1 дәріс Металлургиялық өндірістегі шикізатты кешенді қолданудың проблемалары

Дәрістің конспектісі:

Шикізатты кешенді пайдалану мәселесінің маңыздылығы оның елдің экономикасы және халық шаруашылығындағы техникалық прогресс үшін жан-жақты мәнділігімен түсіндіріледі. Түсті металлургия өнімдері өнеркәсіптің көптеген салаларында қолданылады. Бірақ электроника, радиотехника, машина жасау салаларының дамуы үшін өте қажетті сирек элементтердің бір түрі (гафний, рубидий( мүлдем минералдар түзбейді, ал басқалары (кадмий, селен, теллур, индий, рений, галлий, скандий, таллий, германий) минерал түзсе де олар өте шашыранды түрде кездеседі, оларды металлургиялық өндірісте тек аралық өнім ретінде ғана бөліп алуға болады.

Қазіргі кезде платина тобының металдарын, сирек, шашыранды және сирек жер металдарды тек кен шикізатын кешенді өңдеп алады. Түсті металлургияда қымбат компоненттерді жолай бөліп алу нәтижесінде алтын, күміс және елде өндірілетін барлық күкірт қышқылының төрттен бір бөлігінен көбі алынады. Шикізатты кешенді пайдалану қамтамасыз ететін технологиялық процестерді кеңінен енгізу жартылай өткізгіш және радиоэлектроника сияқты өнеркәсіп салаларының пайда болуына, өте қатты және ыстыққа төзімді материалдар өндірісінің дамуына әсер етеді.

Соңғы он жылдықта көптеген кенорындарандағы кендердегі металдардың мөлшерінің төмендегені байқалған. Түсті, сирек және қымбат металдардың өндірісін арттыру үшін тау-кен-геологиялық тұрғыдан неғұрлым күрделі шоғырларды өңдеуге; металдың мөлшері төмен қиын байытылатын кенді өңдеуге енгізу; металлургиялық өндірістің ұзақ сақтайтын үйіндісіндегі жартылай өнімдер мен қалдықтарды пайдалану; жаңа технологиялық процестерді жасап және енгізу, кеннің жер қойнауында және өндіру кезіндегі оның құнарсыздануы нәтижесінде жоғалуды төмендету үшін көптеген техникалық шаралар өткізу, кенді байыту және шоғырды металлургиялық өңдеу кезінде металды бөліп алуды жоғарылатуға тура келеді.

Түсті металлургия салаларында (мыс, никель, мырыш, қорғасын, титан және т.б.) қымбат компоненттерді аралық бөліп алу оларды технологиялық ай-налымның әртүрлі сатыларында процестің дұрыс жүруіне және негізгі металды керек тазалық дәрежесінде алуға кедергі келтіретін зиянды қоспалар ретінде бөліп алумен байланысты. Сондықтан жолай бөліп алу металдар мен олардың қоспаларының сапасын жоғарылату мәселесін тиімді шешуге көмектеседі.

Өндіріс үлкен масштабта болғанда шикізаттан қымбат компоненттерді жолай бөліп алудың экономикалық әсерілігі күрт жоғарылайды. Балқаш пен Өскемен комбинаттарының барлық тауарлық өнімінің жалпы көлемінің шамамен төрттен бір бөлігін құрайтын аралық өнімді пайдаға асыру, біріншісіне барлық алынатын пайданың үштен бірін, ал екіншісіне жартысынан көбін береді.

Кенді байыту және өндіру кезінде шикізатты кешенді пайдаланудың экономикалық әсерілігі біріншіден тау-кен жұмыстарына, кенді ұсақтауға және ұнтақтауға еңбек және материалдық ресурстардың шығынының азаюын қамтамасыз етеді. Байыту комбинаттарында негізгі өнімнен басқа, пиритті, баритті, магнетитті, силлиманитті және басқа да шоғырларды шығару арқылы қосымша пайда түседі. Металлургиялық зауыдтарда негізінен өнім бірлігене шикізаттың шығынының төмендеуі, жолай қымбат компоненттерді бөліп алу, шығатын газдарды іске асыру (күкірт ангидриді, фтор, хлор) және басқа шаралар есебінен экономияға қол жеткізеді. Мысалы, өндірісте 1 т күкірт қышқылын металлургиялық газдардан өндірудің өзіндік құны колчедан шикізаты мен табиғи күкірттен өндірумен салыстырғанда 1,5-2 есе төмен.

