінің шын патриоты болып өсуімізге ықпалы зор, сондықтан Қорқыт атаның нақыл сөздерін әр жастағы адам өзінше оқиды, өзіне керегін алып, өмірлік тәжірибеде қолданады. Аталы сөзді бағалай білген елдің оған бағынбай кеткен тұсы болмаған. Осы тұрғыдан алып қарасақ та, Қорқыт бабамыздың мұраларында ұлтқа пайдасы тиер маңызды мәліметтердің көп екенін аңғаруға болады. Оның әрбір қыры осы зерттеу барысында толық қамтылған. Қорқыт сөзі «құт» деген мағынаны білдіретіні жайлы кей деректерде сөз етіледі. Сондықтан да Қорқыттың әр айтқан тағылымы әрбірімізге «құтты» болмақ.

Ашық сабақ

Күні: 18.11

Сыныбы: 6 «в»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт

«Қорқыт ата кітабы», «Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,  өткен тақырыптарды қайталай отырып, ұлы ғұлама Қорқыттың өмірінен алған білімдерін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге баулу.

Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жырды меңгерту.

Дамытушылық: өз ойын жүйелі жеткізуге, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, « Қазақтың асыл мұрасына жататын ғұламаның өсиет сөздерімен таныстыру.

Тәрбиелік: өнерді сүюге, бағалай білуге баулу, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ойқозғау, баяндау, топтастыру, ұжымдық, жеке жұмыстар, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, күй тыңдау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: : интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар,  сабақ эпиграфына алынған сөз, Қорқыт ата портреті, Қорқыт ата кітабы, қобыз, компьютер құрылғылары.

Пәнаралық байланыс: музыка, сурет, информатика.

                        Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен сұхбат.

Психологиялық дайындық

Сабақтың басында оқушылар бір – біріне тілек айтады.

ІІ. Үй тапсырмасы

Балалар, біз өткен сабағымызда қай күйшінің өмірімен таныстық?

Түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл – кемеңгер, жырау, күйші, қобызшы Қорқыт атаның өмірімен таныстық.

  • Ендеше, балалар, Қорқыт ата жайлы не білеміз?

Оқушылардың жауабы

  • Үйге қаңдай тапсырма берілді?

Қорқыт неге мәңгілік өмірді іздеді? Мәңгілік өмір бар ма? Осы сұрақтарға эссе жазып келу және Қорқыт атаның суретін салу.

Қорқыт Ата 8-11 ғасырлар арасында өмір сүрген, өз өмірін ажалсыздықты іздеумен болды.Ол өзімен бірге жақсылық, қуаныш, қобызымен ойнағанда өз поэзиясының филоофиясын алып жүрді.Адамгершiлiк санаға әсер ете алатын оның сиқыршылық күшi туралы өшпестей аңыздар, бағалы философиялық кiтаптар – оның ажалсыздығы туралы куәлiк қағаз болып табылады.

Ол шек – ысқы музыканың негiз тұрған қобызды ойлап шығарды. Философ, ақын, музыкант, шипагер, мемлекеттiк қайраткер Қорқыт гуманизмның идеясы, адам және табиғаттың гармониялық қатар өмiр сүруiн идеяның жан сырын тыңдады. Оның келесi ұрпақтарына аңды жақсы көрiп сақтап, табиғаты бар гармонияда өмiр сүрiп, балаларға және немерелерге ойлауға мұраға қалдырды.Оның орындаған музыкасының дыбыстары, оған ғарыш, құдайшыл күштердi жiбердi.

Енді, балалар Қорқыт ата туралы жақсы сөздер айтып, өмірін айтып жатырсындар. Қорқыт атаның кесенесі туралы қай жерде, қалай орналасқаны туралы мәлімет алайық. 

Қорқыт Ата ескерткіші

Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде.  Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт Ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “Түйе табан” өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі болып саналады.

Қорқыт Ата мазары

Қорқыт Ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “Түркістан альбомы” жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 – 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған; қазіргі Қорқыт Ата ескерткіші.

ІІІ. Жаңа сабақ

Біз жоғарыда айтқандай «Қорқыт ата кітабы» он екі жырдан тұрады. Сол қорқыт атаның бірінші жыры « Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жырмен» танысамыз.

  1. Жыр туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларға оқулықтан жырды мәнерлеп оқытып, таныс емес қиын сөздермен жұмыс.
  1. Кестені толтыру «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»
Оқиға Оқушы жауабы
Баланың Бұқаш атануы Он беске толғанда сүзеген бұқамен айқасып, жеңеді.
 

Баланың өліміне себепші кімдер?

Айналасындағылар әкесіне Бұқашты жамандап, елдің жауы етіп көрсетіп, жалған жала жабады.
 

Бұқаштың қайта тірілуі

Анасы Бұқашты тауып алып, оның жарақатын емшегінің сүтімен жазып алады.
 

 

Әкесінің тұтқынға түсуі

Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған  әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады.
 

 

Әкесінің тұтқынға түсуі

Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған  әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады.
 

 

Жырдың тақырыбы, идеясы

Анаға деген түркіхалықтарының құрметі, ұрпаққа деген сүйіспеншілігі, ұрпақ жалғастыру  мәселесі,  ата – ана мен балалар арысындағы парыз. Ерлік жасау, ізгілік көрсету

4.Шығармашылық жұмыс. «Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы». Оқушылардың Қорқыт аталарына арнап шығарған өлеңдерін оқуы.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

А) Сөздікпен жұмыс

Б) Сұрақ – жауап

Енді балалар, бүгінгі сабағымыз туралы өткен сабақтан Қорқыт ата туралы не білдік, не білмедік? Осы сұрақтарға инсерт әдісі арқылы жауап берейік.

Ү. Инсертация

Оқушылар өз жауаптарын оқиды

Не білдім? Нені білгім келеді? Нені білмеймін?
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІ. Қорытындылау

Автор орындығы. Ортаға 1 оқушы Қорқыт ата болып, киініп шығады, оқушылар қойған сұраққа жауап береді.

ҮІІ. Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, атап бағалау.

ҮІІІ. Үй тапсырмасы

Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жырды оқып, мазмұнын айту. Осы жырды көз алдарыңызға елестетіп, үйден суретін салып  келіндер.

Сабақтың соңында осы 6 «в» сыныбының оқушысы Серікқалиева Қазына  қобыз аспабында күй ойнап береді.

ІХ. Қорқыттың «Қоңыр» күйін тыңдау

You May Also Like

Қарт адамдар неге кірпияз келеді. баяндама

Адамдар қартайғанда бала секілді мінез көрсететіні бар. Кінә іздегіш және кінө таққыш,…

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің типі мен көрсеткіштері

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің типі мен көрсеткіштері. Экономиканың кез келген түрінде ұлғаймалы ұдайы…

Ұзақ өмір сүрудің сырлары 

Ұзақ өмір сүрудің сырлары  № Қазақша Орысша Ағылшынша 1 Сәлем, Әйгерім! Мұнда…

Жеткізу бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты Кез-келген адам, кез-келген уақытта курьер болып жұмыс жасауы және тура…