Негізгі өндіріспен салыстарғанда металлургиялық өндірістің қож (шлактарын), сүзінділерін (кек), шламдарын және басқа жартылай өнімдер мен қалдықтарды өңдеуді ұйымдастыру өте үлкен экономикалық әсерлі. Қазіргі кезде неғұрлым әсерге қорғасын-мырыш және қалайы өндірісінің қождарын өңдеу ие, мұнда қождарды өңдеу көлемі жылдан жылға үздіксіз артуда.

Шикізатты кешенді пайдалану дәрежесінің артуын қамтамасыз ететін жаңа техника мен қазіргі кездегі шаң ұстау және газ тазалау қондырғыларының объектілерін салуға жұмсалған капиталдық қаржы жаңа түсті металлургия өнеркәсібін салуға жұмсалған капиталдық қаржымен салыстырғанда 1,5-2 есе жылдам қайтарылатындығын есептеулер көрсетеді.

Шикізатты кешенді пайдалану мәселесінің үлкен социалдық мәні жер қойнауын қорғау және табиғи байлықты толығымен қолдану қажеттігімен және де қоршаған ортаны – ауа мен су бассейндері және жер беті қорғау туралы советтік заңының шарттарымен түсіндіріледі.

Жолай өндірілетін кендік емес қазбаларды, ашылған жыныс және тау-кен өндірісінің басқа қалдықтарын құрылыс мақсатында қолдану, тек қана кен өндірудің өзіндік құнын төмендетіп қоймайды сонымен қатар кенорнын пайдалану нәтижесінде бұзылған жер қыртысының (бетінің) қайта өңдеу бойынша сұрақтың жауабын жеңілдетеді.

Байыту және металлургиялық өнеркәсіптер зиянды тастандылар мен өндірістік ағындылармен ауа және су бассейндерін ластайтын көздердің бірі болып табылады. Металлургиялық газдардағы қымбат компоненттерді пайдаға асыру сонымен қатар оларды зиянды заттардан тазалауды қамтамасыз етеді және металлургиялық өнеркәсіптің жұмыс істеу аумағында ауа бассейнінің таза болуына себепші болады.

Түсті металлургияның металлургиялық зауыттары мен байыту фабрикаларында су тазалау қондырғыларын орнату және су айналымын енгізу тек қана өзен мен теңіздердің өндірістік ағындармен ластануына кедергі жасайды, сонымен қатар олардан қымбат элементтердің (алтын, молибден, вольфрам және т.б) бір бөлігін бөліп алуға мүмкіндік береді.

Шикізатты кешенді пайдалану өндірісін бағалау сәйкесінше шикізат ресурсын пайдалану деңгейінің көрсеткіші негізінде шикізатты кешенді пайдалану күйінің сандық бағалауды қамтамасыз ететіндей жүргізіледі. Шикізатты кешенді пайдалану деңгейі тек әрбір белгілі жағдайдағы шикізатты кешенді пайдалану нәтижесіне, сондай-ақ шикізаттың өзінің спецификациясына әсер ететін көрсеткіштер жүйесімен объективті түсіндіріледі. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізген немесе қол жеткізетін шикізатты рационалды пайдалану нәтижелері – бөліп алынатын компоненттер саны, қымбат компоненттерді бөліп алу дәрежесі және жоғалулар және т.б. жатады.

Шикізатты кешенді пайдалану деңгейінің көрсеткіштері түсті металлургияның салалары мен өнеркәсіптің өндірісітк атқарған жұмыстарын жобалағанда, есептегенде, бағалау және сұрыптаулар жасағанда қолданылады. Бұл көрсеткіштер екі негізгі шарттарға жауап беруі – шикізатты кешенді пайдалану дейгейін анықтау үшін нәтижелер сәйкес және толық болуын қамтамасыз етуі керек.

Шикізатты кешенді пайдалану деңгейі шикізаттың ерекшелігіне, қолданылатын технология мен жабдықтарға, мамандандыруға, өнеркәсіпті кооперациясына және қосарландыруына, шикізатты кешенді пайдалану өнімдеріне халық шаруашылығының сұранысы және басқада факторларға байланысты.

Шикізатты кешенді пайдалану деңгейін анықтайтын қажетті жағдай өңделетін шикізаттың әрбір түрі үшін қымбат компоненттердің тура ретін анықтау болып табылады. Бұл анықтау халық шаруашылығы әсері және нағыз шикізат көзінен әрбір қымбат компонентін бөліп алудың техникалық мүмкіндіктері көзқарасы тұрғысынан анықталған болуы керек.

Шикізатты кешенді пайдаланудың деңгейінің көрсеткіштері екі топқа бөлінеді – алғашқы және есептеулік. Алғашқы көрсеткіштер тобына жататындар:

а) шикізаттағы қымбат компоненттер (саны, реті, тоннасына пайыздың немесе грамм мөлшері, салмақ мөлшері);

б) қалдықтағы қымбат компоненттер (қалдықтардың салмақ мөлшері, әрбір қымбат компоненттің салмақ саны және мөлшері);

в) айналым өнімдердегі қымбат компоненттер (олардың мөлшері мен салмақтық саны);

г) қымбат компоненттердің «ескерілмеген» жоғалулары (қымбат компоненттердің «ескерілмеген» жоғалуларының салмақтық мөлшері.

Есептеулік көрсеткіштерге жататындар:

а) қымбат компоненттердің бөлініп алынуы (аттас және басқа өнімдерге әрбір қымбат компоненттің бөлініп шығуы);

б) қымбат компоненттердің жоғалулары (жоғалу түрлері мен көздері бойынша әрбір қымбат компоненттің жоғалулары);

в) шикізаттағы және тауарлы өнімдегі қымбат компоненттердің құнының үлесі (негізгі және қосымша компоненттердің жалпы құнға процент бойынша);

г) шикізатты кешенді пайдалану дәрежесі (тауарлы өнімге бөлініп шыққан қымбат компоненттер саны);

д) шикізатты пайдалану толықтығы (осы компоненттер бойынша шығарылатын және төленетін өнім түрлеріндегі қымбат компоненттерді бөліп алу);

е) шикізатты кешенді пайдаланудың шартты жинақтау коэффициенті (бөлініп алынған компоненттің құнының шикізаттағы қымбат компоненттің құнына бірлік баға бойынша қатынасы). Шикізатты кешенді пайдалану коэффициентін факторлық және потенциалдық деп бөледі.

Соңғы үш есептеулік көрсеткіш – шикізатты кешенді пайдалану дәрежесі, шикізатты пайдалану толықтығы және шикізатты кешенді пайдаланудың жинақтау коэффициенті – шикізатты кешенді пайдалану деңгейінің нәтижелік көрсеткіштерінің қатарына жатады.

Кешенділіктің фактілік коэффициенті осы мерзім ішінде өңделетін шикізаттан бөлініп алынған факторлық деңгейді көрсетеді. Кешенділіктің потенциалдық коэффициенті компоненттердің бөлінуінің толықтығы оптималды болған кездегі сәйкесінше жақын арадағы жетістікті мерзімдегі бөлініп алынған пайдалы компоненттердің құнының шикізаттағы барлық қымбат компоненттердің құнына қатынасын көрсетеді. Ол қымбат компоненттерді пайдаланудың техникалық мүмкін және экономикалық тиімді деңгейі кезінде қымбат компоненттердің қандай бөлігі шикізаттан бөлініп алынатындығын көрсетеді. Кешенділіктің факторлық және потенциалдық коэффициенттерінің арасындағы айырмашылық шикізатты пайдаланудың экономикалық негізделген резервымен түсіндіріледі, ал көрсетілген коэффициенттердің қатынасы – шикізатты пайдалану потенциалының дәрежесі.

5 нег. [б. 11-15].

Бақылау сұрақтары:

  1. Полиметалл шикізатын кешенді пайдалану тиімділігі.
  2. Шикізатты кешенді пайдалану деңгейінің көрсеткіштері.
  3. Минералды шикізатты кешенді өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау.
You May Also Like

Диханмен сұхбат

«Бізде жерлерді байлар сатып алған. Өздері пайдаланып жарытпаса да, біз сияқты шаруа…

Табиғи ресурстарды қолдану

Табиғи ресурстарды қолдану Мақсаты: Табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану  Жоспар: Кіріспе Табиғат ұғымына…

Екінші ретті дифференциалдық теңдеулердің кейбір түрлерін шешуге мүмкіндік туғызатын шарттарды айқындау

ЕКІНШІ  РЕТТІ  ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ  ТЕҢДЕУЛЕРДІҢ  КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН  ШЕШУГЕ   МҮМКІНДІК  ТУҒЫЗАТЫН  ШАРТТАРДЫ АЙҚЫНДАУ Дифференциалдық…

Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ізденістерін дамытуда, заманауи белсенді әдіс-тәсілдердің маңызы, баяндама

Баяндама Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ізденістерін дамытуда, заманауи белсенді әдіс-тәсілдердің маңызы Мақсаты:…